Жаңалықтар

Василий Жиров

Кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы 1974 жылы 4 сәуірінде Балқаш қаласында дүниеге келген. 8 сыныпты бітіргеннен кейін ҚПТУ газэлектр дәнекерлеуші мамандығы бойынша, орта білім алып шыққан. Бокспен 12 жасынан бастап жаттыға бастады (жаттықтырушысы — В.И. Апачинский). 1989 — 91 ж. жасөспірімдер арасындағы республиканың, 1990 ж. КСРО-ның чемпионы атанды. Дүние жүзі чемпионатының күміс (1993, Берлин, Германия), қола (1995, Будапешт,Венгрия), 12-Азия ойындарының (1994, Хиросима, Жапония) қола жүлдегері. Орталық Азия елдері 1-ойындарының (1995, Ташкент, Өзбекстан), Азия құрлығының (1995), 26-Олимпия ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) чемпионы. 26-Олимпия ойындарында ең үздік боксшыға берілетінВ.Баркер кубогін жеңіп алды. 1997 жылдан бастап толығымен кәсіпқой боксқа ауысты. Жиров ІBF версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2000). “Парасат” орденімен марапатталған (1996).Алғашқы жекпе-жегін 1997 жылы 18 қаңтарда американдық Винни Браунға қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Одан кейінгі екі жыл көлемінде Жиров он тоғыз рет жекпе-жек өткізіп, соның он жетісін мерзімінен бұрын аяқтады. 1999 жылы 5 маусымда «Балқаш Барысы» (Василий Жировтың лақап есімі) IBF версиясының чемпионы Артур Уильямспен жұдырықтасып жеңіске жетті де, чемпиондық тәжге ие болды. Бұдан кейін Жиров Сол Монтана, Дейл Браун, Джулиан Леттерло и Хорхе Кастромен сияқты танымал боксшылармен жекпе жекке шығып, алты рет чемпиондық атағын сәтті қорғады. Марапаттары мен атақтары: — XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы (Атланта, АҚШ, 1996 ж.) — Күміс (1993 ж.), қола жүлдегер (1995 ж.) әлем чемпионтының чемпионы — ҚР бірнеше дүркін чемпионы — КСРО жасөспірімдер арасындағы біріншіліктің (1990 ж.) — ТМД чемпионатының (1993 ж.), халықаралық турнирлердің (Мәскеу, 1995 ж.; Галле, ФРГ, 1995 ж.; Швеция, 1996 ж.), I Орталық Азия ойындарының жүлдегері — Азияның екі дүркін чемпионы (Тегеран, 1994 ж.; Ташкент, 1995 ж.) — XII Азия ойындарының қола жүлдегері (Хиросима, 1994 ж.) — Вал Баркер Кубогының иегері «Жылдың Олимпиада ойындарының ең үздік боксшысы ең техникасы мықты боксшы (Атланта, АҚШ, 1996 ж.) — USA Today американың танымал басылымының нұсқасы бойынша, барлық салмақтағы жарыстарға қатысқан ең үздік кәсіпқой боксшы (2001 ж.) — «Парасат» (1996 ж.) ордені Бір кездері Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері атанған спортшы, кәсіпқой бокста «Балқаштың барысы» деген атпен кеңінен танылды.
22.11.2013 09:15 5442

Кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы

1974 жылы 4 сәуірінде Балқаш қаласында дүниеге келген.

8 сыныпты бітіргеннен кейін ҚПТУ газэлектр дәнекерлеуші мамандығы бойынша, орта білім алып шыққан. Бокспен 12 жасынан бастап жаттыға бастады (жаттықтырушысы — В.И. Апачинский). 1989 — 91 ж. жасөспірімдер арасындағы республиканың, 1990 ж. КСРО-ның чемпионы атанды. Дүние жүзі чемпионатының күміс (1993, Берлин, Германия), қола (1995, Будапешт,Венгрия), 12-Азия ойындарының (1994, Хиросима, Жапония) қола жүлдегері. Орталық Азия елдері 1-ойындарының (1995, Ташкент, Өзбекстан), Азия құрлығының (1995), 26-Олимпия ойындарының (1996, Атланта, АҚШ) чемпионы. 26-Олимпия ойындарында ең үздік боксшыға берілетінВ.Баркер кубогін жеңіп алды. 1997 жылдан бастап толығымен кәсіпқой боксқа ауысты. Жиров ІBF версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2000). “Парасат” орденімен марапатталған (1996).Алғашқы жекпе-жегін 1997 жылы 18 қаңтарда американдық Винни Браунға қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Одан кейінгі екі жыл көлемінде Жиров он тоғыз рет жекпе-жек өткізіп, соның он жетісін мерзімінен бұрын аяқтады. 1999 жылы 5 маусымда «Балқаш Барысы» (Василий Жировтың лақап есімі) IBF версиясының чемпионы Артур Уильямспен жұдырықтасып жеңіске жетті де, чемпиондық тәжге ие болды. Бұдан кейін Жиров Сол Монтана, Дейл Браун, Джулиан Леттерло и Хорхе Кастромен сияқты танымал боксшылармен жекпе жекке шығып, алты рет чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Марапаттары мен атақтары:

— XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы (Атланта, АҚШ, 1996 ж.)

— Күміс (1993 ж.), қола жүлдегер (1995 ж.) әлем чемпионтының чемпионы

— ҚР бірнеше дүркін чемпионы

— КСРО жасөспірімдер арасындағы біріншіліктің (1990 ж.)

— ТМД чемпионатының (1993 ж.), халықаралық турнирлердің (Мәскеу, 1995 ж.; Галле, ФРГ, 1995 ж.; Швеция, 1996 ж.), I Орталық Азия ойындарының жүлдегері

— Азияның екі дүркін чемпионы (Тегеран, 1994 ж.; Ташкент, 1995 ж.)

— XII Азия ойындарының қола жүлдегері (Хиросима, 1994 ж.)

— Вал Баркер Кубогының иегері «Жылдың Олимпиада ойындарының ең үздік боксшысы ең техникасы мықты боксшы (Атланта, АҚШ, 1996 ж.)

— USA Today американың танымал басылымының нұсқасы бойынша, барлық салмақтағы жарыстарға қатысқан ең үздік кәсіпқой боксшы (2001 ж.)

— «Парасат» (1996 ж.) ордені

Бір кездері Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері атанған спортшы, кәсіпқой бокста «Балқаштың барысы» деген атпен кеңінен танылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға