Жаңалықтар

Әлемдік арена

2005 жыл ·         14 қараша ·         16 қараша ·         18 қараша ·         19 қараша ·         20 қараша 2005 жыл Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қо­лынан жарақат алған бола­тын. Бірақ бұл жарақаты жа­йында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қой­ды­­руы да мүмкін ғой. Ал әлем чемпионатында қазақтың намы­сын қорғау Серіктің байырғы арман еді. Жарақаты жанына бат­са да қандасымыз намысқа тырысты. Айтулы жарыста сло­вак Тибор Главацкиді (37:13), америкалық Карл Даганды (37:26), украиналық Николай Семенягуды (27:15), әзірбайжан Эмиль Магеррамовты (41:23) және өзбек Ділшот Махмутовты (40:21) жеңіп, бас жүлдені ол­жалады. 2007 жыл ·         23 қазан ·         26 қазан ·         30 қазан ·         1 қараша ·         2 қараша 2007 жылғы Әлем чемпионатында Серік мінсіз өнер көрсетті. Тыр­нақалды кездесуде Милан Пи­пес­­киді 26:6 есебімен ұтты. Одан кейінгі үш айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Никарагуалық Мен­доза Мендес, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаз Сепахванд, жапондық Масатусид Каваши қандасымызға еш қарсы­лық көрсете алған жоқ. Серік оларды арбап та, алдап та ұрып, жігерлерін құм етті. Ал финалда Геннадий Ковалевты 20:5 есебі­мен еркін еңсерді. Әдетте өзге мемлекеттердің өрендеріне мұ­рындарын шүйіріп қарайтын ресейлік мамандар бұл жолы қазақ боксшысының атына көп­те­ген жылы пікірлер айтты. Ал олардың: «Бұл бәсекеде Геннадий өзінің талассыз жеңілгенін мо­йындауға тиіс. Ол қазақ жігітінің тау қопарарлық қарқынына қарсы еш тосқауыл қоя алмады. Серік Сәпиев Олимпиадаға дәл осындай бабында келсе, бас жүл­деден басты үміткер болатыны даусыз», – деген пікірі көп нәр­сені аңғартса керек. Сөйтіп, алыс­тағы АҚШ елінде алтын медальді жеңіп алған Серіктің есімі спорт­тық шежіресінде екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ­стандық боксшы ретінде тіркелді. Бейжің Олимпиадасы ·         14 тамыз ·         17 тамыз Серік Сәпиев Бейжің Олимпиадасына соңғы өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде өнер көрсетті. Қазақстанның алтын медальдан үмітті ең басты спортшысы Серік Сәпиевтің бұл Олимпиада ойындарында жолы болмады. Әлем чемпионатында топ жарған Серік 1/16 кезеңіне қатыспай, шаршы алаңда өнер көрсетуін бірден 1/8 бастады. Алғашқы қарсыласы венесуэлалық Джонни Санчесті 22:3 есебімен тізе бүктіреді. Келесі кезеңде 2004 Афина Олимпиадасының жеңімпазы таиландық Манус Бунджумнонг қарсы өткізді. Қарсыластарын әдетте оңай жеңетін Серік Сәпиев Манус Бунджумнонгтан айласын асыра алмады. Таиландық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетіп, әлемнің екі дүркін чемпионны Серік Сәпиевті медальсіз қалдырды.
25.11.2013 10:39 5663

2005 жыл

·         14 қараша

·         16 қараша

·         18 қараша

·         19 қараша

·         20 қараша

2005 жыл Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қо­лынан жарақат алған бола­тын. Бірақ бұл жарақаты жа­йында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қой­ды­­руы да мүмкін ғой. Ал әлем чемпионатында қазақтың намы­сын қорғау Серіктің байырғы арман еді. Жарақаты жанына бат­са да қандасымыз намысқа тырысты. Айтулы жарыста сло­вак Тибор Главацкиді (37:13), америкалық Карл Даганды (37:26), украиналық Николай Семенягуды (27:15), әзірбайжан Эмиль Магеррамовты (41:23) және өзбек Ділшот Махмутовты (40:21) жеңіп, бас жүлдені ол­жалады.

2007 жыл

·         23 қазан

·         26 қазан

·         30 қазан

·         1 қараша

·         2 қараша

2007 жылғы Әлем чемпионатында Серік мінсіз өнер көрсетті. Тыр­нақалды кездесуде Милан Пи­пес­­киді 26:6 есебімен ұтты. Одан кейінгі үш айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Никарагуалық Мен­доза Мендес, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаз Сепахванд, жапондық Масатусид Каваши қандасымызға еш қарсы­лық көрсете алған жоқ. Серік оларды арбап та, алдап та ұрып, жігерлерін құм етті. Ал финалда Геннадий Ковалевты 20:5 есебі­мен еркін еңсерді. Әдетте өзге мемлекеттердің өрендеріне мұ­рындарын шүйіріп қарайтын ресейлік мамандар бұл жолы қазақ боксшысының атына көп­те­ген жылы пікірлер айтты. Ал олардың: «Бұл бәсекеде Геннадий өзінің талассыз жеңілгенін мо­йындауға тиіс. Ол қазақ жігітінің тау қопарарлық қарқынына қарсы еш тосқауыл қоя алмады. Серік Сәпиев Олимпиадаға дәл осындай бабында келсе, бас жүл­деден басты үміткер болатыны даусыз», – деген пікірі көп нәр­сені аңғартса керек. Сөйтіп, алыс­тағы АҚШ елінде алтын медальді жеңіп алған Серіктің есімі спорт­тық шежіресінде екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ­стандық боксшы ретінде тіркелді.

Бейжің Олимпиадасы

·         14 тамыз

·         17 тамыз

Серік Сәпиев Бейжің Олимпиадасына соңғы өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде өнер көрсетті. Қазақстанның алтын медальдан үмітті ең басты спортшысы Серік Сәпиевтің бұл Олимпиада ойындарында жолы болмады. Әлем чемпионатында топ жарған Серік 1/16 кезеңіне қатыспай, шаршы алаңда өнер көрсетуін бірден 1/8 бастады. Алғашқы қарсыласы венесуэлалық Джонни Санчесті 22:3 есебімен тізе бүктіреді. Келесі кезеңде 2004 Афина Олимпиадасының жеңімпазы таиландық Манус Бунджумнонг қарсы өткізді. Қарсыластарын әдетте оңай жеңетін Серік Сәпиев Манус Бунджумнонгтан айласын асыра алмады. Таиландық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетіп, әлемнің екі дүркін чемпионны Серік Сәпиевті медальсіз қалдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға