Жаңалықтар

Шығармашылығы

Драматург Еврипид шығармалары: «Алкестида» (б.з.б. 438 жыл, 2 орын), «Медея» (б.з.б. 431 жыл, 3 орын), «Гераклидтер» (б.з.б. 430 жыл, 1 орын), «Ипполит» (б.з.б. 428 жыл, 1 орын), «Андромаха» (б.з.б. 425 жыл), «Гекуба» (б.з.б. 424 жыл), «Жалбарынушылар» (б.з.б. 423 жыл), «Электра» (б.з.б. 420 жыл), «Геракл» (б.з.б. 416 жыл), «Троялықтар» (б.з.б. 415 жыл, 2 орын), «Тавридтегі Ифигения» (б.з.б. 414 жыл), «Ион» (б.з.б. 414 жыл), «Елена» (б.з.б. 412 жыл), «Финикиялықтар» (б.з.б. 410 жыл), «Циклоп» (б.з.б. 408 жыл, сатиралық драма), «Орест» (б.з.б. 408 жыл), «Вакхандықтар» (б.з.д 407 жыл, 1 орын), «Авлидтегі Ифигения» (б.з.б. 407 жыл). Еврипид тірі күнінде Эсхил мен Софокл секілді ақынға лайықты сый-құрметке ие болып, қошемет көрмегенімен, оның шығармаларының өміршең, шынайы болғандығы драмаларының көп сақталуынан да білінеді. Эсхил, Софоклмен салыстырғанда, Еврипид көп оқылған драматург болды. Мәселен, атақты драматургтер Эсхил мен Софоклдың тек жеті-жетіден ғана драмалары сақталса, Еврипидтің 92 драмасынан 18-і сақталған. Оның 17-сі трагедия болса, біреуі («Циклоп») сатиралық драма болып табылады. Ал кейбір еңбектерде Еврипидке телініп жүрген «Рес» драмасын тілі мен жазылу стиліне қарап көптеген антик әдебиетін зерттеушілер Еврипидтің туындысы деп санамайды. Еврипидтің кейінгі заманда ғана жиі оқылған драматург емес, өз дәуірінде де халқының сүйіктісі болғаны Плутарх жазбаларынан білінеді. Б.з.б. 413 жылы афиндықтар Сицилияға әскери жорық жасап, жеңіліске ұшырайды. Сонда тұтқынға түскен көптеген афиндықтардың бостандық алуына себеп болған Еврипид шығармалары болған. Бұл жөнінде Плутарх: «Сицилиялықтар афиндықтарды құлдыққа сатты, маңдайларына ат сияқты таңба басты... Тұтқынға түскендердің біразын Еврипид құтқарды деуге болады. Себебі, гректермен салыстырғанда сицилиялықтар Еврипид талантына табынушылар болды. Сырттан келгендер Еврипид драмаларының үзінділерін әкелсе, сицилиялықтар оны дереу жаттап алып, бір-біріне айтып беретін. Тұтқында болып, босап шыққандардың көпшілігі Еврипидке келіп, рахмет айтып, бостандыққа қалай қол жеткізгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Яғни олар Еврипид өлеңдерін естерінде сақталып қалғандарын қожайындарына айтып беріп, еркіндік алса; кейбіреулері Еврипид трагедияларындағы өлеңдерді айтып өз тамақтарын асырады» деп жазады. Еврипид Феспид пен Эсхилдан кейінгі трагедия жанрындағы ұлы реформатор болды. Оның ең маңызды көркемдік ерекшелігі – ол трагедиялық кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіндегі күресті көрсете алды. Егер Софокл кейіпкерлері өз позициясына, өз әрекетінің дұрыстығына кәміл сенген, сол үшін өмірін қиюға да өкінбейтін жандар болса, Еврипид кейіпкерлері мың ойланып, мың толғанып, өз әрекетінің дұрыс-бұрыстығын саралап, күмәнданумен болады. Кейіпкерлердің ішкі күйзелісі бұл драматургтың, Еврипидтің күйзелісі болып танылады. Себебі, Еврипид трагедия жанрындағы өзіне дейін қалыптасқан моральдық нормалар мен мифологиялық шындықтарды жоққа шығарды. Эсхил мен Софокл қалыптастырған көпірмелі сөздерден бас тартты. Кейіпкерлердің ішкі әлеміне, сезіміне, ақыл-ойына көп көңіл бөлді. Егер хор партиясы Эсхилда әрекетпен байланысты, ал Софоклда міндетті болса, Еврипидта маңызды емес. Эсхил трилогиясының сюжеті Еврипидте бір трагедияның көлеміне сыйып кетеді. Драмадағы орынды үнемдеу үшін және көбірек айту үшін Еврипид прологты енгізеді. Пролог драманың жалпы барысымен байланысты емес, ол кіріспе іспетті рөл атқарады. Софокл әрекет бірлігін, композиция құрылымын бағаласа, Еврипид үшін ең маңыздысы – патетикалық көріністерді жасау, кейіпкерлердің характерін ашып көрсету және аудиторияның алдында көрермендерді толғандыратын философиялық, этикалық, әлеуметтік, діни мәселелерді талқылау. Антик әдебиетін зерттеуші М.Иманғазин Еврипид трагедияларын тақырыбы мен мазмұнына қарай екі топқа бөліп қарастырады. Оның бірі – трагедия болса, екіншісін – әлеуметтік-тұрмыстық драмалар деп көрсетеді. Зерттеушінің пайымдауынша, Еврипидтің «Ион», «Елена», «Алкестида» секілді әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында ерлікпен аты шыққан қаһармандар емес, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдар өмірі суреттеледі. Және мұнда классикалық антик трагедияларына рұқсат етілмейтін комедиялық элементтер мен жақсылықпен аяқталатын сәтті қорытындылар тән деп көрсетеді. Еврипид трагедияларында өз дәуірінің адам міндеті, мемлекет пен оның заңдарының рөлі секілді өзекті мәселелерін көтеріп, жаугершілік соғысқа қарсы шығып, религиялық дәстүрлерді сынға алып, адамдардың гуманистік идеяларын дәріптеп отырады. Еврипид трагедияларының образдары – үлкен сезімге ие адамдар, олар өз бақыты жолында қылмыс жасауға дейін барады да, өз ары мен сезімінің алдында іштей арпалысқа түседі. Еврипид мықты психолог ретінде олардың азапқа толы жан-дүниесін шебер суреттей білген. Еврипидті замандастары толық түсіне алмады, себебі автордың табиғатқа, қоғамға, религияға қатысты өткір көзқарасы сол заманғы идеологияның шеңберіне сыймады. Еврипидтің бұл батыл көзқарасын эллинизм дәуірінің көптеген трагиктері бөлісіп, өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында кеңінен суреттеп отырды. Әсіресе, комедиограф Менандрдың тұрмыстық комедияларына ерекше әсер етті. Еврипид драмалары рим қоғамында да танымал болды. Б.з.б. ІІІ ғасырда алғашқы рим ағартушысы Ливий Андроник өз замандастарын Еврипид драмаларымен таныстырды. Ливий Андроник өзі грек болғандықтан, рим сахнасына грек трагедияларын, соның ішінде Еврипид трагедияларын көбірек шығаруға тырысты. Көрнекті рим ақыны Энний де Еврипид жетістіктеріне сүйене отырып, өз трагедияларын тудырды. Эннийдің бізге белгілі 20 драманың 12-і грек драмасының үлгісінде жазылған. Соның ішінде, «Авлидтегі Ифигения», «Медея» трагедияларының прологы мен бірнеше өлеңдері біздің заманымызға дейін жеткен. Еврипид трагедияларының құндылығын рим драматургы Акций де айтып кеткен. Б.з.б. І ғасырда римдік ақын, көрнекті философ Сенека Еврипид сюжеттеріне негіздей отырып, трагедияның жаңа типін тудырды. Аристофан Еврипидті трагедиялық ақын десе, Белинский «ежелгі Грекияның ең романтикалық ақыны» деп таниды. Еврипидтің «Медея», «Елена», «Троя арулары» атты трагедияларын орыс тілінен қазақ тіліне ақын Қ.Жұмағалиев аударды. Ол Алматы қаласы, «Өнер» баспасынан 1986 жылы жарық көрді. kk.wikipedia.org
22.11.2013 05:46 9651

Драматург Еврипид шығармалары: «Алкестида» (б.з.б. 438 жыл, 2 орын), «Медея» (б.з.б. 431 жыл, 3 орын), «Гераклидтер» (б.з.б. 430 жыл, 1 орын), «Ипполит» (б.з.б. 428 жыл, 1 орын), «Андромаха» (б.з.б. 425 жыл), «Гекуба» (б.з.б. 424 жыл), «Жалбарынушылар» (б.з.б. 423 жыл), «Электра» (б.з.б. 420 жыл), «Геракл» (б.з.б. 416 жыл), «Троялықтар» (б.з.б. 415 жыл, 2 орын), «Тавридтегі Ифигения» (б.з.б. 414 жыл), «Ион» (б.з.б. 414 жыл), «Елена» (б.з.б. 412 жыл), «Финикиялықтар» (б.з.б. 410 жыл), «Циклоп» (б.з.б. 408 жыл, сатиралық драма), «Орест» (б.з.б. 408 жыл), «Вакхандықтар» (б.з.д 407 жыл, 1 орын), «Авлидтегі Ифигения» (б.з.б. 407 жыл).

Еврипид тірі күнінде Эсхил мен Софокл секілді ақынға лайықты сый-құрметке ие болып, қошемет көрмегенімен, оның шығармаларының өміршең, шынайы болғандығы драмаларының көп сақталуынан да білінеді. Эсхил, Софоклмен салыстырғанда, Еврипид көп оқылған драматург болды. Мәселен, атақты драматургтер Эсхил мен Софоклдың тек жеті-жетіден ғана драмалары сақталса, Еврипидтің 92 драмасынан 18-і сақталған. Оның 17-сі трагедия болса, біреуі («Циклоп») сатиралық драма болып табылады. Ал кейбір еңбектерде Еврипидке телініп жүрген «Рес» драмасын тілі мен жазылу стиліне қарап көптеген антик әдебиетін зерттеушілер Еврипидтің туындысы деп санамайды.

Еврипидтің кейінгі заманда ғана жиі оқылған драматург емес, өз дәуірінде де халқының сүйіктісі болғаны Плутарх жазбаларынан білінеді. Б.з.б. 413 жылы афиндықтар Сицилияға әскери жорық жасап, жеңіліске ұшырайды. Сонда тұтқынға түскен көптеген афиндықтардың бостандық алуына себеп болған Еврипид шығармалары болған. Бұл жөнінде Плутарх: «Сицилиялықтар афиндықтарды құлдыққа сатты, маңдайларына ат сияқты таңба басты... Тұтқынға түскендердің біразын Еврипид құтқарды деуге болады. Себебі, гректермен салыстырғанда сицилиялықтар Еврипид талантына табынушылар болды. Сырттан келгендер Еврипид драмаларының үзінділерін әкелсе, сицилиялықтар оны дереу жаттап алып, бір-біріне айтып беретін. Тұтқында болып, босап шыққандардың көпшілігі Еврипидке келіп, рахмет айтып, бостандыққа қалай қол жеткізгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Яғни олар Еврипид өлеңдерін естерінде сақталып қалғандарын қожайындарына айтып беріп, еркіндік алса; кейбіреулері Еврипид трагедияларындағы өлеңдерді айтып өз тамақтарын асырады» деп жазады.

Еврипид Феспид пен Эсхилдан кейінгі трагедия жанрындағы ұлы реформатор болды. Оның ең маңызды көркемдік ерекшелігі – ол трагедиялық кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіндегі күресті көрсете алды. Егер Софокл кейіпкерлері өз позициясына, өз әрекетінің дұрыстығына кәміл сенген, сол үшін өмірін қиюға да өкінбейтін жандар болса, Еврипид кейіпкерлері мың ойланып, мың толғанып, өз әрекетінің дұрыс-бұрыстығын саралап, күмәнданумен болады. Кейіпкерлердің ішкі күйзелісі бұл драматургтың, Еврипидтің күйзелісі болып танылады. Себебі, Еврипид трагедия жанрындағы өзіне дейін қалыптасқан моральдық нормалар мен мифологиялық шындықтарды жоққа шығарды. Эсхил мен Софокл қалыптастырған көпірмелі сөздерден бас тартты. Кейіпкерлердің ішкі әлеміне, сезіміне, ақыл-ойына көп көңіл бөлді. Егер хор партиясы Эсхилда әрекетпен байланысты, ал Софоклда міндетті болса, Еврипидта маңызды емес. Эсхил трилогиясының сюжеті Еврипидте бір трагедияның көлеміне сыйып кетеді. Драмадағы орынды үнемдеу үшін және көбірек айту үшін Еврипид прологты енгізеді. Пролог драманың жалпы барысымен байланысты емес, ол кіріспе іспетті рөл атқарады. Софокл әрекет бірлігін, композиция құрылымын бағаласа, Еврипид үшін ең маңыздысы – патетикалық көріністерді жасау, кейіпкерлердің характерін ашып көрсету және аудиторияның алдында көрермендерді толғандыратын философиялық, этикалық, әлеуметтік, діни мәселелерді талқылау.

Антик әдебиетін зерттеуші М.Иманғазин Еврипид трагедияларын тақырыбы мен мазмұнына қарай екі топқа бөліп қарастырады. Оның бірі – трагедия болса, екіншісін – әлеуметтік-тұрмыстық драмалар деп көрсетеді. Зерттеушінің пайымдауынша, Еврипидтің «Ион», «Елена», «Алкестида» секілді әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында ерлікпен аты шыққан қаһармандар емес, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдар өмірі суреттеледі. Және мұнда классикалық антик трагедияларына рұқсат етілмейтін комедиялық элементтер мен жақсылықпен аяқталатын сәтті қорытындылар тән деп көрсетеді.

Еврипид трагедияларында өз дәуірінің адам міндеті, мемлекет пен оның заңдарының рөлі секілді өзекті мәселелерін көтеріп, жаугершілік соғысқа қарсы шығып, религиялық дәстүрлерді сынға алып, адамдардың гуманистік идеяларын дәріптеп отырады. Еврипид трагедияларының образдары – үлкен сезімге ие адамдар, олар өз бақыты жолында қылмыс жасауға дейін барады да, өз ары мен сезімінің алдында іштей арпалысқа түседі. Еврипид мықты психолог ретінде олардың азапқа толы жан-дүниесін шебер суреттей білген. Еврипидті замандастары толық түсіне алмады, себебі автордың табиғатқа, қоғамға, религияға қатысты өткір көзқарасы сол заманғы идеологияның шеңберіне сыймады. Еврипидтің бұл батыл көзқарасын эллинизм дәуірінің көптеген трагиктері бөлісіп, өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында кеңінен суреттеп отырды. Әсіресе, комедиограф Менандрдың тұрмыстық комедияларына ерекше әсер етті. Еврипид драмалары рим қоғамында да танымал болды. Б.з.б. ІІІ ғасырда алғашқы рим ағартушысы Ливий Андроник өз замандастарын Еврипид драмаларымен таныстырды. Ливий Андроник өзі грек болғандықтан, рим сахнасына грек трагедияларын, соның ішінде Еврипид трагедияларын көбірек шығаруға тырысты. Көрнекті рим ақыны Энний де Еврипид жетістіктеріне сүйене отырып, өз трагедияларын тудырды.

Эннийдің бізге белгілі 20 драманың 12-і грек драмасының үлгісінде жазылған. Соның ішінде, «Авлидтегі Ифигения», «Медея» трагедияларының прологы мен бірнеше өлеңдері біздің заманымызға дейін жеткен. Еврипид трагедияларының құндылығын рим драматургы Акций де айтып кеткен. Б.з.б. І ғасырда римдік ақын, көрнекті философ Сенека Еврипид сюжеттеріне негіздей отырып, трагедияның жаңа типін тудырды. Аристофан Еврипидті трагедиялық ақын десе, Белинский «ежелгі Грекияның ең романтикалық ақыны» деп таниды.

Еврипидтің «Медея», «Елена», «Троя арулары» атты трагедияларын орыс тілінен қазақ тіліне ақын Қ.Жұмағалиев аударды. Ол Алматы қаласы, «Өнер» баспасынан 1986 жылы жарық көрді.

kk.wikipedia.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға