Жаңалықтар

«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жайында

«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігіне» мысал етіп алынған тұрақты тіркестердің бәрі дерлік ауыз әдебиетінен немесе жазбаша шығармалардан тізілген. Мұның өзі фразалардың көркем, публицистикалық, гылыми, саяси әдебиетте қаншалық маңызды орын иеленетіндігін көрсетеді. «Сөздіктегі» он мыңнан артық фразеологизм - бір жағынан қазақ тілінің ең шұрайлы, бейнелі қалың қабатын жиған көркемдік күмбезі, тіл жәдігері болса, екінші жағынан ана тілі байлығын үйренушілерге таптырмайтын толымды, жанды көрнекі құрал. Тиянақты тіркестер замандар өте келе өздерінің алғашқы тіке мағынасынан өзгеріңкіреп, бейнелі, астарлы, ауқымды мәнге ие болған, көркемдеу, әсірелеу, теңемелеу сыпатын жиған сөз дүрданалары. Бұл тұрғыдан алғанда олардың әуел бастағы шығу төркінін, тілдің тарихи кезеңдерін тану өз алдына жеке зерттеу әлемі болмақ. Сонымен қатар фразеологизмдердің көркем әдебиет стиліндегі қызметінің жүйесін, заңцылығын тексеру - тілшіге де, әдебиетшіге де бірдей қызғылықты мәселе. Тиянақты тіркестердің мақалмен, қанатты сөздермен ұласатын тұстары да жіктеп ашуды қажет етеді. Сонымен фразеологизмдер бір өзінен сан тарау сауал туындайтын, жеке пән ретінде түбірлі тексеруді қерек ететін феномен екені танылады. Зерттеуші тиянақты тіркестердің фольклор мен жазба әдебиеттегі алуан әсем айшықтарын келтіре отырып, бір мәселені қадағалап ескертеді. Ол - фразеологизмдерді, тұрақты сөз тіркестерін қалай болса солай өзгертуге, сүргілеуге, орнын ауыстыруға болмайтындығы. Бұдан фразалардың тек көркемдегіш, күшейткіш мәнге ғана ие болып қоймай, тіл заңдылығының қазығы, тірегі, тот баспас асылы санатында өмір сүріп келе жатқаны айрықша аңғарылады. Кітапта жеке сөздердің фразеологизм дәрежесіне жеткенге дейін өте көп уақытты бастан кешіретіні және оның шарттары туралы нақтылы ойлар келтірілген. Тиянақты тіркестерге тән белгілердің бірі - оларда дыбыстық үндестіктің мол болуы. Терең мағына мен әдемі айшықты сөздердің үйлес, үндес келуі көркемдіктің бір нышаны секілді. Бұл ауыз әдебиетінің шығармаларынан дыбыстық үндестік заңымен жасалған тіркестердің аса жиі кездесетіні тегін болмаса керек. «Ай мен күндей, әмбеге бірдей» деген тіркестің соңғы бөлегін «халыққа бірдей» немесе «баршаға бірдей» десек мағына бұзылмайды, бірақ сөздердің әсемдік реңі солғын тартады. Осындай себептердің арқасыңда фразеологизмдер өз тарапынан тілдің жатық тігісін, көне қалыбын сақтаудың үлгісі, аз сөзбен көп мағына беріп үйренудің мектебі болып қала бермек. Әсіресе, тиянақты тіркестер - тіл байлығын меңгеремін, сөз ұстасы боламын деген жазушылардың, жалпы сез өнеріне қатысы бар жандардың ерекше ұқыптылықпен қадірлейтін қазынасы.
20.11.2013 12:18 17110

«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігіне» мысал етіп алынған тұрақты тіркестердің бәрі дерлік ауыз әдебиетінен немесе жазбаша шығармалардан тізілген. Мұның өзі фразалардың көркем, публицистикалық, гылыми, саяси әдебиетте қаншалық маңызды орын иеленетіндігін көрсетеді. «Сөздіктегі» он мыңнан артық фразеологизм - бір жағынан қазақ тілінің ең шұрайлы, бейнелі қалың қабатын жиған көркемдік күмбезі, тіл жәдігері болса, екінші жағынан ана тілі байлығын үйренушілерге таптырмайтын толымды, жанды көрнекі құрал.

Тиянақты тіркестер замандар өте келе өздерінің алғашқы тіке мағынасынан өзгеріңкіреп, бейнелі, астарлы, ауқымды мәнге ие болған, көркемдеу, әсірелеу, теңемелеу сыпатын жиған сөз дүрданалары. Бұл тұрғыдан алғанда олардың әуел бастағы шығу төркінін, тілдің тарихи кезеңдерін тану өз алдына жеке зерттеу әлемі болмақ. Сонымен қатар фразеологизмдердің көркем әдебиет стиліндегі қызметінің жүйесін, заңцылығын тексеру - тілшіге де, әдебиетшіге де бірдей қызғылықты мәселе. Тиянақты тіркестердің мақалмен, қанатты сөздермен ұласатын тұстары да жіктеп ашуды қажет етеді. Сонымен фразеологизмдер бір өзінен сан тарау сауал туындайтын, жеке пән ретінде түбірлі тексеруді қерек ететін феномен екені танылады.

Зерттеуші тиянақты тіркестердің фольклор мен жазба әдебиеттегі алуан әсем айшықтарын келтіре отырып, бір мәселені қадағалап ескертеді. Ол - фразеологизмдерді, тұрақты сөз тіркестерін қалай болса солай өзгертуге, сүргілеуге, орнын ауыстыруға болмайтындығы. Бұдан фразалардың тек көркемдегіш, күшейткіш мәнге ғана ие болып қоймай, тіл заңдылығының қазығы, тірегі, тот баспас асылы санатында өмір сүріп келе жатқаны айрықша аңғарылады.

Кітапта жеке сөздердің фразеологизм дәрежесіне жеткенге дейін өте көп уақытты бастан кешіретіні және оның шарттары туралы нақтылы ойлар келтірілген.

Тиянақты тіркестерге тән белгілердің бірі - оларда дыбыстық үндестіктің мол болуы. Терең мағына мен әдемі айшықты сөздердің үйлес, үндес келуі көркемдіктің бір нышаны секілді. Бұл ауыз әдебиетінің шығармаларынан дыбыстық үндестік заңымен жасалған тіркестердің аса жиі кездесетіні тегін болмаса керек. «Ай мен күндей, әмбеге бірдей» деген тіркестің соңғы бөлегін «халыққа бірдей» немесе «баршаға бірдей» десек мағына бұзылмайды, бірақ сөздердің әсемдік реңі солғын тартады.

Осындай себептердің арқасыңда фразеологизмдер өз тарапынан тілдің жатық тігісін, көне қалыбын сақтаудың үлгісі, аз сөзбен көп мағына беріп үйренудің мектебі болып қала бермек. Әсіресе, тиянақты тіркестер - тіл байлығын меңгеремін, сөз ұстасы боламын деген жазушылардың, жалпы сез өнеріне қатысы бар жандардың ерекше ұқыптылықпен қадірлейтін қазынасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға