Жаңалықтар

Гераклдың 1-ерлігі: Немея арыстаны

Геракл Эврисфей патшаның бірінші тапсырмасын аса ұзақ күте қойған жоқ. Ол батырға Немея арыстанын өлтіруді тапсырды. Тифон мен Ехиднаның зұлым ұрпағы болып табылатын бұл арыстанның тұрқы алып және сол көне уақыттарда Еуропаның оңтүстігінде өмір сүрген өзге арыстандардан әлдеқайда күшті әрі ірі болатын. Жыртқыш Немея қаласының маңында болатын, ал оны бұл маңға кемпірқосақ құдайы Ирида жеткізген еді. Ол төңірегіндегінің бәрін жалмады; арыстанның сай-саланы басына көтеріп ақырған дауысынанан-ақ тірі жанның бәрі қашатын. Бірақ ержүрек Геракл осы бір қатерлі сапарға қорықпай аттанды. Трет тауындағы арыстанның апанына апарар жолда Геракл егінші Молорхтың жұпыны лашығына бас сұқты. Аймақты жауыз аңнан құтқаратын батыл адамның табылғанын біліп қуанған Молорх, дереу пышағын алып, қонағы үшін жалғыз қойын бауыздамақ болады. Алайда Геракл оны тоқтатты. — Мейірімді адам! Малыңды уақыты келгенше сақтай тұр. Отыз күн ішінде оралсам, қойыңды Зевс-Құтқарушыға құрбандыққа шал, ал егер оралмасам — оны жерасты құдайларына бауыздап бер. Немеяға келген бойда, арыстанның апанын табу үшін батыр тауға аттанды. Ол таудың бөктеріне жеткенде күн талтүске жеткен еді. Төңіректе қыбырлаған ешбір жан белгілі білінбеді: малшылар да, егіншілер де жоқ.    Геракл таудың орманды бөктерлерін және сай-саланы ұзақ кезді. Ақыры, Гелиостың арбасы батысқа еңгейе бастаған шақта, шіріген еттің жиіркенішті иісі арқылы қараңғы сайдан арыстанның апанын табады. Қатал жыртқыш жегісі келмесе де, өлтіре беретін, ал оның қалдықтарын жинауға ешкімнің батылы жетпеген. Өлекселер шіріген жерде үлкен үңгірдің аузын көреді. Төңіректі мұқият қадағалап, батыр сол үңгірден шығатын жолды да байқады және сол жолды үлкен тастармен бітап тастады. Содан кейін үңгірдің аузына қайтып келіп, тастардың арасына тығылып, сасық иістен тұншығып қалмау үшін мұрнын тұмшалап, аңдуға кірісті. Іңір қараңғысы түсе келе ұзын сабалақ жалы бар адам шошырлық арыстан көрінеді. Адамның иісін сезіп, ол қаһарлана ақырырып, ағаштардан да биікке шаңды көтеріп құйрығымен жер сабалай бастады. Геракл садағының адырнасын керіп, арыстанға қарай үш жебені бірінен соң бірін атты. Жебелердің барлығы да аңның бүйіріне тиді, бірақ терісіне қадалмай кері серпілді. Өйткені ол болаттай қатты болатын. Арыстан айбаттана ақырып жіберді, оның күннің күркіріндей ырылы тау-тас арқылы жаңғырықты. Жан-жағына көз салып, жыртқыш сайда тұрып алып, өзіне оқ атуға батылы жеткен жанды от шашқан көзімен іздеді. Гераклды көре сала, оған қарғи ұмтылды. Геракл шоқпарын найзағайдай жарқ еткізіп, арыстанның басынан күркіреген соққымен қирата соққы берді. Жыртқыш қатты соққыға шыдай алмай жерге құлады, ал Геракл күшті қолдарымен оны қармап алып, бұралып жатқан арыстанның кеңірдегін қысып, тұншыққанша ұстап тұрды. Ал, Молорх бұл уақытта аса таяғына белгі сала отырып Гераклды күтті. Отызыншы белгі салғаннан кейін қойын ағаштан шешіп алып, Аид пен Персефонаға құрбандық шалу үшін оны жардың басына әкеледі. Алайда, жарқабаққа жетпей егінші арыстанның терісін алыстан бұлғап, көңілді келе жатқан Гераклды көріп қалады! — Қойды Зевске бер! — деді батыр Молорхты құшақтап тұрып. — Ал біздің кездесуімізді Немея ойындары арқылы әйгілі ет. Геракл өзі өлтірген арыстанды Микенаға әкелген кезде, Эврисфей жан түршіктірген арыстанды көріп қорыққанынан сұп-сұр болып кетті. Микенаның патшасы Гераклдың жойқын күшке ие екендігін түсінеді. Ол тіпті Гераклге Микена қақпаларына жақындауға тыйым салды; Геракл өзінің ерліктерінің дәлелдерін әкелген кездерде, Эврисфей оларға Микенаның биік қабырғаларының үстінен үрейлене қарап тұратын. Ол тіпті өзіне арнап жердің астынан қола пифос (алып құмыра) тұрғызған, Геракл кезекті ерлігінен оралған кезде, сонда барып жасырынып, онымен жаршы Копрей арқылы сөйлескен екен. Зевс өзінің ұлының ұлы ерліктерінің алғашқысын Арыстан шоқжұлдызын жарату арқылы атап өтті, Немея арыстанын жеңгені Гераклдың он екі ерлігіне кіргені секілді ол Жұлдызнаманың он екі белгісіне енді… Аудармасын жасаған: Ернар Бекен  
22.11.2013 06:38 6568

Геракл Эврисфей патшаның бірінші тапсырмасын аса ұзақ күте қойған жоқ. Ол батырға Немея арыстанын өлтіруді тапсырды. Тифон мен Ехиднаның зұлым ұрпағы болып табылатын бұл арыстанның тұрқы алып және сол көне уақыттарда Еуропаның оңтүстігінде өмір сүрген өзге арыстандардан әлдеқайда күшті әрі ірі болатын. Жыртқыш Немея қаласының маңында болатын, ал оны бұл маңға кемпірқосақ құдайы Ирида жеткізген еді. Ол төңірегіндегінің бәрін жалмады; арыстанның сай-саланы басына көтеріп ақырған дауысынанан-ақ тірі жанның бәрі қашатын. Бірақ ержүрек Геракл осы бір қатерлі сапарға қорықпай аттанды.

Трет тауындағы арыстанның апанына апарар жолда Геракл егінші Молорхтың жұпыны лашығына бас сұқты. Аймақты жауыз аңнан құтқаратын батыл адамның табылғанын біліп қуанған Молорх, дереу пышағын алып, қонағы үшін жалғыз қойын бауыздамақ болады. Алайда Геракл оны тоқтатты.

— Мейірімді адам! Малыңды уақыты келгенше сақтай тұр. Отыз күн ішінде оралсам, қойыңды Зевс-Құтқарушыға құрбандыққа шал, ал егер оралмасам — оны жерасты құдайларына бауыздап бер.

Немеяға келген бойда, арыстанның апанын табу үшін батыр тауға аттанды. Ол таудың бөктеріне жеткенде күн талтүске жеткен еді. Төңіректе қыбырлаған ешбір жан белгілі білінбеді: малшылар да, егіншілер де жоқ.    Геракл таудың орманды бөктерлерін және сай-саланы ұзақ кезді. Ақыры, Гелиостың арбасы батысқа еңгейе бастаған шақта, шіріген еттің жиіркенішті иісі арқылы қараңғы сайдан арыстанның апанын табады. Қатал жыртқыш жегісі келмесе де, өлтіре беретін, ал оның қалдықтарын жинауға ешкімнің батылы жетпеген. Өлекселер шіріген жерде үлкен үңгірдің аузын көреді. Төңіректі мұқият қадағалап, батыр сол үңгірден шығатын жолды да байқады және сол жолды үлкен тастармен бітап тастады. Содан кейін үңгірдің аузына қайтып келіп, тастардың арасына тығылып, сасық иістен тұншығып қалмау үшін мұрнын тұмшалап, аңдуға кірісті.

Іңір қараңғысы түсе келе ұзын сабалақ жалы бар адам шошырлық арыстан көрінеді. Адамның иісін сезіп, ол қаһарлана ақырырып, ағаштардан да биікке шаңды көтеріп құйрығымен жер сабалай бастады. Геракл садағының адырнасын керіп, арыстанға қарай үш жебені бірінен соң бірін атты. Жебелердің барлығы да аңның бүйіріне тиді, бірақ терісіне қадалмай кері серпілді. Өйткені ол болаттай қатты болатын. Арыстан айбаттана ақырып жіберді, оның күннің күркіріндей ырылы тау-тас арқылы жаңғырықты. Жан-жағына көз салып, жыртқыш сайда тұрып алып, өзіне оқ атуға батылы жеткен жанды от шашқан көзімен іздеді. Гераклды көре сала, оған қарғи ұмтылды.

Геракл шоқпарын найзағайдай жарқ еткізіп, арыстанның басынан күркіреген соққымен қирата соққы берді. Жыртқыш қатты соққыға шыдай алмай жерге құлады, ал Геракл күшті қолдарымен оны қармап алып, бұралып жатқан арыстанның кеңірдегін қысып, тұншыққанша ұстап тұрды.

Ал, Молорх бұл уақытта аса таяғына белгі сала отырып Гераклды күтті. Отызыншы белгі салғаннан кейін қойын ағаштан шешіп алып, Аид пен Персефонаға құрбандық шалу үшін оны жардың басына әкеледі. Алайда, жарқабаққа жетпей егінші арыстанның терісін алыстан бұлғап, көңілді келе жатқан Гераклды көріп қалады!

— Қойды Зевске бер! — деді батыр Молорхты құшақтап тұрып. — Ал біздің кездесуімізді Немея ойындары арқылы әйгілі ет.

Геракл өзі өлтірген арыстанды Микенаға әкелген кезде, Эврисфей жан түршіктірген арыстанды көріп қорыққанынан сұп-сұр болып кетті. Микенаның патшасы Гераклдың жойқын күшке ие екендігін түсінеді. Ол тіпті Гераклге Микена қақпаларына жақындауға тыйым салды; Геракл өзінің ерліктерінің дәлелдерін әкелген кездерде, Эврисфей оларға Микенаның биік қабырғаларының үстінен үрейлене қарап тұратын. Ол тіпті өзіне арнап жердің астынан қола пифос (алып құмыра) тұрғызған, Геракл кезекті ерлігінен оралған кезде, сонда барып жасырынып, онымен жаршы Копрей арқылы сөйлескен екен.

Зевс өзінің ұлының ұлы ерліктерінің алғашқысын Арыстан шоқжұлдызын жарату арқылы атап өтті, Немея арыстанын жеңгені Гераклдың он екі ерлігіне кіргені секілді ол Жұлдызнаманың он екі белгісіне енді…

Аудармасын жасаған: Ернар Бекен

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға