Жаңалықтар

Гомер

Гомер – ежелгі грек халқының аты аңызға айналған эпик ақыны. Алайда Гомер туралы нақты деректер жоқ. Оның өмір сүрген уақытын шамамен б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлардың арасы деп көрсетсе, Отаны ретінде 7 қала аталады. Олар: Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос, Аргос, Афины қалалары. «Гомер» сөзінің өзі бірнеше мағынада түсіндіріледі («соқыр», «тұтқын», «пайғамбар», «ақын» т.б.). Гомер өміріне байланысты ежелгі тарихшы Геродот, Плутархтың т.б. зерттеулері бір-біріне қарама-қарсы. Мифке сүйенсек, Гомердің ата-бабалары әншілер Мусей мен Орфей; әкесі – Аполлон құдай (кейде өзен құдайы Мелет), ал шешесі Каллиопа деп айтылады. Гомерді өлең шығарарда музалар шабыттандырып отырған. Гомер бүкіл Грекияны, Кіші Азия жағалауларын аралап жүріп өлең шығарған, поэтикалық жарыстарға қатысқан соқыр ақын болған деген де болжам бар. «Одиссея» поэмасында бейнеленетін туғаннан соқыр аэд Демодокты Гомердің өз бейнесі болуы да мүмкін деген де болжамдар бар. Павсанийдің айтуынша, Гомер Хиос аралында дүние салған. Бұл шындыққа жанасымды пікірлердің біріне жатады. Себебі, бұл аралда өздерін «Гомердің ұрпақтарымыз» деп есептейтін «гомеридтер» деп аталатын ру өмір сүрген. Олардың көпшілігі әнші болып келеді. Гомерлік диалект көнегрек тілінің ионийлық және эолийлық диалектілерінің қосындысы болғандықтан, Гомердің қай тайпаға жататындығы жайлы да нақты деректер жоқ. Грек мифологиясына сүйенсек, Эллиннің (ежелгі гректер өздерін – эллин деп атап, отанын – Эллада дейтін болған) Дор, Эол және Ксуф атты үш ұлы; Ксуфтың Ион есімді баласы болған. Осыдан келіп, тайпалар мен диалектілер – дорийлық, эолийлық және ионийлық болып үшке бөлінген делінеді. Кішіазиялық жағалаудың солтүстігінде эолийлықтар, орталығында ионийлықтар, ал оңтүстігінде дорийлықтар орналасқан. [2] Грек халқының жыршы-аэдтерінің бірегейі Гомер қаламынан туындап, әлем халқына танылған туындылары: «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары. Бұлар – ежелгі грек халқының батырлық жорықтарын суреттейтін көркем шығармалар. Аталған поэмаларының шыққан дәуірі, қандай жағдайда дүниеге келгені жөнінде мәліметтер сақталмағандықтан, оларға қатысты әлі де анықталмаған, шешілмеген күрделі мәселелер көп. Ғылымда бұл «Гомер мәселесі» деп қарастырылады. [3] «Гомер мәселесі» эллиндік дәуірде туды. Б.з.б. ІІІ ғасырда грек ғалымдары Гомер поэмаларының түпнұсқасын көптеген қолжазба материалдар негізінде қалпына келтіруге тырысты. Сонда ғалымдар поэмалардың айырмашылықтарын байқайды. Кейбір александриялық мектептің филологтары мәтіндік талдауларға сүйене отырып, тіпті «Илиада» мен «Одиссея» екі түрлі автордың шығармасы деген қорытындыға келді. Бірақ, олардың жорамалы қолдау таппайды. Көптеген зерттеушілер «Илиада» поэмасы ақынның жас күнінде жазылған; оның негізгі тақырыбы – әрекет пен күрес, батырлардың көзсіз ерлігі; автор батырлардың жойқын соғыстағы асқан қаһармандығын шабыттана жырлаған; ал «Одиссея» ақынның қартайып, шау тартқан шағында жазылған дүниесі болғандықтан, мұнда Одиссей батырдың басынан кешкен қиындықтарын баяндаумен ғана шектелген деген қарсы пікір айтады. Антика заманының ойшылдары Гомерді пір тұтқанымен, оның кемшілігін жиі, ашық айтып отырған. Ақын, философ Ксенофон Колофонский (б.з.б. VІ ғ.) Гомер шығармаларына көп сын айтса, Платон оны тірі болса мемлекеттен қуып шығуға дайын екенін жасырмайды. Оның ойынша, Гомер поэмалары жастарды бұзады, олардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Гомердің ең қатал сыншысы Зоил болды (б.з.б. ІV ғасыр), кейін оның аты жалпыланып, «Зоил» сөзі «аяусыз, кешірімсіз, зұлым сыншы» деген мағынада қолданылды. Гомерді кемсітіп, оның еңбектеріне күлгені үшін жырдың табынушылары Зоилды жардан лақтырып жібереді. Софист, философ Дион Хорцостың (б.з.б. І-ІІ ғғ.) пайымдауынша, Гомер поэмаларының негізі дұрыс қаланбаған, себебі Троя соғысы гректердің атақ-даңқсыз, көп азап шегіп Отанына құр қол қайтуымен аяқталады. «Гомер мәселесімен» Аристотель, Метродор Лампсаксий (б.з.б. Vғ.), александриялық филолог Зенодот (б.з.б. ІІІ ғ.), Аристарх Самофракийский (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) және Аристархтар да айналысқан. Антика дәуірінде бұл шығармаларға жазылған көптеген түсіндірмелер мен комментарийлер сақталған, ол – схолия деп аталды. kk.wikipedia.org
21.11.2013 12:20 28003

Гомер – ежелгі грек халқының аты аңызға айналған эпик ақыны. Алайда Гомер туралы нақты деректер жоқ. Оның өмір сүрген уақытын шамамен б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлардың арасы деп көрсетсе, Отаны ретінде 7 қала аталады. Олар: Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос, Аргос, Афины қалалары. «Гомер» сөзінің өзі бірнеше мағынада түсіндіріледі («соқыр», «тұтқын», «пайғамбар», «ақын» т.б.). Гомер өміріне байланысты ежелгі тарихшы Геродот, Плутархтың т.б. зерттеулері бір-біріне қарама-қарсы. Мифке сүйенсек, Гомердің ата-бабалары әншілер Мусей мен Орфей; әкесі – Аполлон құдай (кейде өзен құдайы Мелет), ал шешесі Каллиопа деп айтылады. Гомерді өлең шығарарда музалар шабыттандырып отырған. Гомер бүкіл Грекияны, Кіші Азия жағалауларын аралап жүріп өлең шығарған, поэтикалық жарыстарға қатысқан соқыр ақын болған деген де болжам бар. «Одиссея» поэмасында бейнеленетін туғаннан соқыр аэд Демодокты Гомердің өз бейнесі болуы да мүмкін деген де болжамдар бар. Павсанийдің айтуынша, Гомер Хиос аралында дүние салған. Бұл шындыққа жанасымды пікірлердің біріне жатады. Себебі, бұл аралда өздерін «Гомердің ұрпақтарымыз» деп есептейтін «гомеридтер» деп аталатын ру өмір сүрген. Олардың көпшілігі әнші болып келеді. Гомерлік диалект көнегрек тілінің ионийлық және эолийлық диалектілерінің қосындысы болғандықтан, Гомердің қай тайпаға жататындығы жайлы да нақты деректер жоқ. Грек мифологиясына сүйенсек, Эллиннің (ежелгі гректер өздерін – эллин деп атап, отанын – Эллада дейтін болған) Дор, Эол және Ксуф атты үш ұлы; Ксуфтың Ион есімді баласы болған. Осыдан келіп, тайпалар мен диалектілер – дорийлық, эолийлық және ионийлық болып үшке бөлінген делінеді. Кішіазиялық жағалаудың солтүстігінде эолийлықтар, орталығында ионийлықтар, ал оңтүстігінде дорийлықтар орналасқан. [2] Грек халқының жыршы-аэдтерінің бірегейі Гомер қаламынан туындап, әлем халқына танылған туындылары: «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары. Бұлар – ежелгі грек халқының батырлық жорықтарын суреттейтін көркем шығармалар. Аталған поэмаларының шыққан дәуірі, қандай жағдайда дүниеге келгені жөнінде мәліметтер сақталмағандықтан, оларға қатысты әлі де анықталмаған, шешілмеген күрделі мәселелер көп. Ғылымда бұл «Гомер мәселесі» деп қарастырылады. [3] «Гомер мәселесі» эллиндік дәуірде туды. Б.з.б. ІІІ ғасырда грек ғалымдары Гомер поэмаларының түпнұсқасын көптеген қолжазба материалдар негізінде қалпына келтіруге тырысты. Сонда ғалымдар поэмалардың айырмашылықтарын байқайды. Кейбір александриялық мектептің филологтары мәтіндік талдауларға сүйене отырып, тіпті «Илиада» мен «Одиссея» екі түрлі автордың шығармасы деген қорытындыға келді. Бірақ, олардың жорамалы қолдау таппайды. Көптеген зерттеушілер «Илиада» поэмасы ақынның жас күнінде жазылған; оның негізгі тақырыбы – әрекет пен күрес, батырлардың көзсіз ерлігі; автор батырлардың жойқын соғыстағы асқан қаһармандығын шабыттана жырлаған; ал «Одиссея» ақынның қартайып, шау тартқан шағында жазылған дүниесі болғандықтан, мұнда Одиссей батырдың басынан кешкен қиындықтарын баяндаумен ғана шектелген деген қарсы пікір айтады. Антика заманының ойшылдары Гомерді пір тұтқанымен, оның кемшілігін жиі, ашық айтып отырған. Ақын, философ Ксенофон Колофонский (б.з.б. VІ ғ.) Гомер шығармаларына көп сын айтса, Платон оны тірі болса мемлекеттен қуып шығуға дайын екенін жасырмайды. Оның ойынша, Гомер поэмалары жастарды бұзады, олардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Гомердің ең қатал сыншысы Зоил болды (б.з.б. ІV ғасыр), кейін оның аты жалпыланып, «Зоил» сөзі «аяусыз, кешірімсіз, зұлым сыншы» деген мағынада қолданылды. Гомерді кемсітіп, оның еңбектеріне күлгені үшін жырдың табынушылары Зоилды жардан лақтырып жібереді. Софист, философ Дион Хорцостың (б.з.б. І-ІІ ғғ.) пайымдауынша, Гомер поэмаларының негізі дұрыс қаланбаған, себебі Троя соғысы гректердің атақ-даңқсыз, көп азап шегіп Отанына құр қол қайтуымен аяқталады. «Гомер мәселесімен» Аристотель, Метродор Лампсаксий (б.з.б. Vғ.), александриялық филолог Зенодот (б.з.б. ІІІ ғ.), Аристарх Самофракийский (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) және Аристархтар да айналысқан. Антика дәуірінде бұл шығармаларға жазылған көптеген түсіндірмелер мен комментарийлер сақталған, ол – схолия деп аталды.

kk.wikipedia.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға