БƏЙІМБЕТ АТАМЫЗДЫҢ ҚОРЫН ЖАСАУ ТУРАЛЫ
Екі нəрсеге көңіл бөліп, қатты қадырлеу керек: біріншісі – аруақ, екіншісі – ұрпағы.
Аруақ кешегі өткен тарихымыз, тағдырымыз. Ұрпақ – біздің кейінгі өмірді алғастыратын
болашағымыз.
Нартəуекел, Бəйімбет бабамыздың ұрпақтары баршылық жəне аталарымыздан келе
жатқан əдет-ғұрып, салт-дəстүр, мұсылманшылықты жалғастыруда. Келесі өсіп келе жатқан ұрпақтардың міндеті барды жоғалтпай, сапа жағынан толықтыру, атамыздың мұраларын зерттеу жəне бір-біріне туысқандық көмек беру деп ойлаймын.
Осы дерек-дəйектемелердің соңына шам алып түсер бір зерделі зерттеуші табылып,
кесененің тізімінде атамыздың есімі орын алады деген үміттеміз. Бұл – біздің Бəйімбет
бабамыздың аруағы алдындағы азаматтық борышымыз. Ал зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне мақалалар, кітəптар жазу үшін біраз қаражат керек.
Батыр аталарымыздың өмір тарихы арқылы елдің кешегісін білеміз. Көрген бейнеттері, шеккен азаптары, тартқан таукыметтері босқа кетпей ұрпақтарын аман алып келді. Тұқымдарын тектілікке тəрбиелеп, бауырмалдыққа баулып, имандылықа үйретіп, қазақи салт-дəстүрлерін, қонақжайлығын сақтады. Осыны білу кейінгі ұрпаққа парыз жəне үлгі-өнеге.
Қазақта мақал бар: «Құс ұясында не көрсе, ұшқанда соны істейді» деген. Бəйімбет
бабамыздан қаншама ұрпақ тарады, жан-жақта тарыдай шашылып өздерінше өмір сүріп жатыр жəне көбі өз тегін, тілін білмейді де. Сондықтан да осыны орнына келтіру үшін жəне қаржылық мəселені шешу үшін қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін құру керек. Бұл БƏЙІМБЕТ батырдың ұрпақтарының ерікті одағы, қоры болады
Мұндағы мақсат:
1. Бəйімбет атамыздың мұрасын зерттеу, кітəптəр шығару.
2. Бəйімбет атамызды Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгендігін
дəлелдеу.
3. Бəйімбет шежіресін жазып ұрпақтарына тарату.
4. Бəйімбет атамызға жəне батыр балаларына арнайы ас беріп дұға жасау.
Біз қанша таудай талап етсек те бұрынғы «жаманымызды» біліп алмай, жөндеп
тексермей, жаңа жақсыны жасай алмаймыз. Қанша айтсақ та, жазсақ та жақсының түбі сол өткен «жаманда» жатыр.
Жоғарыдағы айтылған жұмыстарды орындау үшін біраз қаражат керек. Сондықтан 2009 жылы июльдің 18-де Назыбай ауданындағы орталық мешітте, Найман- Бірман ұрпақтарына арналған дұғада, осы қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін жасау мəселесі ақсақалдармен ауылдастар алдына қойылып, өзінің қолдауын тапты. Тез арада Бірлестіктің құжаттарын дайындап, əділет басқармасынан тіркеуден өткізіп, банк мекемесінде шот ашу керек.
Бірлестіктің қаражаты мүшелік жəне қайырымдылық жарналардан құралады.
Осы жұмысты қолға алып, қоғамдық «БƏЙІМБЕТ» бірлестігін тіркеу жұмыстарын
жəне атамыз туралы деректерді жинауды ұйымдастырып жатқан Алматыдағы Ғалымжан Жұсыпұлы Сатыбалды молланың немересі. Бірлестіктің есеп-шоты ашылғаннан кейін, əр Бəйімбеттің ұрпағы осы жұмысқа ат салысып, ақшалай көмек беру керек, елден естіген, табылған деректер болса жеткізу керек. Омбының, Ақмола, Көкшетау архивтерінен деректер іздеп, көмектесу керек. Осы мақаланы оқыған оқырмандардан жəне Төбеттен туған: Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен ұрпақтарынан сұрайтыным егерки Бəйімбет батыр туралы білетін деректеріңіз болса хабарласуыңызды сұраймын мына адреске: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы, Сейтенов көшесі, 5 үй.
Найманов Ғалымжан Жұсыпұлына, тел. 8-72771-55244, сот. 8-701 765 89 72.