Жаңалықтар

Гераклдың өсіп-ер жетуі

Баласының уақытынан бұрын шала туған әлжуаз Эврисфейге қызмет етіп, азаптанып жүргенін көргенде сан рет Зевстің жаны қиналғанымен ештеңе жасай алмады. Ол тек Афина-Палладаның Гераклға көмектесіп жүруін тапсырды. Эврисфей дүниеге келген соң іле-шала Алкмена да босанады. Ол егіз ұл тауып, үлкеніне – Алкид (Зевс перзенті), кішісіне – Ификл (Амфитрион баласы) деп ат қояды. Алкид бүкіл Грекияға аты шыққан батыр болады. Оны көріпкел әйел-пифия да «Геракл» деп атайды. Зевс баласы Гераклдың аман-есен дүниеге келгенін естігенде Гера оны құрту мақсатымен түнде Алкмена үйіне екі жылан жібереді. Жыландар сұп-сұр болып жорғалап, қараңғыда көздері жарқырап, балалар жатқан бөлмеге еніп, Гераклдың денесін орап, қылғындыра бастағанда, бала оянып кетіп, кішкентай қолдарымен екі жыланды ұстап алады да, олардан бұрын өзі буындырып өлтіріп тастайды. Мұны көріп қайран қалған Амфитрион көріпкел Тиресийді шақырып, сәбиінің болашағын болжатады. Көпті көрген Тиресий Амфитрионға Гераклдың орасан күшті батыр болатындығын, қандай ерліктер жасайтындығын және мәңгілік өмірге ие болатындығын дәл айтып береді. Баласының болашағынан зор үміт күткен Амфитрион оны дене, қуат жағынан ғана жетілдіріп қоймай, батырға лайық тәрбие береді. Көптеген білімді ұстаздарды жалдап, Гераклға ғылымды, музыканы үйретеді. Ән айтып, жаза білуді, кифарада ойнауды үйреткенімен, Геракл тек садақ ату мен қару-жарақты емін-еркін пайдалануды ғана ерекше меңгереді. Садақ ату мен найза лақтыруда ол ешқашан нысананы мүлт жібермейтін. Ал жазып-сызу өнеріне селқостық танытты. Бір күні музыкадан сабақ беретін мұғалімі Лин мүлде оқығысы келмеген Гераклға ызаланып, оны бетінен салып қалады. Ұстазының әрекетіне ренжіген Геракл өзін-өзі ұстай алмай қолындағы кифарасымен Линнің басынан ұрып жібергенде, Геракл қуатына шыдай алмаған Лин өліп қалады. Ұстазының өліміне кінәлі деп танылған Геракл сотқа шақырылады. Сонда Геракл Аид патшалығындағы әділ қазының бірі Радаманттың өзі «кімде-кім өзін біреу ұрса, оған соққымен жауап берсін» деп айтқандығын алға тартып, ақталып шығады. Бірақ баласының күшінен қорыққан Алкмена оны Киферон тауына мал бағуға жібереді. Киферон орманында мал бағып жүріп, Геракл бұрынғыдан да қарулы азамат болып өседі. Күш-қуаты жағынан оған адам баласынан тең келетін ешкім болмайды. Киферон тауын мекендеген арыстанды өлтіріп, оның терісін шекпен орнына жамылып жүрді, ал бас терісін дулыға етіп киіп алды. Оның барлығынан ерекше болғаны соншалық, үйеңкіні тамырымен жұлып алып, өзіне күрек жасап алды. Оған Гермес семсер, Гефест алтын сауыт жасап берсе, Аполлон садақ пен жебе сыйлады. Ер жеткен соң Геракл Фивы патшасы Креонтты Орхомен патшасы Эргиннің алым-салығынан құтқарып, керісінше, орхомендіктер фивылықтарға екі есе артық салық төлейтін болды. Гераклдың бұл ерлігіне риза болған Креонт патша өз қызы Мегараны қосып, құдайлар Геракл мен Мегараға үш ұл сыйлайды. Сөйтіп олар бақытты ғұмыр кешіп жатады. Бірақ олардың бұл бақытын көре алмаған Гера құдай болды. Ол Зевс баласының бақытын көп көріп, оған сұмдық ауру жібереді. Ақыл-есінен айрылып, жынды болып қалған Геракл өз балаларын да, інісі Ификлдың балаларын да ұрып, өлтіріп қояды. Есін жиған сәтте өзінің істеген сұмдықтарына шыдай алмай, Аполлон патшаға барады. Аполлон Гераклға өз отаны Тиринфке барып, Сфенел баласы Эврисфейге он екі жыл қызмет етіп, он екі ерлік жасаса ғана, Гера құдайдың қаһары мен барлық ауыртпалықтардан құтылатындығын айтады. Геракл Тиринфке келгенде, оны көріп зәресі ұшқан шала туған, қорқақ, әлжуаз, аурушаң Эврисфей өзі баруға жүрегі шыдамай, өз тапсырмаларын шабарман Копрей арқылы айтып отырды. Әр тапсырмасын орындап, оның куәларын алып келген сайын Эврисфей қорыққанынан бозарып, үрейлене қарап, бірде қашып кетсе, бірде Гераклдың аяғына жығылып жалбарынып, бірде құмыраның ішіне тығылып қалып отырды. Қалай дегенде де ол Гераклдың керемет күш иесі екенін түсінді. Гераклдың әрбір ерлігі өліммен бетпе-бет келетін ауыр да азапты болды. Бірақ осы қиындықтың бәріне төтеп беріп, Геракл Эврисфейдің он екі тапсырмасын орындап шықты. kk.wikipedia.org
22.11.2013 06:14 3647

Баласының уақытынан бұрын шала туған әлжуаз Эврисфейге қызмет етіп, азаптанып жүргенін көргенде сан рет Зевстің жаны қиналғанымен ештеңе жасай алмады. Ол тек Афина-Палладаның Гераклға көмектесіп жүруін тапсырды. Эврисфей дүниеге келген соң іле-шала Алкмена да босанады. Ол егіз ұл тауып, үлкеніне – Алкид (Зевс перзенті), кішісіне – Ификл (Амфитрион баласы) деп ат қояды. Алкид бүкіл Грекияға аты шыққан батыр болады. Оны көріпкел әйел-пифия да «Геракл» деп атайды. Зевс баласы Гераклдың аман-есен дүниеге келгенін естігенде Гера оны құрту мақсатымен түнде Алкмена үйіне екі жылан жібереді. Жыландар сұп-сұр болып жорғалап, қараңғыда көздері жарқырап, балалар жатқан бөлмеге еніп, Гераклдың денесін орап, қылғындыра бастағанда, бала оянып кетіп, кішкентай қолдарымен екі жыланды ұстап алады да, олардан бұрын өзі буындырып өлтіріп тастайды. Мұны көріп қайран қалған Амфитрион көріпкел Тиресийді шақырып, сәбиінің болашағын болжатады. Көпті көрген Тиресий Амфитрионға Гераклдың орасан күшті батыр болатындығын, қандай ерліктер жасайтындығын және мәңгілік өмірге ие болатындығын дәл айтып береді. Баласының болашағынан зор үміт күткен Амфитрион оны дене, қуат жағынан ғана жетілдіріп қоймай, батырға лайық тәрбие береді. Көптеген білімді ұстаздарды жалдап, Гераклға ғылымды, музыканы үйретеді. Ән айтып, жаза білуді, кифарада ойнауды үйреткенімен, Геракл тек садақ ату мен қару-жарақты емін-еркін пайдалануды ғана ерекше меңгереді. Садақ ату мен найза лақтыруда ол ешқашан нысананы мүлт жібермейтін. Ал жазып-сызу өнеріне селқостық танытты. Бір күні музыкадан сабақ беретін мұғалімі Лин мүлде оқығысы келмеген Гераклға ызаланып, оны бетінен салып қалады. Ұстазының әрекетіне ренжіген Геракл өзін-өзі ұстай алмай қолындағы кифарасымен Линнің басынан ұрып жібергенде, Геракл қуатына шыдай алмаған Лин өліп қалады. Ұстазының өліміне кінәлі деп танылған Геракл сотқа шақырылады. Сонда Геракл Аид патшалығындағы әділ қазының бірі Радаманттың өзі «кімде-кім өзін біреу ұрса, оған соққымен жауап берсін» деп айтқандығын алға тартып, ақталып шығады. Бірақ баласының күшінен қорыққан Алкмена оны Киферон тауына мал бағуға жібереді. Киферон орманында мал бағып жүріп, Геракл бұрынғыдан да қарулы азамат болып өседі. Күш-қуаты жағынан оған адам баласынан тең келетін ешкім болмайды. Киферон тауын мекендеген арыстанды өлтіріп, оның терісін шекпен орнына жамылып жүрді, ал бас терісін дулыға етіп киіп алды. Оның барлығынан ерекше болғаны соншалық, үйеңкіні тамырымен жұлып алып, өзіне күрек жасап алды. Оған Гермес семсер, Гефест алтын сауыт жасап берсе, Аполлон садақ пен жебе сыйлады. Ер жеткен соң Геракл Фивы патшасы Креонтты Орхомен патшасы Эргиннің алым-салығынан құтқарып, керісінше, орхомендіктер фивылықтарға екі есе артық салық төлейтін болды. Гераклдың бұл ерлігіне риза болған Креонт патша өз қызы Мегараны қосып, құдайлар Геракл мен Мегараға үш ұл сыйлайды. Сөйтіп олар бақытты ғұмыр кешіп жатады. Бірақ олардың бұл бақытын көре алмаған Гера құдай болды. Ол Зевс баласының бақытын көп көріп, оған сұмдық ауру жібереді. Ақыл-есінен айрылып, жынды болып қалған Геракл өз балаларын да, інісі Ификлдың балаларын да ұрып, өлтіріп қояды. Есін жиған сәтте өзінің істеген сұмдықтарына шыдай алмай, Аполлон патшаға барады. Аполлон Гераклға өз отаны Тиринфке барып, Сфенел баласы Эврисфейге он екі жыл қызмет етіп, он екі ерлік жасаса ғана, Гера құдайдың қаһары мен барлық ауыртпалықтардан құтылатындығын айтады. Геракл Тиринфке келгенде, оны көріп зәресі ұшқан шала туған, қорқақ, әлжуаз, аурушаң Эврисфей өзі баруға жүрегі шыдамай, өз тапсырмаларын шабарман Копрей арқылы айтып отырды. Әр тапсырмасын орындап, оның куәларын алып келген сайын Эврисфей қорыққанынан бозарып, үрейлене қарап, бірде қашып кетсе, бірде Гераклдың аяғына жығылып жалбарынып, бірде құмыраның ішіне тығылып қалып отырды. Қалай дегенде де ол Гераклдың керемет күш иесі екенін түсінді. Гераклдың әрбір ерлігі өліммен бетпе-бет келетін ауыр да азапты болды. Бірақ осы қиындықтың бәріне төтеп беріп, Геракл Эврисфейдің он екі тапсырмасын орындап шықты.

kk.wikipedia.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға