Жаңалықтар

V БӨЛІМ

Нұрбек асудың қырына жеткенше әбден сілесі қатып қалжырады. Ол еш уақытта адам баласының аяғы басып көрмеген қалың қарда оппалап малтығып келеді. Асуда ысқаяқ ызғырық денені түршіктіріп тұр. Нәр татпағанына міне, бір тәулік болып қалды. Тезірек етекке жету керек, онан малшылардың киіз үйлері кездесіп қалуы мүмкін. Асудан тау баурайы түгел жақсы көрінеді. Төменде, сонау шатқалда үлкен өзен ағып жатыр. Бірақ Нұрбек ешқандай адам тұрағының ізін көре алмады. Ол әбден болдырып тасқа отыра кетті де, қос қолымен бетін басты. «Мынау мелшиген меңіреу таудың ішінде мен сияқты қаңғып жүрген бір ақымақ болмаса, адамдар қайдан болсын!» деп ойлады Нұрбек. Ол басын бұрынғыдан да салбыратып жіберіп көзін жұмды....Жел қапы ұйтқи қалса от ия шалқып барып маздап кетеді, ия мүлде өшіп қалады. Бұрынғы Нұрбек қазір өшкен. Қазіргі Нұрбек - бір үзім нанға зар, от жағып жылынатын панаға зар, қашып келе жатқан қашқын....«Ой, Айнагүлімнің нағашысының ауданына қашан жетер  екенмін? - деп ойлады Нұрбек. - Осы асудан әрі екі күндік жер дескен еді. Одан жолға жетерлік ақша алар едім, қалаға келген соң енді қайтып тың жерді ауызға алмасқа Айнагүлге ант етер едім!» Нұрбек сол тұрды да, төмендегі өзенге қарай жүрді. Асудың үстінен қарағанда бәрі де көрініп тұр, жол оңай сияқты. Бірақ біраздан соң Нұрбек тау-тау үшкір тастардың ортасында қалды, төңіректе тастан басқа еш нәрсе көрінбейді. Нұрбек қорқайын деді. Мынау тас шатқалдан тезірек шығып кету үшін ол жүгіре басып келеді. Түн жақындап қалғандай, лезде ымырт үйіріле бастады. Нұрбек басын көтеріп еді, төбеде төніп тұрған қап-қара бұлтты көрді. Енді жүрісін жылдамдата түсті. Күн күркіреп, кесек-кесек тамшы бетін шылп-шылп ұра бастады. Сонан соң суылдаған ызғырықпен ілесе бұршақ сатырлай жөнелді де, арты нөсерге ұласты. Аспанда саңылау қалдырмай торлап алған қалың бұлт қорғасындай ауырлап жер бауырлай шөгіп жатыр. Әбден қараңғы түсіп кетті. Нұрбек қайда тығыларын білмеді. Ол ыңғайлы орын іздеп алас ұрды. Ал найзағай, оның нағыз бір не істеп, не қойып жатқанын білгісі келгендей-ақ, жер-көкті жап-жарық қып, қақ қасындағы жартасқа шағылысады.Күркіреген күмбір «Аха-халап» күлген дәу пері тәрізді. Нұрбектің есі шығып кетті. Қайда барып, не істерін білмеді. ІІІыңнан құлаған бір үлкен тас мұның басынан жоғары өте шықты. Тастың соңынан тағы бірнеше тас ілесе құлады да, жолдағының бәрін жайпап, суси жөнелді. Нұрбек шегіншектеп барды да, төменге ұшып түсті... Бірнеше күннен кейін Нұрбек алғаш рет аулаға шықты. Бірақ жаншылған аяғы әлі де қақсай береді. Ақсап жүр,оның үстіне жөтелі де әлі басылмапты. Тауып алып, бағыпқаққан адамдар, ешқашанда Нұрбектің есіне сәтсіз оқиғаны салмауға уәделесіп қойғандай. Әйтеуір бұл туралы отырғандардың әңгіме қылғанын ол естіген емес. Рас, Әсия өз пікірін бірден ашық айтты: Мен сіздің орныңызда болсам басқаша істеген болар едім! Жауапкершіліктен қорыққан адам...- Әсия сөзін аяқтамай, Нұрбекке аянышты көзбен бір қарады да, ауыр күрсініп қойды,- Сіз міне, бәрін де жасырмай айтып бердіңіз, сіз соны істеді дегенге мен тіпті сенбеймін!.. Нұрбек сәл көңілденіп қалды: «Әсия мені түсінді,-деп ойлады ол.- Қалай дегенмен мен соншалықты жаман адам болмауым керек. Ол маған сенді. Ал, бірақ басқалар сенер ме?» Бірақ бір минуттен кейін ол басқаша ойлады: «Неге бұлар мені хабарлап ұстап бермейді? Әлде менің төсектен тұрып әбден сауығуымды күтіп жүр ме? Менің қылмысты екендігім өтірік пе? Ия, мен біткен адаммын! Мені аяудың ешбір қажеті жоқ, мен жазамды алуға тиіспін!..» Ал, Айнагүл есіне түскенде, ол басқаша ойлады: «Жоқ, мен бұл жерден дереу кетуім керек. Әбден мезі боп біттім. Мен Айнагүлге қайтып ораламын да, онымен тып-тыныш, бақытты өмір сүреміз». Ұйқысыз өткізген түндерде Нұрбек анау күні неге моторы өшіп қалғандығын жұртқа қалай түсіндіретіндігін ойлайтын. Кәдімгі тракторлар биік таулы жердің жағдайында  жұмыс істеуге жарамайтындығы айқын еді. Таулы жердежұмыс  істеу үшін тракторларды жақсарту жөнінде оның  кейбір ойлары да жоқ емес... Бірақ, мұның бәрінің енді не керегі бар... Енді ол қайтып барып жұрт бетіне қалай қарамақ?   Күнде таңертең Әсия мен Гидротехник Бектемір екеуі  кермедегі қорап-бесікке отырады да, шығырды бұрай отырып, өзеннің арғы бетіне өте шығады. Одан әрі қарай олар  өзенді жағалап Байдамталдың басталар жеріне, қарлы шыңға барады. Онда Әсия өзінің бақылау «жұмыстарын жүргізеді. Нұрбек оларды өткелге дейін шығарып салады да, кейін  қайтады. Күні бойы ол Асылбаймен бірге болады. Шал,баласы Бектемірдей емес, әңгімешіл, ақжарқын адам екен. Жас мөлшері жетпістер шамасына келіп қалғанына қарамастан, қашан көрсең де бір шаруа үстінде күйбеңдеп жүргені. Осы бір ұзын бойлы, арықтау келген шалдың көздері әлі де жайнап тұр. Олар дүниеге әлдебір қызықты жаңалық іздеп, әрқашан іздену үстінде сияқты. Бүгін Асылбай оны қолынан тартып, бір құпиясы бардай-ақ, «жүрші, мен саған бірдеңе көрсетейін!» - деді. Ол Нұрбекті күнгей жақ етегіне жас алма ағаштары егілген шағындау бір дөңге ертіп келді. Он бес қаралы ағаш бар екен. Бір ағашта қызғылт гүл шешек атып тұр. -         Бұл бірінші! - деді Асылбай сыбырлап.- Алма ағаштарын қаладан Әсияның өзі әкелді. «Қызым-ау, бұларды  несін әкелдің? Бұл жердің суығына алма шыдай ма? Қой, Әсия, бұлар бұл жерде өспейді!» - деп, сонда мен таң қалып едім. «Сіз оны қайдан білесіз? Өспейді деп неліктен ойлайсыз? - деп сұрады ол.- Тексеріп, бақылап көру керек?» -Сонда мен ұялып қалған едім... Ал, енді қарашы, екі-ақ жыл өтті... Алғашқы гүл пайда болды... Әсия әлі білмейді. Көрсе - қуанып секіретін болар... Өйтпегенде ше, бұл үлкен іс... Байдамталға ел қоныстанғанда, олардың бау-бағы болады!.. Таңертең ерте күн көзі тау иығынан қылтиып, сәулесі өзенге шөгіп жатқан кілегей мұнарды сейілткен шақта Нұрбек Әсияны күндегісінше өткелге шығарып салуға шықты. Неге екені белгісіз, Байдамталға жақындаған сайын Әсияның ылғи толқуда болатынын байқайды ол. Әсия кенет өзгере қалып, айналаға әр масаттана қарайды да, Нұрбекті қалдырып, жағаға жүгіріп келеді. Судан сорайып шығып тұрған мына бір тас Әсияға өте ұнайды. Ол осы тасқа жүгіріп шығатын да, қақ жағаға тоқтайтын. Ол асау толқынды сүйсіне тыңдап, алғашқы күн нұрына бетін тосатын. Әдетте Байдамталдың асау арнасын нұсқап әлдене деп айқайлайтын. Бірақ оның сөздерін күркіреген өзен дауысы естіртпейтін. Тек анда-санда ғана: «Ай-и-и! Нұрбек!.. Қара... Байдамтал...» - деген сияқты үзік-үзік сөздер ғана құлаққа шалынатын. -         Немене дейсің? Даусың естілмейді, Әсия! Қыз сақ-сақ күліп, қолын шапалақтайды. Бірақ бүгін Әсия жартасқа жүгірген жоқ. Сен зерігіп жүрген жоқсың ба, Нұрбек? - деді де, тоқтай қалып, көздеріне қадала қарады.- Сен ана кітапты оқып біттің бе? Әбден жазылып, сауыққан соң бізбен бірге шыңға шығасың. Мен саған өзімнің тәжірибе жұмыстарымды көрсетемін. Онда көптеген қызық нәрселерді көруге болады.- Әсия сәл ойланып қалды да, сөзін жалғады:-Ал, бүгін Герценнің «Өткен күндер, ой-толғауларын» тауып ал. Оқып шық, менің ең жақсы көретін кітабым. Мен мақсатына жетуге берік, күшті, күрескер адамдарды жақсы көремін. -     Жарайды, жақсы, Әсия. Әсия тағы бірдеңелер айтпақ бола бергенде, бұлар өзенге жетіп қалды. Нұрбек Әсияның қорап-бесікке көтерілуіне көмектесті. -            Біз тез ораламыз! - деп айқайлады қыз. Арғы жағаға шыққаннан кейін Әсия Нұрбекке: «Үйге қайт! Бұл жерде тұрма! Жөтел тиіп қалады!» дегендей қолын сермеді. Және ұзап бара жатып артына қарап бірнеше рет тоқтап, қолын сермеді.  Нұрбек өткелдің жанында тұрып олар қара үзгенге дейін көзбен шығарып салды. Содан соң ол кейін қайтудың орнына қия тас жолмен құлдилап отырып өзенге келді де, судың шетіндегі тасқа отырды. Байдамтал әдеттегіше гүрілдеп, ыңыранып жатыр. Су жиегіндегі майда толқын Нұрбектің аяғына қайта-қайта келіп соғады. Бейне бір: «Кет! Жақыңдама!» - деп жатқан тәрізді. Нұрбек аяқтарын тартпады. Мазасыз толқын оның етегіне лай кебігін қалдырып шегініп кетті де, қайта оралды. Нұрбек мырс етіп күліп қойды. Байдамтал сонау тау шатқалдарының ішінен басталады. Онда мәңгі қар, мұз. Өзен солардан ағады. Демек, егер адам қардың еру процесін басқара білсе, онда ол Байдамталды да басқара алады деген сөз. Бұл әзірге проблема, бірақ сонны шешуге кіріскен адам - шын батыл, ер жүрек адам. Нұрбек орнынан тұрып, Байдамталдың арнасына қарай отырып, жиектегі су шайған дымқыл қайранда сабырсыз ғана аяңдап келеді. Осы туралы айтқанда Әсия бір түрлі адам танымастай өзгеріп кетеді. Оның ойлы көздері жайнап, әлдене бір күшті жарқын дүние сезілгендей болады. «Өзің, тек ойлашы, Нұрбек! Біздің колхозшылардың ми қайнар аспанға алақанын жайып жалбарынып, жауын күтіп отырудан құтылатын уақыты бар ма? Өзеннің басталуын өзіне бағындырған адам, далаға қанша су керек болса сонша бере алады!» Ал, Байдамталдың болашағы туралы осындай сөз болса, Асылбай шал тәңіріне жалбарына жағасын ұстайды. -        О, тоба! - дейді ол әдетте басын шайқап.- Ендігі жастардың ісінде шек жоқ! Тек ойлап қарашы, кейде тіпті құдайдың өзімен бәсекелесуге тұратын іске ұмтылады. Біздің Әсия, құдай бұйырса дегеніне жетеді. Қасиетті адамдар жоқ деседі, сонда да, менің ойымша, Әсия жұртқа сол әулиенің өзі болады... Қар мен суды басқару ойыншық емес қой! Мейлі, күлген жұрт күле берсін, мен өз басым Әсия сияқты жастарға қатты сенемін. Халқының қамы үшін тырысқан адам қашан да дегеніне жетпек... Оған халық көмектеседі. Нұрбек аспалы өткелдің жанына тоқтап тұрып, ойға шомды. «Тезірек Әсия келсе екен! Уақыт қандай баяу өтеді». Ол өз ойынан өзі шошып қалды. Байқап қара- са, ойына қайта-қайта Әсия орала беретіндігін аңғарды. «Бұл неліктен? - деп сұрады Нұрбек өзінен-өзі,- Әсияны ұнатып қалғаннан саумын ба? Қой, қой, жынданған шығарсың, бұлай болмауы тиіс! Мен ол туралы әншейін жай ғана ойладым, маған тек солай көрінге болу керек! Махаббат бұлай келмейді. Мен оны қатты сыйлаймын, өзімнің туған қарындасым, досым деп санаймын, ал, ия, біздің арамызда махаббат болуы мүмкін емес... Ия, ия! Сөзді қой, ұмыт, ойыңа да алушы болма!» Бірақ, биіктен бір тас құласа мың тасты ала кетеді. Әсия туралы ойламаймын деп қаншама өзін-өзі қинаса да, онысынан ештеме шықпады. Ойлары қайта-қайта Әсияға орала берді. Ол не істерін білмеді. Нұрбек шынында да шошиын деді. «Асылбайға барып біраз мылжыңдасайын, мүмкін ұмытылар!» - деген қорытындыға келді. Бірақ, бүгін оның әңгімесі шалмен де жарасып кете алмады. Бүгін саған не болған, бірдеңеңді жоғалтқаннан саумысың? - деп сұрады таң қалған Асылбай. Ол қолындағы шауып сұптап отырған ағашын алып қойып, Нұрбектің ма- засыз пішініне үңіле қарады. -         Жоқ! - деп Нұрбек күңк ете қалды да, бөлмеге кірді. Герценнің кітабын алып, екі беттейін оқыды да, сосын оны жауып қойып, терезеден тауға қарады. «Шынында да мен бір нәрсені жоғалтқан болуым керек! - деді ол дауысын шығарып. - Ол не болды екен, еске түсіру керек!» Кенет- тен тағы да даусы шығып кетті. - Әсия қашан келер екен? -        Жетер енді! - деп Нұрбек асықпай столды жұдырығымен ұрып қалды.- Оның жұмысы мен өміріне кедергі жасауға қақың жоқ! Ойыңа алушы болма, бекер мазалама. Нұрбек үйден жүгіре шығып, қайтадан өзенге кетті. Ол манағы тасқа келіп отырды да, екі қолымен басын қыса ұстады. «Сүйемін сені деп айтуға қалай аузың барады! - деп ойлады Нұрбек,- Әсия болса осынау иесіз меңіреу тауда халыққа баға жетпес үлкен іс істеу үшін жүр... Ал, сен, сен кімсің? Және, әрине, Әсия мені ешқашанда сүймейді. Оған өзіне тең басқа адам табылады!..» Толқындар тағы да сырғанап келіп Нұрбектің аяғына соғып жатты. Олар: «Кет, өшір қараңды!» дейтін сияқты.
21.11.2013 09:15 3221

Нұрбек асудың қырына жеткенше әбден сілесі қатып қалжырады. Ол еш уақытта адам баласының аяғы басып көрмеген қалың қарда оппалап малтығып келеді. Асуда ысқаяқ ызғырық денені түршіктіріп тұр. Нәр татпағанына міне, бір тәулік болып қалды. Тезірек етекке жету керек, онан малшылардың киіз үйлері кездесіп қалуы мүмкін. Асудан тау баурайы түгел жақсы көрінеді. Төменде, сонау шатқалда үлкен өзен ағып жатыр. Бірақ Нұрбек ешқандай адам тұрағының ізін көре алмады. Ол әбден болдырып тасқа отыра

кетті де, қос қолымен бетін басты. «Мынау мелшиген меңіреу таудың ішінде мен сияқты қаңғып жүрген бір ақымақ болмаса, адамдар қайдан болсын!» деп ойлады Нұрбек. Ол басын бұрынғыдан да салбыратып жіберіп көзін жұмды....Жел қапы ұйтқи қалса от ия шалқып барып маздап кетеді, ия мүлде өшіп қалады. Бұрынғы Нұрбек қазір өшкен. Қазіргі Нұрбек - бір үзім нанға зар, от жағып жылынатын панаға зар, қашып келе жатқан қашқын....«Ой, Айнагүлімнің нағашысының ауданына қашан жетер  екенмін? - деп ойлады Нұрбек. - Осы асудан әрі екі күндік жер дескен еді. Одан жолға жетерлік ақша алар едім, қалаға келген соң енді қайтып тың жерді ауызға алмасқа Айнагүлге ант етер едім!» Нұрбек сол тұрды да, төмендегі өзенге қарай жүрді. Асудың үстінен қарағанда бәрі де көрініп тұр, жол оңай сияқты. Бірақ біраздан соң Нұрбек тау-тау үшкір тастардың ортасында қалды, төңіректе тастан басқа еш нәрсе көрінбейді. Нұрбек қорқайын деді. Мынау тас шатқалдан тезірек шығып кету үшін ол жүгіре басып келеді. Түн жақындап қалғандай, лезде ымырт үйіріле бастады. Нұрбек басын көтеріп еді, төбеде төніп тұрған қап-қара бұлтты көрді. Енді жүрісін жылдамдата түсті. Күн күркіреп, кесек-кесек тамшы бетін шылп-шылп ұра бастады. Сонан соң суылдаған ызғырықпен ілесе бұршақ сатырлай жөнелді де, арты нөсерге ұласты. Аспанда саңылау қалдырмай торлап алған қалың бұлт қорғасындай ауырлап жер бауырлай шөгіп жатыр. Әбден қараңғы түсіп кетті. Нұрбек қайда тығыларын білмеді. Ол ыңғайлы орын іздеп алас ұрды. Ал найзағай, оның нағыз бір

не істеп, не қойып жатқанын білгісі келгендей-ақ, жер-көкті жап-жарық қып, қақ қасындағы жартасқа шағылысады.Күркіреген күмбір «Аха-халап» күлген дәу пері тәрізді. Нұрбектің есі шығып кетті. Қайда барып, не істерін білмеді. ІІІыңнан құлаған бір үлкен тас мұның басынан жоғары өте шықты. Тастың соңынан тағы бірнеше тас ілесе құлады да, жолдағының бәрін жайпап, суси жөнелді. Нұрбек шегіншектеп барды да, төменге ұшып түсті...

Бірнеше күннен кейін Нұрбек алғаш рет аулаға шықты. Бірақ жаншылған аяғы әлі де қақсай береді. Ақсап жүр,оның үстіне жөтелі де әлі басылмапты. Тауып алып, бағыпқаққан адамдар, ешқашанда Нұрбектің есіне сәтсіз оқиғаны салмауға уәделесіп қойғандай. Әйтеуір бұл туралы отырғандардың әңгіме қылғанын ол естіген емес. Рас, Әсия өз пікірін бірден ашық айтты:

Мен сіздің орныңызда болсам басқаша істеген болар едім! Жауапкершіліктен қорыққан адам...- Әсия сөзін аяқтамай, Нұрбекке аянышты көзбен бір қарады да, ауыр күрсініп қойды,- Сіз міне, бәрін де жасырмай айтып бердіңіз, сіз соны істеді дегенге мен тіпті сенбеймін!.. Нұрбек сәл көңілденіп қалды: «Әсия мені түсінді,-деп ойлады ол.- Қалай дегенмен мен соншалықты жаман адам болмауым керек. Ол маған сенді. Ал, бірақ басқалар сенер ме?» Бірақ бір минуттен кейін ол басқаша ойлады: «Неге бұлар мені хабарлап ұстап бермейді? Әлде менің төсектен тұрып әбден сауығуымды күтіп жүр ме? Менің қылмысты екендігім өтірік пе? Ия, мен біткен адаммын! Мені аяудың ешбір қажеті жоқ, мен жазамды алуға тиіспін!..» Ал, Айнагүл есіне түскенде, ол басқаша ойлады: «Жоқ, мен бұл жерден дереу кетуім керек. Әбден мезі боп біттім. Мен Айнагүлге қайтып ораламын да, онымен тып-тыныш, бақытты өмір сүреміз». Ұйқысыз өткізген түндерде Нұрбек анау күні неге моторы өшіп қалғандығын жұртқа қалай түсіндіретіндігін ойлайтын. Кәдімгі тракторлар биік таулы жердің жағдайында  жұмыс істеуге жарамайтындығы айқын еді. Таулы жердежұмыс  істеу үшін тракторларды жақсарту жөнінде оның  кейбір ойлары да жоқ емес... Бірақ, мұның бәрінің енді не керегі бар... Енді ол қайтып барып жұрт бетіне қалай қарамақ?   Күнде таңертең Әсия мен Гидротехник Бектемір екеуі  кермедегі қорап-бесікке отырады да, шығырды бұрай отырып, өзеннің арғы бетіне өте шығады. Одан әрі қарай олар  өзенді жағалап Байдамталдың басталар жеріне, қарлы шыңға барады. Онда Әсия өзінің бақылау «жұмыстарын жүргізеді. Нұрбек оларды өткелге дейін шығарып салады да, кейін  қайтады. Күні бойы ол Асылбаймен бірге болады. Шал,баласы Бектемірдей емес, әңгімешіл, ақжарқын адам екен. Жас мөлшері жетпістер шамасына келіп қалғанына қарамастан, қашан көрсең де бір шаруа үстінде күйбеңдеп жүргені. Осы бір ұзын бойлы, арықтау келген шалдың көздері әлі де жайнап тұр. Олар дүниеге әлдебір қызықты жаңалық

іздеп, әрқашан іздену үстінде сияқты. Бүгін Асылбай оны қолынан тартып, бір құпиясы бардай-ақ, «жүрші, мен саған бірдеңе көрсетейін!» - деді. Ол Нұрбекті күнгей жақ етегіне жас алма ағаштары егілген шағындау бір дөңге ертіп келді. Он бес қаралы ағаш бар екен. Бір ағашта қызғылт гүл шешек атып тұр.

-         Бұл бірінші! - деді Асылбай сыбырлап.- Алма ағаштарын қаладан Әсияның өзі әкелді. «Қызым-ау, бұларды  несін әкелдің? Бұл жердің суығына алма шыдай ма? Қой, Әсия, бұлар бұл жерде өспейді!» - деп, сонда мен таң қалып едім. «Сіз оны қайдан білесіз? Өспейді деп неліктен ойлайсыз? - деп сұрады ол.- Тексеріп, бақылап көру керек?» -Сонда мен ұялып қалған едім... Ал, енді қарашы, екі-ақ жыл өтті... Алғашқы гүл пайда болды... Әсия әлі білмейді. Көрсе - қуанып секіретін болар... Өйтпегенде ше, бұл үлкен іс... Байдамталға ел қоныстанғанда, олардың бау-бағы

болады!.. Таңертең ерте күн көзі тау иығынан қылтиып, сәулесі өзенге шөгіп жатқан кілегей мұнарды сейілткен шақта Нұрбек Әсияны күндегісінше өткелге шығарып салуға шықты. Неге екені белгісіз, Байдамталға жақындаған сайын Әсияның ылғи толқуда болатынын байқайды ол. Әсия кенет өзгере қалып, айналаға әр масаттана қарайды да, Нұрбекті қалдырып, жағаға жүгіріп келеді. Судан сорайып шығып тұрған мына бір тас Әсияға өте ұнайды. Ол осы тасқа жүгіріп шығатын да, қақ жағаға тоқтайтын. Ол асау толқынды сүйсіне тыңдап, алғашқы күн нұрына бетін тосатын. Әдетте Байдамталдың асау арнасын нұсқап әлдене деп айқайлайтын. Бірақ оның сөздерін күркіреген өзен дауысы естіртпейтін. Тек анда-санда ғана: «Ай-и-и! Нұрбек!.. Қара... Байдамтал...» - деген сияқты үзік-үзік сөздер ғана құлаққа шалынатын.

-         Немене дейсің? Даусың естілмейді, Әсия! Қыз сақ-сақ күліп, қолын шапалақтайды. Бірақ бүгін Әсия жартасқа жүгірген жоқ. Сен зерігіп жүрген жоқсың ба, Нұрбек? - деді де, тоқтай қалып, көздеріне қадала қарады.- Сен ана кітапты оқып біттің бе? Әбден жазылып, сауыққан соң бізбен бірге шыңға шығасың. Мен саған өзімнің тәжірибе жұмыстарымды көрсетемін. Онда көптеген қызық нәрселерді көруге болады.- Әсия сәл ойланып қалды да, сөзін жалғады:-Ал, бүгін Герценнің «Өткен күндер, ой-толғауларын» тауып ал. Оқып шық, менің ең жақсы көретін кітабым. Мен мақсатына жетуге берік, күшті, күрескер адамдарды жақсы көремін. -     Жарайды, жақсы, Әсия. Әсия тағы бірдеңелер айтпақ бола бергенде, бұлар өзенге жетіп қалды. Нұрбек Әсияның қорап-бесікке көтерілуіне

көмектесті. -            Біз тез ораламыз! - деп айқайлады қыз. Арғы жағаға шыққаннан кейін Әсия Нұрбекке: «Үйге қайт! Бұл жерде тұрма! Жөтел тиіп қалады!» дегендей қолын сермеді. Және ұзап бара жатып артына қарап бірнеше рет тоқтап, қолын сермеді.  Нұрбек өткелдің жанында тұрып олар қара үзгенге дейін көзбен шығарып салды. Содан соң ол кейін қайтудың орнына қия тас жолмен құлдилап отырып өзенге келді де, судың шетіндегі тасқа отырды. Байдамтал әдеттегіше гүрілдеп, ыңыранып жатыр. Су жиегіндегі майда толқын Нұрбектің аяғына қайта-қайта келіп соғады. Бейне бір: «Кет! Жақыңдама!» - деп жатқан тәрізді. Нұрбек аяқтарын тартпады. Мазасыз толқын оның етегіне лай кебігін қалдырып шегініп кетті де, қайта оралды. Нұрбек мырс етіп күліп қойды. Байдамтал сонау тау шатқалдарының ішінен басталады. Онда мәңгі қар, мұз. Өзен солардан ағады. Демек, егер адам қардың еру процесін басқара білсе, онда ол Байдамталды да басқара алады деген сөз. Бұл әзірге проблема, бірақ сонны шешуге кіріскен адам - шын батыл, ер жүрек адам. Нұрбек орнынан тұрып, Байдамталдың арнасына қарай отырып, жиектегі су шайған дымқыл қайранда сабырсыз ғана аяңдап келеді. Осы туралы айтқанда Әсия бір түрлі адам танымастай өзгеріп кетеді. Оның ойлы көздері жайнап, әлдене бір күшті жарқын дүние сезілгендей болады. «Өзің, тек ойлашы, Нұрбек! Біздің колхозшылардың ми қайнар аспанға алақанын жайып жалбарынып, жауын күтіп отырудан құтылатын уақыты бар ма? Өзеннің басталуын өзіне бағындырған адам, далаға қанша су керек болса сонша бере алады!» Ал, Байдамталдың болашағы туралы осындай сөз болса, Асылбай шал тәңіріне жалбарына жағасын ұстайды. -        О, тоба! - дейді ол әдетте басын шайқап.- Ендігі

жастардың ісінде шек жоқ! Тек ойлап қарашы, кейде тіпті құдайдың өзімен бәсекелесуге тұратын іске ұмтылады. Біздің Әсия, құдай бұйырса дегеніне жетеді. Қасиетті адамдар жоқ деседі, сонда да, менің ойымша, Әсия жұртқа сол әулиенің өзі болады... Қар мен суды басқару ойыншық емес қой! Мейлі, күлген жұрт күле берсін, мен өз басым Әсия сияқты жастарға қатты сенемін. Халқының қамы үшін тырысқан адам қашан да дегеніне жетпек... Оған халық көмектеседі. Нұрбек аспалы өткелдің жанына тоқтап тұрып, ойға

шомды. «Тезірек Әсия келсе екен! Уақыт қандай баяу өтеді». Ол өз ойынан өзі шошып қалды. Байқап қара-

са, ойына қайта-қайта Әсия орала беретіндігін аңғарды. «Бұл неліктен? - деп сұрады Нұрбек өзінен-өзі,-

Әсияны ұнатып қалғаннан саумын ба? Қой, қой, жынданған шығарсың, бұлай болмауы тиіс! Мен ол туралы

әншейін жай ғана ойладым, маған тек солай көрінге болу керек! Махаббат бұлай келмейді. Мен оны қатты

сыйлаймын, өзімнің туған қарындасым, досым деп санаймын, ал, ия, біздің арамызда махаббат болуы мүмкін емес... Ия, ия! Сөзді қой, ұмыт, ойыңа да алушы болма!» Бірақ, биіктен бір тас құласа мың тасты ала кетеді. Әсия туралы ойламаймын деп қаншама өзін-өзі қинаса да, онысынан ештеме шықпады. Ойлары қайта-қайта Әсияға орала берді. Ол не істерін білмеді. Нұрбек шынында да шошиын деді. «Асылбайға барып біраз мылжыңдасайын, мүмкін ұмытылар!» - деген қорытындыға келді. Бірақ, бүгін оның әңгімесі шалмен де жарасып кете алмады. Бүгін саған не болған, бірдеңеңді жоғалтқаннан саумысың? - деп сұрады таң қалған Асылбай. Ол қолындағы шауып сұптап отырған ағашын алып қойып, Нұрбектің ма-

засыз пішініне үңіле қарады.

-         Жоқ! - деп Нұрбек күңк ете қалды да, бөлмеге кірді. Герценнің кітабын алып, екі беттейін оқыды да, сосын оны жауып қойып, терезеден тауға қарады. «Шынында да мен бір нәрсені жоғалтқан болуым керек! - деді ол дауысын шығарып. - Ол не болды екен, еске түсіру керек!» Кенет-

тен тағы да даусы шығып кетті. - Әсия қашан келер екен?

-        Жетер енді! - деп Нұрбек асықпай столды жұдырығымен ұрып қалды.- Оның жұмысы мен өміріне кедергі жасауға қақың жоқ! Ойыңа алушы болма, бекер мазалама. Нұрбек үйден жүгіре шығып, қайтадан өзенге кетті. Ол манағы тасқа келіп отырды да, екі қолымен басын қыса ұстады. «Сүйемін сені деп айтуға қалай аузың барады! - деп ойлады Нұрбек,- Әсия болса осынау иесіз меңіреу тауда халыққа баға жетпес үлкен іс істеу үшін жүр... Ал, сен, сен кімсің? Және, әрине, Әсия мені ешқашанда сүймейді. Оған өзіне тең басқа адам табылады!..» Толқындар тағы да сырғанап келіп Нұрбектің аяғына соғып жатты. Олар: «Кет, өшір қараңды!» дейтін сияқты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға