Жаңалықтар

Мүсіншілердің шығармашылық жұмыстары

Шындығында да, ежелгі грек жұртының мүсіншілері әрі сұлу, әрі сымбатгы рухани жан дүниесі бай кейіпкерлерді асқан шеберлікпен бейнелей білген. Сондай ғаламат туындьшардьщ бірі — «Милосск Венерасы». Адамзат баласының сан мың ұрпағын осы уақытқа дейін таң қалдырып, небір асқан ақыл-ой иелерін бас идірген осы бір таңғажайып ескерткіштің авторы — Кіші Азиялық мүсінші Агесандр. 1820 жылы Жерорта теңізінің бір аралынан табылған бұл бейне қазір Парижде, Лувр музейінде сақтаулы. Шебер мүсінші Агесандрдың қолынан шыққан махаббат құдайы Венераның бейнесі өзінің құдіреттілігімен таң қалдырады. Өкінішке орай, сан ғасыр бойы ғұмыр кешкен бұл сұлу мүсін бізге жолдарын жоғалтып жеткен еді. Луврға Венера сұлу келеді дегенді естігенде төсек тартып жатқан ұлы ақын Гейне музейге қол арбамен жетіпті. Осынау сұлулық падишасының бейнесін көрген уақытга адам танымастай шексіз ба-қытқа бөленіп, көкірегі қарс айырыла «Ах, мен неге сол мезет көз жұмысп өліп кетпедім екен» деген екен. Сымбаттылықтың символы болған бұл ұлы мүсін талай ақындар мен дастандардың арқауы болды. Антикалық сәулет өнерінің шыңы — ежелгі заманның өзінде-ақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфенон сарайы еді. Ал осы таңғажайып ғимараттағы Фидий қолынан шыққан мүсіндер — сұлулықтың шынайы қазынасы, адам рухының ең асқақ талпыныстарының шындық тұрғысынан бейнеленуі. Фидийдің нақақтан жала жабылып, Афиныдан қуылуы оның — кемеңгерлігі мен мәртебесіне ешбір нұқсан келтіре алмады. Басқаны былай қойғанда, Антика керамикасының тұтас бір кезеңі Фидий есімімен аталады. Грек халқының сәулетшілік өнері мен мүсін өнерінің гүлденген дәуіріне грек сурет өнерінің гүлденуі тұспа-тұс келеді. Сурет өнері саласындағы тамаша жаңалықтар дәл осы кезеңде ашылған. Солардың бірі — ғасырлар арнасында жоғалып, тек екі мың жылдан кейін ғана, яғни Қайта өрлеу кезеңінде ашылған «сәулелі көлеңке» өнері. Ежелгі авторлар бұл «өнерді ең алғашқы игерген» Афины Аполлодоры деп санайды. Ол өз палитрасына көмескілікті бірінші болып енгізгендіктен, «Көлеңкені бейнелеуші» деген атақ алған. V ғасырда сондай-ақ Паррасий мен Тиманфр сияқты суретшілер драмалық көріністерді салып, адам бойындағы терең сезімдерді асқан шеберлікпен бейнелей білген, мұның өзі грек өнерінің жаңа дәуірге көшуін білдірді. Бұл кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоқтығы биік ақын Гесиод болды. Ол жазған «Теогония»(құдайлардың шығу тегі жөніңде) және автордың өзінің өмір жолына арнаған «Еңбектер мен күндер» атты дастандары — гректердің көңілінен шықты. Әдебиет саласында басты орынға шыққан лирикалық поэзияның өкілдері адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бұл жаңа жанрдың көрнекті өкілдері Архилог (біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың екінші жартысы), Солон (біздің заманымызға дейінгі 635—559 жылдар), Алкеи (біздің заманымызға дейінгі VII ғасыр аяғы мен VI ғасыр бірінші жартысы), Анакреонт (біздің заманымызға дейінгі 570—478 жылдар) және тағы да басқа. Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге — классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді. Мүсін пір тұтқан әміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін мадақтау үшін жасалған. Курос бейнесі бүкіл архаикалық өнерге арқау болып тартылған. Қала тапсырмасы бойынша жасалған мүсін шебердің тек өз басының мұратын ғана емес, қатал да арпалысқа толы өмір жағдайында барлық азаматтарға тән ер жүрек, қайратты адам сұлулығы туралы ұғымын білдіретін. Жалаңаш жігіттерді бейнелеу арқылы шеберлер адам пішінінің пропорциясы жайлы білімін жетілдіріп, дененің бұлшық еттерін зерттеді, қажетті тәсіл-дағдыларды игерді. Б. э. бұрынғы VI ғасырда эллиндік полистерде монументтік пластика кең тарады. Құдайлар мен мифологиялық қаһармандардың қыруар мүсіні қалалар алаңдарында, храмдар мен ғибадатханаларда орнатылды. Жалпыгректік жарыстарда озып шыққан атақты атлеттердің жеңістері мүсінмен атап өтілді. Өлгендердің бейітіне құлпытастар мен бедер бейнелі тақта тас — стелалар қойылды. Храм фронтондары, метопалары мен фриздері сәндік мүсіндермен әшекейленді. Гректердің бәрі құрметтейтін ғибадатханалар тәңірілердің мінәжаттық мүсіндеріне, қалалар мен бай құл иеленушілердің құдайларға алғыс сезімінің белгісі ретінде сыйға берілген мол тарту-таралғыға толы. Бәдізшілердің ептілік шеберлігі, алуан түрлі материалдарды өңдеу өнерпаздығы арта түсті. Мүсін тастың неше түрінен қашалып, ағаштан жонылып, күйдірілген балшықтан — терракотадан жасалатын. Тас пен терракота мүсіндеріне ашық түсті сыр жағылатын. Б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысында алдымен Самос аралында, ал одан соң Элладаның басқа да қалаларында қоладан құйылған тұңғыш мүсіндер дүниеге келді. Ерте кезде архаика шеберлері мүсінге көбінесе құм қайрақ тасты пайдаланса, VI ғасырдың алғашқы жартысында, одан берірек әрі әсем мәрмәр тасын кеңінен қолданды. Мүсіншілердің творчестволық мүдделері б. э. бұрынғы VII ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық өнердің екі негізгі бейнесін жасауда — жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оранған, қымтанған әйелді мүсіндеу бағытында тоғысты. Мұның біріншісі, әсіресе, Солтүстік-Пелопоннес пен Киклады аралдары шеберлерінің назарын аударса, екіншісіне б. э. бұрынғы VI ғасырдың ортасына дейін парсылар қол астына қараған тұста өздерінің экономикалық және мәдени дамуында құрлықтағы Грекиядан озып кеткен Аттика мен Ионияның кішіазиялық қалаларының суретшілері көңіл бөлді. Грек мүсін өнерінің түрлі мектептерінің өз арасындағы көптеген айырмашылықтарына қарамастан, ортақ міндеттерді шешуге деген талпынысы архаикалық пластиканың ортақ стилі қалыптасуына жол ашты. Б. э. бұрынғы VI ғасырда аттика шеберлері өнердің тамаша туындыларын жасады. Осы тұста Афины гүлденуінің шырқау шегіне жетіп, Элладаның аса маңызды қолөнерлік және сауда қалаларының біріне айналды. Афинының экономикалық және мәдени өрлеуіне б. э. бұрынғы 560 жылы өкіметті басып алып, қаланы отыз жылдан астам уақыт басқарған Писистрат тираниясы едәуір дәрежеде ықпал жасады. Ол кең өрістеткен ірі қоғамдық ғимараттар құрылыстары наразылық көрсеткендердің үнін өшіріп, еркін азаматтардың көбісіне табыс әкелді. Қала тез ұлғайып, Аттика территориясын жолдар торабы айшықтады. Афинының Мысыр және Қара теңіз жағалауы өңірімен берік сауда-саттық байланысы орнады. Писистрат заманынан бастап Афины грек мәдениетінің орталығына айналды. Тиран қалаға аса көрнекті суретшілер мен ақындарды тарта білді. Жыл сайын екі рет, көктем мен күзде халық үшін шарап құдайы Дионистің құрметіне көңілді мереке ұйымдастырылып, театр ойын-сауықтары көрсетілді. Солардан б. э. бұрынғы 543 жылы тұңғыш қойылымы Афиныда көрсетілген театр өнері — грек трагедиясы туды. Писистрат тұсында тәңірия Афинаның жалпы-қалалық мерекесіне айналған Панафиндер салтанаты ұлан-асыр той-думанмен өтетін. Тұңғыш рет Гомер дастандарының текстері жазып алынды. Табиғи әрі сенімді қорған іспетті жақпар жартасты шоқыға, Афины акрополінің шыңына салынып, мүсіндермен әспеттелген храмдар қаланың айбыны мен ажарын құлпырта түсті. Осы діни ғимараттар арасында б. э. бұрынғы VI ғасырдың басына дейін сақталған Афинының аса ежелгі храмы — Гекатомпедон («жүз футтық») ерекше көзге түсетін. Акрополь ортасынан орын алған оның іргетасының қалдығын археологтар осы жерді қазған кезде тапты. Өткен ғасырдың аяғында бұл храмның фронтондық композицияларының жұмсақ құм қайрақ — поростан жасал- ған, сыры тамаша сақталған мүсіндері де табылды. Бейнелер сюжеттері мифологиядан алынған. Батыс фронтонның сол жағында мүсінші жартылай адам, жартылай балық кескініндегі теңіз құбыжығы,қабыршақты алып Тритонмен шайқасып жатқан Гераклды бейнелеген. Мүсіннің орталық бөлігі құрыған, ал оң жақ жартысын үш адамның кеудесі боп көрінетін, арқасында қанаты бар, бұлғаңдаған жылан құйрықты фантастикалық мақұлық алып жатыр. Бірінші тұлға — қолымен өрт жалынының тілін қысып тұрса, екіншісі — толқыған жемелекті ұстап, ал үшіншісі — алақанына құс қондырып тұр. Бұл грек философтары әлем құрылымының негізгі элементтері деп есептеген үш апаттың нышаны — от, су мен ауа деген жорамал бар. Үш басты жылан ненің бейнесі екені белгісіз. Қазіргі заман ғалымдары мұнан үш басты дәу Герионды, қандай кейіпке де құбылып көше алатын киелі қасиеті бар сиқыршы теңіз қарты Протейді, біресе жер астындағыдүниенің қараңғы қапа- сында туып, аузынан от құсатын сұсты айдаһар Тифонды, біресе, керісінше, мейірімді де қайырымды аттика құдайларын көрмек болады. Соңғы жорамал солардың ішіндегі ең нанымдысы сияқты. Көзін бақырайтып күліп тұратын мифтік мақұлықтардың ғажайып құбылыс-жүздерінен аңғал құмарлық пен ғаламмат шаттық сезіледі. Мүсіндердің шаңқан ашық бояуы осы әсерді күшейте түседі.Бұлшық еттері тырсиған мығым денелерге сарғылт түстен қоңыр қызыл түске дейінгі бүкіл жұмсақ, жайлы реңдермен ке- лісті өң берілген, сақал мен мұрт — қара көк бояумен сырланған, ұзын шаштарының көк түсі кейде қою жасыл түспен ауысады, ал фронтон кеңістігін табиғи толтырып тұрған жылан құйрықтары көк те қызыл реңді. Назарыңды бірден тартар мөлдір көрініспен салтанатты сәнді- ліктің астасып жарасуы жалпы архаикалық өнер шығармаларына тән. Акропольдегі храм қасында сан алуан мінәжат монументтері — куростардың, салт аттылардың, сфинкстер мен қыздардың бейнелері болған. Солардың ішінде бұзау көтеріп келе жатқан адамның (грекше «Мосхофор») мәрмәр мүсіні — ежелгі аттикалық мүсін өнерінің жақсы үлгісі. Ол б. э. бұрынғы 570 жыл шамасында, Гекатомпедонның поростық мүсіндері жа- салған тұста сомдалған. Тұғырындағы жазудан мүсінді Аттиканың бай тұрғыны Ромб (әлде Комб) сыйлыққа әкелгені аңғарылады. Шебер сыйлық әкелушінің өзін иығына құрбандыққа шалынатын бұзауын көтерген қалпында бейнелеген. Осылардың бәрі тұтас бір топ құрайды. Мосхофордың тұлғасын айқындап тұрған жұқа киімінен қайратты, толысқан, келісті денесі байқалады. Бұзаудың сирағын қысып ұстаған қолының шиыршық атқан бұлшық еті де айқын көрініп тұр. Пластиканы жаныңмен сезіну дәстүрлі шарттылықпен ұштасады. Шашы мен сақалы ою-өрнекті кестені еске түсіреді. Әр жерінде сақталған сыр-бояу рең шешімінің батылдығын аңғартады: бұзау көк,Мосхофордың көзі қызыл, сақалы жасыл. Көп ғасырлар өткен соң қадым заманғы Мосхофордың тұлғасы ертехристиандық өнерге Христің нышандық бейнесі — иы- ғына қозы көтерген бақташы жігіт, «ізгілік пірі» болып енді. Кемел кезеңіне жеткен архаикалық өнердің таңдаулы туындыларына б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндер жатады. Б. э. бұрынғы 520 жыл шамасында афинылық шебер жасаған мәрмәр курос осындай. Бұл туған қаласын қорғау жолындағы шайқаста қаза тапқан жауынгерлердің басына қойылған құлпытас еді. Мүсін тұғырындағы өткіншіге арналған: «Тоқта да, құдіретті Арес шайқас- тағы жауынгерлердің алдыңғы сапынан жұлып алған марқұм Кройсостың қабірі қасында қайғыр»,— деген жазу сол туралы сыр шертеді. Бұл куростың кескіні архаикалық мүсіннің дәстүрлі типін қайталайды, әйтсе де дене пропорциясы олардан анағұрлым дұрыстығы, нақтылығы, дәлдігімен көзге түседі. Байсалды пішіннің сымбатты сүлдесі батыл қолмен келісті көмкерілген, жігіттің шашы мойнына бұйралана әсем төгіліп тұр. Мәрмәрдың әдемі пішім үлгісі мүсінге қайран қаларлық өмір тынысын берген. Дененің бұлшық еттерін, толысқан кеудені, қол мен мығым аяқтың шымыр бұлшық еттерін жарасты жеткізе алған шебердің байқампаздығы бірден аңғарылады. Жігіттің бүкіл кескін-келбетінен сенімді де айбынды қайрат сезіледі. Оның осы кейпі белгілі біреудің дәлме-дәл портреті емес. Бұл — қорытылған типтік бейне. Өң-жүзінің батыл, байсалды әлпеті іштей сабырлылықтың, ақылмен өз бойын еркін билей алатын ұстамдылықтың белгісі. Мұның өзі б. э. бұрынғы сонау VII ғасырда ақын Архилох айтқан: «Табысқа жөнімен қуанып, қайғыда жөнімен күйіне біл» ,— деген Ежелгі Грекияның тәрбиелік мұратымен үндес еді. Жауынгердің ерлігі мен азаматтың қаһармандығы мүсінші жасаған көркем бейнеде жарқын жарасымын тауып тұр. Этикалық және эстетикалық мұраттың ұштасуы грек халқының сұлулық туралы ұғымының өзіндік ерекшелігін айқындайды. Осы мұраттың нышаны куростың жоғалған мәрмәр мүсінінің жұрнағы деп есептелетін (б. э. бұрынғы 490—480 жж.) жігіттің тамаша бас бейнесінен көрінеді. Сопақтау келген бет әлпеті көрікті келісіп, сәнді таралған шашы ай маңдайына түскен. Жүректі жігіттің келбетін қаз-қалпында жеткізген ақ мәрмәрдің бетінде жарық пен көлеңке шағылысып ойнайды. Асқақ сұлулыққа құштарлық, әсіресе, мүсіншінің бет әлпетті бейнелеуде белгілі бір норманы сақтайтындығынан жете сезіледі. Бет тепе-тең дерлік үш құрамнан тұрады:маңдай, мұрын және мұрын мен иектің арасы да өзара тең. Жазық маңдай қырлы мұрынмен жалғасады, қиылған қиғаш қас, таңғажайып сұлу ерін жиектерін мүсіндеуде асқан бір шеберлік өресі көрінген. Балғын жігіттің бүкіл кескін-келбетінен өз күшіне кәміл сенетін парасатты асқақ тұлғаның лебі еседі, айналаны оймен шола қарауынан іштей бір сабырлылығы мен ұстамдылығы айқын аңғарылады — гректер еркін азамат мінезінен осы қасиеттерді биік бағалаған. Монументтік мүсінге ерекше тән ер жүрек атлет-сарбаз типі б. э. бұрынғы VI ғасырдың бедерлі бейнелерінде жиі кездеседі. Б. э. бұрынғы 510 жыл шамасында афинылық шебер Аристокл Аристионның бейнесі салынған мәрмәр құлпытас жасады. Оның кеудесіндегі қалың былғары сауытының астынан хитоны көрінеді, басында дулыға, аяғын- да қола саптама сауыт. Сарбаз найзаға сүйеніп тұр, ол бар тұлғасымен ұзынша тақта тасқа келісті ойылған. Шебер Аристионның бет әлпетін, қолының саусақтары мен аяғының башпайларын, бұлшық ет- терін айқындап тұрған хитонының нәзік күлтелерін таңғажайып өнерпаздықпен сомдаған. Шынайы өміршең көріністерді берудегі айрықша бір сүйіспеншілік бейнеге тұтастық дарытып тұр. Бедер сырланған. Сарбаздың сәнді шашында, сақалы мен қару-жарағында қызғылт сырдың ізі сақталған. Писистрат пен оның балаларының тираниясы заманында афинылық құл иеленушілердің нәзік эстетикалық талаптарына гректер кора деп атаған қыздардың тамаша мәрмәр мүсіндері жауап берді. Афины абызтайларын бейнелейтін олар Акропольдегі тәңірия храмында тұрды. Мұндай мүсіндердің бірнеше ондағаны табылды. Олардың көбісі б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысына, Аттикада иониялық шеберлер жұмыс істеген кезге жатады. Бізге аты беймәлім талантты аттикалық бәдізшінің қолынан шыққан кораның мүсіні әмбеге аян. Ол б. э. бұрынғы 530 жыл шамасында парос мәрмәрінен қашалған, Шебер жүн матадан ұзын пеплос (лыпа) киіп, белін қынай буған қыздың қимыл- сыз қалпындағы кескінін бейнелеген. Оның иығында қалыңдау материалдан тігілген желбегей, лыпасының астынан нәзік сызықтармен тартылған кенеп хитоны байқалады. Хитонның төмен қарай төгілген етегі қыздың сұңғақ пішінін айқындай түседі. Қыз басына сән берген қола шір сақталмаған, құлағында сырғасы болған, сол қолына шір немесе бұтақ ұстап тұрған. Мүсінші мәрмәрда қыздың албыраған жүзін, қиықшалау, баданадай көз жанарын, қиғаш қасы мен сәл езу тарта жымиған ойлы күлкісін таңға- жайып нәзіктікпен жеткізген. Бақырая қараған ашық жанары мен бетінің алмасындағы иірім шұқыры өңіне аңғал пәктік, рухани айқындық береді. Кора бейнесі шынайы шаттығымен, баурап алатын жастық шақ сұлулығымен көз тартады. Мәрмәрдің алтындай жайлы түсі иығына төгілген шашының қызыл күрең реңіне тамаша жарасады. Мүсінге жағылған сыр талғампаз өнерді танытады. Қас-кірпігі қара, көзі мен ерні қоңыр, желбегейінің жиегі жасыл сырмен боялған. Осының бәрі мүсінге мерекедегідей шат-шадыман өң беріп, жайнатып тұр. Иониялық шеберлер жасаған коралар аттикалық мүсіндерден анағұрлым сезімтал, сәндірек сияқты. Соңғы архаика кезеңінен жеткен азғана діни мүсіндердің үлгісі — Италияның оңтүстігіндегі грек отары Таренттен табылған мәрмәр тәңірия. Аса сәнді айшықталған тағында жайғасып отырған оның қарапайым да салтанатты келбеті ежелгі шығыс мүсіндерін еске түсіреді. Тәңірияның оң қолында зерен, сол қолында гүлдер немесе жемістер. Мүсінші кімді бейнелегенін айту қиын: Гера ма, Персефона ма, әлде Афродита ма, белгісіз. Тәңірияның өкшесіне түскен ұзын киімінің әдемі күлтелері белгілі бір ырғақпен қайталанып, төгіліп тұр. Бет әлпетінен айбарлы парасат лебі еседі, ал өң-ажары классикалық өнер асқақ бейнелерінің қай-қайсынан да асып түскен. Грек архаикасы мүсінінде, жалпы алғанда, шарттылықтың көптеген белгілері бар. Шеберлер әлі адам денесінің қимыл- қозғалысын батыл бейнелей алмай, көбінесе таза сәндік тақырыптарға ойыса беретін. Алайда, сұлу, жан- жақты дамыған адамды бейнелеу жолы, б. э. бұрынғы V ғасырда реалистік өнердің гүлденуіне алып келген жол бірте-бірте саралана түсті. Архаикалық дәуірдің монументтік өрнек өнері сақталған жоқ, әйтсе де б. э. бұрынғы VII—VI ғасырларда құмыраларды өрнектеген суреттерге қарап, кескіндеменің даму дәрежесіне ой жүгіртуге болады. Бұлардан полистік құрылыс қалыптасып, қолөнерлік кәсіп пен теңіз саудасы қаулап өскен тұстағы, эллин отаршылдығының күшейген кезеңіндегі құл иеленушілік қоғамның жаңа көркемдік мүдделері айқын көрінеді. Дүние жүзі жаңа қырынан ашылып, оның шекараларының кеңейе түсуі гректерді Ежелгі Шығыс ұлы цивилизацияларының бай мәдениетімен таныстырды. Пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығы, патша сарайларының таңғажайып сән-салтанаты, монументтік мүсіндер мен қабырғалық өрнектердің молдығы — осының бәрі Мысыр мен Алдыңғы Азия елдерін аралаған Ежелгі Эллада көпестері мен теңізшілерін қайран қалдырды. kk.wikipedia.org
22.11.2013 05:02 14500

Шындығында да, ежелгі грек жұртының мүсіншілері әрі сұлу, әрі сымбатгы рухани жан дүниесі бай кейіпкерлерді асқан шеберлікпен бейнелей білген. Сондай ғаламат туындьшардьщ бірі — «Милосск Венерасы». Адамзат баласының сан мың ұрпағын осы уақытқа дейін таң қалдырып, небір асқан ақыл-ой иелерін бас идірген осы бір таңғажайып ескерткіштің авторы — Кіші Азиялық мүсінші Агесандр. 1820 жылы Жерорта теңізінің бір аралынан табылған бұл бейне қазір Парижде, Лувр музейінде сақтаулы. Шебер мүсінші Агесандрдың қолынан шыққан махаббат құдайы Венераның бейнесі өзінің құдіреттілігімен таң қалдырады. Өкінішке орай, сан ғасыр бойы ғұмыр кешкен бұл сұлу мүсін бізге жолдарын жоғалтып жеткен еді. Луврға Венера сұлу келеді дегенді естігенде төсек тартып жатқан ұлы ақын Гейне музейге қол арбамен жетіпті. Осынау сұлулық падишасының бейнесін көрген уақытга адам танымастай шексіз ба-қытқа бөленіп, көкірегі қарс айырыла «Ах, мен неге сол мезет көз жұмысп өліп кетпедім екен» деген екен. Сымбаттылықтың символы болған бұл ұлы мүсін талай ақындар мен дастандардың арқауы болды.

Антикалық сәулет өнерінің шыңы — ежелгі заманның өзінде-ақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфенон сарайы еді. Ал осы таңғажайып ғимараттағы Фидий қолынан шыққан мүсіндер — сұлулықтың шынайы қазынасы, адам рухының ең асқақ талпыныстарының шындық тұрғысынан бейнеленуі. Фидийдің нақақтан жала жабылып, Афиныдан қуылуы оның — кемеңгерлігі мен мәртебесіне ешбір нұқсан келтіре алмады. Басқаны былай қойғанда, Антика керамикасының тұтас бір кезеңі Фидий есімімен аталады.

Грек халқының сәулетшілік өнері мен мүсін өнерінің гүлденген дәуіріне грек сурет өнерінің гүлденуі тұспа-тұс келеді. Сурет өнері саласындағы тамаша жаңалықтар дәл осы кезеңде ашылған. Солардың бірі — ғасырлар арнасында жоғалып, тек екі мың жылдан кейін ғана, яғни Қайта өрлеу кезеңінде ашылған «сәулелі көлеңке» өнері. Ежелгі авторлар бұл «өнерді ең алғашқы игерген» Афины Аполлодоры деп санайды. Ол өз палитрасына көмескілікті бірінші болып енгізгендіктен, «Көлеңкені бейнелеуші» деген атақ алған. V ғасырда сондай-ақ Паррасий мен Тиманфр сияқты суретшілер драмалық көріністерді салып, адам бойындағы терең сезімдерді асқан шеберлікпен бейнелей білген, мұның өзі грек өнерінің жаңа дәуірге көшуін білдірді.

Бұл кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоқтығы биік ақын Гесиод болды. Ол жазған «Теогония»(құдайлардың шығу тегі жөніңде) және автордың өзінің өмір жолына арнаған «Еңбектер мен күндер» атты дастандары — гректердің көңілінен шықты. Әдебиет саласында басты орынға шыққан лирикалық поэзияның өкілдері адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бұл жаңа жанрдың көрнекті өкілдері Архилог (біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың екінші жартысы), Солон (біздің заманымызға дейінгі 635—559 жылдар), Алкеи (біздің заманымызға дейінгі VII ғасыр аяғы мен VI ғасыр бірінші жартысы), Анакреонт (біздің заманымызға дейінгі 570—478 жылдар) және тағы да басқа. Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге — классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.

Мүсін пір тұтқан әміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін мадақтау үшін жасалған. Курос бейнесі бүкіл архаикалық өнерге арқау болып тартылған. Қала тапсырмасы бойынша жасалған мүсін шебердің тек өз басының мұратын ғана емес, қатал да арпалысқа толы өмір жағдайында барлық азаматтарға тән ер жүрек, қайратты адам сұлулығы туралы ұғымын білдіретін. Жалаңаш жігіттерді бейнелеу арқылы шеберлер адам пішінінің пропорциясы жайлы білімін жетілдіріп, дененің бұлшық еттерін зерттеді, қажетті тәсіл-дағдыларды игерді. Б. э. бұрынғы VI ғасырда эллиндік полистерде монументтік пластика кең тарады. Құдайлар мен мифологиялық қаһармандардың қыруар мүсіні қалалар алаңдарында, храмдар мен ғибадатханаларда орнатылды. Жалпыгректік жарыстарда озып шыққан атақты атлеттердің жеңістері мүсінмен атап өтілді. Өлгендердің бейітіне құлпытастар мен бедер бейнелі тақта тас — стелалар қойылды. Храм фронтондары, метопалары мен фриздері сәндік мүсіндермен әшекейленді. Гректердің бәрі құрметтейтін ғибадатханалар тәңірілердің мінәжаттық мүсіндеріне, қалалар мен бай құл иеленушілердің құдайларға алғыс сезімінің белгісі ретінде сыйға берілген мол тарту-таралғыға толы.

Бәдізшілердің ептілік шеберлігі, алуан түрлі материалдарды өңдеу өнерпаздығы арта түсті. Мүсін тастың неше түрінен қашалып, ағаштан жонылып, күйдірілген балшықтан — терракотадан жасалатын. Тас пен терракота мүсіндеріне ашық түсті сыр жағылатын. Б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысында алдымен Самос аралында, ал одан соң Элладаның басқа да қалаларында қоладан құйылған тұңғыш мүсіндер дүниеге келді. Ерте кезде архаика шеберлері мүсінге көбінесе құм қайрақ тасты пайдаланса, VI ғасырдың алғашқы жартысында, одан берірек әрі әсем мәрмәр тасын кеңінен қолданды.

Мүсіншілердің творчестволық мүдделері б. э. бұрынғы VII ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық өнердің екі негізгі бейнесін жасауда — жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оранған, қымтанған әйелді мүсіндеу бағытында тоғысты. Мұның біріншісі, әсіресе, Солтүстік-Пелопоннес пен Киклады аралдары шеберлерінің назарын аударса, екіншісіне б. э. бұрынғы VI ғасырдың ортасына дейін парсылар қол астына қараған тұста өздерінің экономикалық және мәдени дамуында құрлықтағы Грекиядан озып кеткен Аттика мен Ионияның кішіазиялық қалаларының суретшілері көңіл бөлді. Грек мүсін өнерінің түрлі мектептерінің өз арасындағы көптеген айырмашылықтарына қарамастан, ортақ міндеттерді шешуге деген талпынысы архаикалық пластиканың ортақ стилі қалыптасуына жол ашты.

Б. э. бұрынғы VI ғасырда аттика шеберлері өнердің тамаша туындыларын жасады. Осы тұста Афины гүлденуінің шырқау шегіне жетіп, Элладаның аса маңызды қолөнерлік және сауда қалаларының біріне айналды.

Афинының экономикалық және мәдени өрлеуіне б. э. бұрынғы 560 жылы өкіметті басып алып, қаланы отыз жылдан астам уақыт басқарған Писистрат тираниясы едәуір дәрежеде ықпал жасады. Ол кең өрістеткен ірі қоғамдық ғимараттар құрылыстары наразылық көрсеткендердің үнін өшіріп, еркін азаматтардың көбісіне табыс әкелді. Қала тез ұлғайып, Аттика территориясын жолдар торабы айшықтады. Афинының Мысыр және Қара теңіз жағалауы өңірімен берік сауда-саттық байланысы орнады. Писистрат заманынан бастап Афины грек мәдениетінің орталығына айналды. Тиран қалаға аса көрнекті суретшілер мен ақындарды тарта білді. Жыл сайын екі рет, көктем мен күзде халық үшін шарап құдайы Дионистің құрметіне көңілді мереке ұйымдастырылып, театр ойын-сауықтары көрсетілді. Солардан б. э. бұрынғы 543 жылы тұңғыш қойылымы Афиныда көрсетілген театр өнері — грек трагедиясы туды. Писистрат тұсында тәңірия Афинаның жалпы-қалалық мерекесіне айналған Панафиндер салтанаты ұлан-асыр той-думанмен өтетін. Тұңғыш рет Гомер дастандарының текстері жазып алынды. Табиғи әрі сенімді қорған іспетті жақпар жартасты шоқыға, Афины акрополінің шыңына салынып, мүсіндермен әспеттелген храмдар қаланың айбыны мен ажарын құлпырта түсті. Осы діни ғимараттар арасында б. э. бұрынғы VI ғасырдың басына дейін сақталған Афинының аса ежелгі храмы — Гекатомпедон («жүз футтық») ерекше көзге түсетін. Акрополь ортасынан орын алған оның іргетасының қалдығын археологтар осы жерді қазған кезде тапты. Өткен ғасырдың аяғында бұл храмның фронтондық композицияларының жұмсақ құм қайрақ — поростан жасал- ған, сыры тамаша сақталған мүсіндері де табылды.

Бейнелер сюжеттері мифологиядан алынған. Батыс фронтонның сол жағында мүсінші жартылай адам, жартылай балық кескініндегі теңіз құбыжығы,қабыршақты алып Тритонмен шайқасып жатқан Гераклды бейнелеген. Мүсіннің орталық бөлігі құрыған, ал оң жақ жартысын үш адамның кеудесі боп көрінетін, арқасында қанаты бар, бұлғаңдаған жылан құйрықты фантастикалық мақұлық алып жатыр. Бірінші тұлға — қолымен өрт жалынының тілін қысып тұрса, екіншісі — толқыған жемелекті ұстап, ал үшіншісі — алақанына құс қондырып тұр. Бұл грек философтары әлем құрылымының негізгі элементтері деп есептеген үш апаттың нышаны — от, су мен ауа деген жорамал бар. Үш басты жылан ненің бейнесі екені белгісіз. Қазіргі заман ғалымдары мұнан үш басты дәу Герионды, қандай кейіпке де құбылып көше алатын киелі қасиеті бар сиқыршы теңіз қарты Протейді, біресе жер астындағыдүниенің қараңғы қапа- сында туып, аузынан от құсатын сұсты айдаһар Тифонды, біресе, керісінше, мейірімді де қайырымды аттика құдайларын көрмек болады. Соңғы жорамал солардың ішіндегі ең нанымдысы сияқты. Көзін бақырайтып күліп тұратын мифтік мақұлықтардың ғажайып құбылыс-жүздерінен аңғал құмарлық пен ғаламмат шаттық сезіледі. Мүсіндердің шаңқан ашық бояуы осы әсерді күшейте түседі.Бұлшық еттері тырсиған мығым денелерге сарғылт түстен қоңыр қызыл түске дейінгі бүкіл жұмсақ, жайлы реңдермен ке- лісті өң берілген, сақал мен мұрт — қара көк бояумен сырланған, ұзын шаштарының көк түсі кейде қою жасыл түспен ауысады, ал фронтон кеңістігін табиғи толтырып тұрған жылан құйрықтары көк те қызыл реңді. Назарыңды бірден тартар мөлдір көрініспен салтанатты сәнді- ліктің астасып жарасуы жалпы архаикалық өнер шығармаларына тән.

Акропольдегі храм қасында сан алуан мінәжат монументтері — куростардың, салт аттылардың, сфинкстер мен қыздардың бейнелері болған. Солардың ішінде бұзау көтеріп келе жатқан адамның (грекше «Мосхофор») мәрмәр мүсіні — ежелгі аттикалық мүсін өнерінің жақсы үлгісі. Ол б. э. бұрынғы 570 жыл шамасында, Гекатомпедонның поростық мүсіндері жа- салған тұста сомдалған. Тұғырындағы жазудан мүсінді Аттиканың бай тұрғыны Ромб (әлде Комб) сыйлыққа әкелгені аңғарылады. Шебер сыйлық әкелушінің өзін иығына құрбандыққа шалынатын бұзауын көтерген қалпында бейнелеген. Осылардың бәрі тұтас бір топ құрайды. Мосхофордың тұлғасын айқындап тұрған жұқа киімінен қайратты, толысқан, келісті денесі байқалады. Бұзаудың сирағын қысып ұстаған қолының шиыршық атқан бұлшық еті де айқын көрініп тұр. Пластиканы жаныңмен сезіну дәстүрлі шарттылықпен ұштасады. Шашы мен сақалы ою-өрнекті кестені еске түсіреді. Әр жерінде сақталған сыр-бояу рең шешімінің батылдығын аңғартады: бұзау көк,Мосхофордың көзі қызыл, сақалы жасыл. Көп ғасырлар өткен соң қадым заманғы

Мосхофордың тұлғасы ертехристиандық өнерге Христің нышандық бейнесі — иы- ғына қозы көтерген бақташы жігіт, «ізгілік пірі» болып енді. Кемел кезеңіне жеткен архаикалық өнердің таңдаулы туындыларына б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндер жатады. Б. э. бұрынғы 520 жыл шамасында афинылық шебер жасаған мәрмәр курос осындай. Бұл туған қаласын қорғау жолындағы шайқаста қаза тапқан жауынгерлердің басына қойылған құлпытас еді. Мүсін тұғырындағы өткіншіге арналған: «Тоқта да, құдіретті Арес шайқас- тағы жауынгерлердің алдыңғы сапынан жұлып алған марқұм Кройсостың қабірі қасында қайғыр»,— деген жазу сол туралы сыр шертеді.

Бұл куростың кескіні архаикалық мүсіннің дәстүрлі типін қайталайды, әйтсе де дене пропорциясы олардан анағұрлым дұрыстығы, нақтылығы, дәлдігімен көзге түседі. Байсалды пішіннің сымбатты сүлдесі батыл қолмен келісті көмкерілген, жігіттің шашы мойнына бұйралана әсем төгіліп тұр. Мәрмәрдың әдемі пішім үлгісі мүсінге қайран қаларлық өмір тынысын берген. Дененің бұлшық еттерін, толысқан кеудені, қол мен мығым аяқтың шымыр бұлшық еттерін жарасты жеткізе алған шебердің байқампаздығы бірден аңғарылады.

Жігіттің бүкіл кескін-келбетінен сенімді де айбынды қайрат сезіледі. Оның осы кейпі белгілі біреудің дәлме-дәл портреті емес. Бұл — қорытылған типтік бейне. Өң-жүзінің батыл, байсалды әлпеті іштей сабырлылықтың, ақылмен өз бойын еркін билей алатын ұстамдылықтың белгісі. Мұның өзі б. э. бұрынғы сонау VII ғасырда ақын Архилох айтқан: «Табысқа жөнімен қуанып, қайғыда жөнімен күйіне біл» ,— деген Ежелгі Грекияның тәрбиелік мұратымен үндес еді.

Жауынгердің ерлігі мен азаматтың қаһармандығы мүсінші жасаған көркем бейнеде жарқын жарасымын тауып тұр.

Этикалық және эстетикалық мұраттың ұштасуы грек халқының сұлулық туралы ұғымының өзіндік ерекшелігін айқындайды. Осы мұраттың нышаны куростың жоғалған мәрмәр мүсінінің жұрнағы деп есептелетін (б. э. бұрынғы 490—480 жж.) жігіттің тамаша бас бейнесінен көрінеді. Сопақтау келген бет әлпеті көрікті келісіп, сәнді таралған шашы ай маңдайына түскен. Жүректі жігіттің келбетін қаз-қалпында жеткізген ақ мәрмәрдің бетінде жарық пен көлеңке шағылысып ойнайды. Асқақ сұлулыққа құштарлық, әсіресе, мүсіншінің бет әлпетті бейнелеуде белгілі бір норманы сақтайтындығынан жете сезіледі. Бет тепе-тең дерлік үш құрамнан тұрады:маңдай, мұрын және мұрын мен иектің арасы да өзара тең. Жазық маңдай қырлы мұрынмен жалғасады, қиылған қиғаш қас, таңғажайып сұлу ерін жиектерін мүсіндеуде асқан бір шеберлік өресі көрінген. Балғын жігіттің бүкіл кескін-келбетінен өз күшіне кәміл сенетін парасатты асқақ тұлғаның лебі еседі, айналаны оймен шола қарауынан іштей бір сабырлылығы мен ұстамдылығы айқын аңғарылады — гректер еркін азамат мінезінен осы қасиеттерді биік бағалаған. Монументтік мүсінге ерекше тән ер жүрек атлет-сарбаз типі б. э. бұрынғы VI ғасырдың бедерлі бейнелерінде жиі кездеседі. Б. э. бұрынғы 510 жыл шамасында афинылық шебер Аристокл Аристионның бейнесі салынған мәрмәр құлпытас жасады. Оның кеудесіндегі қалың былғары сауытының астынан хитоны көрінеді, басында дулыға, аяғын- да қола саптама сауыт. Сарбаз найзаға сүйеніп тұр, ол бар тұлғасымен ұзынша тақта тасқа келісті ойылған. Шебер Аристионның бет әлпетін, қолының саусақтары мен аяғының башпайларын, бұлшық ет- терін айқындап тұрған хитонының нәзік күлтелерін таңғажайып өнерпаздықпен сомдаған. Шынайы өміршең көріністерді берудегі айрықша бір сүйіспеншілік бейнеге тұтастық дарытып тұр. Бедер сырланған. Сарбаздың сәнді шашында, сақалы мен қару-жарағында қызғылт сырдың ізі сақталған.

Писистрат пен оның балаларының тираниясы заманында афинылық құл иеленушілердің нәзік эстетикалық талаптарына гректер кора деп атаған қыздардың тамаша мәрмәр мүсіндері жауап берді. Афины абызтайларын бейнелейтін олар Акропольдегі тәңірия храмында тұрды. Мұндай мүсіндердің бірнеше ондағаны табылды. Олардың көбісі б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысына, Аттикада иониялық шеберлер жұмыс істеген кезге жатады. Бізге аты беймәлім талантты аттикалық бәдізшінің қолынан шыққан кораның мүсіні әмбеге аян. Ол б. э. бұрынғы 530 жыл шамасында парос мәрмәрінен қашалған, Шебер жүн матадан ұзын пеплос (лыпа) киіп, белін қынай буған қыздың қимыл- сыз қалпындағы кескінін бейнелеген. Оның иығында қалыңдау материалдан тігілген желбегей, лыпасының астынан нәзік сызықтармен тартылған кенеп хитоны байқалады. Хитонның төмен қарай төгілген етегі қыздың сұңғақ пішінін айқындай түседі. Қыз басына сән берген қола шір сақталмаған, құлағында сырғасы болған, сол қолына шір немесе бұтақ ұстап тұрған. Мүсінші мәрмәрда қыздың албыраған жүзін, қиықшалау, баданадай көз жанарын, қиғаш қасы мен сәл езу тарта жымиған ойлы күлкісін таңға- жайып нәзіктікпен жеткізген. Бақырая қараған ашық жанары мен бетінің алмасындағы иірім шұқыры өңіне аңғал пәктік, рухани айқындық береді. Кора бейнесі шынайы шаттығымен, баурап алатын жастық шақ сұлулығымен көз тартады. Мәрмәрдің алтындай жайлы түсі иығына төгілген шашының қызыл күрең реңіне тамаша жарасады. Мүсінге жағылған сыр талғампаз өнерді танытады. Қас-кірпігі қара, көзі мен ерні қоңыр, желбегейінің жиегі жасыл сырмен боялған. Осының бәрі мүсінге мерекедегідей шат-шадыман өң беріп, жайнатып тұр. Иониялық шеберлер жасаған коралар аттикалық мүсіндерден анағұрлым сезімтал, сәндірек сияқты. Соңғы архаика кезеңінен жеткен азғана діни мүсіндердің үлгісі — Италияның оңтүстігіндегі грек отары Таренттен табылған мәрмәр тәңірия. Аса сәнді айшықталған тағында жайғасып отырған оның қарапайым да салтанатты келбеті ежелгі шығыс мүсіндерін еске түсіреді. Тәңірияның оң қолында зерен, сол қолында гүлдер немесе жемістер. Мүсінші кімді бейнелегенін айту қиын: Гера ма, Персефона ма, әлде Афродита ма, белгісіз. Тәңірияның өкшесіне түскен ұзын киімінің әдемі күлтелері белгілі бір ырғақпен қайталанып, төгіліп тұр. Бет әлпетінен айбарлы парасат лебі еседі, ал өң-ажары классикалық өнер асқақ бейнелерінің қай-қайсынан да асып түскен. Грек архаикасы мүсінінде, жалпы алғанда, шарттылықтың көптеген белгілері бар. Шеберлер әлі адам денесінің қимыл- қозғалысын батыл бейнелей алмай, көбінесе таза сәндік тақырыптарға ойыса беретін. Алайда, сұлу, жан- жақты дамыған адамды бейнелеу жолы, б. э. бұрынғы V ғасырда реалистік өнердің гүлденуіне алып келген жол бірте-бірте саралана түсті. Архаикалық дәуірдің монументтік өрнек өнері сақталған жоқ, әйтсе де б. э. бұрынғы VII—VI ғасырларда құмыраларды өрнектеген суреттерге қарап, кескіндеменің даму дәрежесіне ой жүгіртуге болады. Бұлардан полистік құрылыс қалыптасып, қолөнерлік кәсіп пен теңіз саудасы қаулап өскен тұстағы, эллин отаршылдығының күшейген кезеңіндегі құл иеленушілік қоғамның жаңа көркемдік мүдделері айқын көрінеді. Дүние жүзі жаңа қырынан ашылып, оның шекараларының кеңейе түсуі гректерді Ежелгі Шығыс ұлы цивилизацияларының бай мәдениетімен таныстырды. Пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығы, патша сарайларының таңғажайып сән-салтанаты, монументтік мүсіндер мен қабырғалық өрнектердің молдығы — осының бәрі Мысыр мен Алдыңғы

Азия елдерін аралаған Ежелгі Эллада көпестері мен теңізшілерін қайран қалдырды.

kk.wikipedia.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға