Зүлфия Салахарқызы Чиншанло
Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша шын есімі Жао Чаң Лиң жәнеҚытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы ЛондондағыЖазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер.
Жетістіктері
2008 жылдан — ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
2011 жыл Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әлем 53 кг салмақ дәрежесінде 227 кг (97+130) нәтижемен әйелдер арасында жаңа әлем рекордын тіркеп алтын алды.[2]
2012 жылы 29 шілдеде Лондонда өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындары 2012-де 53 кг салмақ дәрежесінде қос сайыс бойынша 229 кг нәтижемен жаңа әлем рекордын орнатты.
Марапаттары
· Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (2009);
· Құрмет ордені (2009);
2-ші дәрежелі Барыс ордені (2012). Қытайдың Xinhua News ресми ақпараттық агенттігі мәліметтерінде «Зүлфия шын мәнісінде Қытайдың Хунан (湖南|Húnán) провинциясында туған, шын есімі Чжао Чаньлин (Жао Чаң Лиң) және орыс тіліне қарағанда қытай тілін жетік біледі» делінеді.[1] 2008 жылы Майя Манезамен бірге Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған деген ақпараттар бар.
2012 жылы қазанның 23-і күні қытайлық sohu.com сайтында «Қазақстанға кеткен Қытай қызы қайтып оралды және 2016 жылғы олимпиадаға Қытай атынан қатысады» деген мақала жарияланған болатын. Онда Зүлфияның Қытай азаматтығын алғаны туралы жазылған. Ал Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілдері бұл ақпаратқа таңырқағандарын айтып, Зүлфияның Қытайға тек қыдыруға ғана кеткен және жақын арада орылуы тиіс деген мәлімдеме берді. 27-ші қазан күні Зүлфия Қытайдан Қазақстанға оралды. ОныАлматы әуежайынан жеке жаттықтырушысы Виктор Ни күтіп алды.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының кезекті конгресі кезінде аталмыш ұйымның президенті Тамаш Аян қазақстандық спортшы Зүлфия Чиншанлоға Йено Боскович атындағы сыйлықты табыс етті
Рекордтары
Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеру сайысында 95 келіні бағындырып, үшінші орынға тұрақтаған болатын. Дегенмен, серпе көтеруден сайысқанда екінші кезегінде 131 келіні көтеріп, барлық қарсыласын басып озды. Осылайша 19 жастағы ауыр атлет әлем рекордын жаңартумен қатар, Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Жұлқа және серпе көтерудің қорытынды нәтижесі бойынша оның бағындырғаны - 226 келі болды.
Бұл салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль тайпейлік Хсу Ши-Шингке бұйырды. Қола медаль молдавалық Кристина Иовудың еншісіне тиді. Бұл екі зілтеміршінің де бағындырғаны - 219 келі. Тайпейлік спортшы екінші орынды молдавалықтан салмағы сәл жеңіл болуы себепті иеленді.
Зульфия Чиншанло - Әлемнің екі дүркін (2009, 2011 жж) чемпионы. Әлем Чепионы атағын жеңіп алған ең жас зілтемірші (16 жасында) ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қазақстанның төрт дүркін ( 2009, 2010, 2011, 2012) чемпионы.