Бәйімбет ұрпағы
Біз - қазақ баласы – баққан малымыз сияқты жылқы мінездеспіз. Бізде момын қойдың
мінезі де бар. Өйткені жылқыдай өр, жылқыдай жылдам жүйрік жоқ, сонымен қабат қойдан қоңыры да мол, жалпы қазақпын деген адамның бəрінің мінезінде, құлқында тебіздік бар.
Сонымен бірге еттен өтіп, сүйекке жеткенше үндемес момындығымыз бар. Бəлкім, бұл біздің жамандығымыз шығар. Бізді шет жұрттардың иектей беретіні де осыдан болмақ-дүр. Біздің бір топтан, бір түп-түпқиыннан тарайтынымызды ұранымыз «Алаш»-ақ айтып тұр. Қазақ қашанда жауға атасын айтып шабады. Мұны ілгеріде өткен ғаламда аты қазанған ілім иелері де айтады.
Біздің елде Бəйімбет атамыздың, батыр балаларының атын атап балуандар күреске шығатын.
Бəйімбет батыр - менің жетінші атам. Бəйімбет батырдың 7 баласы болған: Қарақожа,
Биқожа, Байқожа, Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір. Биқожа батырдан тараған менің немерем Мадиярға Бəйімбет батыр тоғызыншы атасы болады. Бəйімбет батырдың үлкен баласы Қарақожаның ұрпақтары онға жетті. Бір ұрпақтың арасын 30 жылдан есептесек Бəйімбет батырдың дүниеге келгеніне 300 жылдай болады. Бұл Абылай ханның (1711-1781) заманы, жоңғарлармен көп жыл соғысып жеңген кезеңі.
Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров «Қазақ шежіресі хақында» кітəбіндағы деректер
бойынша:
· 17-18 ғасырда Керейдің Күрсары руы (Сақал, Бурас, Дуадақ, Төбет, Сары аталары)
арғындармен (Атығай руы), уақ жəне қыпшақтармен араласып бірге Есіл өзенінің бойында,
Көкшетау маңайы жəне Ертіс өзенінің бойында Железинка бекінісінен Омбы бекінісіне дейін
көшіп жүреді.
· 19-20 ғасырда Күрсары руы аталарының қоныстары Үлкен Қарой көлінің солтүстігімен шығысына (Сақал атасы), Теке көлінің төңірегінде жəне одан əрі солтүстік-шығысқа қарай Ом өзеніне дейін (Бурас атасы), Сілеті,Теңіз көлінің шығыс, солтүстік жəне батыс жағында (Дуадақ, Төбет аталары) орналасқан. Сары атасы Ертіс бойында, Ом өзені құяр жерде, сондай-ақ Омбының батысына таман көшіп жүрген.
Алайда Бəйімбет атамыздың кейінгі ұрпақтары (соның ішінде Найман – Бірман
аталарымыз) бұрынғы Қызылту ауданында (қазіргі Ақжар) Кіші жəне Үлкен Қарой деген жерді мекендеген екен.
Тəуелсіздік алып, дербес мемлекет атануымызда осындай жаужүрек ұлы бабаларымыз Өтебай, Бəйімбет, Асан, Үсен батырлар жəне балаларының есімімен тығыз байланысты. Батыр атануы үшін, бүкіл исі қазаққа аты қалуы үшін, атамыз заманында талай шабуылға қатысқаны сөзсіз. Бəйімбет атамыз 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен жəне серіктерімен ел еркіндігі жолында Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылды. Бəйімбет батыр да, ағасы Өтебай, інілері Асан, Үсен батырларда 1751-1753 жылдары Абылай ханның бірнеше шешуші шайқастарына қатысып, сенімді серіктерінің біріне айналды.