Жаңалықтар

Алғашқы жетістіктер

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі. Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны. Балалық шағы Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласын­да ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің неме­ре ағасы Бақтай да кезінде елі­міздің қабырғалы боксшыла­рының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылда­ры шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар ара­сында КСРО чемпионы, ере­сектер арасында КСРО чемпио­натының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жыл­дар аралығында Одақ құра­масының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма кел­генде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұш­қын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы бола­тын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников.[3] Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды бала­ларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді. Алғашқы жеңістер 2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткіз­ді. Сол маусымда ол 60 келі сал­мақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Осы та­быстар талантты боксшыны қа­наттандырып жіберсе ке­рек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қытайдың Миньян қаласында өт­кен әлем чемпионатында ел на­мысын қорғады. Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қо­лынан жарақат алған бола­тын. Бірақ бұл жарақаты жа­йында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қой­ды­­руы да мүмкін ғой. Сол жылы Сәпиев әлем ку­богы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәс­кеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 се­кундтың ішінде Африка бокс­шысын нокаутқа түсірсе, жар­ты­лай финалда кубалық Йор­данис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік рес­ми жарыстарда тек жеңіске жетуде.  
25.11.2013 10:38 3435

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша1983 жылАбай қаласыҚарағанды облысы) - боксшыолимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі.

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.

Балалық шағы

Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласын­да ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің неме­ре ағасы Бақтай да кезінде елі­міздің қабырғалы боксшыла­рының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылда­ры шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар ара­сында КСРО чемпионы, ере­сектер арасында КСРО чемпио­натының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жыл­дар аралығында Одақ құра­масының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма кел­генде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұш­қын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы бола­тын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников.[3] Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды бала­ларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді.

Алғашқы жеңістер

2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткіз­ді. Сол маусымда ол 60 келі сал­мақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Осы та­быстар талантты боксшыны қа­наттандырып жіберсе ке­рек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қытайдың Миньян қаласында өт­кен әлем чемпионатында ел на­мысын қорғады.

Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қо­лынан жарақат алған бола­тын. Бірақ бұл жарақаты жа­йында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақта­ластары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қой­ды­­руы да мүмкін ғой.

Сол жылы Сәпиев әлем ку­богы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәс­кеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 се­кундтың ішінде Африка бокс­шысын нокаутқа түсірсе, жар­ты­лай финалда кубалық Йор­данис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік рес­ми жарыстарда тек жеңіске жетуде.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға