Жаңалықтар

Автордан

Бұл кітəпті жазғаным білімім болса да, ол тасып төгіліп, артылып бара жатқандықтан емес, ойым - ұрпағымыз ата - бабаларының қайдан шығып, қандай болғандарын, арғы жеті атасын, олардан тараған үрім-бұтағын білсін дегенім. Жастайымнан Сатыбалды атамның қолында өскендіктен, жанында жүріп, осыдан 50-60 (елу-алпыс) жыл бұрын өмір кешкен, қазір арамызда жоқ көне көз қарияларды көріп əңгімелерін тыңдаған едім. Мұның сыртында əкем Жұсып қажының қойын дəптеріндегі еңбектері, əкемнің достары Ғазез, Мұқаш, Шəмшидден, Мұхаммеджан, Қабыш, Қабдыр, Ысқақ, Əдиенбек ағатайлармен аталарымыз туралы сұбхаттары көп əсер етті. Өзім де бірəз еңбектерді ізденіп оқыдым, сондағы мақсатым - өткен тарихымыздағы ата-бабаларымыздың басынан өткен оқиғаларды кейінгі ұрпаққа жеткізу керек деп ойладым. Марқұм шешем Қамила Нүрпейіс қызы: «Қазыр əр жерде батыр аталарына кітəп шығарып, ескерткіш қойып, ас беріп жатыр ғой. Шіркін, Бəйімбет атамыздан тараған бір оқымысты-журналист ұрпағы болмады ғой батырлығын зерттейтін, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін дəлелдейтін, дəріптеп атын шығаратын» - деп айтып, налып отыратын. Осы шешемнің айтқаны маған ой салды. «Атадан ұл туса, игі, ата жолын қуса игі» - əркім өз əкесін, ата-бабаларын қошеметтеп сыйлау керек. Жеті Атасын білу өте қажет жəне Бəйімбет атамыздың атын шығару үлкен құрмет. Танысуда əдетте, «Сен қай елсің?», немесе «Руың кім?» - деп сұрайды. Сонда, «Мен Күрсары Керей Бəйімбет батырдың ұрпағымын» десең қандай мақтаныш! Сондықтан мен осы жұмысты бастап ізденіп көрсем қайтеді, кейін жалғастыратын ұрпақтарымыз құдайға шүкір бар ғой, жалғастырар деген шешімге келдім. Сондағы мақсатым - өткен тарихымыздағы ұлы Бəйімбет батырды бейнелеу арқылы өз бабаларымыздың өзгелерден еш кем болмағанын паш ету, өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, жаңаша танымға бет бұрмақ ниеттен туындайды. Бұл кітəпта Күрсары Керей руының бір бұтағы Бəйімбет əулетінің бастан кешкендері баян етіледі. Тауқыметті жылдардың темір тегеурініне шыдай алмай бабаларымыз жат елге Ресейдің Омбы жеріне қоныс аударады. Бəйімбет əулетінің өткен тарихы басқа деректермен жəне болған уақиғалармен толықтырылды. Осы кітəпті бізден кейінгі ұрпағымыз оқыса, істеген еңбегімізді бағаласа, өткен күннен бірер сөз білсе, мен өз арман - тілегім ақталды деп жасағанға шүкіршілік етпекпін. Ғалымжан Найманов
21.11.2013 08:46 3885

Бұл кітəпті жазғаным білімім болса да, ол тасып төгіліп, артылып бара жатқандықтан

емес, ойым - ұрпағымыз ата - бабаларының қайдан шығып, қандай болғандарын, арғы жеті атасын, олардан тараған үрім-бұтағын білсін дегенім.

Жастайымнан Сатыбалды атамның қолында өскендіктен, жанында жүріп, осыдан 50-60 (елу-алпыс) жыл бұрын өмір кешкен, қазір арамызда жоқ көне көз қарияларды көріп əңгімелерін тыңдаған едім. Мұның сыртында əкем Жұсып қажының қойын дəптеріндегі еңбектері, əкемнің достары Ғазез, Мұқаш, Шəмшидден, Мұхаммеджан, Қабыш, Қабдыр, Ысқақ, Əдиенбек ағатайлармен аталарымыз туралы сұбхаттары көп əсер етті. Өзім де бірəз еңбектерді ізденіп оқыдым, сондағы мақсатым - өткен тарихымыздағы ата-бабаларымыздың басынан өткен оқиғаларды кейінгі ұрпаққа жеткізу керек деп ойладым. Марқұм шешем Қамила Нүрпейіс қызы: «Қазыр əр жерде батыр аталарына кітəп шығарып, ескерткіш қойып, ас беріп жатыр ғой. Шіркін, Бəйімбет атамыздан тараған бір оқымысты-журналист ұрпағы болмады ғой батырлығын зерттейтін, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін дəлелдейтін, дəріптеп атын шығаратын» - деп айтып, налып отыратын. Осы шешемнің айтқаны маған ой салды. «Атадан ұл туса, игі, ата жолын қуса игі» - əркім өз əкесін, ата-бабаларын қошеметтеп сыйлау керек. Жеті Атасын білу өте қажет жəне Бəйімбет атамыздың атын шығару үлкен құрмет. Танысуда əдетте, «Сен қай елсің?», немесе «Руың кім?» - деп сұрайды. Сонда, «Мен Күрсары Керей Бəйімбет батырдың

ұрпағымын» десең қандай мақтаныш! Сондықтан мен осы жұмысты бастап ізденіп көрсем қайтеді, кейін жалғастыратын ұрпақтарымыз құдайға шүкір бар ғой, жалғастырар деген шешімге келдім. Сондағы мақсатым - өткен тарихымыздағы ұлы Бəйімбет батырды бейнелеу арқылы өз бабаларымыздың өзгелерден еш кем болмағанын паш ету, өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, жаңаша танымға бет бұрмақ ниеттен туындайды.

Бұл кітəпта Күрсары Керей руының бір бұтағы Бəйімбет əулетінің бастан кешкендері

баян етіледі. Тауқыметті жылдардың темір тегеурініне шыдай алмай бабаларымыз жат елге Ресейдің Омбы жеріне қоныс аударады. Бəйімбет əулетінің өткен тарихы басқа деректермен жəне болған уақиғалармен толықтырылды.

Осы кітəпті бізден кейінгі ұрпағымыз оқыса, істеген еңбегімізді бағаласа, өткен күннен

бірер сөз білсе, мен өз арман - тілегім ақталды деп жасағанға шүкіршілік етпекпін.

Ғалымжан Найманов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға