Жаңалықтар

Орыс көршінің уәжі

         Әсіресе бұл орайда, әңгімемізге арқау етіп отырған ресейлік «Молодая гвардия» басылымындағы сонау 2003 жылғы пайымдаулар өзіне еріксіз көңіл аудартады. Яғни, олар күдіктерін сол қыркүйектегі күмәнді жағдаяттардан кейін айта бастаған: «Неміс барлау қызметінің үш бағытына бірдей, 1969 жылдан 1994 жылға дейін басшылық еткен фон Бюловтың пікірі бойынша, 11 қыркүйектегі шабуылдарды американдық қоғамдық пікірді арабтарға қарсы қою үшін израильдың арнаулы қызметі «Моссад» жүзеге асырған. Өзінің сараптамалық пікірін фон Бюлов төмендегі жағдаяттармен беркітеді. Шабуылдарға байланысты АҚШ-та көптеген жас израильдықтар тұтқынған алынған, бірнеше израиль компаниялары оның болатынын алдын ала білген. Себебі үлесінің  көп бөлігі Израиль мемлекетінің меншігіне жататын «ZIM» израильдық көлік компаниясы қыркүйек айының басында Лэрри Сильверстейнге тиесілі жалдағаны үшін төлейтін 50000 долларды жоғалта отырып, кенеттен солтүстік мұнарадағы өзінің кеңселерін көшіріп әкеткен» (Молодая гвардия» журналы, 2003 жыл, №3-4, 159 бет, Кристофер Боллин (АҚШ) «Мұнараларды кім және не үшін жарды?»). Заңды сұрақтар туады: жас израильдықтар не үшін тұтқындалды және аталған компания кеңселерін алдын ала неге көшірген? Демек, мұның түбінде бір шикілік бар... «Молодая гвардия» 2005 жылы бұл тақырыпқа қайта оралады. Осы жылғы журналдың №10 санында Н.Кузьминнің «Қайта құрудың қара қызғалдақтары» атты мақаласы жарық көрген. Онда былай делінеді: «Мейлінше күрделі қос үдерімнің өзара ұштаспауындағы бірінші «қиғаш кетушілік» мынадан көрінген-ді:11 қыркүйек күні американдық екі мұнара ұшақтар соғылған сәтте-ақ опырылып түсуі тиіс болатын, алайда олардың күйреуі тым ұзаққа созылды (әсіресе, екіншісі 104 минутқа, яғни екі сағатқа жуық уақыт  бойы құламай, «тұрып алды»). Сыртқы соққылар мен ішкі жарылыс бір-бірімен сәйкес келмей қалды. Мұндай жағдайға көңіл аудармау мүмкін емес. (6 бет). «Қызығы сол, мұнараның үйінділері үш ай бойы жанып жатты (отты тек 19 желтоқсан күні ғана сөндіруге мүмкіндік болды). Жану кезіндегі жалынның қызуы үш мың градусқа ( жанартаудан да жоғары) жетті. Апат болған жерде қаза тапқандардың сүйегі неге болған жоқ? Олар сонда...буланып кеткен бе?! Қауіпсіздік қызметі (АҚШ-та ондайлардың саны біреу не екеу емес,  26-ға жетіп отыр) неге аспанға бірде-бір қағып түсіруші-ұшақты көтермеген?». Шынында да осы сұрақтарға әлі күнге дейін АҚШ-тың ресми орындары жауап бермей, үнсіздік танытып келеді.... Енді мынадай бір қызықты жағдаят. Американдық насихат сол жылдары ұшқыш арабтардың ұшақтарды қару қолданып басып алып, қалай қос мұнараны және Пентагонды «жарғаны» туралы майын тамызып тұрып әңгімеледі. Оған жер бетіндегі миллиондаған ашықауыздар мен қарапайым адамдар сеніп те қалды. Ал іс жүзінде ше?! «Ұшу мектептерінің (яғни, АҚШ-та сол арабтар оқыған) бірінің оқытушысының жасаған мәлімдемесі тыңдаушының есін тандырғандай болып естілді: иә, арабтардың оқығаны рас, бірақ олар тек қарапайым чех авиеткаларын меңгеруге ғана үйретілген. Басып алынған  «Боингтердің» ұшу бағытын меңгеріп, тіпті керек десеңіз, БСО-ның мұнараларына апарып соқтыру үшін дайындықтың мүлдем өзге деңгейіне үйретілген ұшқыш болуы тиіс. Арабтардың олай істеуі мүмкін емес, өйткені үйретілу деңгейі мүлдем бөлек!» (8 бет). Бұған не дер едіңіз, құрметті оқырман!... Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
21.11.2013 09:43 2874

         Әсіресе бұл орайда, әңгімемізге арқау етіп отырған ресейлік «Молодая гвардия» басылымындағы сонау 2003 жылғы пайымдаулар өзіне еріксіз көңіл аудартады. Яғни, олар күдіктерін сол қыркүйектегі күмәнді жағдаяттардан кейін айта бастаған: «Неміс барлау қызметінің үш бағытына бірдей, 1969 жылдан 1994 жылға дейін басшылық еткен фон Бюловтың пікірі бойынша, 11 қыркүйектегі шабуылдарды американдық қоғамдық пікірді арабтарға қарсы қою үшін израильдың арнаулы қызметі «Моссад» жүзеге асырған. Өзінің сараптамалық пікірін фон Бюлов төмендегі жағдаяттармен беркітеді. Шабуылдарға байланысты АҚШ-та көптеген жас израильдықтар тұтқынған алынған, бірнеше израиль компаниялары оның болатынын алдын ала білген. Себебі үлесінің  көп бөлігі Израиль мемлекетінің меншігіне жататын «ZIM» израильдық көлік компаниясы қыркүйек айының басында Лэрри Сильверстейнге тиесілі жалдағаны үшін төлейтін 50000 долларды жоғалта отырып, кенеттен солтүстік мұнарадағы өзінің кеңселерін көшіріп әкеткен» (Молодая гвардия» журналы, 2003 жыл, №3-4, 159 бет, Кристофер Боллин (АҚШ) «Мұнараларды кім және не үшін жарды?»). Заңды сұрақтар туады: жас израильдықтар не үшін тұтқындалды және аталған компания кеңселерін алдын ала неге көшірген? Демек, мұның түбінде бір шикілік бар...

«Молодая гвардия» 2005 жылы бұл тақырыпқа қайта оралады. Осы жылғы журналдың №10 санында Н.Кузьминнің «Қайта құрудың қара қызғалдақтары» атты мақаласы жарық көрген. Онда былай делінеді: «Мейлінше күрделі қос үдерімнің өзара ұштаспауындағы бірінші «қиғаш кетушілік» мынадан көрінген-ді:11 қыркүйек күні американдық екі мұнара ұшақтар соғылған сәтте-ақ опырылып түсуі тиіс болатын, алайда олардың күйреуі тым ұзаққа созылды (әсіресе, екіншісі 104 минутқа, яғни екі сағатқа жуық уақыт  бойы құламай, «тұрып алды»). Сыртқы соққылар мен ішкі жарылыс бір-бірімен сәйкес келмей қалды. Мұндай жағдайға көңіл аудармау мүмкін емес. (6 бет). «Қызығы сол, мұнараның үйінділері үш ай бойы жанып жатты (отты тек 19 желтоқсан күні ғана сөндіруге мүмкіндік болды). Жану кезіндегі жалынның қызуы үш мың градусқа ( жанартаудан да жоғары) жетті. Апат болған жерде қаза тапқандардың сүйегі неге болған жоқ? Олар сонда...буланып кеткен бе?! Қауіпсіздік қызметі (АҚШ-та ондайлардың саны біреу не екеу емес,  26-ға жетіп отыр) неге аспанға бірде-бір қағып түсіруші-ұшақты көтермеген?». Шынында да осы сұрақтарға әлі күнге дейін АҚШ-тың ресми орындары жауап бермей, үнсіздік танытып келеді....

Енді мынадай бір қызықты жағдаят. Американдық насихат сол жылдары ұшқыш арабтардың ұшақтарды қару қолданып басып алып, қалай қос мұнараны және Пентагонды «жарғаны» туралы майын тамызып тұрып әңгімеледі. Оған жер бетіндегі миллиондаған ашықауыздар мен қарапайым адамдар сеніп те қалды. Ал іс жүзінде ше?! «Ұшу мектептерінің (яғни, АҚШ-та сол арабтар оқыған) бірінің оқытушысының жасаған мәлімдемесі тыңдаушының есін тандырғандай болып естілді: иә, арабтардың оқығаны рас, бірақ олар тек қарапайым чех авиеткаларын меңгеруге ғана үйретілген. Басып алынған  «Боингтердің» ұшу бағытын меңгеріп, тіпті керек десеңіз, БСО-ның мұнараларына апарып соқтыру үшін дайындықтың мүлдем өзге деңгейіне үйретілген ұшқыш болуы тиіс. Арабтардың олай істеуі мүмкін емес, өйткені үйретілу деңгейі мүлдем бөлек!» (8 бет). Бұған не дер едіңіз, құрметті оқырман!...

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға