Жаңалықтар

«Көз көрген» романы

Ғ.Мұстафиннің бірінші кітабы жарияланған, әлі аяқталып опиеген «Көз көрген» (1963) романы көп белгілерімен суреткерлік ұсталықтың жақсы үлгісі деуге болады. Романға кіріспе, түсіндірме жасаған кезде автор өзі анық білетін коргені мен сезгенін ғана хатқа түсіретінін ескерткен. ІПынында да, шығармада өмірде болған, әсері суымаған ОҚИҒалар айтылып отырғаны сендіреді. «Көз көргенде» /качушының ясас кезінен есейіп жігіт болған шағына (1925) деЙІН білгені мен түйгені әңгімеленеді. Сол дәуірдің қаншама кы іықты шындығы жиырма бес әңгіменің өн бойында желі тартып жатыр. Шығармада қамтылған оқиғалар құрамы комақты. Қазақ шаруаларының жерін переселендер алу, рулар мрасындағы өзара бақталастық, қырбайлық, ұрлық пен қарлық коріпістері, 1918 ясылдың дүрбелеңі, азамат соғысы /кылдарының алмағайып оқиғалары, ауылда совет өкіметін орпатудың    жағдайлары    сез    болған.    Бұл    кезең    қазақ әдебиетінде бұрын кең, жүйелі түрде суреттелмегенін ескерсек, шығарманың танытқыштық қасиеті ұлғая түсетініне шүбә қалмайды. Романда болашақ қаһарман Сарыбаланың есею, сауаттану, әлеумет ісіне араласу оқиғалары айтылған. Шығармада қазак ауылындағы тұрмыстық-салттық дәстүрлер санадағы, өзгерістер, түрлі қайшылықтар сездірілген. «Көз көргеннің» революция қарсаңын суреттеген тұсының негізгі пафосы қоғам әділетсіздіктерін, тұңғиыққа тірелген ескі ауыл шындығын көрсету. Бұл тұста Сарыбала әлі жас, оқигаларға аз араласады. Сонда да болса бұдан бастапқы тараулардың сыншылдық қуаты кемімеген. Сарыбаланың бойында парасат ұрығы бар екені, оның жамандыққа өш, нсақсылыққа дос бола білетіні, кез келгенде нақтылы, жігерлі іс-әрекетіне де қабілеттілігі байқатылған. Аса көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафиннің халқымыздың көркемдік дамуына сіңірген еңбегін шолып қарағанда, оны мұндай биік құрметке бөлеген бірсыпыра себептер екшеліп шығады. Қаламгерлік табыстың кілті, мәңгілік мектебі - өмірден оқып-үйренуде екенін Ғ.Мұстафин творчествосы айқын дәлелдейді. Жазушының бас университеті өмірдің өзі болғаны ғибрат. Оның романдарында көрсетілген өмір, сезім сабақтары, ізгілік пен зұлымдық күресінің шынайы суреттері, халқының, еңбекші адамның терең аңсарлары, оқу мен тоқудан туған жан сырлары өзгеше әлем. Шығарманың құндылық, керектік дәрежесі де, өмірдің жанды сауалдарын шыншыл, адал, азаматтық тұрғыдан барша ақиқатымен бейнелей білуге байланысты екенін де жазушы туындылары өнеге етеді. Нағыз шығарма туған халқын шын жүрегімен сүйе білген ясазушы қаламынан ғана жаралатынын Ғ.Мұстафин творчествосы тамаша куәлендіреді. Оның туындыларында адамды, кісілікті, жақсылықты ардақ тұтқан зор парасат иесінің келбеті көрінеді. Оны жазушылықтың бейнеті ауыр косібіне ұмтылдырған, сөз өнерінің сиқырына ғашық еткен, творчество азабына көндіктірген де, халқына пайдалы болсам деген ізгі тілек. Осы себептен де ол бояуы қанық, сапасы мықты, ұзақ жасайтын шығармалар беруді ғана дағды еткен. Ғ.Мұстафин творчествосы - адамзат тарихында тұңғыш рет орнаған еңбекшілер билігі дәуірінің мадағы, ұранды, жігерлі сөзі. Оның суреткер ретіндегі үлкен бақыты өз заманының шежіресі бола білуінде. Жазушы сөзін биікке котерген, әлемдік аренаға жеткізген совет заманы, Коммунистік партияның шапағаты. Өз халқының, еліміздегі барша халықтардың әдеби, көркемдік байлығын меңгере білген, лсаһан көлеміндегі рухани игіліктерден тағлым алған жазушы өзі де әлем жұртшылығына даусы жетерлік болып қалыптасуы - дәуіріміздің табиғатымен орайлас. Біз Ғ.Мұстафин творчествосынан жалпы мәніне, басты-басты шығармаларының әдебиетіміздегі орны мен ерекшелігіне, жазушының көркемдік тәсіліндегі эволюция моселесіне, қаламгер туындыларының заманымен үндестігіне, іаиытқыштық және тәрбиелік қасиетіне тоқталдық. Енді суреткердің күллі жаратындыларының көркі болған аса қастерлі бір мәселеге көңіл бөлеміз. Ол - көркем тіл мәселесі. І.Мұстафиннің бай шығармашылық әлемі, өзге көп қасиетін санамағанда, қазақ тілі қазынасының ескерткіші десе болады. Жазушы өзінің Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Ой әуендері» деген кітабында әдебиеттің алуан жагдайын кеңінен әңгімелейді, әдебиет тәжірибесіндегі озық неіі олқыға, алмаған асуларға, жетпеген биікке көз жібереді. Бұл жинақтағы макалалардан автор тұлғасының жаңа кырлары танылғандай. Егер біз көркем шығармалардан оның калам қарымын, суреткерлік шалымын білсек, сын иублицистикалык мақалалардан үлкен азаматтық ойларды, одебиеттің шын мүддесін көздеген әділ, батыл тұжырымдарды көптеп кездестіреміз. Шындық таразысынан ауытқымау, акиқатты есепке жығып бермеу, қандай мәселеге де байсалды, ікірасатты   ой   жүгірту   -   сыншы,   ойшыл   Ғ.Мұстафиннің тұрақты мінездемесі секілді. Жинақтағы мақалаларда қазақ совет әдебиетінің көп туындылары мен даму тенденциялары жайында оқушыға ой саларлық байқаулар мол. Оларға да талдап тоқталу, жүйелеп айту, жеке әңгімеге тақырып боларлық. Біз солардың ішінен бір-ақ мәселеге - жазушының көркем тіл тағдыры туралы толғаныстарына және шығармаға сөз талғау принциптеріне ғана кідіреміз.
21.11.2013 05:46 19559

Ғ.Мұстафиннің бірінші кітабы жарияланған, әлі аяқталып опиеген «Көз көрген» (1963) романы көп белгілерімен суреткерлік ұсталықтың жақсы үлгісі деуге болады. Романға кіріспе, түсіндірме жасаған кезде автор өзі анық білетін коргені мен сезгенін ғана хатқа түсіретінін ескерткен. ІПынында да, шығармада өмірде болған, әсері суымаған ОҚИҒалар айтылып отырғаны сендіреді. «Көз көргенде» /качушының ясас кезінен есейіп жігіт болған шағына (1925) деЙІН білгені мен түйгені әңгімеленеді. Сол дәуірдің қаншама кы іықты шындығы жиырма бес әңгіменің өн бойында желі тартып жатыр. Шығармада қамтылған оқиғалар құрамы комақты. Қазақ шаруаларының жерін переселендер алу, рулар мрасындағы өзара бақталастық, қырбайлық, ұрлық пен қарлық коріпістері, 1918 ясылдың дүрбелеңі, азамат соғысы /кылдарының алмағайып оқиғалары, ауылда совет өкіметін орпатудың    жағдайлары    сез    болған.    Бұл    кезең    қазақ

әдебиетінде бұрын кең, жүйелі түрде суреттелмегенін ескерсек, шығарманың танытқыштық қасиеті ұлғая түсетініне шүбә қалмайды.

Романда болашақ қаһарман Сарыбаланың есею, сауаттану, әлеумет ісіне араласу оқиғалары айтылған. Шығармада қазак ауылындағы тұрмыстық-салттық дәстүрлер санадағы, өзгерістер, түрлі қайшылықтар сездірілген. «Көз көргеннің» революция қарсаңын суреттеген тұсының негізгі пафосы қоғам әділетсіздіктерін, тұңғиыққа тірелген ескі ауыл шындығын көрсету. Бұл тұста Сарыбала әлі жас, оқигаларға аз араласады. Сонда да болса бұдан бастапқы тараулардың сыншылдық қуаты кемімеген. Сарыбаланың бойында парасат ұрығы бар екені, оның жамандыққа өш, нсақсылыққа дос бола білетіні, кез келгенде нақтылы, жігерлі іс-әрекетіне де қабілеттілігі байқатылған.

Аса көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафиннің халқымыздың көркемдік дамуына сіңірген еңбегін шолып қарағанда, оны мұндай биік құрметке бөлеген бірсыпыра себептер екшеліп шығады.

Қаламгерлік табыстың кілті, мәңгілік мектебі - өмірден оқып-үйренуде екенін Ғ.Мұстафин творчествосы айқын дәлелдейді. Жазушының бас университеті өмірдің өзі болғаны ғибрат. Оның романдарында көрсетілген өмір, сезім сабақтары, ізгілік пен зұлымдық күресінің шынайы суреттері, халқының, еңбекші адамның терең аңсарлары, оқу мен тоқудан туған жан сырлары өзгеше әлем.

Шығарманың құндылық, керектік дәрежесі де, өмірдің жанды сауалдарын шыншыл, адал, азаматтық тұрғыдан барша ақиқатымен бейнелей білуге байланысты екенін де жазушы туындылары өнеге етеді.

Нағыз шығарма туған халқын шын жүрегімен сүйе білген ясазушы қаламынан ғана жаралатынын Ғ.Мұстафин творчествосы тамаша куәлендіреді. Оның туындыларында адамды, кісілікті, жақсылықты ардақ тұтқан зор парасат иесінің келбеті көрінеді. Оны жазушылықтың бейнеті ауыр косібіне ұмтылдырған, сөз өнерінің сиқырына ғашық еткен, творчество азабына көндіктірген де, халқына пайдалы болсам деген ізгі тілек. Осы себептен де ол бояуы қанық, сапасы мықты, ұзақ жасайтын шығармалар беруді ғана дағды еткен.

Ғ.Мұстафин творчествосы - адамзат тарихында тұңғыш рет орнаған еңбекшілер билігі дәуірінің мадағы, ұранды, жігерлі сөзі. Оның суреткер ретіндегі үлкен бақыты өз заманының шежіресі бола білуінде. Жазушы сөзін биікке котерген, әлемдік аренаға жеткізген совет заманы, Коммунистік партияның шапағаты. Өз халқының, еліміздегі барша халықтардың әдеби, көркемдік байлығын меңгере білген, лсаһан көлеміндегі рухани игіліктерден тағлым алған жазушы өзі де әлем жұртшылығына даусы жетерлік болып қалыптасуы - дәуіріміздің табиғатымен орайлас.

Біз Ғ.Мұстафин творчествосынан жалпы мәніне, басты-басты шығармаларының әдебиетіміздегі орны мен ерекшелігіне, жазушының көркемдік тәсіліндегі эволюция моселесіне, қаламгер туындыларының заманымен үндестігіне, іаиытқыштық және тәрбиелік қасиетіне тоқталдық. Енді суреткердің күллі жаратындыларының көркі болған аса қастерлі бір мәселеге көңіл бөлеміз. Ол - көркем тіл мәселесі. І.Мұстафиннің бай шығармашылық әлемі, өзге көп қасиетін санамағанда, қазақ тілі қазынасының ескерткіші десе болады.

Жазушы өзінің Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Ой әуендері» деген кітабында әдебиеттің алуан жагдайын кеңінен әңгімелейді, әдебиет тәжірибесіндегі озық неіі олқыға, алмаған асуларға, жетпеген биікке көз жібереді. Бұл жинақтағы макалалардан автор тұлғасының жаңа кырлары танылғандай. Егер біз көркем шығармалардан оның калам қарымын, суреткерлік шалымын білсек, сын иублицистикалык мақалалардан үлкен азаматтық ойларды, одебиеттің шын мүддесін көздеген әділ, батыл тұжырымдарды көптеп кездестіреміз. Шындық таразысынан ауытқымау, акиқатты есепке жығып бермеу, қандай мәселеге де байсалды, ікірасатты   ой   жүгірту   -   сыншы,   ойшыл   Ғ.Мұстафиннің тұрақты мінездемесі секілді. Жинақтағы мақалаларда қазақ совет әдебиетінің көп туындылары мен даму тенденциялары жайында оқушыға ой саларлық байқаулар мол. Оларға да талдап тоқталу, жүйелеп айту, жеке әңгімеге тақырып боларлық. Біз солардың ішінен бір-ақ мәселеге - жазушының көркем тіл тағдыры туралы толғаныстарына және шығармаға сөз талғау принциптеріне ғана кідіреміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға