Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеттері
«Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады, – дейді Миша ағай. – Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір төрт бүтін бес есе, В және В12 витаминдері алты есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Сондай-ақ бөдене еті мен жұмыртқалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендететін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің төрт-бес жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты артады.
Бөдененің қалыпты дене қызуы қырық екі градус болғандықтан, оның сальмонелез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пайдалы. Жапония мен Қытайда бірнеше ғасырдан бері оның еті мен жұмыртқасын халық медицинасында пайдаланып келеді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасы міндетті түрде енгізіледі екен. Бұл балаларды бөртпе мен диатезден құтқарады. Сондай-ақ баланың ойлау қабілетін арттырады.
Жалпы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, салқын тиген мен тұмауға, асқазан, ішек ауруларына, әсіресе асқазан жарасы мен гастритке таптырмас ем. Тіпті жапондықтар бөдене жұмыртқасын тұрақты тұтынған науқастың қатерлі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрінеді. Ал біздің Қостанайдағы таныстарымыздың жеті-сегіз жасар қызы әр үш-төрт минут сайын зәр қыштайтынын айтып, қайта-қайта әжетханаға баратын. Сол қызға біз 100 жұмыртқа салып жібердік. Кейіннен тағы да бөдене жұмыртқасын алып ішіп, сол қыз бұл күндері әлгі кеселінен мүлдем айығыпты. Қант диабетімен ауыратын екі кісі біздің үйден тұрақты түрде бөдене жұмыртқаларын сатып алады. Олардың екеуі де жұмыртқаларды қолданып жүрсе, өздерін жақсы сезінетіндіктерін, ал жұмыртқаны ішпей қойса болғаны қан қысымдары көтеріліп кететінін айтып, үзбей жұмыртқа алып отырады».
izdegentabady.wordpress.com