Жаңалықтар

Сидней Олимпиадасы

Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамайды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқап, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадағааттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген. ·         Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпастан, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебін көрсетіп тұрды. Ал ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таныған еді. ·         Олимпиаданың сегізінші күнінде Бекзат африкалық Джефри Матебулламен қолғап түйістіріп, 16-5 есебімен қарсыласын тізе бүктіреді. Сиднейдегі екінші кездесу де Бекзаттың жеңісімен аяқталған болатын. ·         Олимпиададағы үшінші кездесуінің өте тартысты болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Бекзаттың өзі мойындады. Кезінде Грузияда жаттығып, кейін Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен арадағы тартыс 12-11 есебімен Бекзаттың пайдасына шешілді. Бұл да мәртебелі жеңістердің бірі еді. ·         Марокколық Тахар Тамсаманимен Бекзат ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында жолықты. Егер бұл сыннан өтсе, Олимпиада алтынына таласуына мүмкіндік туатын еді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген Бекзат 22-10 есебімен қарсыласын қапыда қалдырады. ·         Бекзаттың финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанады. Сондай-ақ, Рикарду Хуарес Бекзат Саттархановтың қазасын естіп, көңіл айтқаны қайғыны бөліскендей әсер қалдырды.  
22.11.2013 09:11 7624

Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Бекзатты бапкерлер жартылай жеңіл 57 келі салмақ дәрежесіне лайық көреді. 57 келіде ел намысын Атланта Олимпиадасында қорғаған Бақтияр Тілегенов көп салмақ қуатындықтан, бапкерлер оған сенбейді. Оның үстіне 1999 жылы Хьюстон қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Бақтияр жеңіліс тауып, бапкер үмітін ақтамайды. Қазақстандық жанкүйерлер мен бокс мамандары Бекзаттың жастығын алға тартып, оны Олимпиадаға жібергісі келмейді. Бірақ ұлттық құраманың бас бапкері Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзінде от барын байқап, ел намысын қорғауды Түркістандық жас ұланға сеніп тапсырады. Олимпиадағааттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!» деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген.

·         Бекзат Саттарханов Сидней шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін румын боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуға қарсы өткізді. Жекпе-жектің бірінші раундында Бекзат өзіне бір жұдырық дарытпастан, 4-0 есебімен алда тұрды. Екінші раундта табло 8-2 есебін көрсетіп тұрды. Ал ең соңында төрешілер 14-5 есебімен бұл кездесудің сөзсіз жеңімпазы деп Бекзатты таныған еді.

·         Олимпиаданың сегізінші күнінде Бекзат африкалық Джефри Матебулламен қолғап түйістіріп, 16-5 есебімен қарсыласын тізе бүктіреді. Сиднейдегі екінші кездесу де Бекзаттың жеңісімен аяқталған болатын.

·         Олимпиададағы үшінші кездесуінің өте тартысты болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Бекзаттың өзі мойындады. Кезінде Грузияда жаттығып, кейін Түркияның намысын қорғаған Рамазан Палианимен арадағы тартыс 12-11 есебімен Бекзаттың пайдасына шешілді. Бұл да мәртебелі жеңістердің бірі еді.

·         Марокколық Тахар Тамсаманимен Бекзат ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында жолықты. Егер бұл сыннан өтсе, Олимпиада алтынына таласуына мүмкіндік туатын еді. Өз мүмкіндігін құр жібермеген Бекзат 22-10 есебімен қарсыласын қапыда қалдырады.

·         Бекзаттың финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, америкалық Рикарду Хуарес еді. Ол Сидней финалына жету жолында Атланта Олимпиадасының чемпионы С. Камсингті тізерлеткен мықты боксшы болатын. Атағы алысқа кеткен қарсыласын Бекзат Саттарханов 22-14 есебімен жеңіп, Сидней Олимпиадасының чемпионы атанады. Сондай-ақ, Рикарду Хуарес Бекзат Саттархановтың қазасын естіп, көңіл айтқаны қайғыны бөліскендей әсер қалдырды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға