Жаңалықтар

Бəйімбет бабамызды іздестіру

Іздестіру жұмыстары 1979 жылдан басталып, тоқтап, ал қазыр қайтадан жанданып келеді, өйткені «Бəйімбет» бірлестік қоғамы құрылды, жан-жақтан деректер ізделініп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін істелініп жатқан жұмыстардың тізімі: Бірінші Мен Омбының политехникалық институтын бітіріп 1975 жылы апрель айында Алматының Киров атындағы заводына инженер-конструктор болып кірдім. Қарындасым Нағима Алматыда аспирантурада оқып жүрген. Балалары Алматыда болғасын əке-шешем Жүсіп Сатыбалды ұлы мен Қамила Нүрпейіс қызы 1975 жылы июлде Ресейдің Омбы облысы Назыбай ауданы Бəйімбет ауылынан осында көшіп келді. Тұрақты орнығып, үйренгесін жəне жағдайымыз түзелгесін əке-шешем үшеуіміз машинамен əдейілеп 1979 жылы күзде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне Бəйімбет бабамыздың жатқан жерін көріп, дұға жасайық деп бардық. Бізді менің досым Нұрғали əйелі Перузамен үйінде (Физкультурная көшесі, 22 үй) жақсы қарсы алды. Перуза жеңгем ертесімен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ертіп апарды. Бұған дəлел ғимараттың алдында түскен суретіміз. Кесенеде жөндеу жұмыстары жүріп жатсада, əкем ішіне кіруге рұқсат алды. Кесененің ішіндегі барлық зираттарды аралап əкем Жүсіп-қажы арабша жазылған тастарды жəне жазуларды зерттеді. Мынау жатқан біздің бабамыз Бəйімбет, деп темірмен қоршалған, бір жағында арабша жазылған темір қоршауы бар зиратты көрсетті. Осы туралы мен 2006 жылы шыққан «Жұсып-қажы Сатыбалдыұлының қолжазбалаларынан» (ЖШС «КазМедиа Групп» орталығы, Алматы) деген кітəптің 5 бетінде жаздым. Көп жыл Бəйімбет бабамызды менің іздестірмеген себептерім: · Совет кезеңінде жас маман болғасын жұмыстан сұранудың қиындығы, демалыстың аздығы; · 1991-1997 жылдағы қаражаттың тапшылдығы; · Əке-шешенің сал болып аурғандықтан күтімнің керектігі (1997-2005 ж.) Екінші Елден бірінші болып 2004 жылы Мұхаммед Мезгілбайтегі «Бəйімбет» (Алматы, Абзал- Ай баспасы) атты кітап шығарды. Мұхаммед ағамыз Бəйімбет ауылының азаматы, Алматының КазГуын бітірген, мамандығы журналист, лауазымды қызметтерде істеген. Көп жыл Казтелерадионың бас редакторы болып, жасы келгесін зейнеткерлікке шықты. Бұл кітапта Ресей жеріндегі Бəйімбет елінің тарихы, ел азаматтары көркем суреттелген жəне Бəйімбет батырдан тараған ұрпақтың шежіресі жазылған. Үшінші__ Мен Абзал ағаммен 2008 жылдың тамыз айында əдейілеп кесенеге барғанымызда көргеніміз - зираттардың барлығы алынып тасталғандықтан жерленген 130 адамдардың (хандардың, сұлтандардың, билердің, батырлардың) тізімі тақтаға жазылыпты. Бірақта сол тізімде Бəйімбет бабамызды таба алмадық. Біз Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің басқару мекемесінің ғимаратына келіп ғылыми бөлімінің бастығы Рахия Сүлейменқызымен кездестік. Ол кісі бізге 1977 жылдан бастап кесенеде жүргүзілген жұмыстарды атады, шығарылған кітəптарды көрсетті. Бірақта арасынан Бəйімбет бабамыз туралы деректер болмады. Қазба жұмыстарын жүргізгенде 1000 адамнан артық адамдардың сүйектері табылып кесененің бір бөлмесіне жерленген екен. Рахия Сүлейменқызы бізге Бəйімбет бабамыздың жерленгені туралы деректер, тарихи дəлелдер болса алып келіңдер, зерттегеннен кейін шешім қабылданады деді. Əттең дүние, осындай батыр аталарымыздың өмір тарихын, жауынгерлігін ертегідей айтып отыратын, ескі əңгімелерді рет-ретімен, жөн-жөнімен өрбітіп, сала-саласымен таратып айтып беретін баяғы қариялар бұл күнде дүниеден өткен. Ал, оқыған, көзі ашық, ескіні де, жаңаны да білетін есті азаматтардың алғашқы легін 1918-1928 жылдары «бай, құлақ» деп бір құртты, қала берді 1937 жылы «халық жауы» деп екі құртты, одан кейінгі зиялы азаматтардың бір толқынын 1941-1945 жылғы соғыс жалмады. Солардан қалған біздің əкеміз Жұсып қажы, оның замандастары, ауылдастары, достары (Мұқаш, Ғазез, Сөйін, Қабдолла, Мұқатай, Шəмшидден, Мұхаммеджан, Қабыш т.б.) өз заманында қуғын-сүргін көріп кеңес үкіметінің құрсауынан қорқып өмір сүргендер. Олар Кеңес үкіметін орнату кезіндегі тұрмыстың қиыншылығынан, соғыстың əуре азабынан үлкен ұлағат алған топ. Сондықтан да жүректері шайлы болып өскен. Түйгенімді айтсам – бұл кезеңде өмір сүрген азаматтардың мақсаты Бəйімбет ұрпағын Ресей жерінде аман алып қалу, жалғастыру еді. Өмір оны көрсетіп отыр - олар оны орындады да. Төртінші 2009 жылы Найман Хайролла «Дүние Даурен» (Дəуір баспасы, Алматы) атты кітап шығарды. Хайролла ағам менің əкем Жүсіп-қажының туған інісі, Бəйімбет ауылының азаматы, қажы. Алматының Нархозын бітірген, мамандығы экономист, көп жылдар Алматы саудасын басқарған. Зейнетке шыққасын бұл кітапта Бəйімбет батырдың Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін, елінің тарихын, ел азаматтарын жəне өз жанұясы туралы көркем естелік жазды. Бесінші Мен 2010 жылдың қаңтар айында əдейілеп Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып тағыда Рахия Сүлейменқызымен жолықтым. Қызметі өзгергендіктен ғылыми бөлімінің жаңадан келген бастығы Нұрлан Дүкенбаевен таныстырды. Өзіммен əкелген дерек-кітəптарды көрсеткеннен кейін, тағыда қосымша деректердің (қосымша мақалалар, кітəптар) қажеттілігі екені белгіленді. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы директоры Садықбек Мəулен Жарылқасынұлымен танысып Бəйімбет бабамыздың атын тізімге тіркеуін сұрап өтініш жаздым. Осы өтінішті қанағаттандыру үшін Кесененің ғылыми бөлімі тапсырылған жəне қосымша қосатын деректерді зерттегеннен кейін Бəйімбет атамыз туралы арнайы шешім қабылдайтын болды. Алтыншы «ПРЕЗИДЕНТ жəне ХАЛЫҚ» газетіне (№ 11 (237), 12 наурыз, жұма, 2010жыл) 6 бетте Бəйімбет батыр атты мақала шықты – авторы Ғалымжан Найманов. (Қосымша№ 1) Жетінші «ҚАЗАҚ» газетіне (№ 21-22 (482-483), 21-28 мамыр, жұма, 2010 жыл) 8 бетте Бəйімбет батыр атты мақала шықты – авторы Қанат Тəкебаев. (Қосымша№ 2) Сегізінші Бəйімбет батыр туралы жазылып шығарылған осы кітап. Осы мақалаларға орай мен де өз ойымды айтайын. Мың өлiп, мың тiрiлiп, осыншама кеңбайтақ жердi, елдi сақтап келген ата-бабалар ерлiгiн қанша жазсақ та көптiк етпейдi. Бүгiнгi бiздер үшiн жанын пида еткен, батыр бабаларымыздың тарих қойнауынан ортамызға қайта оралғанына қуанамыз. Əлi де болса тарих өзiнiң сан ғасырлық қатпарларында сансыз батырларды, билердi, əулиелердi жасырып жатқаны күмəнсiз. Уақыты келгенде оларды зерттеп, тарихи шындықты қалпына келтiрiп, тарихтағы өз орнын беру – бiздiң бабалар аруағының алдындағы ұрпақтық ұлы мiндетiмiз. Мақалада айтылып отырған Бəйімбет батыр да сондай елеуге, ел тарихына қайта оралуға тиiстi тұлғаның бiрi екенi анық. Сол себептен де қазiргi ұрпақтарының іздеу салып, жоқшы болып жатқаны кiм-кiмдi де қуантарлық əрi құптарлық.. Ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай: Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. Жауын қуып, өрт боп тынбай жортқан__ Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас. Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. Даланың селі, желі, шелі, белі Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! Шындығында ерлер туралы туған жер де, сағымды бел де, соққан жел де, қуарған шөл де сөйлеп жатқанда, кейінгі ұрпақтарының борышы Бəйімбет батырдың өмірі мен ерліктері жөніндегі деректерді құнттап жинап құнды еңбек жазу.  
21.11.2013 09:18 3722

Іздестіру жұмыстары 1979 жылдан басталып, тоқтап, ал қазыр қайтадан жанданып

келеді, өйткені «Бəйімбет» бірлестік қоғамы құрылды, жан-жақтан деректер ізделініп жатыр.

Қазіргі уақытқа дейін істелініп жатқан жұмыстардың тізімі:

Бірінші

Мен Омбының политехникалық институтын бітіріп 1975 жылы апрель айында

Алматының Киров атындағы заводына инженер-конструктор болып кірдім. Қарындасым Нағима Алматыда аспирантурада оқып жүрген. Балалары Алматыда болғасын əке-шешем Жүсіп Сатыбалды ұлы мен Қамила Нүрпейіс қызы 1975 жылы июлде Ресейдің Омбы облысы Назыбай ауданы Бəйімбет ауылынан осында көшіп келді. Тұрақты орнығып, үйренгесін жəне жағдайымыз түзелгесін əке-шешем үшеуіміз машинамен əдейілеп 1979 жылы күзде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне Бəйімбет бабамыздың жатқан жерін көріп, дұға жасайық деп бардық. Бізді менің досым Нұрғали əйелі Перузамен үйінде (Физкультурная көшесі, 22 үй) жақсы қарсы алды. Перуза жеңгем ертесімен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ертіп апарды. Бұған дəлел ғимараттың алдында түскен суретіміз. Кесенеде жөндеу жұмыстары

жүріп жатсада, əкем ішіне кіруге рұқсат алды. Кесененің ішіндегі барлық зираттарды аралап əкем Жүсіп-қажы арабша жазылған тастарды жəне жазуларды зерттеді. Мынау жатқан біздің бабамыз Бəйімбет, деп темірмен қоршалған, бір жағында арабша жазылған темір қоршауы бар зиратты көрсетті. Осы туралы мен 2006 жылы шыққан «Жұсып-қажы Сатыбалдыұлының қолжазбалаларынан» (ЖШС «КазМедиа Групп» орталығы, Алматы) деген кітəптің 5 бетінде жаздым. Көп жыл Бəйімбет бабамызды менің іздестірмеген себептерім:

· Совет кезеңінде жас маман болғасын жұмыстан сұранудың қиындығы, демалыстың

аздығы;

· 1991-1997 жылдағы қаражаттың тапшылдығы;

· Əке-шешенің сал болып аурғандықтан күтімнің керектігі (1997-2005 ж.)

Екінші

Елден бірінші болып 2004 жылы Мұхаммед Мезгілбайтегі «Бəйімбет» (Алматы, Абзал-

Ай баспасы) атты кітап шығарды. Мұхаммед ағамыз Бəйімбет ауылының азаматы, Алматының

КазГуын бітірген, мамандығы журналист, лауазымды қызметтерде істеген. Көп жыл

Казтелерадионың бас редакторы болып, жасы келгесін зейнеткерлікке шықты. Бұл кітапта

Ресей жеріндегі Бəйімбет елінің тарихы, ел азаматтары көркем суреттелген жəне Бəйімбет

батырдан тараған ұрпақтың шежіресі жазылған.

Үшінші__

Мен Абзал ағаммен 2008 жылдың тамыз айында əдейілеп кесенеге барғанымызда

көргеніміз - зираттардың барлығы алынып тасталғандықтан жерленген 130 адамдардың (хандардың, сұлтандардың, билердің, батырлардың) тізімі тақтаға жазылыпты. Бірақта сол тізімде Бəйімбет бабамызды таба алмадық. Біз Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің басқару мекемесінің ғимаратына келіп ғылыми бөлімінің бастығы Рахия Сүлейменқызымен кездестік.

Ол кісі бізге 1977 жылдан бастап кесенеде жүргүзілген жұмыстарды атады, шығарылған кітəптарды көрсетті. Бірақта арасынан Бəйімбет бабамыз туралы деректер болмады. Қазба жұмыстарын жүргізгенде 1000 адамнан артық адамдардың сүйектері табылып кесененің бір бөлмесіне жерленген екен. Рахия Сүлейменқызы бізге Бəйімбет бабамыздың жерленгені туралы деректер, тарихи дəлелдер болса алып келіңдер, зерттегеннен кейін шешім қабылданады деді.

Əттең дүние, осындай батыр аталарымыздың өмір тарихын, жауынгерлігін ертегідей

айтып отыратын, ескі əңгімелерді рет-ретімен, жөн-жөнімен өрбітіп, сала-саласымен таратып айтып беретін баяғы қариялар бұл күнде дүниеден өткен.

Ал, оқыған, көзі ашық, ескіні де, жаңаны да білетін есті азаматтардың алғашқы легін

1918-1928 жылдары «бай, құлақ» деп бір құртты, қала берді 1937 жылы «халық жауы» деп екі құртты, одан кейінгі зиялы азаматтардың бір толқынын 1941-1945 жылғы соғыс жалмады.

Солардан қалған біздің əкеміз Жұсып қажы, оның замандастары, ауылдастары, достары (Мұқаш, Ғазез, Сөйін, Қабдолла, Мұқатай, Шəмшидден, Мұхаммеджан, Қабыш т.б.) өз заманында қуғын-сүргін көріп кеңес үкіметінің құрсауынан қорқып өмір сүргендер. Олар Кеңес үкіметін орнату кезіндегі тұрмыстың қиыншылығынан, соғыстың əуре азабынан үлкен ұлағат алған топ. Сондықтан да жүректері шайлы болып өскен. Түйгенімді айтсам – бұл кезеңде өмір сүрген азаматтардың мақсаты Бəйімбет ұрпағын Ресей жерінде аман алып қалу,

жалғастыру еді. Өмір оны көрсетіп отыр - олар оны орындады да.

Төртінші

2009 жылы Найман Хайролла «Дүние Даурен» (Дəуір баспасы, Алматы) атты кітап

шығарды. Хайролла ағам менің əкем Жүсіп-қажының туған інісі, Бəйімбет ауылының азаматы, қажы. Алматының Нархозын бітірген, мамандығы экономист, көп жылдар Алматы саудасын басқарған. Зейнетке шыққасын бұл кітапта Бəйімбет батырдың Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін, елінің тарихын, ел азаматтарын жəне өз жанұясы туралы көркем естелік жазды.

Бесінші

Мен 2010 жылдың қаңтар айында əдейілеп Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып

тағыда Рахия Сүлейменқызымен жолықтым. Қызметі өзгергендіктен ғылыми бөлімінің

жаңадан келген бастығы Нұрлан Дүкенбаевен таныстырды. Өзіммен əкелген дерек-кітəптарды көрсеткеннен кейін, тағыда қосымша деректердің (қосымша мақалалар, кітəптар) қажеттілігі екені белгіленді. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы директоры Садықбек Мəулен Жарылқасынұлымен танысып Бəйімбет бабамыздың атын тізімге тіркеуін сұрап өтініш жаздым. Осы өтінішті қанағаттандыру үшін Кесененің ғылыми бөлімі тапсырылған жəне қосымша қосатын деректерді зерттегеннен кейін Бəйімбет атамыз туралы арнайы шешім қабылдайтын болды.

Алтыншы

«ПРЕЗИДЕНТ жəне ХАЛЫҚ» газетіне (№ 11 (237), 12 наурыз, жұма, 2010жыл) 6 бетте

Бəйімбет батыр атты мақала шықты – авторы Ғалымжан Найманов. (Қосымша№ 1)

Жетінші

«ҚАЗАҚ» газетіне (№ 21-22 (482-483), 21-28 мамыр, жұма, 2010 жыл) 8 бетте

Бəйімбет батыр атты мақала шықты – авторы Қанат Тəкебаев. (Қосымша№ 2)

Сегізінші

Бəйімбет батыр туралы жазылып шығарылған осы кітап.

Осы мақалаларға орай мен де өз ойымды айтайын. Мың өлiп, мың тiрiлiп, осыншама

кеңбайтақ жердi, елдi сақтап келген ата-бабалар ерлiгiн қанша жазсақ та көптiк етпейдi. Бүгiнгi бiздер үшiн жанын пида еткен, батыр бабаларымыздың тарих қойнауынан ортамызға қайта оралғанына қуанамыз. Əлi де болса тарих өзiнiң сан ғасырлық қатпарларында сансыз батырларды, билердi, əулиелердi жасырып жатқаны күмəнсiз. Уақыты келгенде оларды зерттеп, тарихи шындықты қалпына келтiрiп, тарихтағы өз орнын беру – бiздiң бабалар аруағының алдындағы ұрпақтық ұлы мiндетiмiз.

Мақалада айтылып отырған Бəйімбет батыр да сондай елеуге, ел тарихына қайта

оралуға тиiстi тұлғаның бiрi екенi анық. Сол себептен де қазiргi ұрпақтарының іздеу салып, жоқшы болып жатқаны кiм-кiмдi де қуантарлық əрi құптарлық..

Ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Жауын қуып, өрт боп тынбай жортқан__

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Даланың селі, желі, шелі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!

Шындығында ерлер туралы туған жер де, сағымды бел де, соққан жел де, қуарған шөл

де сөйлеп жатқанда, кейінгі ұрпақтарының борышы Бəйімбет батырдың өмірі мен ерліктері жөніндегі деректерді құнттап жинап құнды еңбек жазу.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға