Ұлы жүз ішіндегі Бəйімбет. Орта жүз ішіндегі Бəйімбет. Арғын атығай ішіндегі Бəйімбет
Ұлы жүз ішіндегі Бəйімбет
Ұлы жүздің шежіресін жазған А. Байғозыұлы «Байдибек-Баба Алып. Ұрпақтар
шежіресі» (Алматы, Өнер, 2000ж) кітəбында Бəйімбет туралы шежіре келтіреді:
Шапыраштыда екі Бəйімбет болған екен:
1. Шапыраштыдан Ыстық, одан Малды, Желді, Қалды. Малдыдан Екей, одан Бəйімбет.
2. Қалдыдан Айқым, одан Қайдауыл, одан Бəйімбет. Бұл Бəйімбеттердің батыр
болғандығы туралы деректер кездеспеді.
3. Қараша бидің ұлы шақшам Бəйімбет батыр болыпты. ШАҚШАМ АТА Бəйдібектің
бауыры Байдолладан тарайды деседі. 1864 жылдары орыс əскерлерімен болған Ақбұлақ жəне Алтынтөбедегі шайқас кезінде елден шыққан қарапайым жігіт- белгілі Қараша бидің ұлы шақшам Бəйімбет бірнеше ерліктерімен елге белгілі болды. Осы мəліметтер (Қосымша №3 -
«Байдибек-Баба Алып. Ұрпақтар шежіресі» 19,50 беттер) келтірілген.
Қорытынды:
Ұлы жүзде Қараша бидің ұлы шақшам Бəйімбет батыр 1864 жылдары орыс
əскерлерімен шайқаста ерлігін көрсетіпті.
Орта жүз ішіндегі Бəйімбет
Арғын атығай ішіндегі Бəйімбет
Орта жүзде арғын атығай ішінде Бəйімбет тайпасы болған. Ол туралы Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» Алматы, 1968 ж. (894.342.09, М12) кітəбінда Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы 1748-1819 жылы) туралы жазады: «Қазақ əдебиетіне қатысты мақалалардың бірінде Шоқан Уалиханов «Менің бабам Абылай ханның замандасы, арғын атығай ішінде Бəйімбет табынан шыққан Шал ақын қазақ халқын құраған рулар жайлы аңыздарды жинақтап, тамаша эпос жасады» - дейді. Əкесі Құлеке батыр болған екен».
Шал ақынның əкесі Құлеке батыр Бəйімбеттен кейінгі бесінші буын (Бəйімбеттен –
Жоламан, Жоламаннан – Дəулетей, Дəулетейден – Тəңірберді, Тəңірбердіден – Құлеке батыр) болады. Құлеке батыр Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадырлес досы, сенімді батыры, беделді елшісі, орта жүздің ішіндегі қолбасшы батырлардың бірі болғаны тарихтан белгілі. Құлеке батыр мен атамыз Бəйімбет батыр бір уақытта жəне бір өңірде өмір сүрген батырлар. Арғыннан шыққан көп ақындар өз руының батырларын жырлағандықтан жəне Күрсары Керейде сол заманда ақындардың болмағандығынан біздің аталарымыз Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен батырлар туралы жырлар кездеспейді.
Қорытынды:
1. Орта жүзде арғын атығай ішінде Бəйімбет тайпасы болған. Шал (Тілеуке Құлекеұлы 1748-1819 ж.) ақынның əкесі Құлеке батыр атасы Бəйімбеттен кейінгі бесінші буын
болғанда, бабалары Бəйімбет 1600 жылдары өмір сүрген деп болжаймыз.
2. Құлеке батыр мен Күрсары Керейдің Бəйімбет батыры бір уақытта жəне бір өңірде
өмір сүрген батырлар.