Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи

Қожа Ахмет Ясауи (1093 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мəдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Шешесінің аты Қарашаш. Ахметтің əкесі Ибрахим діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді: ... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны, Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи. ….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы, Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи. Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса, Əзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб əулие болмақ. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб жəне Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тəлім-тəрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады. Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті əулие атанған еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз əңгімелер тараған. Қазақтар ол кісіні «Мединада – Мұхамбет, Түркістанда – Қожа Ахмет» деп дəріптеп, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың тікелей мұрагері етіп көрсеткен. Түркістан қаласының мəртебесі де Қожа Ахмет Ясауи есімімен жоғары болды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фəнидің жалғандығын білдіреді. "Диуани Хикметте" негізінен төрт нəрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.
21.11.2013 08:49 11088

Қожа Ахмет Ясауи (1093 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мəдениетінің тарихында

айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері.

Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Шешесінің аты Қарашаш. Ахметтің əкесі Ибрахим діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,

Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи.

….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,

Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи.

Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса,

Əзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб əулие болмақ. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб жəне Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тəлім-тəрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.

Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен,

кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка,

тазалыққа үндеген, қасиетті əулие атанған еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз əңгімелер тараған. Қазақтар ол кісіні «Мединада – Мұхамбет, Түркістанда – Қожа Ахмет» деп дəріптеп, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың тікелей мұрагері етіп көрсеткен.

Түркістан қаласының мəртебесі де Қожа Ахмет Ясауи есімімен жоғары болды.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ).

Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Төрт тармақты

өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін,

жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фəнидің жалғандығын білдіреді. "Диуани Хикметте" негізінен төрт нəрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға