Жаңалықтар

Фразеологизмдердің көнелігін дәлелдейтін өлшем

Фразеологизмдердің көнелігін, құндылығын дәлелдейтін өлшемнің бірі - олардың көрші, тілі туыс елдерде де сақталып келуі. Мұның өзі көптеген тиянақты сөздердің әзелгі нақтылы мағынасын салыстырып ашуға таптырмайтын дерек болып саналады. Түркі тілдерінің даму эволюциясын, диалектілердің таралу ауданын анықтауға фразалар тізбегі де өз тарапынан көп куәлік ете алатындай. Бізде әлі күнге дейін жете зерттеліп болмаған тақырып - ауыз әдебиетінің поэтикалық жүйесін талдағанда да тиянақты тіркестер шоғырын есепке алмауға болмайды. Ауыз әдебиеті шығармаларының стадиялық дәуірін іздегенде де үлкен бір таяныш тілдік сипаттама болса, фразеологиялық сөздік алдымен жәрдемге келмек. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» бойында тоқталып өтерлік басқа да көптеген қасиеттер бар. Бірақ солардың ең бастысы тіліміздің әсем, ажарлы, бейнелі мол бір бөлегінің мөлдір таза, саф алтындай қалпында үлкен ыждаһатпен, зерек білгірлікпен талғанып тізілуі, олардыц орнықты түсініктемесінің берілуі. Дәл осы сипатының өзі еңбектің өміршеңдігіне дәлел. Жүздеген жылдарда ұмыт болмаған, уақыт сынына төтеп берген, тіл жүйесіндегі орны беки түскен тиянақты тіркестер алдағы кезде де қаншама әулет пен буынға қызмет ететіні кәміл. «Жеті», «қырық», «тоғыз» сандарына байланысты берілген түсініктер мен шолулар, талдаулар мен болжамдар ғалымның көп ізденістерінен туған, қызғылықты ойларға, терең тұжырымдарға толы. Мұндағы салыстырулар мен толғамдар автордың толысқан зерттеушілік мәдениетін танытады. Ғалым өз ойларын дәлелдеу барысында жаһан көлеміндегі деректерге еркін, білгір сүйене білетіндігін көрсетеді. Кітаптың құндылығын арттырып тұрған қосалқы тарауларды да атап көрсету шарт. «Ен-таңба туралы», «Ай санау дәстүрлері туралы», «Жыл қайыру туралы» деп аталған бөлімдерде көпшіліқ оқушы біле бермейтін мол ғылыми мағлұмат келтірілген. Жүйелеп тексере келсе, бұл тақырыптардың әрқайсысы талай-талай күрделі еңбектің жүгі болғандай... Әлбетте, «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» халқымыздың тіл қорындағы тиянақты тіркес атаулыны түп-түгел қамтыған емес. Мұндай уәзипа көп томды басылымдардың, коллективтік еңбектердің сыбағасы екенін автордың өзі де ескерткен. Жалпы алғанда, академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - арнаулы мамандардан бастап тіл қазынасына ойы сергек саналы жұртшылығымыздың бәрінің де кітап сөресінен орын аларлық еңбек. Сонымен бірге, бұл сөздік - қазақ тілтану ғылымының биік деңгейін, зор мәдениетін әйгілейді. 1977
20.11.2013 12:19 4117

Фразеологизмдердің көнелігін, құндылығын дәлелдейтін өлшемнің бірі - олардың көрші, тілі туыс елдерде де сақталып келуі. Мұның өзі көптеген тиянақты сөздердің әзелгі нақтылы мағынасын салыстырып ашуға таптырмайтын дерек болып саналады. Түркі тілдерінің даму эволюциясын, диалектілердің таралу ауданын анықтауға фразалар тізбегі де өз тарапынан көп куәлік ете алатындай. Бізде әлі күнге дейін жете зерттеліп болмаған тақырып - ауыз әдебиетінің поэтикалық жүйесін талдағанда да тиянақты тіркестер шоғырын есепке алмауға болмайды. Ауыз әдебиеті шығармаларының стадиялық дәуірін іздегенде де үлкен бір таяныш тілдік сипаттама болса, фразеологиялық сөздік алдымен жәрдемге келмек.

«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» бойында тоқталып өтерлік басқа да көптеген қасиеттер бар. Бірақ солардың ең бастысы тіліміздің әсем, ажарлы, бейнелі мол бір бөлегінің мөлдір таза, саф алтындай қалпында үлкен ыждаһатпен, зерек білгірлікпен талғанып тізілуі, олардыц орнықты түсініктемесінің берілуі. Дәл осы сипатының өзі еңбектің өміршеңдігіне дәлел. Жүздеген жылдарда ұмыт болмаған, уақыт сынына төтеп берген, тіл жүйесіндегі орны беки түскен тиянақты тіркестер алдағы кезде де қаншама әулет пен буынға қызмет ететіні кәміл.

«Жеті», «қырық», «тоғыз» сандарына байланысты берілген түсініктер мен шолулар, талдаулар мен болжамдар ғалымның көп ізденістерінен туған, қызғылықты ойларға, терең тұжырымдарға толы. Мұндағы салыстырулар мен толғамдар автордың толысқан зерттеушілік мәдениетін танытады. Ғалым өз ойларын дәлелдеу барысында жаһан көлеміндегі деректерге еркін, білгір сүйене білетіндігін көрсетеді.

Кітаптың құндылығын арттырып тұрған қосалқы тарауларды да атап көрсету шарт. «Ен-таңба туралы», «Ай санау дәстүрлері туралы», «Жыл қайыру туралы» деп аталған бөлімдерде көпшіліқ оқушы біле бермейтін мол ғылыми мағлұмат келтірілген. Жүйелеп тексере келсе, бұл тақырыптардың әрқайсысы талай-талай күрделі еңбектің жүгі болғандай...

Әлбетте, «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» халқымыздың тіл қорындағы тиянақты тіркес атаулыны түп-түгел қамтыған емес. Мұндай уәзипа көп томды басылымдардың, коллективтік еңбектердің сыбағасы екенін автордың өзі де ескерткен.

Жалпы алғанда, академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - арнаулы мамандардан бастап тіл қазынасына ойы сергек саналы жұртшылығымыздың бәрінің де кітап сөресінен орын аларлық еңбек. Сонымен бірге, бұл сөздік - қазақ тілтану ғылымының биік деңгейін, зор мәдениетін әйгілейді.

1977

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға