Жаңалықтар

«Шығанақ» романы

Жазушының жамағатшылыққа кеңінен танылған алғашқы қомақты туындысы «Шығанақ» романы (1945). Бұл - нақтылы өмір кешкен, кезіндегі тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған дихан ата Шығанақ Берсиев өміріне      негізделген      шығарма.      Көркемдік      жинақтау заңдылықтарына берік сүйенген қаламгер бұл туындысында тарихи адамның бастан кешкендерін нанымды ашып, елеулі тұлға етіп шығарған. Шығанақ - қазақ әдебиетінде неғұрлым сенімді ашылып, толыққанды жасалған замандас бейнесінің бірі. Шығарма жазылған тұста жаңа адам тұлғасын сомдаудың шешімін таппаған көркемдік принциптік мәселелері де аз емес еді. Мәселен, қаһарман бойындағы ұнамды сипаттарды айтуға күдік болмағанымен, көлеңкелі көріністерді алудың «даулы» жақтары кездесетін. Атышулы «Тартыссыздық теориясы» адамдар арасындағы қайшылықтар мен күрестерді табиғи, өткір қалпында көрсетуді шындықтың шырайын бұзғандық деп «үкім» айтатын. Өмір материалын жан-жақты зерттеу, қаһарман сырларына еңбегімен, табандылығымен, мақсаттылығымен дегеніне жетіп, диханшылықтың құдіретін танытқан қарапайым адамның ұлылығын, рухани әлемін «таныс, бейтаныс» етіп алуға мүмкіндік берген. Ғ.Мүсірепов бұл шығарма туралы 1954 жылы айтқан мына тұжырымдар қазірде де күшін жойған жоқ. «Социалистік реализм талаптарына толығырақ жауап беретін роман «Шығанақ» деп білемін. «Шығанақ», менің ойымша, біздегі көп жайларды ашады. Романның бас кейіпкері Шығанақтың өзі күріштегі, қызылшадағы, мал шаруашылығындағы озық адамдардың жиынтық бейнесін береді. Сондықтан бұл - шын мағынасындағы типтік кейіпкер. Шығанақтың ұлттық бейнесі де, еңбектегі тәжірибесін ғылымға сүйенуге ұмтылған озық ойы мен табандылығы да әлеуметтік мағынадағы типтілікке жатады. Ұлттық дәстүрдің жақсы жақтарын бойына сіңірген, сонымен бірге, ол шеңберде қалып қоймаған біздің дәуірдің озық еңбекшісі, сондықтан да ол колхозшы көпшілігіне өнегелі образ болып қалды». («Суреткер парызы», 1970, 33-бет). Қазір бұл тұжырымды қабыл көрмейтін жан жоқ. Бірақ, «Шығанақ» алғаш жарыққа шыққанда, оның жаңашылдығын. мойындамақ түгіл, мансұқтанған да мақалалар басылғаны белгілі... Әдебиетіміздің кейбір шығармаларында жасандылық дендеп кеткен шақта, «Шығанақ» сынды шыншыл туынды жасау і егеурінділікті керек ететін нәрсе еді. Романның жетістігі бас қаһарман бейнесінің сомдалып, ік-рілуіңде ғана емес еді. Шығанақтың қоршаған ортасы, краласқан адамдары, тілектестері мен қарсыластары түрлі м.ірларынан көрініп отырады. Солардың қатарына бір кезде «колхозы жоқ жерді» іздеп шыққан, кейіннен Шығанақтың сенімді жолдасы болған адал еңбекші Олжабек бейнесін бөліп Кврсетуге болады. Өршіл мақсатты - қалайда Ойыл даласынан тарыдан мол опім алуды алға қойған, бұл жолдың сәтсіздігі мен мп.підығынан, кейбір ауыл басшыларының әсіре сақ, мртартпалығынан богеліп қалмай, өжет мінезімен ерекшеленген Шығанақтың пайым-парасатын, сабырын, взгелердің мініне кеңшілікпен қарайтын даналығын сипаттайтын іс-әрекет пен соз шығармада мол ұшырайды. Жоспар орындау үшін елді қысып ұстау, қамшылау керек деген өзінің жақсы серіктерінің бірі Амантайдың ағат ойына Шығанақ былайша жауап береді. «...Торыны айтамын деп юрыққан коңілді қозғадың-ау. Арқасын ер тессе, борбайын камшы тілсе, тұлпар да ыңыршақ. Торының көзіне көк шыбын үймелеген кезін көріпсің. Айтпа қазақтың откенін, айтпа. Не көрмеді ол сорлы? Басы байлауда, малы талауда, ойлап тұрсаң і.ілги бір «ақтабан шұбырынды» заманды кешіп келіп, осы күнге жетті, әйтеуір, көп кедей. Үйірме қамшыңды. Қамшы дагы жаңа кетіп келеді. Тіліңмен жала, жаз соны. Жас бала деп 6ІЛ, үйрет. Баулысақ бәрін алады, кормейсің бе, аянып жатыр ма осылар? Тек ақыл-айла ғана керек. Басқардым деп тұрған сен де, ақсақалмын деп тұрған мен де сыртымыз қампиғанмен, ііпіміз олқы, ілім-білімге кедей. Мен кетермін осымен. Сен жассың, қармансаң, қолың жетіп тұр. Байыппен істеп, бабын тап, шырағым. Әпербақан, шадыр болма, сабырлы бол, ел міпезіне контерлі бол, шырағым. Ақылмен мынды, ақырумен бірді ғана көндіресің! (Таңдамалы шығармалар, І-том, 1955, 105-бет). Бұл сөздер копті корген кемеңгер қарттың бір адамға ғана емес, жалпы елмен істес болатын барша қауымға арналған аманат өсиет сөзі секілді. Нақылдай қысқа әрі мәнді сөздер Шығанақтың табиғатына жарасымды болып естіледі...
21.11.2013 05:44 33897

Жазушының жамағатшылыққа кеңінен танылған алғашқы қомақты туындысы «Шығанақ» романы (1945). Бұл - нақтылы өмір кешкен, кезіндегі тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған дихан ата Шығанақ Берсиев өміріне      негізделген      шығарма.      Көркемдік      жинақтау заңдылықтарына берік сүйенген қаламгер бұл туындысында тарихи адамның бастан кешкендерін нанымды ашып, елеулі тұлға етіп шығарған. Шығанақ - қазақ әдебиетінде неғұрлым сенімді ашылып, толыққанды жасалған замандас бейнесінің бірі. Шығарма жазылған тұста жаңа адам тұлғасын сомдаудың шешімін таппаған көркемдік принциптік мәселелері де аз емес еді. Мәселен, қаһарман бойындағы ұнамды сипаттарды айтуға күдік болмағанымен, көлеңкелі көріністерді алудың «даулы» жақтары кездесетін. Атышулы «Тартыссыздық теориясы» адамдар арасындағы қайшылықтар мен күрестерді табиғи, өткір қалпында көрсетуді шындықтың шырайын бұзғандық деп «үкім» айтатын. Өмір материалын жан-жақты зерттеу, қаһарман сырларына еңбегімен, табандылығымен, мақсаттылығымен дегеніне жетіп, диханшылықтың құдіретін танытқан қарапайым адамның ұлылығын, рухани әлемін «таныс, бейтаныс» етіп алуға мүмкіндік берген.

Ғ.Мүсірепов бұл шығарма туралы 1954 жылы айтқан мына тұжырымдар қазірде де күшін жойған жоқ. «Социалистік реализм талаптарына толығырақ жауап беретін роман «Шығанақ» деп білемін. «Шығанақ», менің ойымша, біздегі көп жайларды ашады. Романның бас кейіпкері Шығанақтың өзі күріштегі, қызылшадағы, мал шаруашылығындағы озық адамдардың жиынтық бейнесін береді. Сондықтан бұл - шын мағынасындағы типтік кейіпкер. Шығанақтың ұлттық бейнесі де, еңбектегі тәжірибесін ғылымға сүйенуге ұмтылған озық ойы мен табандылығы да әлеуметтік мағынадағы типтілікке жатады. Ұлттық дәстүрдің жақсы жақтарын бойына сіңірген, сонымен бірге, ол шеңберде қалып қоймаған біздің дәуірдің озық еңбекшісі, сондықтан да ол колхозшы көпшілігіне өнегелі образ болып қалды». («Суреткер парызы», 1970, 33-бет). Қазір бұл тұжырымды қабыл көрмейтін жан жоқ. Бірақ, «Шығанақ» алғаш жарыққа шыққанда, оның жаңашылдығын. мойындамақ түгіл, мансұқтанған да мақалалар басылғаны белгілі... Әдебиетіміздің кейбір шығармаларында жасандылық дендеп кеткен шақта, «Шығанақ» сынды шыншыл туынды жасау і егеурінділікті керек ететін нәрсе еді.

Романның жетістігі бас қаһарман бейнесінің сомдалып, ік-рілуіңде ғана емес еді. Шығанақтың қоршаған ортасы, краласқан адамдары, тілектестері мен қарсыластары түрлі м.ірларынан көрініп отырады. Солардың қатарына бір кезде «колхозы жоқ жерді» іздеп шыққан, кейіннен Шығанақтың сенімді жолдасы болған адал еңбекші Олжабек бейнесін бөліп Кврсетуге болады.

Өршіл мақсатты - қалайда Ойыл даласынан тарыдан мол опім алуды алға қойған, бұл жолдың сәтсіздігі мен мп.підығынан, кейбір ауыл басшыларының әсіре сақ, мртартпалығынан богеліп қалмай, өжет мінезімен ерекшеленген Шығанақтың пайым-парасатын, сабырын, взгелердің мініне кеңшілікпен қарайтын даналығын сипаттайтын іс-әрекет пен соз шығармада мол ұшырайды. Жоспар орындау үшін елді қысып ұстау, қамшылау керек деген өзінің жақсы серіктерінің бірі Амантайдың ағат ойына Шығанақ былайша жауап береді. «...Торыны айтамын деп юрыққан коңілді қозғадың-ау. Арқасын ер тессе, борбайын камшы тілсе, тұлпар да ыңыршақ. Торының көзіне көк шыбын үймелеген кезін көріпсің. Айтпа қазақтың откенін, айтпа. Не көрмеді ол сорлы? Басы байлауда, малы талауда, ойлап тұрсаң і.ілги бір «ақтабан шұбырынды» заманды кешіп келіп, осы күнге жетті, әйтеуір, көп кедей. Үйірме қамшыңды. Қамшы дагы жаңа кетіп келеді. Тіліңмен жала, жаз соны. Жас бала деп 6ІЛ, үйрет. Баулысақ бәрін алады, кормейсің бе, аянып жатыр ма осылар? Тек ақыл-айла ғана керек. Басқардым деп тұрған сен де, ақсақалмын деп тұрған мен де сыртымыз қампиғанмен, ііпіміз олқы, ілім-білімге кедей. Мен кетермін осымен. Сен жассың, қармансаң, қолың жетіп тұр. Байыппен істеп, бабын тап, шырағым. Әпербақан, шадыр болма, сабырлы бол, ел міпезіне контерлі бол, шырағым. Ақылмен мынды, ақырумен бірді ғана көндіресің! (Таңдамалы шығармалар, І-том, 1955, 105-бет). Бұл сөздер копті корген кемеңгер қарттың бір адамға ғана емес, жалпы елмен істес болатын барша қауымға арналған аманат өсиет сөзі секілді. Нақылдай қысқа әрі мәнді сөздер Шығанақтың табиғатына жарасымды болып естіледі...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға