Жаңалықтар

«Мәжнүн тал» повесі

Жазушының    соңғы    кездегі    көрнекті    туындысы    -«Мәжнүн тал» повесі белгілі идеялық жүк көтерген шығарма. Суретші Багдан өзінің жұрт аузына іліне бастаған еңбектерінде поезда кездейсоқ ұшырасқан жолсерік әйел Әспеттен қатты сын естіп, қайран қалады. Сол сәттен бастап ол бір ғал<айып адаммен жолықтым ғой деп ойлайды. Сезімтал, романтик ойлы суретші Әспетпен бұдан кейінгі тосын кездесулерінде де әлгіндей пікірінен қайтпайды. Тіпті барған сайын сүйсіне, таңдана береді. Өткір тілді, алғыр ақылды әйелді көрмесе сағынатындай халге жетеді. Багдан өз әйелін «өмір серік, Әспет ой серік» деген тұжырымга да тез келеді. Кейіннен Багдан Әспеттің өмірбаянымен біршама танысады, оның Москва университетінің философия факультетінде оқығанын, күйеуі маскүнемдікпен азғындап кеткенін естиді. Ақырында Багдан Әспетті тек сурет өнерінің ұңғыл-шұңғылына жетік, білгір деп қоймай, адамшылық, пәктіктің де қол жетпестей биігі деп есептеуге дейін барады. Бұндай баға Әспеттің шын тұлғасынан, іс-әрекетінен емес, көбінесе суретші л<ігіттің түсінуі, пайымдауы арқылыберіліп отырғанын оқушы аңғармай қалмайды. Кей тұста кейіпкерлердің іс-әрекетінде дәлелділік, себептілік жетіңкіремей жатса да, «Мәжнүн тал» творчество адамы, суретші, Багданның бір ұрымтал кезеңін таныстыра алғандығіймен көңіл аударады. Шын өнер мүлкі үздіксіз іздену, ілгерілеу, өз еңбегіне сын көзіңмен қарау қабілетің л<оғалмаған л<ағдайда ғана мүмкін, өз туындыларын қалыс пікірден қызғыштай қорғап, арзан дақпырт пен мақтанға бой алдыру тоқыраудың белгісі деген ой повестен анық байқалады. С.Шаймерденовтің қысқа әңгімелері өз алдына бір шоғыр. Бұлардың көбі балалар өмірінен алынған, жеткіншектер мінез-құлқы мен санасының, іс-әрекетінің алуан қырларын көрсетуге арналған. Сондай туындылардың бір тобы «Мәжнүн тал» (1980) атты жинаққа еніпті. Көлемі қысқа дегені болмаса, мұндағы әңгімелердің айтарлық, берерлік ғибраты аз емес. Жазушы бала мінезінің алуан көріністерін, олардың    тапқырлықтарын,    білуге    құштарлықтарын    дәл байқайды, тұжырымды тілмен айта біледі. Мәселен «Жұлынбаған қызғалдақ», «Екілік», «Бестік баға», «Тұман коз», «Оқығанның көзі ашық», «Алма неге Инет атанды?», «Жанар мен Данар» секілді әңгімелер балалар мінез-құлқын дөл таныған, тағлымы бар, татымды, балалар әдебиетін байытарлық шығармалар. Қаламгер өзінің драматургия саласында да оңтайы барлығын көрсете білді. Оның «Дөкей келе жатыр», «Қайдасың, Зарина», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке» пвесалары осы айтқанымызды сипаттайды. Бұл пьесалардың кейбіреуі театрларымыздың тұракты репертуары қатарынан орын алған, елеулі, жанды нроблемалар көтерген, қызғылықты характерлер көрсеткен іпыгармалар болды. Жазушы творчествосының және бір кыры - көркем аудармалар. Әсіресе оның Үндістанның ұлы жазушысы 1'абиндранат Тагордың «Күйреу», «Гәуірмаһан» романдарын, «Алтын сағым» новеллалар жинағын Л.Н.Толстойдың «Лльберт» повесінің аудармасын да атап көрсету лайық. Бұл айтылғандар қаламгердің өнер жолы туралы кейбір қорытынды тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ең алдымен біз С.Шаймерденовтің көркем әдебиетті ар мен азаматтың ісі, жұртшылықты тәрбиелеудің құралы, киелі өнер деп қарайтынын, салдарлы жауаптылығын көреміз. Осы ұғым оны әбиеттен тек өзіне ғана тән соқпақ іздеуге, саннан гөрі сапаны қастерлеп үйренуге ұмтылдырғаны белгілі. С.Шаймерденов шығармаларында дәуіріміздің түрлі кезеңдеріне тән шындық қаһармандар тағдыры арқылы ақиқат слсстейді. «Мезгілде» сонау жиырмасыншы жылдардың бас кезіндегі жеңісі де, қиындығы да көп кезең естелігі берілсе, «Қарғашта» соғыстан кейінгі шақтың өзіне тән құбылыстары көрсетілсе, «Инеште» қырқыншы жылдардың екінші жартысына тән көріністер мол. Ал «Өмір нұры», «Мәжнүн іал» повестерінің де уақыттық межесін ажырату қиын емес. Бұл шығармалардың оқиғалық жүйесінде, идеялық бағдарында, түп тұлғаларында, сөз жоқ, жазушы өмір жолының да іздері мен әсерлері жатқанын байқауға болады. Мұның бәрі суреткердің оқушыға айтсам, ұқтырсам, сездірсем деген асыл ойлары, жүрек түкпіріндегі сырлары болып та сезіледі. Осылар бас құрап келгенде, озық ойлы замандастың қоғам мен адам, дәуір мен тағдыр туралы ұзақ толғауы болып та естіледі. Көп қырлы творчествосы: прозасы, драмасы, аудармасы, әдеби-сын еңбектері қазақ совет әдебиетінде өзіндік мәнері, қолтаңбасы қалыптасқан, көркемдік дамуымызға үлес қосып келе жатқан алдыңғы лектегі суреткер екендігін сипаттайды. 1982
21.11.2013 05:37 7042

Жазушының    соңғы    кездегі    көрнекті    туындысы    -«Мәжнүн тал» повесі белгілі идеялық жүк көтерген шығарма. Суретші Багдан өзінің жұрт аузына іліне бастаған еңбектерінде поезда кездейсоқ ұшырасқан жолсерік әйел Әспеттен қатты сын естіп, қайран қалады. Сол сәттен бастап ол бір ғал<айып адаммен жолықтым ғой деп ойлайды. Сезімтал, романтик ойлы суретші Әспетпен бұдан кейінгі тосын кездесулерінде де әлгіндей пікірінен қайтпайды. Тіпті барған сайын сүйсіне, таңдана береді. Өткір тілді, алғыр ақылды әйелді көрмесе сағынатындай халге жетеді. Багдан өз әйелін «өмір серік, Әспет ой серік» деген тұжырымга да тез келеді. Кейіннен Багдан Әспеттің өмірбаянымен біршама танысады, оның Москва университетінің философия факультетінде оқығанын, күйеуі маскүнемдікпен азғындап кеткенін естиді. Ақырында Багдан Әспетті тек сурет өнерінің ұңғыл-шұңғылына жетік, білгір деп қоймай, адамшылық, пәктіктің де қол жетпестей биігі деп есептеуге дейін барады. Бұндай баға Әспеттің шын тұлғасынан, іс-әрекетінен емес, көбінесе суретші л<ігіттің түсінуі, пайымдауы арқылыберіліп отырғанын оқушы аңғармай қалмайды. Кей тұста кейіпкерлердің іс-әрекетінде дәлелділік, себептілік жетіңкіремей жатса да, «Мәжнүн тал» творчество адамы, суретші, Багданның бір ұрымтал кезеңін таныстыра алғандығіймен көңіл аударады. Шын өнер мүлкі үздіксіз іздену, ілгерілеу, өз еңбегіне сын көзіңмен қарау қабілетің л<оғалмаған л<ағдайда ғана мүмкін, өз туындыларын қалыс пікірден қызғыштай қорғап, арзан дақпырт пен мақтанға бой алдыру тоқыраудың белгісі деген ой повестен анық байқалады.

С.Шаймерденовтің қысқа әңгімелері өз алдына бір шоғыр. Бұлардың көбі балалар өмірінен алынған, жеткіншектер мінез-құлқы мен санасының, іс-әрекетінің алуан қырларын көрсетуге арналған. Сондай туындылардың бір тобы «Мәжнүн тал» (1980) атты жинаққа еніпті. Көлемі қысқа дегені болмаса, мұндағы әңгімелердің айтарлық, берерлік ғибраты аз емес. Жазушы бала мінезінің алуан көріністерін, олардың    тапқырлықтарын,    білуге    құштарлықтарын    дәл

байқайды, тұжырымды тілмен айта біледі. Мәселен «Жұлынбаған қызғалдақ», «Екілік», «Бестік баға», «Тұман коз», «Оқығанның көзі ашық», «Алма неге Инет атанды?», «Жанар мен Данар» секілді әңгімелер балалар мінез-құлқын дөл таныған, тағлымы бар, татымды, балалар әдебиетін байытарлық шығармалар.

Қаламгер өзінің драматургия саласында да оңтайы барлығын көрсете білді. Оның «Дөкей келе жатыр», «Қайдасың, Зарина», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке» пвесалары осы айтқанымызды сипаттайды. Бұл пьесалардың кейбіреуі театрларымыздың тұракты репертуары қатарынан орын алған, елеулі, жанды нроблемалар көтерген, қызғылықты характерлер көрсеткен іпыгармалар болды.

Жазушы творчествосының және бір кыры - көркем аудармалар. Әсіресе оның Үндістанның ұлы жазушысы 1'абиндранат Тагордың «Күйреу», «Гәуірмаһан» романдарын, «Алтын сағым» новеллалар жинағын Л.Н.Толстойдың «Лльберт» повесінің аудармасын да атап көрсету лайық.

Бұл айтылғандар қаламгердің өнер жолы туралы кейбір қорытынды тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ең алдымен біз С.Шаймерденовтің көркем әдебиетті ар мен азаматтың ісі, жұртшылықты тәрбиелеудің құралы, киелі өнер деп қарайтынын, салдарлы жауаптылығын көреміз. Осы ұғым оны әбиеттен тек өзіне ғана тән соқпақ іздеуге, саннан гөрі сапаны қастерлеп үйренуге ұмтылдырғаны белгілі.

С.Шаймерденов шығармаларында дәуіріміздің түрлі кезеңдеріне тән шындық қаһармандар тағдыры арқылы ақиқат слсстейді. «Мезгілде» сонау жиырмасыншы жылдардың бас кезіндегі жеңісі де, қиындығы да көп кезең естелігі берілсе, «Қарғашта» соғыстан кейінгі шақтың өзіне тән құбылыстары көрсетілсе, «Инеште» қырқыншы жылдардың екінші жартысына тән көріністер мол. Ал «Өмір нұры», «Мәжнүн іал» повестерінің де уақыттық межесін ажырату қиын емес. Бұл шығармалардың оқиғалық жүйесінде, идеялық бағдарында, түп тұлғаларында, сөз жоқ, жазушы өмір жолының да іздері мен әсерлері жатқанын байқауға болады. Мұның бәрі суреткердің оқушыға айтсам, ұқтырсам, сездірсем деген асыл ойлары, жүрек түкпіріндегі сырлары болып та сезіледі. Осылар бас құрап келгенде, озық ойлы замандастың қоғам мен адам, дәуір мен тағдыр туралы ұзақ толғауы болып та естіледі. Көп қырлы творчествосы: прозасы, драмасы, аудармасы, әдеби-сын еңбектері қазақ совет әдебиетінде өзіндік мәнері, қолтаңбасы қалыптасқан, көркемдік дамуымызға үлес қосып келе жатқан алдыңғы лектегі суреткер екендігін сипаттайды.

1982

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға