Жаңалықтар

Бөлінгенді бөрі жейді

         Шыны керек, соңғы жылдары бізде "көп ұлтты" және "көп дінді Қазақстанды" мақтан етушілік, даңғазалық кеңінен жайылған. Екінің бірі соны тілге тиек етеді. Біріншіден, көпұлттылық  пен көпдінділік-мақтан тұтатын жәйт емес, тіпті тарихтың сыйына да жатпайды. Ол әр елге бір Жаратушының өзі берген болмысы ғана. Екіншіден, Қазақстан-қазақ ұлтының тарихи және мәңгілік Отаны. Басқа ұлттар тағдыр тәлкегімен елімізге келіп қоныстанып қалған, өздерінің тарихи Отаны бар этникалық топтар, яғни ғылым тілімен айтқанда- диаспора. Олардың қалаған уақытында тарихи Отанына оралуға мүмкіндігі бар және оралып та жатыр. Ал қазақтың басқа барар жері, басар тауы жоқ... Дұрысында көпдінділік қай мемлекет үшін де түбінде қатерлі. Бүгін болмаған пәленің арада жылдар өте, қылаң етпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Ал біздегі сан түрлі шетелдік секталардың арсыз да белсенді әрекеті әркімнің санасында да еріксіз күмән сезімін туғызатыны сөзсіз. Оның үстіне сол секталардың бәрі демей-ақ қояйын, дегенмен басым көпшілігінің бүлдірушілік әрекеттерді көздеп отырғаны да құпия емес. Бұл орайда бар пәлені тек мұсылман дініндегі жат ағымдарға жаба берудің негізі жоқ. Өзге дін секталарының іс-әрекеті де үнемі қадағалау мен сараптап отыруды қажет етеді. Сонымен Қазақстанда мамандардың айтуынша, көп дін емес, басты екі дін бар. Ол халықтың 70 пайызына жуығын құрайтын мұсылман, қалған шамамен 20- 25 пайызы христиан дінінің православие тармағына жататын орыс, украин, белорус және өзге ұлттардың өкілдері. Бір жақсысы-біздегі мұсылмандар негізінен исламның Әбу Ханифа мазхабын ұстанатын  мүміндер. Христиандардың басым бөлігі де-православие ағымындағы діндарлар. Әрине, мұндай тұтастықтың маңызы өте зор. Демек, осы тұтастық және мұсылмандар мен православие христиандары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан татулық, ынтымақ ахуалын сақтай алсақ ,  қазақтың кестелі сөзімен айтқанда :"Құда да тыныш, құдағай да тыныш" ... Олай болса, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөйлеген сөздерінде қашанда еліміздегі ұлтаралық татулықпен қатар, дінаралық түсіністік пен сыйласуға үнемі басымдылық берілетіні өте  түсінікті. Ел қамын ойлаған, бәрін алыстан болжайтын сұңғыла саясаткердің саралы сөзі де, өзі  де үнемі сондай  болмақ. Себебі дінаралық алауыздықтың кебін киіп, тарихта теңдесі жоқ қырғынға ұшырап, телегей теңіз қайғы-қасіреттің құшағында  қалған Ливанның кешегі күні мен бұрынғы Югославияның бүгінгі күйі басқалардан бұрын оған жақсы белгілі. Тарих тағылымынан тәлімді дәріс алудың басқа жолы жоқ. Бірінші, алыстағы Ливанға тоқталық. Кезінде Таяу Шығыстың "Швейцариясы" атанған Ливан (арабша Любнан) 1975 жылға дейін қатысты тыныштық жағдайында өмір сүрді. Әрине, сол аймақтағы Израильдың араб елдеріне қарсы басқыншылығы кері әсерін тигізбей қалмады. Туған жерін тартып алып, елінен басқыншылар қуып шыққан жүздеген мың палестиналық арабтар осы көрші елді паналады. Соның нәтижесінде дінаралық ахуал ушыға түсті... Себебі бұл елдің мемлекеттік құрылысы діни текке негізделген еді. Елде бұған дейін христиан-марониттер басым болғандықтан, Ливанның президенті міндетті түрде христиан болды. Ал үкімет төрағалығына елдегі екінші діни қауымның өкілі-сүннит тағайындалатын. Парламент төрағалығына үшінші діни қауымнан-шиит сайланды. Мұның өзі белгілі бір кезеңге дейін саяси тепе-теңдікті қалыпты ұстап тұрды... Бүкіл араб әлемі, Еуропа, БҰҰ араласып, осы қанды қырғынды тоқтата алған жоқ. Талай уақытша бітімдердің өзі арада санаулы сағаттар, әрі кеткенде екі -үш күн өткен соң бұзылып, ұрыс қимылдары қайта басталып кетіп жүрді. Әрең дегенде, соғысты тек 1990 жылы тоқтатуға мүмкіндік болды. Бірақ оның жаралары толық жазылған жоқ. Жаңғырығының да ұзаққа созылар түрі бар... Бұрынғы Югославияның тағдыры бұдан да қайғылы. 1918 жылы Аустро-Венгрия империясының күл-талқаны шыққан ескі жұртында құрылған мемлекет тумысынан ұлттық және діни кикілжіңге бейімделгендей еді. Өйткені елдегі басым халықтар -сербтер, хорваттар мен мұсылмандар шыққан тегі бір, бәріне ортақ серб-хорват тілінде сөйлегенімен, діни бағыттары мүлдем бөлек болатын. Сербтер-православ христиандар, хорваттар-католиктер, ал мұсылмандар өз-өзінен бөлек дін өкілдері. Ресми ұлысербтік саясаттың салдарынан бұрын да тату емес, аталған халықтардың арасындағы өшпенділік 1941 жылы елді неміс нацистері мен итальян фашистері жаулап алғанда тіпті шарықтау шегіне жетті. Діндес немістер мен итальяндарға арқа сүйеген хорваттар бірден сербтер мен мұсылмандарды қырып-жоюға кірісті. Жағдайдың ушыққаны соншалық,біраздан соң басқыншылардың өздері шара қолдануға мәжбүр болды. Тарих тәлкегін қойсаңшы, бір елде тұрып, бір-біріне ата жау болған халықтардың арасына басқыншылар : немістер мен итальяндар араша түсті, біріншілері хорваттарға қатаң ескерту жасаса, екіншілері серб ауылдарын сыртынан қоршап алып, қорғап тұрды.Соның салдарынан соғыс басқалар үшін 1945 жылы аяқталса да, Югославиядағы қанды қырғын 1950 жылға дейін тынған жоқ... Ал 1989 жылы қайта басталған қанды қырғын бұрынғы Югославияның Сербия, Хорватия, Босния мен Герцеговина, Македония, Словения, Черногория (былтыр Сербиядан бөлініп шықты) сияқты ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетуімен тынды. Оның үстіне Косово өлкесінің саяси тағдыры әлі шешілген жоқ. Осы аймақтың халқының басым көпшілігін құрайтын албандар дара мемлекет болып, Сербиядан бөлініп шығуды қалап отыр. Оның өзі АҚШ және Батыс тарапынан толық қолдау тауып отырғанын да айтуымыз керек. Жалғыз Сербия мен Ресейдің қарсылығы нәтиже бермейтін сыңайлы. Бұл жанжалға да діни айырмашылықтың себепші болып отырғаны белгілі... ...Бұрынғы Югославияны 1945-1980 жылдары басқарған сұңғыла саясаткер, талантты қайраткер Иосиф Броз Титоның елдегі ұлтаралық, дінаралық келісімді шебер басқарғаны соншалық, оның "айрықша " құрған социализмі өзінің жемісті нәтижесін берді. Югославия өткен ғасырдың 60-70 жылдары Еуропадағы жақсы дамыған елдердің қатарынан түскен жоқ. Өзі хорват болса да, оны өмір бойы жасырған ол елдегі саяси, экономикалық, қоғамдық тепе-теңділік пен реттілікті барынша ұстап тұрды.Бірақ кез келген қоғамдық қайраткер секілді қателіктер де жібергені түсінікті. Соның бірі-Косоваға байланысты... ...Дұрысында, Косово-сербтердің ата қонысы.Осында 1389 жылы сербтер мен түріктердің шайқасы өткен тарихи орын да бар. Одан басқа, серб ұлтына тән тарихи жәдігерлер аз емес. Міне, сол аймаққа сонау өткен ғасырдың 50-60 жылдары 300 мыңдай албандар қоныс аударған. Себеп-сол жылдары көрші Албанияны басқарған коммунистік "қып-қызыл" көсем Әнуар Хожаның ислам дініне қарсы жүгенсіз күресі. Қасиетті діни сенімінен бас тартқысы келмеген жүздеген мың албан көрші Югославияның жеріне ашық та, жасырын да, жөңкіле көшіп жатты... Әрине, ар-ождан бостандығы мен нарыққа тән экономикалық еркіндікті жариялаған, соны іске асырған И.Б. Титоға албан босқындарын қабылдамауға да болатын еді. Албандар-мұсылмандар, сербтер-христиандар болғандықтан, олардың арасында қарам-қайшылық болатындығын да білді. Ел билігіндегі көптеген әріптестерінің қарсы болуына қарамастан, Тито албандарды қабылдап, Косово аймағына қоныстануына рұқсатын берді. Сірә, бір жағынан бұл  оның өзімен араз Ә.Хожаға көрсеткен құқайы да болуы мүмкін... ...Арада 35-40 жылдай уақыт өткен соң, албандардың саны 3 миллионға жетіп, енді олардың Косованы бөліп алуы былай тұрсын, оны тіпті көрші Албанияға қосып жіберу ниетін  де жасырмайтын сыңайлы. Ал бар пәле Югославияның бұрынғы  басшысы    С.Милошевичтің албандардың тіліне, дініне, діліне шектеу қою, оларды сол аймақтан ығыстырып шығару әрекетінен басталды ғой... Осы мәселе жөнінде кейбір жерлестеріміздің пікірін білгіміз келіп, жекелегеназам аттарға сауалдар қойғанбыз. Солардан алған жауабымыз мынадай: - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ислам және православие діндерін қоғамның қос рухани қанатына теңеген екен, - дейді қалалық қызыл мешіттің бас имамы Қажымұқан Ғиылманов, - Сол сияқты ,қазір өңіріміздегі православие діні өкілдерімен қарым-қатынасымыз қалыпты, өзара татумыз. Өзге дін өкілдерімен де солай. Өйткені ислам дінінің жаратылысында өзге дін өкілдеріне өшпенділік атымен жоқ. Керісінше , сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с. өз мүміндеріне : " Ешқашан да кітап түсірілгендерге (яғни, христиандар мен яхудилерге) қарсы ауыздарыңмен де , аяқ-қолдарыңмен де зиян жасаушы болмаңдар» деп бұйырғанын айтуымыз керек. Тағы бір дәлеліміз, міне ,сан ғасырлар бойы аталған екі дін өкілдері мұсылман елдерінде ғасырлар бойы Аллаһтың үмбеттерімен бірге тату-тәтті  өмір сүріп келеді.Сондықтан дінаралық татулық бәрімізге де аса қажет және қымбат. Енді өзге шетелдік секталардың іс-әрекетіне келсек,олардың қызметінің заң жолымен реттелгенін қалар едік... Орал және Гурьев архиепископы, әмірші Антоний былай дейді: -Мені қашанда осы өңірдегі православие және ислам діні өкілдерінің арасындағы ғасырлар бойғы татул ық пен ынтымақ хал-ахуалы қуантады. Біз бір-біріміздің ішкі ісіне қол сұқпаймыз және бір-біріміздің рухани қызметімізді құрмет тұтамыз. Сонымен  бірге,  Жайық өңірін мекен еткен православие христиандары мен мұсылмандар арасында тек бейбітшілік пен тыныштық, ынтымақ орнауы үшін еңбектеніп келеміз. Әрине, бұдан басқа шетелдік сект алардың қатерлі де қауіпті іс-әрекетіне бірлесе күресіп отырғанымызды да баса көрсеткеніңіз жөн. Аталған секталар бәріміздің де келешегімізге төніп тұрған қауіптің қайнар көзі. Мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне талай рет "Діни бірлестіктер туралы"   заңның діни секталардың іс-әрекеттеріне қарсы баптарын қатайту жөнінде және құрамындағы мүшесі елу адамға толмайтын діни ұйымдарды мемлекеттік тіркелімге алмау жөнінде талай рет ұсыныстар айттым. Сонда менің ұсыныстарым мұсылман дінбасылары тарапынан да қызу қолдау тапты. Алайда "Баяғы жартас, сол жартас" , Әділет министрлігі тарапынан талпыныс байқалар емес...   Олай болса, ұлтаралық болсын, дінаралық болсын, қай әлеуметтік топтардың ортасында да әділеттілік пен байыптылық үстемдік құруы тиіс. Дәлірек айтсақ, Қазақ Елінің байырғы тұрғындары, осы жердің иесі-қазақтардың ұлттық,діни мүдделері, әлеуметтік құқықтары да қорғалуы керек. Теңіздегі қақтығыстар мен Маловодное ауылындағы қайғылы жағдайлар қазақтың ұлттық мүдделерінің тапталуынан туындап отыр. Өкініштісі сол, ол қазір "тұрмыстық негіздегі оқиға" деп бағаланып, айыптылар емес, ...жапа шегушілер жазалануда. Әрине, сонымен бірге өзге ұлт өкілдерінің де саяси-рухани, әлеуметтік мүдделерінің қорғалуы қажеттілігі өз-өзінен түсінікті. Сонымен бірге, баяғыда-ақ ескіріп, бүгінгі күн тұрғысына сай келмей қалған Қазақстан Республикасының "Діни бірлестіктер туралы" Заңына елеулі өзгерістер енгізу керектігі күннен күнге күшейе түсуде. Нақтырақ айтсақ, елімізге келіп, өздерінің бүлдіру әрекеттерін жанталаса жүргізіп жатқан шетелдік секталардың қызметін не шектеу, не тоқтату қажет. Әзірге күрес ислам бағытындағы жат ағымдармен жүргізіліп, өзге діндердің секталарының ашық та, жасырын да айла-шарғылары құқық қорғау орындарының назарынан тыс қалып жатқанға ұқсайды. Ал мұның өзі түптеп келгенде,жақсылыққа апармайды. Әсіресе, 500 мың қазақтың өзге діндерге еніп кетуі-бейнелеп айтқанда түптің түбінде жарылмай қоймайтын бомба. "Бөлінгенді бөрі жейді" деген, Ливан мен бұрынғы Югославияның кебін киюден сақтасын, бәрімізді ! Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
21.11.2013 09:33 4871

         Шыны керек, соңғы жылдары бізде "көп ұлтты" және "көп дінді Қазақстанды" мақтан етушілік, даңғазалық кеңінен жайылған. Екінің бірі соны тілге тиек етеді. Біріншіден, көпұлттылық  пен көпдінділік-мақтан тұтатын жәйт емес, тіпті тарихтың сыйына да жатпайды. Ол әр елге бір Жаратушының өзі берген болмысы ғана. Екіншіден, Қазақстан-қазақ ұлтының тарихи және мәңгілік Отаны. Басқа ұлттар тағдыр тәлкегімен елімізге келіп қоныстанып қалған, өздерінің тарихи Отаны бар этникалық топтар, яғни ғылым тілімен айтқанда- диаспора. Олардың қалаған уақытында тарихи Отанына оралуға мүмкіндігі бар және оралып та жатыр. Ал қазақтың басқа барар жері, басар тауы жоқ...

Дұрысында көпдінділік қай мемлекет үшін де түбінде қатерлі. Бүгін болмаған пәленің арада жылдар өте, қылаң етпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Ал біздегі сан түрлі шетелдік секталардың арсыз да белсенді әрекеті әркімнің санасында да еріксіз күмән сезімін туғызатыны сөзсіз. Оның үстіне сол секталардың бәрі демей-ақ қояйын, дегенмен басым көпшілігінің бүлдірушілік әрекеттерді көздеп отырғаны да құпия емес. Бұл орайда бар пәлені тек мұсылман дініндегі жат ағымдарға жаба берудің негізі жоқ. Өзге дін секталарының іс-әрекеті де үнемі қадағалау мен сараптап отыруды қажет етеді.

Сонымен Қазақстанда мамандардың айтуынша, көп дін емес, басты екі дін бар. Ол халықтың 70 пайызына жуығын құрайтын мұсылман, қалған шамамен 20- 25 пайызы христиан дінінің православие тармағына жататын орыс, украин, белорус және өзге ұлттардың өкілдері. Бір жақсысы-біздегі мұсылмандар негізінен исламның Әбу Ханифа мазхабын ұстанатын  мүміндер. Христиандардың басым бөлігі де-православие ағымындағы діндарлар. Әрине, мұндай тұтастықтың маңызы өте зор. Демек, осы тұтастық және мұсылмандар мен православие христиандары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан татулық, ынтымақ ахуалын сақтай алсақ ,  қазақтың кестелі сөзімен айтқанда :"Құда да тыныш, құдағай да тыныш" ...

Олай болса, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөйлеген сөздерінде қашанда еліміздегі ұлтаралық татулықпен қатар, дінаралық түсіністік пен сыйласуға үнемі басымдылық берілетіні өте  түсінікті. Ел қамын ойлаған, бәрін алыстан болжайтын сұңғыла саясаткердің саралы сөзі де, өзі  де үнемі сондай  болмақ. Себебі дінаралық алауыздықтың кебін киіп, тарихта теңдесі жоқ қырғынға ұшырап, телегей теңіз қайғы-қасіреттің құшағында  қалған Ливанның кешегі күні мен бұрынғы Югославияның бүгінгі күйі басқалардан бұрын оған жақсы белгілі. Тарих тағылымынан тәлімді дәріс алудың басқа жолы жоқ.

Бірінші, алыстағы Ливанға тоқталық. Кезінде Таяу Шығыстың "Швейцариясы" атанған Ливан (арабша Любнан) 1975 жылға дейін қатысты тыныштық жағдайында өмір сүрді. Әрине, сол аймақтағы Израильдың араб елдеріне қарсы басқыншылығы кері әсерін тигізбей қалмады. Туған жерін тартып алып, елінен басқыншылар қуып шыққан жүздеген мың палестиналық арабтар осы көрші елді паналады. Соның нәтижесінде дінаралық ахуал ушыға түсті...

Себебі бұл елдің мемлекеттік құрылысы діни текке негізделген еді. Елде бұған дейін христиан-марониттер басым болғандықтан, Ливанның президенті міндетті түрде христиан болды. Ал үкімет төрағалығына елдегі екінші діни қауымның өкілі-сүннит тағайындалатын. Парламент төрағалығына үшінші діни қауымнан-шиит сайланды. Мұның өзі белгілі бір кезеңге дейін саяси тепе-теңдікті қалыпты ұстап тұрды...

Бүкіл араб әлемі, Еуропа, БҰҰ араласып, осы қанды қырғынды тоқтата алған жоқ. Талай уақытша бітімдердің өзі арада санаулы сағаттар, әрі кеткенде екі -үш күн өткен соң бұзылып, ұрыс қимылдары қайта басталып кетіп жүрді. Әрең дегенде, соғысты тек 1990 жылы тоқтатуға мүмкіндік болды. Бірақ оның жаралары толық жазылған жоқ. Жаңғырығының да ұзаққа созылар түрі бар...

Бұрынғы Югославияның тағдыры бұдан да қайғылы. 1918 жылы Аустро-Венгрия империясының күл-талқаны шыққан ескі жұртында құрылған мемлекет тумысынан ұлттық және діни кикілжіңге бейімделгендей еді. Өйткені елдегі басым халықтар -сербтер, хорваттар мен мұсылмандар шыққан тегі бір, бәріне ортақ серб-хорват тілінде сөйлегенімен, діни бағыттары мүлдем бөлек болатын. Сербтер-православ христиандар, хорваттар-католиктер, ал мұсылмандар өз-өзінен бөлек дін өкілдері. Ресми ұлысербтік саясаттың салдарынан бұрын да тату емес, аталған халықтардың арасындағы өшпенділік 1941 жылы елді неміс нацистері мен итальян фашистері жаулап алғанда тіпті шарықтау шегіне жетті. Діндес немістер мен итальяндарға арқа сүйеген хорваттар бірден сербтер мен мұсылмандарды қырып-жоюға кірісті. Жағдайдың ушыққаны соншалық,біраздан соң басқыншылардың өздері шара қолдануға мәжбүр болды. Тарих тәлкегін қойсаңшы, бір елде тұрып, бір-біріне ата жау болған халықтардың арасына басқыншылар : немістер мен итальяндар араша түсті, біріншілері хорваттарға қатаң ескерту жасаса, екіншілері серб ауылдарын сыртынан қоршап алып, қорғап тұрды.Соның салдарынан соғыс басқалар үшін 1945 жылы аяқталса да, Югославиядағы қанды қырғын 1950 жылға дейін тынған жоқ...

Ал 1989 жылы қайта басталған қанды қырғын бұрынғы Югославияның Сербия, Хорватия, Босния мен Герцеговина, Македония, Словения, Черногория (былтыр Сербиядан бөлініп шықты) сияқты ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетуімен тынды. Оның үстіне Косово өлкесінің саяси тағдыры әлі шешілген жоқ. Осы аймақтың халқының басым көпшілігін құрайтын албандар дара мемлекет болып, Сербиядан бөлініп шығуды қалап отыр. Оның өзі АҚШ және Батыс тарапынан толық қолдау тауып отырғанын да айтуымыз керек. Жалғыз Сербия мен Ресейдің қарсылығы нәтиже бермейтін сыңайлы. Бұл жанжалға да діни айырмашылықтың себепші болып отырғаны белгілі...

...Бұрынғы Югославияны 1945-1980 жылдары басқарған сұңғыла саясаткер, талантты қайраткер Иосиф Броз Титоның елдегі ұлтаралық, дінаралық келісімді шебер басқарғаны соншалық, оның "айрықша " құрған социализмі өзінің жемісті нәтижесін берді. Югославия өткен ғасырдың 60-70 жылдары Еуропадағы жақсы дамыған елдердің қатарынан түскен жоқ. Өзі хорват болса да, оны өмір бойы жасырған ол елдегі саяси, экономикалық, қоғамдық тепе-теңділік пен реттілікті барынша ұстап тұрды.Бірақ кез келген қоғамдық қайраткер секілді қателіктер де жібергені түсінікті. Соның бірі-Косоваға байланысты...

...Дұрысында, Косово-сербтердің ата қонысы.Осында 1389 жылы сербтер мен түріктердің шайқасы өткен тарихи орын да бар. Одан басқа, серб ұлтына тән тарихи жәдігерлер аз емес. Міне, сол аймаққа сонау өткен ғасырдың 50-60 жылдары 300 мыңдай албандар қоныс аударған. Себеп-сол жылдары көрші Албанияны басқарған коммунистік "қып-қызыл" көсем Әнуар Хожаның ислам дініне қарсы жүгенсіз күресі. Қасиетті діни сенімінен бас тартқысы келмеген жүздеген мың албан көрші Югославияның жеріне ашық та, жасырын да, жөңкіле көшіп жатты...

Әрине, ар-ождан бостандығы мен нарыққа тән экономикалық еркіндікті жариялаған, соны іске асырған И.Б. Титоға албан босқындарын қабылдамауға да болатын еді. Албандар-мұсылмандар, сербтер-христиандар болғандықтан, олардың арасында қарам-қайшылық болатындығын да білді. Ел билігіндегі көптеген әріптестерінің қарсы болуына қарамастан, Тито албандарды қабылдап, Косово аймағына қоныстануына рұқсатын берді. Сірә, бір жағынан бұл  оның өзімен араз Ә.Хожаға көрсеткен құқайы да болуы мүмкін...

...Арада 35-40 жылдай уақыт өткен соң, албандардың саны 3 миллионға жетіп, енді олардың Косованы бөліп алуы былай тұрсын, оны тіпті көрші Албанияға қосып жіберу ниетін  де жасырмайтын сыңайлы. Ал бар пәле Югославияның бұрынғы  басшысы    С.Милошевичтің албандардың тіліне, дініне, діліне шектеу қою, оларды сол аймақтан ығыстырып шығару әрекетінен басталды ғой...

Осы мәселе жөнінде кейбір жерлестеріміздің пікірін білгіміз келіп, жекелегеназам аттарға сауалдар қойғанбыз. Солардан алған жауабымыз мынадай:

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ислам және православие діндерін қоғамның қос рухани қанатына теңеген екен, - дейді қалалық қызыл мешіттің бас имамы Қажымұқан Ғиылманов, - Сол сияқты ,қазір өңіріміздегі православие діні өкілдерімен қарым-қатынасымыз қалыпты, өзара татумыз. Өзге дін өкілдерімен де солай. Өйткені ислам дінінің жаратылысында өзге дін өкілдеріне өшпенділік атымен жоқ. Керісінше , сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с. өз мүміндеріне : " Ешқашан да кітап түсірілгендерге (яғни, христиандар мен яхудилерге) қарсы ауыздарыңмен де , аяқ-қолдарыңмен де зиян жасаушы болмаңдар» деп бұйырғанын айтуымыз керек. Тағы бір дәлеліміз, міне ,сан ғасырлар бойы аталған екі дін өкілдері мұсылман елдерінде ғасырлар бойы Аллаһтың үмбеттерімен бірге тату-тәтті  өмір сүріп келеді.Сондықтан дінаралық татулық бәрімізге де аса қажет және қымбат. Енді өзге шетелдік секталардың іс-әрекетіне келсек,олардың қызметінің заң жолымен реттелгенін қалар едік...

Орал және Гурьев архиепископы, әмірші Антоний былай дейді: -Мені қашанда осы өңірдегі православие және ислам діні өкілдерінің арасындағы ғасырлар бойғы татул ық пен ынтымақ хал-ахуалы қуантады. Біз бір-біріміздің ішкі ісіне қол сұқпаймыз және бір-біріміздің рухани қызметімізді құрмет тұтамыз. Сонымен  бірге,  Жайық өңірін мекен еткен православие христиандары мен мұсылмандар арасында тек бейбітшілік пен тыныштық, ынтымақ орнауы үшін еңбектеніп келеміз. Әрине, бұдан басқа шетелдік сект алардың қатерлі де қауіпті іс-әрекетіне бірлесе күресіп отырғанымызды да баса көрсеткеніңіз жөн. Аталған секталар бәріміздің де келешегімізге төніп тұрған қауіптің қайнар көзі. Мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне талай рет "Діни бірлестіктер туралы"   заңның діни секталардың іс-әрекеттеріне қарсы баптарын қатайту жөнінде және құрамындағы мүшесі елу адамға толмайтын діни ұйымдарды мемлекеттік тіркелімге алмау жөнінде талай рет ұсыныстар айттым. Сонда менің ұсыныстарым мұсылман дінбасылары тарапынан да қызу қолдау тапты. Алайда "Баяғы жартас, сол жартас" , Әділет министрлігі тарапынан талпыныс байқалар емес...  

Олай болса, ұлтаралық болсын, дінаралық болсын, қай әлеуметтік топтардың ортасында да әділеттілік пен байыптылық үстемдік құруы тиіс. Дәлірек айтсақ, Қазақ Елінің байырғы тұрғындары, осы жердің иесі-қазақтардың ұлттық,діни мүдделері, әлеуметтік құқықтары да қорғалуы керек. Теңіздегі қақтығыстар мен Маловодное ауылындағы қайғылы жағдайлар қазақтың ұлттық мүдделерінің тапталуынан туындап отыр. Өкініштісі сол, ол қазір "тұрмыстық негіздегі оқиға" деп бағаланып, айыптылар емес, ...жапа шегушілер жазалануда. Әрине, сонымен бірге өзге ұлт өкілдерінің де саяси-рухани, әлеуметтік мүдделерінің қорғалуы қажеттілігі өз-өзінен түсінікті. Сонымен бірге, баяғыда-ақ ескіріп, бүгінгі күн тұрғысына сай келмей қалған Қазақстан Республикасының "Діни бірлестіктер туралы" Заңына елеулі өзгерістер енгізу керектігі күннен күнге күшейе түсуде. Нақтырақ айтсақ, елімізге келіп, өздерінің бүлдіру әрекеттерін жанталаса жүргізіп жатқан шетелдік секталардың қызметін не шектеу, не тоқтату қажет. Әзірге күрес ислам бағытындағы жат ағымдармен жүргізіліп, өзге діндердің секталарының ашық та, жасырын да айла-шарғылары құқық қорғау орындарының назарынан тыс қалып жатқанға ұқсайды. Ал мұның өзі түптеп келгенде,жақсылыққа апармайды. Әсіресе, 500 мың қазақтың өзге діндерге еніп кетуі-бейнелеп айтқанда түптің түбінде жарылмай қоймайтын бомба. "Бөлінгенді бөрі жейді" деген, Ливан мен бұрынғы Югославияның кебін киюден сақтасын, бәрімізді !

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға