Өмір ізімен
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың повестерінің бірі «Менің атым - Қожа» деп аталады. Шығарма оқушылар арасында кеңінен мәлім. Бұл туынды негізінде арнаулы кинофильм де түсірілген. Мұнда мектеп оқушысы Қожа Қадыровтың басынан өткен оқиғалар, оның ой-арманы, іс-әрекеті, өзгелермен қарым-қатынасы баяндалады. Осы кейіпкер өзінің табиғи шыншылдығымен ұнамды әсер қалдырады. Әрине, оның қылықтары қолмен қойғандай тәртіпті, «ережеге сәйкес» болып көрінбейді. Алғыр, әсершіл, еті тірі Қожа екінің бірінде-ақ жұрт көзіне ерсі, бұзықтық болып көрінетін істерге бой алдырады. Сонда бұл қандай тұлға, ұнамды ма, ұнамсыз ба? Шығарманың қызықтығы да, белгілі дәрежеде сонылығы да осы кейіпкердің тосын бітіміне байланысты.
Қожа - оқуға да зерек, жолдасқа, досқа қамқор, биік ойларға, армандауға қабілетті, әкесі жасында өліп кеткен, әже мен ананың қольшда ерке, еркіндеу оскен бала. Оның ақын, жазушы болсам деп алдына анық мақсат қоюы да ерте басталыпты. Оз тұстастарына тән мінез Қожаға да ортақ. Ол жаңалық, жақсылық дегенге елгезек, біреудің астамшылық корсеткенін немесе мазақтағанын жүрегіне жақын алатын, намысын «қолдан бермейтін» қайратты бала болып корінеді. Оз кластасы Жантастың мұны Қожа демей, «Қара коже» деп атағанын ауыр алады, әр кезде-ақ оған есесін жібермей, кезекті жерінде күшпен де, созбен де сынаса біледі. Оның бірге оқитын Жанар деген қызға іштей іңкәрлігі әдемі суреттелген. Ол Жанарға деген коңілін білдіру үшін бірталай әрекет жасайды, қызға арнап олең де жазады. Қожа ойынга, қызыққа құмар, тың нәрсеге еліктегіш болып корінеді. Мұның бәрі жас адамның табиғи халі деп түсінуіміз керек.
Бірақ Қожаның Сұлтан деген озінен ересектеу, оқуды тастап кеткен балаға еріп, еріксіз қылмысқа, ұрлыққа куөгер болып қалатын, мұғалімнің сумкасына құрбақа салып жіберетін кездері де кездеседі. Оның бұл қылыктары геріс ықпалдың нәтижесі, еліктегіштік, озінің «ерлігін» дәлелдеу мақсатынан туған құбылыс. Мұны ақтауға да, мақтауға да болмайды. Өзіне сабақ беріп жүрген мұғалімді қорқыту, Сұлтан досы бір үйдің қымызын алдап ішкенін, қаракөл терісін жымқырып кеткенін, жеке меншіктің қазын ұрлағанын біле тұра үндемей, сыбайлас болуы - оның адалдық, әдеп, ұят деген ұғымдарды санаға сіңіріп болмағандығын байқатады. Осы айтылғандар Қожаның бейнесі озгеше үлгіде жасалғанын аңғартса керек.
Осыған қарамастан, біз Қожаны ұнамсыз кейіпкерлер тобына қоса алмаймыз. Ең алдымен, адам мінезі озінің диалектикалық шындығымен, қайшылығымен корінуге тиіс десек, Қожа тұлғасы нақ осы талапқа жауап береді. Әдебиетке көп жылдар бойында қалыптасып қалған машық, кейіпкерді не бірыңғай дәріптеу, не сыпыра қаралау, коркем шығарманың толымды жасалуына зор кедергі болатын. Б.Соқпақбаев туындыларында осьшдай жасанды, жаттандылықтан арылу оте айқын аңғарылады. Жазушы шығарма қаһарманының теріскей, күнгейін араластыра, табиғи етіп керсетуді әдейі мақсат еткендей. Сөйтіп повесте орталық қаһарманның тұлғасы озінше тартымды болып шыққан.
Оның себебі - Қожаның табиғатынан адамшылық ұрығы мол екені корінуінен. Оның Сұлтанға еріп, жағымсыз істерге душар болуы кездейсоқ корініс екені анық. Қожа күресте қарсыласын жығып, мерейлі болып тұрған кезінде қаракол елтірісі ұрланған шалдан ауыр сәздер естиді, ол ұрлықшы Сұлтанды ұстап бермекші болады. Басқа кездерде де Қожа өзінің ағат қылықтарына соңынан қатты өкініп отырады. Демек, жеке адамдардың мінез-құлқын бағалағанда, оның атқарған істерінің себебіне, бағдарына үңілуіміз керек. Сонда біз Қожаның кейбір қияңқылықтарын ақтамағанмен, оны соған алып барған жағдай екеніне түсінеміз.
Қожа - жаңалыққа, білуге, тануға құштар әрекетшіл, жанды тұлға. Ол дүниеден «ез орнын» табуға асығады, спортқа да, жазуға да бейімділігін байқатады. Бірақ оның табиғи қабілетін дұрыс өріске бағыттайтын зерек жетекші жоқ. «Жақсы оқыңдар, үлгілі, тәртіпті болыңдар», - дегеы сөздердің терең астары оған әлі айқын емес. Сабақты жақсы оқитын Қожа педагогика талабын ойдағыдай орындап жүрмін деп санайды. Әжесі болса немересіне жақсы тілек тілегеннен басқаны білмейді, анасы колхоз жұмысынан қол босата алмайды. Ауыл көлемінде балалардың жүйелі тәрбие алуын нақтылы іске айналдыратын шаралар жоқтың қасы. Міне, осындай жағдайда Қожа секілді пысық балалар неше алуан күйге түсуі мүмкін. Өзімен-өзі қалған балалардан бұзық та, өтірікші де, ұрлықшы да шығуы қиын болмайды. Осы тұста атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің: «Бала жаман істерге нсақсы дағдыға үйренбегендіктен барады», - деген нақыл сөзінің растығы еске түседі.
Суреткер Б.Соқпақбаев бұл повесінде бала тәрбиесінің өте күрделі мәселесін қозғайды. Нағыз коммунистік қоғам күрескері, саналы, жан-жақты тәрбиеленген азамат өзінен-өзі пайда болмайды, ол үшін мектеп, семья, қоғам болып бірлесе, кеңесе жүйелі әрекет жасауы шарт. Баланың әрбір күнін биік мағынасындағы жаксылыққа, көпшілік, мемлекет мүддесін қадірлеушілікке бағдарлап отыру, іс үстінде тәрбиелеу, жас адамның табиғатындағы ізгі қасиеттерді жарыққа шығаруға ынсдағат нсұмсау шарт. Ізгілікке жұмсалмаған қайрат залалды, кеселді күшке айналып кетуі оңай...
Жазушы бала өмірінің құбылыстарын нақтылы, тартымды таратып айтуға ұсталығын көрсетеді. Көпсөзділік, жасандылық немесе алдын ала белгіленген идеяға қарай «икемдеп» жіберушілік секілді қаламгер атаулыда жиі кездесетін қауіптен Б.Соқпақбаев бойын аулақ ұстай білген. Ол көп құбылыстар ішінен кейіпкер мінезін ашуға ең қажет дегендерін талғай екшейді. Мәселен, сөз болып отырған повесте Қожаның әрбір іс-әрекеті сендіреді, ол көріністер жағдайға да, мінезге де орайлас келіп отырады.
Сонымен қатар, кейде автор орталау мектеп оқушысының жасына, тәжірибесіне сәйкес келмейтін, ересек нсазушыіа ғана лайық сөздерді келтіреді. Өзінің тәртіпсіздігі, мектептің педсоветінде қаралып жатқан тұста Қожаға мынандай «ойлар» келіпті. «...Бірнеше адамның қолтаңбасы қойылып бекітілген осы мәжіліс хат қатырма тысты жуан папкалардың біріне тігіледі де, тарихқа жөнелтіледі. Архивтың алтын қорына айналады. Зырғып жылдар өтеді, дәуір көшіп, заман өзгереді. Мен жөнінде жазылып жатқан осы мәжіліс хаты күндердің бір күнінде әдебиет зерттеушісі, ізшілердің бірінің қолына түседі. Сонда ол жерден жеті қоян тапқандай қандай мәз болып қуанады десейші. Газеттер ең семіз деген әріптермен дүрілдетіп хабарлар басады: «Атақты нсазушы Қожа Қадыров жөніндегі жаңа деректер». Кітаптар жазылады мен жөнінде, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалады» (89-бет). Бұндай білгіштік 6 класс оқушысының түсіне де кірмеуі мүмкін. Рас, автор осының артынша: «Бұл айтылғандар менің басыма кейіннен келген ойлар еді», - деп түсінік берген. Бұл тұста «кейіннен келген ойларды» келтіру келісімсіз екені көрініп-ақ тұр...