Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - боксы халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006).
Қазақстанға оралу
2004 жылғы Олимпиада ойындарынан кейiн Өзбекстаннан атақонысына көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi. Бақыт Сәрсекбай Қазақстанға келмес бұрын Өзбекстанның 69 килограмм салмақтағы нөмiрi бiрiншi боксшысы болған. Бiрақ, өзбек ағайындарымыздың дәл Афины Олимпиадасы қарсаңында қазақ Бақыт Сәрсекбайдан гөрi өзбек Дильшод Махмудовқа көбiрек бүйректерi бұрып кеткенi жөнiнде баспасөз беттерiнде жазылды да.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындары
Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.
Бақыттың бұған дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт былтыр Чикагода өткен әлем бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сәрсекбай болды.
Астана арландары
Жақында ғана құрылған елiмiздiң “Астана Арландары” командасының кәсiпқой бокс шеберлерiнің қатарына Бақыт Сәрсекбаев та қосылды. Бүкiләлемдiк бокс сериясы – АИБА басшыларының жаңадан ашқан жобасы. Бұл команданың бас директоры болып елiмiзге белгiлi бокс маманы Болат Манкенов сайланды. Боксшыларды жаттықтыратын Бейбiт Есжанов. Командадағы боксшылардың алғашқы құрамына келсек, 54 келiде “Астана Арландары” командасының намысын Бағдад Әлiмбеков, Қанат Әбутәлiпов және Сейтiмбетов қорғайды. 61 келiде Мерей Ақшалов, Ержан Мұзафиров және Азамат Смағұлов сынды елiмiздiң тәжiрибелi жiгiттерi бар. 73 келiде Мирас Байырханов пен Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жұдырықтасты. Осылайша Бақыт Сәрсекбаев өзінің тәжірибесін арттырып, кәсіпқой боксқа бір қадам жасаған еді. Әйтсе де, не әуесқой боксқа оралмай, не кәсіпқой боксқа қадам жасамай, әлі күнге дейін екіойлы күй кешіп жүр.