Жаңалықтар

Ғ.Мұстафиннің мақалалары

Тіл - көркем шығарманың негізгі құралы деген ұғым жазушы мақалаларының бәрінде дерлік қайталана ескертіліп отыратын «алтын тізбек ойы», «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». «Сәкен туралы бірер сөз» деген мақаласында: «Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз - күн шалмас, қараңғы көңілді шалады, кұн жылытпас суық көңілді жылытады. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды», -дейді автор. Тілдің қызметі, құдіреті турасында айтылған небір тебіреністі терең ойлар философиялық трактат секілді желі тартып отырады. «Ой мен тіл» деген еңбегінде ол өзінің творчестволық лабораториясын қалтқысыз ашады. Ол пікірлер жалпы қаламгер қауымы үшін қымбат. Осы үшін тағы да бірнеше үзінді мысал келтірейік. «Сырт көзбен қарағанда, дағдылы жазушыларға жазу оңай, жастарға қиын сияқты. Дұрысында, әрбір жаңа шығарманың тұсында дарынды жазушы да жас. Ғылымда даңғыл жол болмаса, көркем әдебиетте де жоқ». «...Мен жас кезімнің, жасымас кезімнің бір де-бірінде қиналмай жазған емен. Бәлки жас шақта қаламгер жырынды жасамыстай өмір мен ойдың қалтарыстарын тінте бермейді ғой. Қиналу бірақ ізденуден туады. Іздеп жарамды бір сөз, не бір ой тапсам, бір дорба жем жеген аттай көтеріліп қалам» («Ой әуендері», 206 бет). Жазушының тіл туралы дәрісі бірден-бірге қызықтыра түседі. Суреткердің поэтика жөніндегі онды ойларының тағы бір дәмді үзіндісін келтірсек дейміз. Бұл - сөзді құбылта, қасиетін жарқырата ашу принциптері туралы байқаулар. «Қалаушылар ...Кадімгі төрт бұрышты кірпішті жалпағынан, қырынан ғана емес, тігінен де, көлбете де қалай біледі. Сөйтіп жасаған дүниесіне алуан-алуан, қызықты сымбат береді. Жазушы да осы тәрізді сөзді әр қырлы қалай отырып, о да бір қызықты дүние жасайды. Біздің кейбір тіл мамандарымыз бұған әлі жете түсінбей жүр. Сөзді тек жалпағынан қала, бабаларымызша сөйле, балалар ұғымына шақта дегенді аңғартады. Жазушы халықтан, мамандардан үйрене отырып, үйрету мақсатын да ұмытпау керек» (207 бет). Бұл ойлар -көркем әдебиет халықты төрбиелейтін киелі өнер деп санайтын әрбір зиялының көңіліне жазылатын, өлмейтін ойлар. Осы айтылған қағиданы, алдымен, жазушының өзі берік қолдана білетіндігі, шығармашылық тәжірибесі арқылы ана тіліміздің саф таза, інжу-маржанын сұрыптап алуды үйретіп келе жатқаны қуантады. Халық тілінің інжуін теңіздей тереңнен теруге жалықпаған суреткердің тағы да бір ғибратты ісін айтуымыз қажет. Ол - ауыз әдебиеті казынасынан байып отыру дағдысы. Біз әдетте Ғ.Мұстафин шығармаларында мақал-мәтел, қанатты сөз орнына жүрерлік нақыл тіркестердің мол ұшырайтынын байқаймыз. Ал шындығында, қаламгер тілінің соншама шырайлы болуы - жарасымды, жатық естілуі талғампаздық салдары. Мұндай бедерлі сөздер жазушы шығармаларын зерлей әдіптеп, айрықша әсемдікке бөлеп отыратынын әркім біледі. Уйрене, іздей ала білсек, халық әдебиеті сарқылмайтын ырыс, жазба шығармаға жан, нәр дарытып тұратын мәңгілік азық екенін бұл тұстан да көреміз. Жазушы  шығармасының халықтыгы, партиялығы, жаңашылдығы, өмір материалын талғау, оны іске жарату жөніндегі әдеби эстетикалық принциптері кездейсоқ, ат үсті сөздер емес, белгілі жүйеге түскен, салдарлы, тұтас түсінік, концепция. Ол - өзінің зерттеушісін күтіп тұрған тақырып. Әдеби адалдықтың, халықтың терең мүдделеріне берілгендіктің, көркемдік ұстаздықтың үлгісін шығарма-ларымен де, өмір өнегесімен де көрсетіп келе жатқан классик жазушымыз Ғабиден Мұстафин творчествосының сала-сала ақтарар сыры, ой мен сезімді нәрлендірер тұнықтары, үстірт көзге шалына бермейтін астарлары аз емес. Ана тілін ардақ тұтатын әрбір буын оның туындыларынан телегей теңіз мағына тауып, алтыннан бағалы асыл сөз айдынынан ләззат ала беретін болады. 1982
21.11.2013 05:47 10995

Тіл - көркем шығарманың негізгі құралы деген ұғым жазушы мақалаларының бәрінде дерлік қайталана ескертіліп отыратын «алтын тізбек ойы», «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». «Сәкен туралы бірер сөз» деген мақаласында: «Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз - күн шалмас, қараңғы көңілді шалады, кұн жылытпас суық көңілді жылытады. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды», -дейді автор. Тілдің қызметі, құдіреті турасында айтылған небір тебіреністі терең ойлар философиялық трактат секілді желі тартып отырады. «Ой мен тіл» деген еңбегінде ол өзінің творчестволық лабораториясын қалтқысыз ашады. Ол пікірлер жалпы қаламгер қауымы үшін қымбат. Осы үшін тағы да бірнеше үзінді мысал келтірейік. «Сырт көзбен қарағанда, дағдылы жазушыларға жазу оңай, жастарға қиын сияқты. Дұрысында, әрбір жаңа шығарманың тұсында дарынды жазушы да жас. Ғылымда даңғыл жол болмаса, көркем әдебиетте де жоқ».

«...Мен жас кезімнің, жасымас кезімнің бір де-бірінде қиналмай жазған емен. Бәлки жас шақта қаламгер жырынды жасамыстай өмір мен ойдың қалтарыстарын тінте бермейді ғой. Қиналу бірақ ізденуден туады. Іздеп жарамды бір сөз, не бір ой тапсам, бір дорба жем жеген аттай көтеріліп қалам» («Ой әуендері», 206 бет). Жазушының тіл туралы дәрісі бірден-бірге қызықтыра түседі.

Суреткердің поэтика жөніндегі онды ойларының тағы бір дәмді үзіндісін келтірсек дейміз. Бұл - сөзді құбылта, қасиетін жарқырата ашу принциптері туралы байқаулар. «Қалаушылар

...Кадімгі төрт бұрышты кірпішті жалпағынан, қырынан ғана емес, тігінен де, көлбете де қалай біледі. Сөйтіп жасаған дүниесіне алуан-алуан, қызықты сымбат береді. Жазушы да осы тәрізді сөзді әр қырлы қалай отырып, о да бір қызықты дүние жасайды. Біздің кейбір тіл мамандарымыз бұған әлі жете түсінбей жүр. Сөзді тек жалпағынан қала, бабаларымызша сөйле, балалар ұғымына шақта дегенді аңғартады. Жазушы халықтан, мамандардан үйрене отырып, үйрету мақсатын да ұмытпау керек» (207 бет). Бұл ойлар -көркем әдебиет халықты төрбиелейтін киелі өнер деп санайтын әрбір зиялының көңіліне жазылатын, өлмейтін ойлар.

Осы айтылған қағиданы, алдымен, жазушының өзі берік қолдана білетіндігі, шығармашылық тәжірибесі арқылы ана тіліміздің саф таза, інжу-маржанын сұрыптап алуды үйретіп келе жатқаны қуантады. Халық тілінің інжуін теңіздей тереңнен теруге жалықпаған суреткердің тағы да бір ғибратты ісін айтуымыз қажет. Ол - ауыз әдебиеті казынасынан байып отыру дағдысы. Біз әдетте Ғ.Мұстафин шығармаларында мақал-мәтел, қанатты сөз орнына жүрерлік нақыл тіркестердің мол ұшырайтынын байқаймыз. Ал шындығында, қаламгер тілінің соншама шырайлы болуы - жарасымды, жатық естілуі талғампаздық салдары. Мұндай бедерлі сөздер жазушы шығармаларын зерлей әдіптеп, айрықша әсемдікке бөлеп отыратынын әркім біледі. Уйрене, іздей ала білсек, халық әдебиеті сарқылмайтын ырыс, жазба шығармаға жан, нәр дарытып тұратын мәңгілік азық екенін бұл тұстан да көреміз.

Жазушы  шығармасының халықтыгы, партиялығы, жаңашылдығы, өмір материалын талғау, оны іске жарату жөніндегі әдеби эстетикалық принциптері кездейсоқ, ат үсті сөздер емес, белгілі жүйеге түскен, салдарлы, тұтас түсінік, концепция. Ол - өзінің зерттеушісін күтіп тұрған тақырып.

Әдеби адалдықтың, халықтың терең мүдделеріне берілгендіктің, көркемдік ұстаздықтың үлгісін шығарма-ларымен де, өмір өнегесімен де көрсетіп келе жатқан классик жазушымыз Ғабиден Мұстафин творчествосының сала-сала ақтарар сыры, ой мен сезімді нәрлендірер тұнықтары, үстірт көзге шалына бермейтін астарлары аз емес. Ана тілін ардақ тұтатын әрбір буын оның туындыларынан телегей теңіз мағына тауып, алтыннан бағалы асыл сөз айдынынан ләззат ала беретін болады.

1982

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға