Жаңалықтар

Күйлердің «төкпе», «шертпе» деп жіктелуі жайында

Күйлерді «төкпе», «шертпе», деп жіктеу оларды бір-бірінен алшақтатпайды, қайта табиғатын тануға, ескеруге көмектеседі деп білеміз. Кейбір жолдастар «шертпе күй» деген тіркеске наразы көрінеді. Мұнда түсінбейтін, жатырқайтын дәнеңе де жоқ. «Сыр шерту», «Күй шерту» деген сөз ежелден халқымыз айтып келген өте терең, сырлы сөздер. Ал, шертпе мен қағудың қандай мағыналық айырмашылығы бар екені белгілі. Ендеше «шертпе күй» деген өз орнында дәл қолданылған сөз. Ал осы екі топтағы күйлердің бір-бірінен ерекшелігін стильдік, жанрлық немесе орындаушылық мектеп деп атаймыз ба, ол жағын маман зерттеушілер анықтай жатар. Қалай болғанда да, домбыра күйлерінің орындаушылык дәстүрінде осындай сипаттар бар екеніне кез жұмбауымыз керек. Осы екі түрлі тарту үлгісінің бірі әсем, бірі бәсен демейміз. Екеуінің де қалыптасқан, қанықты келісімдері мен айшықтары бар. «Шертпе күй», «төкпе күй» деген терминдер күйді бөлу үшін емес, оның табиғатын білу үшін айтылатынын түсіну қиын болмас. Бір поэзияның езі қаншама жанрға бөлінетініне, әрбір үлкен суреткердің дара стилі болатынына ешкім таңданбайды ғой. Ендеше ұшы-қиыры жоқ қазақ даласының барлық бұрышы күйді тек бір мәнерде орындаған деп кімді сендіре аламыз? Және ондай тігісін жатқызудың, қолда бар байлықты көрмегенсудің кімге қажеті бар? Кейбір күйлерде шерту мен қағу қатарласа, кезектесе келетіні де болады. Бұл - өзінше, аралық, үшінші стиль тәрізді нәрсе.   Мұның  да   заңдылығы   мен   шарттылығын   музыка зерттеушілер анықтауға тиіс. Біздіңше, шертіп тарту мен серпіп тарту күйшілік дәстүрдің түрлілігін танытатын құбылыс. Бұрынғы күйшілердің біразы туралы мағлұмат академик А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» деген зерттеуінде берілетіні мәлім. Рас, ол еңбекте ертедегі композиторлар түгел қамтылмайды. Тарихымыздың жан-жақты тексеріліп болмауы, музыка мамаңдарының аздығы Қазақстанның әр өлкесінде жасаған өнер иелерінің өмірі мен шығармасын тануға тосқауыл. Сол себептен де осы күнге дейін Байжігіт, Тоқа, Саймақ, Алшағыр, Баубек, Қыздарбек, Әбді, Бапыш, Сүгір, Әлжекен, Раздық, Ақбала секілді күйшілер жөнінде арнаулы зерттеулер жоқтың қасы. Бұл аталғандардың кейбіреулері (Сүгір т.б.) бертінге, алпысыншы жылдарға дейін өмір сүріп келгендер. Амал не, әрі ізденушінің аздығынан, әрі енжарлықтан сол адамдардың күйі жазылып алынбай қалды. Күні кеше қайтыс болған Сүгірдің өз орындауында бірде-бір шығармасы жазылып қалмауын ықылассыздық, зерттеу мәдениетінің төмендігінен демеске болмайды. Қазіргі күнде күй шығаратын дарынды композиторлар жоқ емес. Олардың көбі халық күйлері дәстүрін дамытушылар. Солардың қатарында Төлеген Момбековті, Мағауия Хамзинді, Мұрат Өскенбаевты, Нұрғиса Тілендиевті, Боранқұл Көшмағамбетовті т.б. атауға болады. Мен күйші композиторлар ішінен бірінші кезекте, сөз жоқ, Төлеген Момбековті бөліп айтар едім. Оның Сүгір, Бапыш сияқты белгілі күйшілердің мұрасын жеткізуінің өзі айтарлықтай еңбек. Мұның үстіне, жолдастар дұрыс айтты, Төлеген соңғы оншақты жыл ішінде небір әдемі күйлер шығарды. Олардың көбі грампластинкеге жазылған, радио, телевидениеден беріліп те тұрады. Бұл күйлердің дені шертіп тартылады. Әсіресе, композитордың «Мешін», «Қат-қабат», «Қоштасу», «Бұл қалай?», «Салтанат», «Інілеріме», «Сарыарқа сапары», «Мыңжылқы»,  «Көмекей» деген күйлері заман шындығы.-бейнелеген салмақты, салиқалы шығармалар. Төлегеннің ең асыл туындылары деп мен бұрынғы халы-күйлері ырғағын жаңғыртып, құлпыртып, өзгеше өрнек қосып тың сапаға көшіріп шығарған күйлерін айтар едім, Соның біг - «Қосбасар». Бұл күй өзінің тереңдігі, әсері, бітімі жағына:-Тәттімбет «Қосбасарларымен» иықтас тұрған нағыз талан: туындысы, күйдің інжу-маржанының бірі. Ал «Қаратауды^ шертпесі» де өзінің құрылысы, әуені жағынан әнді ескс салады. Төлеген өзінің ұстаздарының бірі - Сүгірдің бірнеіхк шығармасын («Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма> «Бесжорға», «Тел қоңыр» т.б.) жаздырды. Солардыь кейбіреулері орындаушылық мәнері жағынан түпнұсқадан өзгеріп, басқаша екпінде орындалатынын Сүгірді көргендег айтып жүр. Бұдан нағыз ірі дарын иесінің бұрыннан белгіл шығарманы жалаң қайталамай, оның жаңа қырын ашып өзіндік келбет беретіндігін көреміз. Біреуден біреу үйреніг тартқан бұрынғы-соңғы күйлердің бәрінде де осындай табиғі: «қоспалар» болғандығына көз жеткендей болады. Төлегеннік «Боз інгеннің бүлкілі» деген күйінің де түпкі ырғақтык мелодиялық негізі Сүгір арқылы жеткен. Бірақ шығарма мүлде соны сипатқа ие болған. Төлегеннің бүкіл стильдік қалыбынак айырып алғысыз дүние. Сондықтан ол күйді композитордык төл туындысы қатарында көрсету мейлінше табиғи. Бұдан шығатын жалпы бір қорытынды - қазіргі күйлер халықтык ежелден қалыптасқан домбырашылық озық дәстүрінс негізделсе, жаңа жақсы мүмкіндіктер ашса ғана музыкалык қазынамызды байыта алады екен. Бұл аталған және басқа мысалдар күйшілік өнер ел арасында дамып келе жатқандығын көрсетеді. Күйші композитор қатарында айтылуға тиіс өнерпаз - Әбікен Хасенов еді. Онын орындауында бізге Орталық Қазақстанның, әсіресе Тәттімбеттің шығармалары өшпес нақышпен жеткен зор тарихи мәні бар еңбек деп білеміз. Тәттімбет күйлері, онын шертілу   мәнері   дегенді   біздің  заманымызға  теңдесі   жок шеберлікпен әкелген еңбегінің өзі - Әбікен атын музыка тарихында мәңгі қалдыруға тиіс. Шертпе күйлердің дәмін, нәрін жұртшылықтың құлағына сіңіріп кеткен де сол Әбікен. Ал оның «Қоңыры» - шертпе күй биігі... Күй тарихына арналған жалғыз көлемді еңбек -А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» екені ілгеріде де айтылды. Бұл, сөз жоқ, - коп мағлұмат беретін, халық композиторларының өмірі мен өнер ерекшелігі туралы кең түсінік айтатын корнекті монография. Бірақ онда Қазақстанның түрлі өлкесінде жасаған домбырашылар жеткілікті қамтылмаған. Әсіресе, шертпе күй өкілдері туралы тым аз айтылған.  
20.11.2013 12:05 29345

Күйлерді «төкпе», «шертпе», деп жіктеу оларды бір-бірінен алшақтатпайды, қайта табиғатын тануға, ескеруге көмектеседі деп білеміз. Кейбір жолдастар «шертпе күй» деген тіркеске наразы көрінеді. Мұнда түсінбейтін, жатырқайтын дәнеңе де жоқ. «Сыр шерту», «Күй шерту» деген сөз ежелден халқымыз айтып келген өте терең, сырлы сөздер. Ал, шертпе мен қағудың қандай мағыналық айырмашылығы бар екені белгілі. Ендеше «шертпе күй» деген өз орнында дәл қолданылған сөз. Ал осы екі топтағы күйлердің бір-бірінен ерекшелігін стильдік, жанрлық немесе орындаушылық мектеп деп атаймыз ба, ол жағын маман зерттеушілер анықтай жатар. Қалай болғанда да, домбыра күйлерінің орындаушылык дәстүрінде осындай сипаттар бар екеніне кез жұмбауымыз керек. Осы екі түрлі тарту үлгісінің бірі әсем, бірі бәсен демейміз. Екеуінің де қалыптасқан, қанықты келісімдері мен айшықтары бар. «Шертпе күй», «төкпе күй» деген терминдер күйді бөлу үшін емес, оның табиғатын білу үшін айтылатынын түсіну қиын болмас. Бір поэзияның езі қаншама жанрға бөлінетініне, әрбір үлкен суреткердің дара стилі болатынына ешкім таңданбайды ғой. Ендеше ұшы-қиыры жоқ қазақ даласының барлық бұрышы күйді тек бір мәнерде орындаған деп кімді сендіре аламыз? Және ондай тігісін жатқызудың, қолда бар байлықты көрмегенсудің кімге қажеті бар?

Кейбір күйлерде шерту мен қағу қатарласа, кезектесе келетіні де болады. Бұл - өзінше, аралық, үшінші стиль тәрізді нәрсе.   Мұның  да   заңдылығы   мен   шарттылығын   музыка зерттеушілер анықтауға тиіс. Біздіңше, шертіп тарту мен серпіп тарту күйшілік дәстүрдің түрлілігін танытатын құбылыс.

Бұрынғы күйшілердің біразы туралы мағлұмат академик А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» деген зерттеуінде берілетіні мәлім. Рас, ол еңбекте ертедегі композиторлар түгел қамтылмайды. Тарихымыздың жан-жақты тексеріліп болмауы, музыка мамаңдарының аздығы Қазақстанның әр өлкесінде жасаған өнер иелерінің өмірі мен шығармасын тануға тосқауыл. Сол себептен де осы күнге дейін Байжігіт, Тоқа, Саймақ, Алшағыр, Баубек, Қыздарбек, Әбді, Бапыш, Сүгір, Әлжекен, Раздық, Ақбала секілді күйшілер жөнінде арнаулы зерттеулер жоқтың қасы.

Бұл аталғандардың кейбіреулері (Сүгір т.б.) бертінге, алпысыншы жылдарға дейін өмір сүріп келгендер. Амал не, әрі ізденушінің аздығынан, әрі енжарлықтан сол адамдардың күйі жазылып алынбай қалды. Күні кеше қайтыс болған Сүгірдің өз орындауында бірде-бір шығармасы жазылып қалмауын ықылассыздық, зерттеу мәдениетінің төмендігінен демеске болмайды.

Қазіргі күнде күй шығаратын дарынды композиторлар жоқ емес. Олардың көбі халық күйлері дәстүрін дамытушылар. Солардың қатарында Төлеген Момбековті, Мағауия Хамзинді, Мұрат Өскенбаевты, Нұрғиса Тілендиевті, Боранқұл Көшмағамбетовті т.б. атауға болады. Мен күйші композиторлар ішінен бірінші кезекте, сөз жоқ, Төлеген Момбековті бөліп айтар едім. Оның Сүгір, Бапыш сияқты белгілі күйшілердің мұрасын жеткізуінің өзі айтарлықтай еңбек. Мұның үстіне, жолдастар дұрыс айтты, Төлеген соңғы оншақты жыл ішінде небір әдемі күйлер шығарды. Олардың көбі грампластинкеге жазылған, радио, телевидениеден беріліп те тұрады. Бұл күйлердің дені шертіп тартылады. Әсіресе, композитордың «Мешін», «Қат-қабат», «Қоштасу», «Бұл қалай?», «Салтанат», «Інілеріме», «Сарыарқа сапары», «Мыңжылқы»,  «Көмекей» деген күйлері заман шындығы.-бейнелеген салмақты, салиқалы шығармалар.

Төлегеннің ең асыл туындылары деп мен бұрынғы халы-күйлері ырғағын жаңғыртып, құлпыртып, өзгеше өрнек қосып тың сапаға көшіріп шығарған күйлерін айтар едім, Соның біг - «Қосбасар». Бұл күй өзінің тереңдігі, әсері, бітімі жағына:-Тәттімбет «Қосбасарларымен» иықтас тұрған нағыз талан: туындысы, күйдің інжу-маржанының бірі. Ал «Қаратауды^ шертпесі» де өзінің құрылысы, әуені жағынан әнді ескс салады. Төлеген өзінің ұстаздарының бірі - Сүгірдің бірнеіхк шығармасын («Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма> «Бесжорға», «Тел қоңыр» т.б.) жаздырды. Солардыь кейбіреулері орындаушылық мәнері жағынан түпнұсқадан өзгеріп, басқаша екпінде орындалатынын Сүгірді көргендег айтып жүр. Бұдан нағыз ірі дарын иесінің бұрыннан белгіл шығарманы жалаң қайталамай, оның жаңа қырын ашып өзіндік келбет беретіндігін көреміз. Біреуден біреу үйреніг тартқан бұрынғы-соңғы күйлердің бәрінде де осындай табиғі: «қоспалар» болғандығына көз жеткендей болады. Төлегеннік «Боз інгеннің бүлкілі» деген күйінің де түпкі ырғақтык мелодиялық негізі Сүгір арқылы жеткен. Бірақ шығарма мүлде соны сипатқа ие болған. Төлегеннің бүкіл стильдік қалыбынак айырып алғысыз дүние. Сондықтан ол күйді композитордык төл туындысы қатарында көрсету мейлінше табиғи. Бұдан шығатын жалпы бір қорытынды - қазіргі күйлер халықтык ежелден қалыптасқан домбырашылық озық дәстүрінс негізделсе, жаңа жақсы мүмкіндіктер ашса ғана музыкалык қазынамызды байыта алады екен. Бұл аталған және басқа мысалдар күйшілік өнер ел арасында дамып келе жатқандығын көрсетеді. Күйші композитор қатарында айтылуға тиіс өнерпаз - Әбікен Хасенов еді. Онын орындауында бізге Орталық Қазақстанның, әсіресе Тәттімбеттің шығармалары өшпес нақышпен жеткен зор тарихи мәні бар еңбек деп білеміз. Тәттімбет күйлері, онын шертілу   мәнері   дегенді   біздің  заманымызға  теңдесі   жок шеберлікпен әкелген еңбегінің өзі - Әбікен атын музыка тарихында мәңгі қалдыруға тиіс. Шертпе күйлердің дәмін, нәрін жұртшылықтың құлағына сіңіріп кеткен де сол Әбікен. Ал оның «Қоңыры» - шертпе күй биігі...

Күй тарихына арналған жалғыз көлемді еңбек -А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» екені ілгеріде де айтылды. Бұл, сөз жоқ, - коп мағлұмат беретін, халық композиторларының өмірі мен өнер ерекшелігі туралы кең түсінік айтатын корнекті монография. Бірақ онда Қазақстанның түрлі өлкесінде жасаған домбырашылар жеткілікті қамтылмаған. Әсіресе, шертпе күй өкілдері туралы тым аз айтылған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға