Жаңалықтар

Грек құмыра өрнекшілері

Гректердің асқақ қиялын Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған фантастикалық құбыжықтар дүниесі де баурап алды. Бұлардан эллиндік мифологияның тамаша туындыларына ұқсас нышандар табылды. Грек қалаларының бай құл иеленушілері металдан жасалған көркем бұйымдарды, ұқыпты айшықталған қару-жарақ пен Шығыс шеберлерінің сәнді маталарын жоғары бағалады. Өнердің осындай шығармаларымен таныстығы грек құмыра өрнекшілеріне зор ықпал жасады. Алайда, олар бұған тікелей көшіру жолымен еліктеген жоқ. Өзге мәдениет жетістіктерін қабылдаған эллин суретшілері оларды өз ойымен байыта отырып, творчестволықпен қайта қорытты. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты тылсым сфинкстер, қанатты, жылан құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар — грифондар; өлген- дердің аруағы есептелетін адам басты құстар — сиреналар, азуы ақсиған ірбіз басты ғаламат құстар пайда болды. Құмыраларда құдайлар бейнелері және Гомер эпосындағы шайқастар көріністері мен түрлі хайуандар пішіндері:бұқалар мен бұғылардың, қабандар мен тау текелердің, бүркіттер мен су құстарының, арыстандар мен ірбіздердің бейнелері жиі кездесті. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаудан айқын сезіледі. Суретшілер құмыраларды әшекейлеуге мәнерленген құрма жапырақтарын, лотостың гүлдері мен қауызын пайдаланды. Әйтсе де б. э. бұрынғы VIII ғасырдағы геометриялық керамикамен салыстырғанда архаикалық дәуір өрнектерінде сюжетті- хикаялы бейнелерге қарағанда ою- өрнеіске орын аз бөлінді. Грек шеберлері тапсырма берушілердің қызық та ғажайып бейнелерге құмарлығын, олар Шығыс өнерінің жарқыраған шаңқан реңіне қызығатындығын мықтап ескерді. Б. э. бұрынғы VII ғасырда құмыраларға салынған өрнектер ақ саз балшыққа қоңыр күрең лакпен сырланған. Геометриялық ыдыстардағы реңі бірыңғай сүлделік ою-өрнектерден басқаша өң беру үшін суретшілер бөлшектерді қырнай із қалдыра тартылған сызықтармен, ақ және қызыл барқын сырмен айқындайтын жұқа сұлбалық суретті қолданған. Шұбырып бара жатқан аңдар пішіндері құмыраның дөңес бүйіріне бірінен соң бірі орналастырылып, олардың арасындағы ашық кеңістік ою-өрнекпен толтырылған. Мұның бәрі қабырғалық өрнекке ғажайып сән, керемет көрік беріп тұратын, оларды өрнекті кілемдерге ұқсататын. Өрнектер архаикалық ыдыстардың пластикасы мен шырайлы пішініне тамаша жарасатын. Б. э. бұрынғы VII. ғасырда қалыптасқан кескіндеме стилі «кілемдік» немесе «ориентальдастырылған» стиль (яғни, Шығыс өнеріне еліктеуші) деп аталды. Кілемдік стиль Элладаның алдыңғы қатарлы сауда-қолөнерлік кәсіп полистерінде дамыды. Оның өркендеуінде Родос, Самос, Хиос аралдары, кішіазиялық қалалар, олардың арасында Милет, сондай-ақ солтүстік Пелопоннестің аса ірі орталықтарының бірі Коринф көрнекті роль атқарды. Бұл қалалардың көзе шеберханалары негізінен бұйымдарды сыртқа шығару үшін жұмыс істейтін. Кілемдік стиль құмыра- ларының саудасы Оңтүстік Италияға, Сицилияға, Этрурия мен Қара теңіз жағасындағы грек отарларына керамика бұйымдарын жеткізіп беретін коринфтік және милеттік көпестердің қолында болды. Б. э. бұрынғы VII ғасырдағы көзешілік өнерінің таңдаулы туындыларының біріне солтүстік Пелопоннесте б. э. бұрынғы 640—630 жылдар шамасында жасалған шағын шарап құтысы (грекше «ойнохоя») жатады. Оның өрнектері бірнеше қатарға орналасқан. Ең жалпақ фризде гоплиттер шайқасы көрсетілген. Ауыр қару-жарақ асынған дорлық жауынгерлердің қалың сап түзеген екі қанаты сыбызғы үнімен бір-біріне қарсы ұмтылып барады. Алдыңғы саптағылар найзаларын тік көтеріп, солқылдата сілкіп келеді. Келе жатқандардың бірыңғай кескіні қимыл-қозғалыстың бір қалыпты ырғағын айқындап көрсетеді. Суретші қару- жарақты: айдарлы, биік дулығаларды, сауыттар мен аяққа киетін саптама сауыттарды, самғап ұшқан қырандар бейнесі, Медуза Горгонаның бет пердесі, сондай-ақ бұқалар мен арыстандар басы салынған шұбар ала дөңгелек қалқандарды миниатюралық нәзіктікпен бейнелеген. Екінші фризден салт аттыларды, төрт ат жеккен күймені, отырған сфинкс пен аңшылардың арыстанмен шайқасын көруге болады. Аң аулау көріністері берілген фриздер асқан әсерлі, әдемілігімен, жандылығымен көзге түседі: ит ерткен аңшы қалың бұтаны тасалап тұр, тазылар түлкі мен қоянды қуып жеткен. Өмірден алынған сан алуан оқиғалар сюжеті шебердің байқампаздығын аңғартады. Суретші қара лақты, ақ, қызыл барқын сырды, сондай-ақ сары және ашық күрең реңді қызғылт сары фонмен үйлестіре отырып, тамаша әсер туғызатын әрлі өрнек жасаған. Б. э. бұрынғы VII ғасырдың аяғында алдымен Коринфте, одан соң басқа да грек қалаларында құмыра өрнегінің кілемдік стилі б. э. бұрынғы VI ғасырда аттикалық керамикада гүлденудің шырқау шыңына жеткен қара пішін өрнегімен орын алмасты. Мұнда афинылық көзешілер енгізген маңызды ісмерлік жетістіктер үлкен роль атқарды. Аса сапалы қою қара лақты пайдалана бастаған олар саз балшықты күйдірілген соң, біркелкі тегіс қызғылт реңге айналдыру үшін аздап жосамен сырлайтын. Ою-өрнек әшекейлер салынбайтын осындай ашық фонда адамдар мен хайуанаттар сүлдесі металл сияқты жылтырап көрінетін. Қара пішін стилі одан бөлшектерді қырналған сызықпен, ақ және қан қызыл сырмен баса көрсету тәсілін ала отырып, сұлбалық әдісті ығыстырды. Бірте-бірте қабырғалық өрнектің композициялық құрылымы өзгере берді.Құмыраларды көлденең орап тұратын фриздермен пішіндерді орналастыру жүйесі жоғалды. Олар ыдыстардың бүйіріне еркін орналастырылған көп пішінді тұтас көріністермен орын ауысты. Б. э. бұрынғы VI ғасырдағы афинылық шеберханалар құмыраның сан алуан түрін: амфораларды, шарап құятын шаралар — киликтерді, таза су сақталатын ыдыстар — гидриялар мен кратерлерді жасады. kk.wikipedia.org
22.11.2013 05:04 5696

Гректердің асқақ қиялын Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған фантастикалық құбыжықтар дүниесі де баурап алды. Бұлардан эллиндік мифологияның тамаша туындыларына ұқсас нышандар табылды. Грек қалаларының бай құл иеленушілері металдан жасалған көркем бұйымдарды, ұқыпты айшықталған қару-жарақ пен Шығыс шеберлерінің сәнді маталарын жоғары бағалады. Өнердің осындай шығармаларымен таныстығы грек құмыра өрнекшілеріне зор ықпал жасады. Алайда, олар бұған тікелей көшіру жолымен еліктеген жоқ. Өзге мәдениет жетістіктерін қабылдаған эллин суретшілері оларды өз ойымен байыта отырып, творчестволықпен қайта қорытты. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты тылсым сфинкстер, қанатты, жылан құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар — грифондар; өлген- дердің аруағы есептелетін адам басты құстар — сиреналар, азуы ақсиған ірбіз басты ғаламат құстар пайда болды. Құмыраларда құдайлар бейнелері және Гомер эпосындағы шайқастар көріністері мен түрлі хайуандар пішіндері:бұқалар мен бұғылардың, қабандар мен тау текелердің, бүркіттер мен су құстарының, арыстандар мен ірбіздердің бейнелері жиі кездесті. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаудан айқын сезіледі. Суретшілер құмыраларды әшекейлеуге мәнерленген құрма жапырақтарын, лотостың гүлдері мен қауызын пайдаланды. Әйтсе де б. э. бұрынғы VIII ғасырдағы геометриялық керамикамен салыстырғанда архаикалық дәуір өрнектерінде сюжетті- хикаялы бейнелерге қарағанда ою- өрнеіске орын аз бөлінді.

Грек шеберлері тапсырма берушілердің қызық та ғажайып бейнелерге құмарлығын, олар Шығыс өнерінің жарқыраған шаңқан реңіне қызығатындығын мықтап ескерді. Б. э. бұрынғы VII ғасырда құмыраларға салынған өрнектер ақ саз балшыққа қоңыр күрең лакпен сырланған. Геометриялық ыдыстардағы реңі бірыңғай сүлделік ою-өрнектерден басқаша өң беру үшін суретшілер бөлшектерді қырнай із қалдыра тартылған сызықтармен, ақ және қызыл барқын сырмен айқындайтын жұқа сұлбалық суретті қолданған. Шұбырып бара жатқан аңдар пішіндері құмыраның дөңес бүйіріне бірінен соң бірі орналастырылып, олардың арасындағы ашық кеңістік ою-өрнекпен толтырылған. Мұның бәрі қабырғалық өрнекке ғажайып сән, керемет көрік беріп тұратын, оларды өрнекті кілемдерге ұқсататын. Өрнектер архаикалық ыдыстардың пластикасы мен шырайлы пішініне тамаша жарасатын. Б. э. бұрынғы VII. ғасырда қалыптасқан кескіндеме стилі «кілемдік» немесе «ориентальдастырылған» стиль (яғни, Шығыс өнеріне еліктеуші) деп аталды.

Кілемдік стиль Элладаның алдыңғы қатарлы сауда-қолөнерлік кәсіп полистерінде дамыды. Оның өркендеуінде Родос, Самос, Хиос аралдары, кішіазиялық қалалар, олардың арасында Милет, сондай-ақ солтүстік Пелопоннестің аса ірі орталықтарының бірі Коринф көрнекті роль атқарды. Бұл қалалардың көзе шеберханалары негізінен бұйымдарды сыртқа шығару үшін жұмыс істейтін. Кілемдік стиль құмыра- ларының саудасы Оңтүстік Италияға, Сицилияға, Этрурия мен Қара теңіз жағасындағы грек отарларына керамика бұйымдарын жеткізіп беретін коринфтік және милеттік көпестердің қолында болды.

Б. э. бұрынғы VII ғасырдағы көзешілік өнерінің таңдаулы туындыларының біріне солтүстік Пелопоннесте б. э. бұрынғы 640—630 жылдар шамасында жасалған шағын шарап құтысы (грекше «ойнохоя») жатады. Оның өрнектері бірнеше қатарға орналасқан. Ең жалпақ фризде гоплиттер шайқасы көрсетілген. Ауыр қару-жарақ асынған дорлық жауынгерлердің қалың сап түзеген екі қанаты сыбызғы үнімен бір-біріне қарсы ұмтылып барады. Алдыңғы саптағылар найзаларын тік көтеріп, солқылдата сілкіп келеді. Келе жатқандардың бірыңғай кескіні қимыл-қозғалыстың бір қалыпты ырғағын айқындап көрсетеді. Суретші қару- жарақты: айдарлы, биік дулығаларды, сауыттар мен аяққа киетін саптама сауыттарды, самғап ұшқан қырандар бейнесі, Медуза Горгонаның бет пердесі, сондай-ақ бұқалар мен арыстандар басы салынған шұбар ала дөңгелек қалқандарды миниатюралық нәзіктікпен бейнелеген. Екінші фризден салт аттыларды, төрт ат жеккен күймені, отырған сфинкс пен аңшылардың арыстанмен шайқасын көруге болады. Аң аулау көріністері берілген фриздер асқан әсерлі, әдемілігімен, жандылығымен көзге түседі: ит ерткен аңшы қалың бұтаны тасалап тұр, тазылар түлкі мен қоянды қуып жеткен. Өмірден алынған сан алуан оқиғалар сюжеті шебердің байқампаздығын аңғартады.

Суретші қара лақты, ақ, қызыл барқын сырды, сондай-ақ сары және ашық күрең реңді қызғылт сары фонмен үйлестіре отырып, тамаша әсер туғызатын әрлі өрнек жасаған. Б. э. бұрынғы VII ғасырдың аяғында алдымен Коринфте, одан соң басқа да грек қалаларында құмыра өрнегінің кілемдік стилі б. э. бұрынғы VI ғасырда аттикалық керамикада гүлденудің шырқау шыңына жеткен қара пішін өрнегімен орын алмасты. Мұнда афинылық көзешілер енгізген маңызды ісмерлік жетістіктер үлкен роль атқарды.

Аса сапалы қою қара лақты пайдалана бастаған олар саз балшықты күйдірілген соң, біркелкі тегіс қызғылт реңге айналдыру үшін аздап жосамен сырлайтын. Ою-өрнек әшекейлер салынбайтын осындай ашық фонда адамдар мен хайуанаттар сүлдесі металл сияқты жылтырап көрінетін. Қара пішін стилі одан бөлшектерді қырналған сызықпен, ақ және қан қызыл сырмен баса көрсету тәсілін ала отырып, сұлбалық әдісті ығыстырды. Бірте-бірте қабырғалық өрнектің композициялық құрылымы өзгере берді.Құмыраларды көлденең орап тұратын фриздермен пішіндерді орналастыру жүйесі жоғалды. Олар ыдыстардың бүйіріне еркін орналастырылған көп пішінді тұтас көріністермен орын ауысты.

Б. э. бұрынғы VI ғасырдағы афинылық шеберханалар құмыраның сан алуан түрін: амфораларды, шарап құятын шаралар — киликтерді, таза су сақталатын ыдыстар — гидриялар мен кратерлерді жасады.

kk.wikipedia.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға