Жаңалықтар

Сөз маржаны

Тіліміздің алуан сыры мен қырын ұқтыратын сөздіктердің мәні ерекше. Асылы тіл тексеру ғьшымындағы түрлі тараптағы ізденістердің өз қорытындысын белгілі саладағы лұғат, сөздіктерден тапқаны ләзім секілді. Айталық, грамматиканың қайсыбір арнаулы мәселесі зерттеуші мамандарды       ғана       қызықтырса,       сөздіктер       жалпы жұртшылықтың пайдалануына жарайтын ортақ құрал қызметін атқарады. Соңғы жылдарда жарык көрген «Абай тілінің сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» тілшілер тобының ұзақ жылдардағы жүйелі жұмыстарынын нәтижесі деп білеміз. Мұндай еңбектергс зөрулІК зор. Гіпті осындай лұғат кітаптарды қазақ тілін үйреигісі кслетін өзге ұлт өкілдерінің де іздегенін талай рет көрдік. Біз сөздік жасау тәжірибесіндсгі аса күрделі еңбектің біріне тоқталғымыз келеді. Ол - белгілі түрколог ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977) атты кітабы. Бұл еңбек ана тіліміздің, әдебиеттің тұнық, байырғы көркем кестелерін, тарихын, тағдырын түсінгісі келетін барша зиялы қауымға жасалған үлкен тарту есепті. Өз ішіне он мыңнан аса фразаның (тиянақты тіркестің) толық түсінік тізбегін, фразеология деген пәннің мән-жайын баяндайтын зерттеуді сыйдырған бұл кітап өткен жылғы күллі ғылыми, әдеби басылымдардың бірегейі деп айтуға тұрарлық. Ең алдымен, сөздікке енген фразалар мен мысалдардың молдығы қайран қалдырады. Жалпы, сөздік құрау тілшіден жүйелілікті, дәйектілікті, зеректікті, бір сөзбен айтқанда, үлкен еңбек мәдениетін керек ететінін ескерсек, мұншама мол материал жинау, талғау үшін қаншалық уақыт пен ыждағат жұмсалғанын аңғару қиын емес. Ұзақ жылдар бойында қазақ тілі ғылымының түрлі тарапында көптеген еңбектер жазған, ғылыми істерді ұстаздықпен ұштастыра білген, жас кадрларды тәрбиелеу, өсіру жолында ерекше ұйымдастырғыштық дарынын танытқан, оның үстіне, сан-сала қоғамдық міндеттер атқарған ғалымның мақсаттылығы сүйсіндіреді. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - тіл ғылымының ғана емес, жалпы мәдениетімізге қосылған күрделі үлес. Мамандардың көрсетуінше, мұндай сөздік бүкіл түркология көлемінде бұған дейін жасалмаған. Ол былай тұрсын, фразеологияның өзіндік ерекшеліктері де аса көп сөз болмай келген көрінеді. Бұл пәннің өзгеше бітімдері туралы кітапта кең зерттеу берілген. Мұның қай-қайсысы да оқушыны тіліміздің өзгеше, күрделі тізбегі болып табылатын -фразеологизмдермен, тиянақты тіркестермен таныстыруға өте керек. Еңбекте сөздікпен қатар фразеология пәнінің негізгі құрамы мен сонылығы да энциклопедиялық толықтықпен қамтылған. Автор фразеологизмдердің сипаттамасын нақтылы тұжырымдай келіп, олардың өзіне хас белгілері деп үш мәселені: магына тутастыгын^ тіркес турақтылыгын, қолдану тиянаңтылыгын айтады. Мұнан кейін тиянақты тіркес сөздер тұлғасына, мәніне қарай топқа жіктелген, фразалардың фонетикалық, лексикалық, синонимдік құбылулары, олардың жай сөздерден, мақал-мәтелдерден айырмашылығы, тіл жүйсіндегі қайталанбас қызметі көрсетілген. Фразеологизмдердің ең көрнекті мәні стильдік, күшейткіштік қуатында. Бүкіл сөздіктің өн бойында тізілген сөз маржандары осы пікірді қуаттайды. Өз алдына жеке дара тұрғанда көп сыры айқындала қоймайтын фразалар сөйлем ішінде айтылмақ ойдың аңғарына орай сан алуан құлпырып, үстеме, терең мәндерді білдіреді. Кітаптың алғашқы беттерінде келтірілген: «Абжыландай толғанды», «Ағайынды қоңыр қаз», «Ағама жеңгем сай», «Ағынан жарылды», «Ажал аранын ашты», «Ажарын сатты», «Аза бойы қаза болды», «Азуын басты», «Айға шапты», «Айдар тақты», «Ай қабақ, алтын кірпік», «Айрандай аптап, күбідей күптеп», «Айрандай ұйып отыр», «Айтаққа ерді», «Айтқан сөз құлағынан ағып кетті», «Айтқан сөзіне жетпеді», «Айыбын жуды», «Айы-күні батты», «Айыл-тұрманын тартты», «Айылын жимады», «Айды аспанға шығарды», «Айыпқа жығылды», «Ақ некелі төсек», «Ақ сайтаны ұстады», «Ақ сүтін ақтады», «Ақ түйенің қарны мсарылды», «Ақтылы қой», «Ақшам жамырады», «Ақыл азуы шықпаған», «Ақылға салды», «Ақыр заман орнатты», «Ақысын жеді», «Ала көздік жасады», «Алақанға қарады», «Алақанына түкірді», «Аламан тасыр», «Ала өкпе болды», «Алас ұрды», «Алатайдай бүлдірді», «Алды-артын орады», «Алтау ала болса», «Алтын жаға сөгілді»... сскілді тұрақты тіркестер талай-талай тамаша терең ойларды неғұрлым ұтымды жеткізетін дәнекерлер деуге лайық.
20.11.2013 12:17 17693

Тіліміздің алуан сыры мен қырын ұқтыратын сөздіктердің мәні ерекше. Асылы тіл тексеру ғьшымындағы түрлі тараптағы ізденістердің өз қорытындысын белгілі саладағы лұғат, сөздіктерден тапқаны ләзім секілді. Айталық, грамматиканың қайсыбір арнаулы мәселесі зерттеуші мамандарды       ғана       қызықтырса,       сөздіктер       жалпы жұртшылықтың пайдалануына жарайтын ортақ құрал қызметін атқарады. Соңғы жылдарда жарык көрген «Абай тілінің сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» тілшілер тобының ұзақ жылдардағы жүйелі жұмыстарынын нәтижесі деп білеміз. Мұндай еңбектергс зөрулІК зор. Гіпті осындай лұғат кітаптарды қазақ тілін үйреигісі кслетін өзге ұлт өкілдерінің де іздегенін талай рет көрдік.

Біз сөздік жасау тәжірибесіндсгі аса күрделі еңбектің біріне тоқталғымыз келеді. Ол - белгілі түрколог ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977) атты кітабы. Бұл еңбек ана тіліміздің, әдебиеттің тұнық, байырғы көркем кестелерін, тарихын, тағдырын түсінгісі келетін барша зиялы қауымға жасалған үлкен тарту есепті. Өз ішіне он мыңнан аса фразаның (тиянақты тіркестің) толық түсінік тізбегін, фразеология деген пәннің мән-жайын баяндайтын зерттеуді сыйдырған бұл кітап өткен жылғы күллі ғылыми, әдеби басылымдардың бірегейі деп айтуға тұрарлық.

Ең алдымен, сөздікке енген фразалар мен мысалдардың молдығы қайран қалдырады. Жалпы, сөздік құрау тілшіден жүйелілікті, дәйектілікті, зеректікті, бір сөзбен айтқанда, үлкен еңбек мәдениетін керек ететінін ескерсек, мұншама мол материал жинау, талғау үшін қаншалық уақыт пен ыждағат жұмсалғанын аңғару қиын емес. Ұзақ жылдар бойында қазақ тілі ғылымының түрлі тарапында көптеген еңбектер жазған, ғылыми істерді ұстаздықпен ұштастыра білген, жас кадрларды тәрбиелеу, өсіру жолында ерекше ұйымдастырғыштық дарынын танытқан, оның үстіне, сан-сала қоғамдық міндеттер атқарған ғалымның мақсаттылығы сүйсіндіреді.

«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - тіл ғылымының ғана емес, жалпы мәдениетімізге қосылған күрделі үлес. Мамандардың көрсетуінше, мұндай сөздік бүкіл түркология көлемінде бұған дейін жасалмаған. Ол былай тұрсын, фразеологияның өзіндік ерекшеліктері де аса көп сөз болмай келген көрінеді. Бұл пәннің өзгеше бітімдері туралы кітапта кең зерттеу берілген. Мұның қай-қайсысы да оқушыны тіліміздің өзгеше, күрделі тізбегі болып табылатын -фразеологизмдермен, тиянақты тіркестермен таныстыруға өте керек. Еңбекте сөздікпен қатар фразеология пәнінің негізгі құрамы мен сонылығы да энциклопедиялық толықтықпен қамтылған.

Автор фразеологизмдердің сипаттамасын нақтылы тұжырымдай келіп, олардың өзіне хас белгілері деп үш мәселені: магына тутастыгын^ тіркес турақтылыгын, қолдану тиянаңтылыгын айтады. Мұнан кейін тиянақты тіркес сөздер тұлғасына, мәніне қарай топқа жіктелген, фразалардың фонетикалық, лексикалық, синонимдік құбылулары, олардың жай сөздерден, мақал-мәтелдерден айырмашылығы, тіл жүйсіндегі қайталанбас қызметі көрсетілген.

Фразеологизмдердің ең көрнекті мәні стильдік, күшейткіштік қуатында. Бүкіл сөздіктің өн бойында тізілген сөз маржандары осы пікірді қуаттайды. Өз алдына жеке дара тұрғанда көп сыры айқындала қоймайтын фразалар сөйлем ішінде айтылмақ ойдың аңғарына орай сан алуан құлпырып, үстеме, терең мәндерді білдіреді. Кітаптың алғашқы беттерінде келтірілген: «Абжыландай толғанды», «Ағайынды қоңыр қаз», «Ағама жеңгем сай», «Ағынан жарылды», «Ажал аранын ашты», «Ажарын сатты», «Аза бойы қаза болды», «Азуын басты», «Айға шапты», «Айдар тақты», «Ай қабақ, алтын кірпік», «Айрандай аптап, күбідей күптеп», «Айрандай ұйып отыр», «Айтаққа ерді», «Айтқан сөз құлағынан ағып кетті», «Айтқан сөзіне жетпеді», «Айыбын жуды», «Айы-күні батты», «Айыл-тұрманын тартты», «Айылын жимады», «Айды аспанға шығарды», «Айыпқа жығылды», «Ақ некелі төсек», «Ақ сайтаны ұстады», «Ақ сүтін ақтады», «Ақ түйенің қарны мсарылды», «Ақтылы қой», «Ақшам жамырады», «Ақыл азуы шықпаған», «Ақылға салды», «Ақыр заман орнатты», «Ақысын жеді», «Ала көздік жасады», «Алақанға қарады», «Алақанына түкірді», «Аламан тасыр», «Ала өкпе болды»,

«Алас ұрды», «Алатайдай бүлдірді», «Алды-артын орады», «Алтау ала болса», «Алтын жаға сөгілді»... сскілді тұрақты тіркестер талай-талай тамаша терең ойларды неғұрлым ұтымды жеткізетін дәнекерлер деуге лайық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға