Жаңалықтар

«Тынық Дон» романы туралы

Өмір құбылысын тереңдеп таныған дарқан дарынды жазушы «әлеумет тіршілігінің докторы» бола білді, көркемдік жинақтаулардың жаңаша келісімдерін тапты. Осының арқасында ол социалистік реализм әдебиетінің байтақ мүмкіншілігін ашты. Бұдан суреткердің өзі таныған өмір шындығын диалектикалық тұрғыдан бейнелеуінің, сенімі беріктігінің маңызды болатындығын байқаймыз. Эпопеяның жалпы реалистік әдебиет тағдырына ететін әсері, тәлімі мол. Шығарма үшін әрдайым оның жетекші, орталық қаһармандарының тұлғасын сомдау мәселесі маңызды шарт екені белгілі. Бұл ретте, «Тынық Дон» - мүлде өзгеше бітімді туынды. Романның басынан аяғына дейін суреттелетін Григорий Мелеховтың үлкен әлеуметтік қақтығыстар   мен   төңкерістер,   өзгертулер   мен   жаңарулар дәуірінде өзіне жол, мақсат таңдау әрекетінде кездескен сергелдеңі мен сарсаңы, шындықты іздеуі мен адасулары суреттеледі. Бұл тұлға - бостандық, тәуелсіздік, демократия, социализм үшін қозғалыс, күреске түскен жер жүзі күрескерлеріне Россиядағы революцияның ұлы шытырман шындығын қыруар қайшылығымен таныстыра алатын, халықтан, елден қол үзген адамның жолы болмайтынын, қасіретпенТсүн кешетінін қалтқысыз әйгілейтін әділ мысал. Қаһармандардың жан диалектикасын көрсетуде орыстың классикалық әдебиетінде кемелдікке жеткен көркемдік тәсілдерін М.Шолохов жаңа дәуірде тың биікке, соны сапаға көтерді. Суреткердің екінші үлкен туындысы - «Көтерілген тың» романы. Бұл шығармасында М.Шолохов халық өмірінің терең қатпарларын қапысыз білетіндігін көрсетті. «Көтерілген тыңда» да «Тынық Дондағыдай» халықтың тарихындағы аса үлкен түбірлі оқиғалар, бүкіл елдің санасында өшпес із қалдырған елеулі істер суреттеледі. Мұнда жеке меншік шаруалардың коллективтену процесі, осы жолдағы жетістіктер мен кемшіліктер, қайшылықтар мен тартыстар қат-қабат ақиқатымен бейнеленген. Шет елдің адамдары үшін «Көтерілген тың» тарихта тұңғыш рет жүргізілген тың құбылыс - коллективтендіру дәуірінің нағыз шындығын баяндайтын беделді көркем куәлік. «Көтерілген тың» романы - заманалық тақырыпты биік көркемдікке бөлеп суреттеудің үлгісі. Бұл романның алғашқы кітабы отызыншы жылдардың бас жағында жарыққа шықты. Ол кезде еліміздің көпшілік аудандарында коллективтендіру жұмысы қызу өткізіліп жатқан. Бұрынғы бытыраңқы диқан мен шаруаның колхоз мүшесіне айналуы жеп-жеңіл іс емес еді. Бұл жолда ерлік жеңіс те, қателік, өкініш те қатар кездескен. Адамдар санасын ғасырлар бойы қалыптасқан жеке меншікшіл психологиядан арылту аса қиын уәзипа болатын. Осындай қат-қабат ауырлығы бар тақырыпты палуандықпен меңгерген, жаңашыл шығарма «Көтерілген тың» еді. Романдағы коммунистер тұлғалары жазушының ғана емес, күллі совет әдебиетінің дамуындағы күрделі ілгерілеуді әйгіледі. М.Шолохов өзінің романында колхоз қозғалысының табанды, жетекші адамдарының тұлғаларын суреттеді, Давыдов, Нагульнов, Разметнов секілді жандардың бойындағы ортақ ұқсастықты да, олардың дара пішіндерін де нанымды бейнеледі. Жазушы ұнамды қаһармандардың басындағы кайшылықтарды да бүкпей, табиғи қалпымен көрсетті. Бұл революциялық романтизм мен сыншыл реализмнің көркемдік жетістіктерін қабыстыра, дамыта пайдаланудың жақсы үлгісі еді. Колхоз қозғалысының жаулары Островнов, Половцев сияқтылардың жасырын қастандыктары, зиянкестік айла-әрекеттері нанымды әшкереленеді. «Көтерілген тың», «Тынық Дон» романдары көтерген тақырыптарының аса мәнділігімен, оқиғалардың қызық-тығымен, шыншылдығымен, характерлерінің тұтастығымен және жан-жақтылығымен ғана ерекшеленбейді, бұларда мазмұн мен түр ажырамас бірлікке жеткен. Айтылмақ идея шын мәніндегі көркемдік шындыққа айналған, композициялық анықтық, сюжет ширақтығы, тартымдылық, тіл байлығы сәйкес гармония тапқан. «Тынық Донда» да, «Көтерілген тында» да негізгі кейіпкерлер шығарманың ұзына бойы өзегінде үзілмей көрініп отырады. Қаһармандар түрлі ситуацияға табиғи араласып, әр қырынан танылып, жан-жақты толысып шығады.
20.11.2013 12:09 7491

Өмір құбылысын тереңдеп таныған дарқан дарынды жазушы «әлеумет тіршілігінің докторы» бола білді, көркемдік жинақтаулардың жаңаша келісімдерін тапты. Осының арқасында ол социалистік реализм әдебиетінің байтақ мүмкіншілігін ашты. Бұдан суреткердің өзі таныған өмір шындығын диалектикалық тұрғыдан бейнелеуінің, сенімі беріктігінің маңызды болатындығын байқаймыз.

Эпопеяның жалпы реалистік әдебиет тағдырына ететін әсері, тәлімі мол. Шығарма үшін әрдайым оның жетекші, орталық қаһармандарының тұлғасын сомдау мәселесі маңызды шарт екені белгілі. Бұл ретте, «Тынық Дон» - мүлде өзгеше бітімді туынды. Романның басынан аяғына дейін суреттелетін Григорий Мелеховтың үлкен әлеуметтік қақтығыстар   мен   төңкерістер,   өзгертулер   мен   жаңарулар дәуірінде өзіне жол, мақсат таңдау әрекетінде кездескен сергелдеңі мен сарсаңы, шындықты іздеуі мен адасулары суреттеледі. Бұл тұлға - бостандық, тәуелсіздік, демократия, социализм үшін қозғалыс, күреске түскен жер жүзі күрескерлеріне Россиядағы революцияның ұлы шытырман шындығын қыруар қайшылығымен таныстыра алатын, халықтан, елден қол үзген адамның жолы болмайтынын, қасіретпенТсүн кешетінін қалтқысыз әйгілейтін әділ мысал.

Қаһармандардың жан диалектикасын көрсетуде орыстың классикалық әдебиетінде кемелдікке жеткен көркемдік тәсілдерін М.Шолохов жаңа дәуірде тың биікке, соны сапаға көтерді.

Суреткердің екінші үлкен туындысы - «Көтерілген тың» романы. Бұл шығармасында М.Шолохов халық өмірінің терең қатпарларын қапысыз білетіндігін көрсетті. «Көтерілген тыңда» да «Тынық Дондағыдай» халықтың тарихындағы аса үлкен түбірлі оқиғалар, бүкіл елдің санасында өшпес із қалдырған елеулі істер суреттеледі. Мұнда жеке меншік шаруалардың коллективтену процесі, осы жолдағы жетістіктер мен кемшіліктер, қайшылықтар мен тартыстар қат-қабат ақиқатымен бейнеленген. Шет елдің адамдары үшін «Көтерілген тың» тарихта тұңғыш рет жүргізілген тың құбылыс - коллективтендіру дәуірінің нағыз шындығын баяндайтын беделді көркем куәлік.

«Көтерілген тың» романы - заманалық тақырыпты биік көркемдікке бөлеп суреттеудің үлгісі. Бұл романның алғашқы кітабы отызыншы жылдардың бас жағында жарыққа шықты. Ол кезде еліміздің көпшілік аудандарында коллективтендіру жұмысы қызу өткізіліп жатқан. Бұрынғы бытыраңқы диқан мен шаруаның колхоз мүшесіне айналуы жеп-жеңіл іс емес еді. Бұл жолда ерлік жеңіс те, қателік, өкініш те қатар кездескен. Адамдар санасын ғасырлар бойы қалыптасқан жеке меншікшіл психологиядан арылту аса қиын уәзипа болатын. Осындай қат-қабат ауырлығы бар тақырыпты палуандықпен меңгерген, жаңашыл шығарма «Көтерілген тың» еді.

Романдағы коммунистер тұлғалары жазушының ғана емес, күллі совет әдебиетінің дамуындағы күрделі ілгерілеуді әйгіледі. М.Шолохов өзінің романында колхоз қозғалысының табанды, жетекші адамдарының тұлғаларын суреттеді, Давыдов, Нагульнов, Разметнов секілді жандардың бойындағы ортақ ұқсастықты да, олардың дара пішіндерін де нанымды бейнеледі. Жазушы ұнамды қаһармандардың басындағы кайшылықтарды да бүкпей, табиғи қалпымен көрсетті. Бұл революциялық романтизм мен сыншыл реализмнің көркемдік жетістіктерін қабыстыра, дамыта пайдаланудың жақсы үлгісі еді. Колхоз қозғалысының жаулары Островнов, Половцев сияқтылардың жасырын қастандыктары, зиянкестік айла-әрекеттері нанымды әшкереленеді.

«Көтерілген тың», «Тынық Дон» романдары көтерген тақырыптарының аса мәнділігімен, оқиғалардың қызық-тығымен, шыншылдығымен, характерлерінің тұтастығымен және жан-жақтылығымен ғана ерекшеленбейді, бұларда мазмұн мен түр ажырамас бірлікке жеткен. Айтылмақ идея шын мәніндегі көркемдік шындыққа айналған, композициялық анықтық, сюжет ширақтығы, тартымдылық, тіл байлығы сәйкес гармония тапқан. «Тынық Донда» да, «Көтерілген тында» да негізгі кейіпкерлер шығарманың ұзына бойы өзегінде үзілмей көрініп отырады. Қаһармандар түрлі ситуацияға табиғи араласып, әр қырынан танылып, жан-жақты толысып шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға