Жаңалықтар

Бəйімбет елінің бұрынғы қонысы

Бəйімбет батырдың кейінгі ұрпақтары қазыргі Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Қызылту (қазыргі Ақжар) ауданында Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеген екен. Тарихи деректерге сүйенсек, 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқаруға Мəскеуден келген Ф. Голощекин қазақ даласында Кіші қазан төңкерісін жасап, үш миллион қазақты жойып құртып жіберді. Ұлы кəмпеске, ауыр-ауыр алым-салықпен қабаттаса құрылған колхоз дегенің жауыннан кейін қаулап өскен саңырауқұлақтай қаптап кетсе керек. Əр ауыл өз алдына бір колхоз, колхоз сайын өріп жүрген өкіл, екінің бірі социализмді елден бұрын мен өзім орнатам деп ентіккен – шаш ал десең, бас алатын қызыл белсенді. Белсенді мен өкілдің жүрген жері күндіз де жиын, түнде де жиын. Жиын сайын: «Голощекин жолдастың нұсқауынан шабыт алып, қазақ еліндегі кіші Октябрьдің жеңісін жеделдете түсейік. Байлардың тамырына балта шабылды, енді оның құйыршықтарын құртайық. Жойылсын жекеменшік. Колхоз құрудың жоспарын жүз процентке жеткіземіз деп күн көсем Сталин жолдасқа ант берейік. Ешқандай асыра сылтау болмасын, алайда, алым салыққа, колхозға алынбаған аша тұяқ қалмасын», - деген ұран, көпірме сөзден бас айналады. Оның үстіне «жұт жеті ағайынды» дейтін тəмсіл дəл келіп, қазақ даласының жазын қуаңшылық жайлап, кыс айлары ақ сүйек жұтқа айналып, сақылдаған сары аяз адамды да, малды да жалмап жатса керек. Үлкен Қарой деген жерде Басқұдұқ ауыл советі құрылғанда оның төрағасы болып Кашкенов Абылхайыр сайланады. Өзі момын, аздап мұсылманша сауаты бар Əбекең ешкімге кеуделеніп қысым жасамайды. Сол кезеңнен ол кісіні «Ауыл атасы» деп құрметтейді. Коллективизация уақытында жиі жоғары жақтан келіп жиналыс өткізеді, салық жинайды. Кенжебай Нүрпейісұлы сол кездерде ауыл советінің мүшесі болған екен. Бұл елде кім бай дегенде қол көтеріп айтқан екен: «Сатыбалдыда бəлен қара өгіздері бар, өзі молда, өзі саудагер!» - деп. Сонда «Ауыл атасы»: «Əрбір малдың басына 25 сомнан шитидату (считать) керек» - деген екен. Міне сол сөз мəтел болып қалды. «Ауыл атасының» баласы Қабдолла Күльпаш апамды алып жақсы жезде болды, ал Рамазан деген баласымен бала жастан бірге ойнап, оқып дос болдық, студенттік шағымызды Омбы қаласында өткіздік. Рамазанмен біз жолдастары, құрбылары ойын-тойға барғанда қалжыңдайтынбыз: «Бапасы 25 сомнан шитидатайық» - деп. Жаңа құрылған кеңес қоғамында кейбір жасалып жатқан іс-əрекеттерді халық түсінбейді. 1929-1931 жылдары қызыл үкіметтің “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деген идеяға негізделген саясатының қысымына халық шыдай алмайды. Оған қоса байлар, қажы-молдалар тізімге алынып қудалана бастайды. Отыз бірінші жылдан бастап күллі қазақ жерінде баяғы тоқшылық пен молшылық берекеден жұғын да қалмапты. Ең əуелі бүкіл ел кəмпеске-кəмпеске деп жінігіп жүріп, байлардың мал-мүлкі түгіл, өзін де аластап тыныпты. Бір жаманы өмір бойы бірге жасасып, қасында жүрген қандасының зар еңіреп, қан жылаған көз жасы мен қарғысы кедейлердің көсегесін көгерте қоймапты. Табан ақы, маңдай терімен таппай, бай-қулактардан тартып алған қайырсыз мал мүлік, қардың суындай тез сарқылып бітіпті.
21.11.2013 09:27 4221

Бəйімбет батырдың кейінгі ұрпақтары қазыргі Солтүстік Қазақстан облысының

бұрынғы Қызылту (қазыргі Ақжар) ауданында Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеген екен. Тарихи деректерге сүйенсек, 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқаруға Мəскеуден келген Ф. Голощекин қазақ даласында Кіші қазан төңкерісін жасап, үш миллион қазақты жойып құртып жіберді. Ұлы кəмпеске, ауыр-ауыр алым-салықпен қабаттаса құрылған колхоз дегенің жауыннан кейін қаулап өскен саңырауқұлақтай қаптап кетсе керек. Əр ауыл өз алдына бір колхоз, колхоз сайын өріп жүрген өкіл, екінің бірі социализмді елден бұрын мен өзім орнатам деп ентіккен – шаш ал десең, бас алатын қызыл белсенді. Белсенді мен өкілдің жүрген жері күндіз де жиын, түнде де жиын. Жиын сайын: «Голощекин жолдастың нұсқауынан шабыт

алып, қазақ еліндегі кіші Октябрьдің жеңісін жеделдете түсейік. Байлардың тамырына балта шабылды, енді оның құйыршықтарын құртайық. Жойылсын жекеменшік. Колхоз құрудың жоспарын жүз процентке жеткіземіз деп күн көсем Сталин жолдасқа ант берейік. Ешқандай асыра сылтау болмасын, алайда, алым салыққа, колхозға алынбаған аша тұяқ қалмасын», - деген ұран, көпірме сөзден бас айналады. Оның үстіне «жұт жеті ағайынды» дейтін тəмсіл дəл келіп, қазақ даласының жазын қуаңшылық жайлап, кыс айлары ақ сүйек жұтқа айналып, сақылдаған сары аяз адамды да, малды да жалмап жатса керек.

Үлкен Қарой деген жерде Басқұдұқ ауыл советі құрылғанда оның төрағасы болып

Кашкенов Абылхайыр сайланады. Өзі момын, аздап мұсылманша сауаты бар Əбекең ешкімге кеуделеніп қысым жасамайды. Сол кезеңнен ол кісіні «Ауыл атасы» деп құрметтейді.

Коллективизация уақытында жиі жоғары жақтан келіп жиналыс өткізеді, салық жинайды.

Кенжебай Нүрпейісұлы сол кездерде ауыл советінің мүшесі болған екен. Бұл елде кім бай дегенде қол көтеріп айтқан екен: «Сатыбалдыда бəлен қара өгіздері бар, өзі молда, өзі саудагер!» - деп. Сонда «Ауыл атасы»: «Əрбір малдың басына 25 сомнан шитидату (считать) керек» - деген екен. Міне сол сөз мəтел болып қалды. «Ауыл атасының» баласы Қабдолла Күльпаш апамды алып жақсы жезде болды, ал Рамазан деген баласымен бала жастан бірге ойнап, оқып дос болдық, студенттік шағымызды Омбы қаласында өткіздік. Рамазанмен біз жолдастары, құрбылары ойын-тойға барғанда қалжыңдайтынбыз: «Бапасы 25 сомнан шитидатайық» - деп.

Жаңа құрылған кеңес қоғамында кейбір жасалып жатқан іс-əрекеттерді халық

түсінбейді. 1929-1931 жылдары қызыл үкіметтің “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деген идеяға негізделген саясатының қысымына халық шыдай алмайды. Оған қоса байлар, қажы-молдалар тізімге алынып қудалана бастайды. Отыз бірінші жылдан бастап күллі қазақ жерінде баяғы тоқшылық пен молшылық берекеден жұғын да қалмапты. Ең əуелі бүкіл ел кəмпеске-кəмпеске деп жінігіп жүріп, байлардың мал-мүлкі түгіл, өзін де аластап тыныпты.

Бір жаманы өмір бойы бірге жасасып, қасында жүрген қандасының зар еңіреп, қан жылаған көз жасы мен қарғысы кедейлердің көсегесін көгерте қоймапты. Табан ақы, маңдай терімен таппай, бай-қулактардан тартып алған қайырсыз мал мүлік, қардың суындай тез сарқылып бітіпті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға