Жаңалықтар

Әулие Атабек туралы аңыз. Балқаш көлі туралы аңыз

Әулие Атабек туралы аңыз Балқаш қаласының оңтүстік шығысында 60 шақырым жерде Әулиетау деп аталатын тау бар, жергілікті халық оны Бектауата деп атайды. Халық аңызы бойынша: Қасиетті Атабек өткен ғасырларда өмір сүріпті. Ол бірде шапқыншылық кезінде жаудан қашып келіп, осындағы ең үлкен үңгірге тығылады. Сол кезде Алланың әмірімен үңгір ішінде су қайнары пайда болыпты. Таудың 80 метр биіктігі үңгірінде тығылып жатқан Атабекті шапқыншылар таба алмапты. Содан бұл жерді Әулие деп атайды. Әулиетау деп аталуы – тауға сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек. Әулиенің басына келіп, тәуіп етіп, түнейтіндер көп. Оның суы көптеген ауруларға ем. Келгендер ақтық байлайды, басына мал шалады. Шипалы суынан ішеді. Әсіресе, бала көтермеген әйелдер жиі келіп түнейді. Бектауата "қасиетті", "әулие", "киелі Бектау" деген мәнді аңғартады. Балқаш көлі туралы аңыз Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел ауызына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты. Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып, қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады. Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп, өзіде сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады. Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді. Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайға жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен екен. saryarka.karlib.kz
21.11.2013 11:09 9286

Әулие Атабек туралы аңыз
Балқаш қаласының оңтүстік шығысында 60 шақырым жерде Әулиетау деп аталатын тау бар, жергілікті халық оны Бектауата деп атайды. Халық аңызы бойынша: Қасиетті Атабек өткен ғасырларда өмір сүріпті. Ол бірде шапқыншылық кезінде жаудан қашып келіп, осындағы ең үлкен үңгірге тығылады. Сол кезде Алланың әмірімен үңгір ішінде су қайнары пайда болыпты. Таудың 80 метр биіктігі үңгірінде тығылып жатқан Атабекті шапқыншылар таба алмапты. Содан бұл жерді Әулие деп атайды. Әулиетау деп аталуы – тауға сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек.
Әулиенің басына келіп, тәуіп етіп, түнейтіндер көп. Оның суы көптеген ауруларға ем. Келгендер ақтық байлайды, басына мал шалады. Шипалы суынан ішеді. Әсіресе, бала көтермеген әйелдер жиі келіп түнейді. Бектауата "қасиетті", "әулие", "киелі Бектау" деген мәнді аңғартады.

Балқаш көлі туралы аңыз

Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел ауызына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты.
Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып, қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады. Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп, өзіде сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады. Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді.
Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайға жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен екен.

saryarka.karlib.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға