Жаңалықтар

Байсалды зерттеуші

Бұл күнде жан-жақты дамып, іргесін кеңейткен сын мен әдебиеттанудың білгір мамандары мол. Олардың зерттеу туындылары сан жағынан да, сапа жағынан да өсті, таңдаулы еңбектері бүкілодақтық жұртшылықтың ілтипатына ілінді. Сын мен әдебиеттің өркен жайғаны соншалық - оның тарихы, табиғаты, көркею жолдары туралы арнаулы ғылыми еңбектер жазылып келеді; бұл тақырып турасында мәнді монографиялар жарияланды, ол жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде өтілетін болды. Мұның бәрі - совет жылдарында рухани өрлеу жолына түскен халқымыздың кемелдену келбетін белгілейтін факторлар. Әдебиеттің осы қиын да жауапты саласында өнімді еңбек етіп, елеулі жемістер берген көрнекті қайраткерлердің бірі -бүгінде елуге келген филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы Тұрсынбек Кәкішев. Оның есімі мен кітаптары бүкіл одақ оқушыларына жақсы таныс. Ол мұндай биік мәртебеге соңғы бес жылғы үздіксіз ізденістерінің, қажырлы ғалымдығының арқасында жетіп отыр. Т.Кәкішевтің әдебиетші, зерттеушілік, ұстаздық, толімгерлік қызметі - атап айтуға тұрарлық үлгісі, үйренерлігі бар ғибратты қызмет. Ол дүрмекке ілесіп, әдебиет алаңына кездейсоқ ат қойып қалғанның бірі емес, өзінің алға қойған пысанасына әуел бастан білек түріп, белді буып мығым дайындықпен келген, бұл істің ауырына да, ығырына да пейіл берген қаламгер. Опың өдеби, ғылыми, оқушы қауымға қаньіҚТЫ «Октябрь өркені» (1962), «Дәуір суреттері» (1967), «ҚЫЗЫЛ сүңқар» (1968), «Сын сапары» (1971), «Партия және едебиет» (1974), «Сәкен Сейфуллин» (1976), «Оңаша отау» (1977) секілді кітаптары, көптеген сын, публицистикалық мақалалары мақсаттылықтың, еңбеккерліктің, білім мен дарынның нәтижесі. Тұрсынбектің өмір, оқу, қызмет жолдары да алған бағытына сәйкес оралғанын көреміз. Ол 1945-1950 жылдары қазақтың С.С.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде ОҚИДЫ, бірер жыл «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар болімініц мецгсрушісі болып қызмет істейді. Ол алғаш рет редакция табалдырыгын аттауға көмек,   кеңес   берген   ұстазы,   бслгілі   сықақшы   Сейділда Төлешевтің      ағалық      қамқорлыгып       әрдайым      үлкен қамқорлықпен еске алады. Т.Кәкішев 1950-52 жылдарда оқу-педагогикалық  баспасында   аға   редактор,   1952-58   жылдар арасында   Қазақстан   коммунистерініц   партиясы   Орталық Комитетінің жанындағы партия тарихы институтында ғылми қызметкер болады. Бұл тұста ол газет, журналдарда бірталай мақала бастырады,  зерттеушілік  ісіне  бейімделе бастайды. Осы     аңсар     оны     1958     жылғы     Қазақ    ССР     Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтына алып келеді. Мұнда   ол   кернекті   ғалым,   сыншы   Қазақ   ССР   Ғылым Академиясының       корреспондент       мүшесі,       профессор Есмағамбет        Исмаиловтың        ғылми        жетекшілігінде аспирантурадан өтіп,  1960 жылы «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу    дәуіріндегі    идеялық-творчестволық    мәселелер (1917-1929     жылдар)»     деген     тақырыпта     кандидаттық диссертация қорғайды. Осы диссертациялық еңбек негізінде көп ұзамай «Октябрь өркені» атты кітабы шығады. Бұл зерттеуде қазақ совет әдебиетінің 20 жылдардағы даму ерекшеліктері кең көлемде ғылми тұрғыда тексерілді. Мұнда    сол    дәуірдегі    әдеби    бағыттар    және    олардың арасындағы идеялық-творчестволық күштерді ұйымдастыру мәселелері, ҚазАПП-тың қызметі, қателіктері, кемшіліктері, совет жазушылар одағын құру жайлары төңірегіндегі көп қүнды ойлар мен қорытындылар жинақталды. Кейіннен 20- жылдардағы қазақ совет әдебиеті Тұрсынбектің желілі, жүйелі тақырыптарының    біріне    айналды,    осы    аталған    кезең әдебиетінің   мәселелерін   басқа   да   еңбектерінде  тереңдете кеңейте    баян    етті.    Мәселен,    «Дәуір    суреттері»    деген жинағында     қазақ     совет     әдебиетінің    туу,     қалыптасу жылдарында  шығармашылығымен көрінген  бірнеше  ақын, жазушының    өмірі    мен    творчествосы    туралы    көлемді мақалалар бар. Қазақ әдебиеті тарихының совет әдебиетіне арналған III томның I кітабына 20-жылдар әдебиеті жайында тарау жазған авторлардың бірі де Т.Кәкішев. Осы тақырып ғалымның бұдан кейінгі ізденістері мен табыстарына кілт, әдебиет тарихшысы болып жетілуіне бетбұрыс болған секілді. Бұл жылдарда ол архив материалдарымен жұмыс істеу дегеннің қызығы мен қиындығына дендеп барады, әдебиетке, өз бағдарына қатысы бар деректерді еліміздің түрлі кітапханалары мен архивтерінен табуға дағдыланады. Ал, архив қазынасына сүйену деген әдебиет тарихшысы үшін ауадай қажет нәрсе екені түсінікті. Көп адам оқуын қиынсынатын араб әрпіндегі кітаптар мен қолжазбаларды оқуға қанығады. Бұл тараптан Т.Кәкішев еңбектері өзге әдебиетшілер кітаптарынан оқшау өзгелігін аңғартады. Міне, осындай шын ғылымның «дәмін татып» үйренген зерттеуші үшін болашақ еңбектер тақырыбы «өзінен-өзі» келуі ғажап емес. Тұрсынбектің қазақ совет әдебиетінің негізін салушы ақын, революционер Сәкен Сейфуллиннің өмір, өнер жолын зерттеуге бел байлауы да оның 20-жылдар әдебиетін тексерген кезімен тұстас келсе керек. Ол Сәкенге байланысты мағлұматтар архивтен де, жеке адамдар естелігінен де, өзі арнайы командировкаға шығып та жинай берген. Оны С.Сейфуллиннің ерлікке, романтикаға, күреске толы өмірі де, кіршіксіз пәк азаматтық тұлғасы да жаңашыл, биік революциялық пафоспен жалындаған жаратыңдылары да, сеніміне берік, халық, партия мүддесіне адал болаттай бейнесі де қызықтырады. Міне, осы тарапта жиналған мол материал негізінде Тұрсынбек соңғы он жыл ішінде Сәкен туралы үлкенді-кішілі төрт кітап жазып жариялады. Соның ішіңде оның «Сәкен Сейфуллин» деп аталған шығармасы 1967 жылы Москвада «Тамаша адамдар өмірі» сериясында орыс тілінде басылып шыкты. Атап өтерлік нәрсе сол - бұл кітап осы жанрда бүкіл Орта Азия мен Қазақстан қайраткерлерінің өмірінен жазылған тұңғыш татымды туынды деп бағаланды.
20.11.2013 12:22 5162

Бұл күнде жан-жақты дамып, іргесін кеңейткен сын мен әдебиеттанудың білгір мамандары мол. Олардың зерттеу туындылары сан жағынан да, сапа жағынан да өсті, таңдаулы еңбектері бүкілодақтық жұртшылықтың ілтипатына ілінді. Сын мен әдебиеттің өркен жайғаны соншалық - оның тарихы, табиғаты, көркею жолдары туралы арнаулы ғылыми еңбектер жазылып келеді; бұл тақырып турасында мәнді монографиялар жарияланды, ол жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде өтілетін болды. Мұның бәрі - совет жылдарында рухани өрлеу жолына түскен халқымыздың кемелдену келбетін белгілейтін факторлар.

Әдебиеттің осы қиын да жауапты саласында өнімді еңбек етіп, елеулі жемістер берген көрнекті қайраткерлердің бірі -бүгінде елуге келген филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы Тұрсынбек Кәкішев. Оның есімі мен кітаптары бүкіл одақ оқушыларына жақсы таныс. Ол мұндай биік мәртебеге соңғы бес жылғы үздіксіз ізденістерінің, қажырлы ғалымдығының арқасында жетіп отыр.

Т.Кәкішевтің әдебиетші, зерттеушілік, ұстаздық, толімгерлік қызметі - атап айтуға тұрарлық үлгісі, үйренерлігі бар ғибратты қызмет. Ол дүрмекке ілесіп, әдебиет алаңына кездейсоқ ат қойып қалғанның бірі емес, өзінің алға қойған пысанасына әуел бастан білек түріп, белді буып мығым дайындықпен келген, бұл істің ауырына да, ығырына да пейіл берген қаламгер. Опың өдеби, ғылыми, оқушы қауымға қаньіҚТЫ «Октябрь өркені» (1962), «Дәуір суреттері» (1967), «ҚЫЗЫЛ сүңқар» (1968), «Сын сапары» (1971), «Партия және едебиет» (1974), «Сәкен Сейфуллин» (1976), «Оңаша отау» (1977) секілді кітаптары, көптеген сын, публицистикалық мақалалары мақсаттылықтың, еңбеккерліктің, білім мен дарынның нәтижесі.

Тұрсынбектің өмір, оқу, қызмет жолдары да алған бағытына сәйкес оралғанын көреміз. Ол 1945-1950 жылдары қазақтың С.С.Киров атындағы мемлекеттік университетінің

журналистика факультетінде ОҚИДЫ, бірер жыл «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар болімініц мецгсрушісі болып қызмет істейді. Ол алғаш рет редакция табалдырыгын аттауға көмек,   кеңес   берген   ұстазы,   бслгілі   сықақшы   Сейділда Төлешевтің      ағалық      қамқорлыгып       әрдайым      үлкен қамқорлықпен еске алады. Т.Кәкішев 1950-52 жылдарда оқу-педагогикалық  баспасында   аға   редактор,   1952-58   жылдар арасында   Қазақстан   коммунистерініц   партиясы   Орталық Комитетінің жанындағы партия тарихы институтында ғылми қызметкер болады. Бұл тұста ол газет, журналдарда бірталай мақала бастырады,  зерттеушілік  ісіне  бейімделе бастайды. Осы     аңсар     оны     1958     жылғы     Қазақ    ССР     Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтына алып келеді. Мұнда   ол   кернекті   ғалым,   сыншы   Қазақ   ССР   Ғылым Академиясының       корреспондент       мүшесі,       профессор Есмағамбет        Исмаиловтың        ғылми        жетекшілігінде аспирантурадан өтіп,  1960 жылы «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу    дәуіріндегі    идеялық-творчестволық    мәселелер (1917-1929     жылдар)»     деген     тақырыпта     кандидаттық диссертация қорғайды. Осы диссертациялық еңбек негізінде көп ұзамай «Октябрь өркені» атты кітабы шығады.

Бұл зерттеуде қазақ совет әдебиетінің 20 жылдардағы даму ерекшеліктері кең көлемде ғылми тұрғыда тексерілді. Мұнда    сол    дәуірдегі    әдеби    бағыттар    және    олардың арасындағы идеялық-творчестволық күштерді ұйымдастыру мәселелері, ҚазАПП-тың қызметі, қателіктері, кемшіліктері, совет жазушылар одағын құру жайлары төңірегіндегі көп қүнды ойлар мен қорытындылар жинақталды. Кейіннен 20- жылдардағы қазақ совет әдебиеті Тұрсынбектің желілі, жүйелі тақырыптарының    біріне    айналды,    осы    аталған    кезең әдебиетінің   мәселелерін   басқа   да   еңбектерінде  тереңдете кеңейте    баян    етті.    Мәселен,    «Дәуір    суреттері»    деген жинағында     қазақ     совет     әдебиетінің    туу,     қалыптасу жылдарында  шығармашылығымен

көрінген  бірнеше  ақын, жазушының    өмірі    мен    творчествосы    туралы    көлемді мақалалар бар. Қазақ әдебиеті тарихының совет әдебиетіне арналған III томның I кітабына 20-жылдар әдебиеті жайында тарау жазған авторлардың бірі де Т.Кәкішев.

Осы тақырып ғалымның бұдан кейінгі ізденістері мен табыстарына кілт, әдебиет тарихшысы болып жетілуіне бетбұрыс болған секілді. Бұл жылдарда ол архив материалдарымен жұмыс істеу дегеннің қызығы мен қиындығына дендеп барады, әдебиетке, өз бағдарына қатысы бар деректерді еліміздің түрлі кітапханалары мен архивтерінен табуға дағдыланады. Ал, архив қазынасына сүйену деген әдебиет тарихшысы үшін ауадай қажет нәрсе екені түсінікті. Көп адам оқуын қиынсынатын араб әрпіндегі кітаптар мен қолжазбаларды оқуға қанығады. Бұл тараптан Т.Кәкішев еңбектері өзге әдебиетшілер кітаптарынан оқшау өзгелігін аңғартады. Міне, осындай шын ғылымның «дәмін татып» үйренген зерттеуші үшін болашақ еңбектер тақырыбы «өзінен-өзі» келуі ғажап емес.

Тұрсынбектің қазақ совет әдебиетінің негізін салушы ақын, революционер Сәкен Сейфуллиннің өмір, өнер жолын зерттеуге бел байлауы да оның 20-жылдар әдебиетін тексерген кезімен тұстас келсе керек. Ол Сәкенге байланысты мағлұматтар архивтен де, жеке адамдар естелігінен де, өзі арнайы командировкаға шығып та жинай берген. Оны С.Сейфуллиннің ерлікке, романтикаға, күреске толы өмірі де, кіршіксіз пәк азаматтық тұлғасы да жаңашыл, биік революциялық пафоспен жалындаған жаратыңдылары да, сеніміне берік, халық, партия мүддесіне адал болаттай бейнесі де қызықтырады. Міне, осы тарапта жиналған мол материал негізінде Тұрсынбек соңғы он жыл ішінде Сәкен туралы үлкенді-кішілі төрт кітап жазып жариялады. Соның ішіңде оның «Сәкен Сейфуллин» деп аталған шығармасы 1967 жылы Москвада «Тамаша адамдар өмірі» сериясында орыс тілінде басылып шыкты. Атап өтерлік нәрсе сол - бұл кітап осы жанрда бүкіл Орта Азия мен Қазақстан қайраткерлерінің өмірінен жазылған тұңғыш татымды туынды деп бағаланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға