Жаңалықтар

І.Есенберлин романында баяндаушының (повествователь) ролі

І.Есенберлин романында баяндаушының (повествователь) ролі ерекше үлкен екендігін атап өтуіміз керек. Бірақ мұндағы баяндаушы қаһарман немесе автор ертегішіден, жай әңгімешіден мүлде өзгеше. «Көшпенділерде» баяндаушы салмақты, көп кырлы жүк көтеріп тұр. Бұл романдарда баяндаушы белгілібір оқиғаны айтып беруші ғана емес, әрі талдаушы, бағалаушы да. Осындай «баяндауларда» қаһармандардың ішкі әлемін, парасатын білдірерлік монологтар да, жанды диалогтар да, нақтылы портреттер де араласа келіп отырады. Мұның өзі баяндаушының өмір шындығын мінез шындығына астастыра білетін күрделі көркемдік компонент қызметін атқарып тұрғанын ұқтырса керек. «Қиялдан» жасаған кейіпкерден гөрі тарихи белгілі қайраткерлер тұлғасын жаратудың қиынырақ екені ежелден мәлім. Өйткені тарихта жасаған адамдардың халық санасында қалыптасқан эпикалық бейнесі де болады ғой. Ал, жазба әдебиет туындысы тарихи адамдардың характер ерекшелігін өзіне хас әдістермен ашуы тиіс. «Көшпенділерде» Асан, Қазтуған, Абылай, Бұқар секілді қазақ тарихында белгілі адамдардың тұлғалары әрі эпикалық, әрі жазба әдебиет дәстүріне лайық суреттелгенін көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жанрларының бірі - айтыс өнері. «Көшпенділерде» осы айтыс формасы өте ұтымды пайдаланылған. Қазақ халқының сан ғасырлар бойындағы өмір кешулерін, оның жарқын беттері мен өкінішті мезеттерін диалектикалық толық түрінде айтуға, ешбір елеулі құбылысты іркіп қалмай, сарқа паш етуге ақындар айтысы формасы таптырмайтын тәсіл. «Алмас қылыш» романында екі ақын - Қазтуған мен Қодан осындай ретпен қазақ халқының өткен өмірін, талай-талай жасырулы сырларды энциклопедисше тартып, түсіндіріп, «дәлелдеп» береді. Бұл әдіс тек аталған романға тиімді болғанын ғана айту аз. Бұдан кеңірек те қорытынды жасауға болатындай. Ол - ауыз әдебиеті жанрлары мен көркемдік құралдарының қазіргі жазба әдебиет үшін таусылмас байлық екендігі. Мұның бәрі «Көшпенділер» авторының тарихи романшылық дәстүрінен үйрене отырып, сол дәстүрді ұлттық өмір материалына сәйкес байыта білгендігін де байқатады. Ілгеріде айтылғандардан І.Есенберлин тарихи романдарының қазақ әдебиетіндегі орны мен бағасы, өзіндік үлесі, танымдық, тәрбиелік сипаты аңғарылса керек. Сонымен бірге, «Көшпенділердің» жалпы тарихи мәдени мәні қазақ көлемінен асып кететіндігін де есте түтуымыз ләзім. Әдебиеттің идеологиялық, эстетикалық, көркемдік сипаттары бір-біріне тығыз байланысты. Ал, кейде, шығарманың идеологиялық бағыттылығының өзі елеулі факторға айналатыны болады. «Көшпенділер» бұл тараптан бірнеше мәселеге назар аудартады. Соның бірі - мұнда соғыс пен бейбітшілік мәселесінің тек қазақтық көлемде ғана емес, халықаралық сипатқа ие болуы. Трилогияның өн бойында дерлік   сырт   жауларға   қарсы   күрес,   бейбіт   өмір   сүру проблемасы тарихтың әрбір кезеңінде күн тәртібіне талай рет қойылғанын, ол мақсатқа тек елдің бірлігі, саналылығы, қайраты арқылы ғана жетуге болатындығын аталған роман ғибрат етіп ұсынғандай. Әсіресе, қазақ еліне сан рет шапқыншылық жасап, шығыстан әлденеше рет ажал шашып келген жоңғарлардың, оларға дем беруші шүршіттердің дегені болмай, қашан да жеңіліс тауып келгендігінің шежіресін айту - саяси мәні зор мәселе. Қазақ халқының жан-жақтан аңдыған жаулармен алыса жүріп орнатқан мемлекеттігінің іргесі алуан рет шайқалып, бүкіл халықтың алдына «не өмір сүру, не жоқ болу» сауалы көп қайталанып қойылғанын көрсету - трилогияның терең қорытындыларының бірі. Қысқасы, І.Есенберлиннің «Көшпенділері» қазақ әдебиетінің аса көрнекті туындысы ғана емес, мұның әдеби, тарихи, мәдени тәрбиелік маңызы анағұрлым кең жатыр. Сол үшін бұл шығарманың лениндік сыйлыққа ұсынылуы қалың оқушы жамағатшылықтың биік талғампаз багаларымен толық үндеседі деп білеміз. 1980
21.11.2013 05:29 3381

І.Есенберлин романында баяндаушының (повествователь) ролі ерекше үлкен екендігін атап өтуіміз керек. Бірақ мұндағы баяндаушы қаһарман немесе автор ертегішіден, жай әңгімешіден мүлде өзгеше. «Көшпенділерде» баяндаушы салмақты, көп кырлы жүк көтеріп тұр. Бұл романдарда баяндаушы белгілібір оқиғаны айтып беруші ғана емес, әрі талдаушы, бағалаушы да. Осындай «баяндауларда» қаһармандардың ішкі әлемін, парасатын білдірерлік монологтар да, жанды диалогтар да, нақтылы портреттер де араласа келіп отырады. Мұның өзі баяндаушының өмір шындығын мінез шындығына астастыра білетін күрделі көркемдік компонент қызметін атқарып тұрғанын ұқтырса керек.

«Қиялдан» жасаған кейіпкерден гөрі тарихи белгілі қайраткерлер тұлғасын жаратудың қиынырақ екені ежелден мәлім. Өйткені тарихта жасаған адамдардың халық санасында қалыптасқан эпикалық бейнесі де болады ғой. Ал, жазба әдебиет туындысы тарихи адамдардың характер ерекшелігін өзіне хас әдістермен ашуы тиіс. «Көшпенділерде» Асан, Қазтуған, Абылай, Бұқар секілді қазақ тарихында белгілі адамдардың тұлғалары әрі эпикалық, әрі жазба әдебиет дәстүріне лайық суреттелгенін көреміз.

Қазақ ауыз әдебиетінің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жанрларының бірі - айтыс өнері. «Көшпенділерде» осы айтыс формасы өте ұтымды пайдаланылған. Қазақ халқының сан ғасырлар бойындағы өмір кешулерін, оның жарқын беттері мен өкінішті мезеттерін диалектикалық толық түрінде айтуға, ешбір елеулі құбылысты іркіп қалмай, сарқа паш етуге ақындар айтысы формасы таптырмайтын тәсіл. «Алмас қылыш» романында екі ақын - Қазтуған мен Қодан осындай ретпен қазақ халқының өткен өмірін, талай-талай жасырулы сырларды энциклопедисше тартып, түсіндіріп, «дәлелдеп» береді. Бұл әдіс тек аталған романға тиімді болғанын ғана айту аз. Бұдан кеңірек те қорытынды жасауға болатындай. Ол - ауыз әдебиеті жанрлары мен көркемдік құралдарының қазіргі жазба әдебиет үшін таусылмас байлық екендігі.

Мұның бәрі «Көшпенділер» авторының тарихи романшылық дәстүрінен үйрене отырып, сол дәстүрді ұлттық өмір материалына сәйкес байыта білгендігін де байқатады.

Ілгеріде айтылғандардан І.Есенберлин тарихи романдарының қазақ әдебиетіндегі орны мен бағасы, өзіндік үлесі, танымдық, тәрбиелік сипаты аңғарылса керек. Сонымен бірге, «Көшпенділердің» жалпы тарихи мәдени мәні қазақ көлемінен асып кететіндігін де есте түтуымыз ләзім.

Әдебиеттің идеологиялық, эстетикалық, көркемдік сипаттары бір-біріне тығыз байланысты. Ал, кейде, шығарманың идеологиялық бағыттылығының өзі елеулі факторға айналатыны болады. «Көшпенділер» бұл тараптан бірнеше мәселеге назар аудартады. Соның бірі - мұнда соғыс пен бейбітшілік мәселесінің тек қазақтық көлемде ғана емес, халықаралық сипатқа ие болуы. Трилогияның өн бойында дерлік   сырт   жауларға   қарсы   күрес,   бейбіт   өмір   сүру проблемасы тарихтың әрбір кезеңінде күн тәртібіне талай рет қойылғанын, ол мақсатқа тек елдің бірлігі, саналылығы, қайраты арқылы ғана жетуге болатындығын аталған роман ғибрат етіп ұсынғандай. Әсіресе, қазақ еліне сан рет шапқыншылық жасап, шығыстан әлденеше рет ажал шашып келген жоңғарлардың, оларға дем беруші шүршіттердің дегені болмай, қашан да жеңіліс тауып келгендігінің шежіресін айту - саяси мәні зор мәселе.

Қазақ халқының жан-жақтан аңдыған жаулармен алыса жүріп орнатқан мемлекеттігінің іргесі алуан рет шайқалып, бүкіл халықтың алдына «не өмір сүру, не жоқ болу» сауалы көп қайталанып қойылғанын көрсету - трилогияның терең қорытындыларының бірі.

Қысқасы, І.Есенберлиннің «Көшпенділері» қазақ әдебиетінің аса көрнекті туындысы ғана емес, мұның әдеби, тарихи, мәдени тәрбиелік маңызы анағұрлым кең жатыр. Сол үшін бұл шығарманың лениндік сыйлыққа ұсынылуы қалың оқушы жамағатшылықтың биік талғампаз багаларымен толық үндеседі деп білеміз.

1980

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға