Жаңалықтар

Бүгін - Дүниежүзілік ақпарат күні

Атаулы күн БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңестерінде бас консультативтік дәрежесі бар Халықаралық ақпарат академиясы мен Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің бастамасымен 1994 жылдан бастап жыл сайын дәл осы күні атап өтіледі. 1992 жылы бұл күні Ақпараттандырудың алғашқы халықаралық форумы өтті. Бүгінде Дүниежүзілік ақпарат күні әлемнің көптеген мемлекеттерінде атап өтіліп келеді. Ақпарат – қарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат кең мағынада - бір адамнан екіншісіне ауызша, жазбаша, немесе дыбыстар мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы  берілетін мәліметтер. Сонымен қатар, осы мәліметтерді беру мен алу процесі. Ақпарат қазіргі әлемдегі ең басты құндылықтардың бірі деп те атауға болады. «Ақпараты бар адамның қолында - әлем бар» деген сөздер бәріне таныс. Ақпараттың саны күннен-күнге  үдемелі қарқынмен арту үстінде. Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай, мөлшерін анықтады.
26.11.2013 03:30 6221

Атаулы күн БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңестерінде бас консультативтік дәрежесі бар Халықаралық ақпарат академиясы мен Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің бастамасымен 1994 жылдан бастап жыл сайын дәл осы күні атап өтіледі.

1992 жылы бұл күні Ақпараттандырудың алғашқы халықаралық форумы өтті. Бүгінде Дүниежүзілік ақпарат күні әлемнің көптеген мемлекеттерінде атап өтіліп келеді.

Ақпарат – қарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады.

Ақпарат кең мағынада - бір адамнан екіншісіне ауызша, жазбаша, немесе дыбыстар мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы  берілетін мәліметтер. Сонымен қатар, осы мәліметтерді беру мен алу процесі.

Ақпарат қазіргі әлемдегі ең басты құндылықтардың бірі деп те атауға болады. «Ақпараты бар адамның қолында - әлем бар» деген сөздер бәріне таныс. Ақпараттың саны күннен-күнге  үдемелі қарқынмен арту үстінде.

Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай, мөлшерін анықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға