Жаңалықтар

II БӨЛІМ

«Пенциллин бітіп барады, қайтеміз?» - Нұрбектің құлағына әлдеқайда алыстан шыққаңдай еміс-еміс талып жеткен алғашқы сөздер осы еді. Бірақ бұларды кім айтқанын және кімге айтқанын білмеді. Нұрбек көзін ашайын деп еді, аша алмады, дәрмені жетпеді, тағы да түнек шыңырау түбіне құлап бара жатқандай болды. Сосын Нұрбек аузына әлдекімнің су тамызып жатқанын сезді. Сұп-суық су езуінен ағып барып, қойнына төгілді. Нұрбек көзін ашты. Бұл жолы ол өзіне төніп отырған әлдебіреудің сөзін анық естіді. -         Қараңызшы, Асылбай ата! Көзін ашты! Дауысына қарағанда не қыз немесе жас әйел болар деп топшылады Нұрбек. Бірақ бет пішінін әлі де анықтап қарай алмады, ештеңе көрмей, көз алдындағының бәрі тұманданып, бұлдырап кетті. «Тегі түс көріп жатқан болуым керек»,- деп ойлады Нұрбек. Бірақ іле екінші біреу сөйледі, мөлшері қарт адам болу керек. Ал, қызым, жан кіріп, беті бері қарады! - деп, жай күрсініп қойды,- Сен жақсылық жасадың, Әсия! Құдайдың құдіретімен дәрі-дәрмектің шипасы деген міне, осы!.. Олар тағы бірдеңелерді күбірлесті де, шығып кетті. «Жарайды, демалсын!» - деді қарт есікті ақырын ғана жауып жатып. Бірте-бірте көз алдындағы бұлыңғыр сейіліп, Нұрбек таптаза ақталған шағын бөлменің ішін таңырқай қарап шықты. Ол өзінің қалай келіп қалғанын түсінген жоқ, бірақ мұнда мәдениетті адамның тұратындығын ол анық аңғарды. Сөреде қатарлап жинаған кітап сықалып тұр, стол үстінде жазылған бір буда қағаз көрінеді. Бұрышта тұрған шкаф ішіне Нұрбекке таныс емес әлдене аспаптар қойылыпты. Қабырғада күннен қорғанатын альпинистік көзілдірік ілулі  тұр. Ол ептеп қана терезе жаққа бұрылып қарап еді, тумбочка үстіндегі үлкен айна мен топтанып түскен фотосуретті көрді. Фотосуреттегі «География факультеті» деген жазуды да көруге болатын еді. Терезеден таулардың төбелері мен тұңғиық аспанның көкжиегі көрініс береді, дәл іргеде өзен үздіксіз шулап жатыр. -         Түсінбеймін! - деп күбірледі Нұрбек. Сөйтіп айнаға зер сала қаранды. Жүдеу, жағы суалған, көптен бері қырынбаған, басы ораулы әлдекім төсек үстінде жатып алып айнадан мұның өзіне қарады. -         А-ай! - деп айғайлап жіберген Нұрбектің бетінде ауырсынудың, үрейленудің нышаны тұр. Суқаны сүймейтін жексұрын біреуді көрген тәрізді. Нұрбек ыңырсып, екі қолымен бетін жапқан күйі теріс қарап кетті де, есік ашылғанда үрейлене селк етіп, қолдарын қайта жұлып алды. Үстіне лыжа костюмін, аяғына тауға лайық қалың табанды ботинка киген, шашын желкесіне шоқпардай ғып түйген қыз бөлмеге кірді. Қалай, тәуірлендіңіз бе? - деп жай ғана сұрады да, Сәл жымиып, шәйнегін столға қойды. Нұрбек қып-қызыл боп кетті, қасында қыз тұрғанда кереуетте шалжиып жату ыңғайсыз ғой. Ол тұрмақшы боп көрді. Оныңыз не! Жатыңыз, тұрмаңыз!.. Нұрбек жауап қайырып сөз айтайын дегенше, ту сыртынан шаншу шаншып өтті де, кенет бір қатты жөтел қысып, булықты да қалды. Нұрбек сол бүкшиіп кеудесін қолымен қыса қырылдап жатыр. Не істерге білмей сасып қалған қыз  бөлме ішінде әбігерленіп арлы-берлі жүгіріп жүр. Ақырында ол қолын Нұрбектің басының астына сұқты. Жөтел басылған соң қыз да жадырап дем алып, орамалмен науқастың маңдайын сүртті. Сіздің өкпеңізге қатты суық тиген. Күтінуіңіз керек. Кешеден бері ес-түссіз жатырсыз. Ыстығыңыз өте жоғары. Міне, бүгін де отыз тоғыз градус. Жатыңыз... Өз үйіңіздей көріңіз... Ал мен аз уақытқа радио бөлмешесіне көшіп бардым... Нұрбек булықтырған жөтелден есін әлі жиып болған жоқ еді, қысылшаңда не деп жауап берерін білмей, аңырып, қысыла қарай берді. Неліктен екені белгісіз, ер балаша киінген осы қыз минут сайын бейне бір баяғыдан көз танысындай жақын тарта берді. Бұл қырғыздың кәдімгі қарапайым қараторы қызы еді. Оның сәл дөңгелектеу біткен жүзін, ашық кең маңдайын жел қағып, таудың күн нұрына тотыққан көрінеді. Түрік еріндері делдиіп, дәл қазір күліп жіберетін сияқтанады. Осының өзі әлдебір балалық қайырымдылық пен аңқаулықтың белгісін беріп тұр. Тек көздері ғана ойлы, байсалды қарайды. Кішкене әлуетті қолдарымен Нұрбектің төсегін мейірлене жөндеп, аяғын қымтап қойды. -         Кереует қысқалау, мүмкін жастықты биіктетсем қайтеді? -         Жоқ, қам жемеңіз... Сіз кешіріңіз, қарындас, айтыңызшы, мен қазір қайда жатырмын? Қыз таңырқап, жалт қарап: -         Бұл гидрологиялық пункт! - деді. -         Гидрологиялық пункт дейсіз бе? -         Ия! Байдамтал деген өзенді естуіңіз бар ма еді? Сізді Бектемір ағай тауып әкелді. Оны білетін бе едіңіз? -         Жоқ... Есімде жоқ... -         Ол біздің гидротехник. -         Мұнда адамдар тұра ма? -         Ия. Бірақ біз азбыз - Бектемірдің семьясымен мен ғана мұндағы... -         Сіз де осында жұмыс істейсіз бе? -         Ия, гидролог болып... -         Жақсылығыңызға рахмет, қарындас, бірақ...- Нұрбек ар жағын айта алмай, бөгеліп қалды. Сосын:-Айтыңызшы, атыңыз кім болады? - деп сұрады. -         Әсия. Ал сіздің атыңыз Нұрбек қой, солай ма? Сіз Байдамталға аса бір маңызды жұмыспен келген боларсыз? Нұрбек жауап бермей, теріс қарап басын бүркеніп алды. Сөйтті де іле көрпені сергітіп тастап, қызға сүзіле қарап: Мен қылмысты адаммын! - деді. Әсия шәйнегін ақырын қоя салды. Сіз қылмыстысыз ба? Қалайша, неғып? Е, сіз қашып кетіп, тауда бой тасалап жүрген болдыңыз ғой, ә? Ия, қарындас! Сіз, мүмкін, бір адамды құтқарып қалдым деп ойлап отырған боларсыз... Солайы солай да ғой, менің орнымда кім болса да өмірінің ақырына дейін сіздің алдыңызда қарыздармын деп санар еді... Бірақ мен із-түзсіз жоғалып кетсем, егер менің сүйектерімді қазір өзен ағызып әкетіп бара жатса, тағдырға риза болар едім. Әсия шошып кетсе де, өзін-өзі билеп, науқастың көңілін жұбатуға тырысты. -         Оныңыз не, тынышталыңыз! Сізге қапалануға болмайды. Тұрмаңыз! -         Кетпеңізші, қарындас! Жалынамын, өтінемін, сіз мені түгел тыңдап шығыңызшы! - деп Нұрбек бәрінен де Әсия тыңдамай кетіп қала ма деп қорқатын сияқты,- Тоқтаңызшы, Әсия, мен сізге бәрін айтайын, ештеңе жасырмайын...
21.11.2013 09:10 3468

«Пенциллин бітіп барады, қайтеміз?» - Нұрбектің құлағына әлдеқайда алыстан шыққаңдай еміс-еміс талып жеткен алғашқы сөздер осы еді. Бірақ бұларды кім айтқанын және кімге айтқанын білмеді. Нұрбек көзін ашайын деп еді, аша алмады, дәрмені жетпеді, тағы да түнек шыңырау түбіне құлап бара жатқандай болды.

Сосын Нұрбек аузына әлдекімнің су тамызып жатқанын сезді. Сұп-суық су езуінен ағып барып, қойнына төгілді. Нұрбек көзін ашты. Бұл жолы ол өзіне төніп отырған әлдебіреудің сөзін анық естіді.

-         Қараңызшы, Асылбай ата! Көзін ашты! Дауысына қарағанда не қыз немесе жас әйел болар деп

топшылады Нұрбек. Бірақ бет пішінін әлі де анықтап қарай алмады, ештеңе көрмей, көз алдындағының бәрі тұманданып, бұлдырап кетті. «Тегі түс көріп жатқан болуым керек»,- деп ойлады Нұрбек. Бірақ іле екінші біреу сөйледі, мөлшері қарт адам болу керек. Ал, қызым, жан кіріп, беті бері қарады! - деп, жай күрсініп қойды,- Сен жақсылық жасадың, Әсия! Құдайдың құдіретімен дәрі-дәрмектің шипасы деген міне, осы!..

Олар тағы бірдеңелерді күбірлесті де, шығып кетті. «Жарайды, демалсын!» - деді қарт есікті ақырын ғана жауып жатып. Бірте-бірте көз алдындағы бұлыңғыр сейіліп, Нұрбек таптаза ақталған шағын бөлменің ішін таңырқай қарап шықты. Ол өзінің қалай келіп қалғанын түсінген жоқ, бірақ мұнда мәдениетті адамның тұратындығын ол анық аңғарды. Сөреде қатарлап жинаған кітап сықалып тұр, стол үстінде жазылған бір буда қағаз көрінеді. Бұрышта тұрған шкаф ішіне Нұрбекке таныс емес әлдене аспаптар қойылыпты. Қабырғада күннен қорғанатын альпинистік көзілдірік ілулі  тұр. Ол ептеп қана терезе жаққа бұрылып қарап еді, тумбочка үстіндегі үлкен айна мен топтанып түскен фотосуретті көрді. Фотосуреттегі «География факультеті» деген жазуды да көруге болатын еді. Терезеден таулардың төбелері мен тұңғиық аспанның көкжиегі көрініс береді, дәл іргеде өзен үздіксіз шулап жатыр.

-         Түсінбеймін! - деп күбірледі Нұрбек. Сөйтіп айнаға зер сала қаранды. Жүдеу, жағы суалған, көптен бері қырынбаған, басы ораулы әлдекім төсек үстінде жатып алып айнадан мұның өзіне қарады.

-         А-ай! - деп айғайлап жіберген Нұрбектің бетінде ауырсынудың, үрейленудің нышаны тұр. Суқаны сүймейтін жексұрын біреуді көрген тәрізді. Нұрбек ыңырсып, екі қолымен бетін жапқан күйі теріс қарап кетті де, есік ашылғанда үрейлене селк етіп, қолдарын қайта жұлып алды. Үстіне лыжа костюмін, аяғына тауға лайық қалың табанды ботинка киген, шашын желкесіне шоқпардай ғып түйген қыз бөлмеге кірді. Қалай, тәуірлендіңіз бе? - деп жай ғана сұрады да, Сәл жымиып, шәйнегін столға қойды. Нұрбек қып-қызыл боп кетті, қасында қыз тұрғанда кереуетте шалжиып жату

ыңғайсыз ғой. Ол тұрмақшы боп көрді. Оныңыз не! Жатыңыз, тұрмаңыз!.. Нұрбек жауап қайырып сөз айтайын дегенше, ту сыртынан шаншу шаншып өтті де, кенет бір қатты жөтел қысып, булықты да қалды. Нұрбек сол бүкшиіп кеудесін қолымен қыса қырылдап жатыр. Не істерге білмей сасып қалған қыз  бөлме ішінде әбігерленіп арлы-берлі жүгіріп жүр. Ақырында ол қолын Нұрбектің басының астына сұқты. Жөтел басылған соң қыз да жадырап дем алып, орамалмен науқастың маңдайын сүртті. Сіздің өкпеңізге қатты суық тиген. Күтінуіңіз керек. Кешеден бері ес-түссіз жатырсыз. Ыстығыңыз өте жоғары. Міне, бүгін де отыз тоғыз градус. Жатыңыз... Өз үйіңіздей көріңіз... Ал мен аз уақытқа радио бөлмешесіне көшіп бардым...

Нұрбек булықтырған жөтелден есін әлі жиып болған жоқ еді, қысылшаңда не деп жауап берерін білмей, аңырып, қысыла қарай берді. Неліктен екені белгісіз, ер балаша киінген осы қыз минут сайын бейне бір баяғыдан көз танысындай жақын тарта берді. Бұл қырғыздың кәдімгі қарапайым қараторы қызы еді. Оның сәл дөңгелектеу біткен жүзін, ашық кең маңдайын жел қағып, таудың күн нұрына тотыққан көрінеді. Түрік еріндері делдиіп, дәл қазір күліп жіберетін сияқтанады. Осының өзі әлдебір балалық қайырымдылық пен аңқаулықтың белгісін беріп тұр. Тек көздері ғана ойлы, байсалды қарайды. Кішкене әлуетті қолдарымен Нұрбектің төсегін мейірлене жөндеп, аяғын қымтап қойды.

-         Кереует қысқалау, мүмкін жастықты биіктетсем қайтеді?

-         Жоқ, қам жемеңіз... Сіз кешіріңіз, қарындас, айтыңызшы, мен қазір қайда жатырмын? Қыз таңырқап, жалт қарап:

-         Бұл гидрологиялық пункт! - деді.

-         Гидрологиялық пункт дейсіз бе?

-         Ия! Байдамтал деген өзенді естуіңіз бар ма еді? Сізді Бектемір ағай тауып әкелді. Оны білетін бе едіңіз?

-         Жоқ... Есімде жоқ...

-         Ол біздің гидротехник.

-         Мұнда адамдар тұра ма?

-         Ия. Бірақ біз азбыз - Бектемірдің семьясымен мен ғана мұндағы...

-         Сіз де осында жұмыс істейсіз бе?

-         Ия, гидролог болып...

-         Жақсылығыңызға рахмет, қарындас, бірақ...- Нұрбек ар жағын айта алмай, бөгеліп қалды. Сосын:-Айтыңызшы, атыңыз кім болады? - деп сұрады.

-         Әсия. Ал сіздің атыңыз Нұрбек қой, солай ма? Сіз Байдамталға аса бір маңызды жұмыспен келген боларсыз? Нұрбек жауап бермей, теріс қарап басын бүркеніп алды. Сөйтті де іле көрпені сергітіп тастап, қызға сүзіле қарап:

Мен қылмысты адаммын! - деді. Әсия шәйнегін ақырын қоя салды. Сіз қылмыстысыз ба? Қалайша, неғып? Е, сіз қашып кетіп, тауда бой тасалап жүрген болдыңыз ғой, ә? Ия, қарындас! Сіз, мүмкін, бір адамды құтқарып қалдым деп ойлап отырған боларсыз... Солайы солай да ғой, менің орнымда кім болса да өмірінің ақырына дейін сіздің алдыңызда қарыздармын деп санар еді... Бірақ мен із-түзсіз

жоғалып кетсем, егер менің сүйектерімді қазір өзен ағызып әкетіп бара жатса, тағдырға риза болар едім.

Әсия шошып кетсе де, өзін-өзі билеп, науқастың көңілін жұбатуға тырысты.

-         Оныңыз не, тынышталыңыз! Сізге қапалануға болмайды. Тұрмаңыз!

-         Кетпеңізші, қарындас! Жалынамын, өтінемін, сіз мені түгел тыңдап шығыңызшы! - деп Нұрбек бәрінен де Әсия тыңдамай кетіп қала ма деп қорқатын сияқты,- Тоқтаңызшы, Әсия, мен сізге бәрін айтайын, ештеңе жасырмайын...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға