Жаңалықтар

Күй туралы

Күйдің жанрлық, саздық, стильдік түрлерін жіліктеп талдап, әрқайсысына сипаттама беру - музыка теорияшыларының міндеті. Біз тыңдаушы, халық күйін қадірлеушінің бірі ретінде ғана өз пікірімізді айтамыз. Біздіңше, қазақ күйлерін жасаушы өзіңдік мектебі, мәнер, қайталанбас мақам, ырғақтық өрнегі бар композиторлар мұрасының бәрі де қымбатты. Адамның көңіл-күйіне, жасына, тәжірибесіне, мінез ерекшелігіне орай күйлердің де сәйкес келетіні  болатын секілді,  мәселен,  мен өзім Құрманғазы күйлерінен, көбінше, жас жігітке тән тегеурінділік, ерлік. екпінділік секілді сипаттар сезем. Жасырақ кезімізде Құрманғазы күйлеріндей әсерлі, албыртқан көңілге сай күй бар деп ойламайтынмын. «Адайларда», «Балбырауындарда». «Байжұмаларда», «Серперлерде» адамның таудан-тастан беті қайтпаған жігерлі шағына үндес өзгеше сыр бардай сезілетін. Ол күйлерден бәйге, көкпар, жортуыл, шабуыл сарыны да анық естілгендей болатын. Құрманғазы күйлерінің көпшілік алдында үлкен аудиторияда «көсіліп» тартуға, оркестрге түсіруге қолайлылығы оның осындай эпикалық кеңдігіне. үдемелілігіне байланысты болуы мүмкін. Дәулеткерей күйлерінің де өзгеше табиғаты қызықтырады. Мұнда, жалпы алганда лирикалық сарын басымдау естіледі. Қоңыр үнді, ойнақы «Қосалқа», мұңды, өкінішті «Топан» көңілге сұлулык, жарасымдылық дарытатын әсем әлем ғой. Дәулеткерей шығармаларын тыңдаудың да бабы, ерекшелігі, кезеңі, кезегі бар екені шәксіз. Ол күйлер досыңмен сырласқандай, сұхбаттасқандай әсер қалдырады. Әрине, біз композитор мұрасының өзімізге айқын сезілетін тұлғасын ғана қысқаша, тұжыра әңгімелеп отырмыз. Ал, Тәттімбет күйлерінде ой, философиялық астар, терең тебіреніс мол екені зайыр ғой. Классикалық романдарда қаһарманның үлкен аңсарлары, ішкі сырлары, монологтарын да ашылатыны тәрізді Тәттімбет шығармалары да тұнып тұрған монолог секілденеді. «Сары жайлау», «Азамат», «Қосбасар», «Көкейкестілер» ұққан адамды телегей теңіз мағынамен байытпай ма? Бұл күйлер қалың жұрттың алдына шығып, төгіп тартуға келмейді. Парасатқа, естілікке, арман мен биік мұратқа толы мұндай күйлердің шын келбетін өмір тәжірибесін татқан, тіршіліктің қайшылығы мен күресінен хабардар жандар ерекше сезінсе керек. Шертпе күйлерді ұлы жиын, нөпір жұрттың емес, талғампаз, шағын қауым алдында орындау айрықша бір ғанибет. Бұл шығармалар оңаша отырып тыңдасақ қандай нәрлі! Қысқасы, Тәттімбет және оның дәстүрін  жалғастырған,  дамытқан  Сүгір,   Әбікен,   Төлеген туындылары туысы бөлек, мәні мол ғажайыптар десе артық айтылғандық емес. Сонымен күй корифейлерінің шығармаларында жанрлық бірлікпен қатар айырмашылық та елеулі. Құрманғазы күйлеріндегі эпикалық кең құлаштылық, Дәулеткерей шығармаларындағы лирикалық наздылық пен саздылық, Тәттімбет туындыларындағы ойлылық пен мұңдылық күй жанрыньщ түрлі кырлары болып табылады. Әрине, аталған қасиеттер тек бір-бір күйшінің ғана еншісі демейміз, түрлі шығармада өрнек өзгеріп, алуан бояулар алмасып немесе кірігіп отыруы табиғи. Біз сөз болып отырған үш композитордың жаратындыларына тән басты белгілерді ғана нұсқағымыз келген еді. Сондай-ақ халыққа мол мұра қалдырған ірі өнерпаздардың қай-қайсысының да өзгеге ұқсамайтын даралығы болады. Міне осындай көптүрлілік, көп стильділік қосылып келгенде ғана күй қазынасы неғұрлым толық танылуы мүмкін. Біз халық таланттарын анаусы биік, мынаусы аласа деп алаламаймыз. Әрбір ақиқат дарын өзінің нақышымен, әрімен, сәнімен ерекше болған. Мәселе солардың музыкадағы орны мен мәнін әділ ажыратып түсінуде ғой. Қобыз, домбыра, сыбызғы, шанқобыз күйлерінің үнінде, сарынында, орындалу жүйесінде өзгеліктер мол екенін музыкага маман емес адамдар да аңғарса керек. Мұның әрқайсысы өз орнында әдемі, әсерлі. Ал қобыз үніндей зарлы, сай-сүйекті сырқыратарлық «адамша сөйлейтін» үнді өзге аспаптардан кездестіру қиын шығар. Сол сияқты сыбызғының да, шаң қобыздың да, көңіл пернесін дәл басатын сиқыр саздары жетерлік. Біз бұларға сипаттама беруді міндет етпейміз. Бірақ домбыра күйлерінің орындаушылық мәнеріндегі ерекшеліктерге аз-кем тоқталып өткіміз келеді. Біздің ойымызша, Қазақстанда музыкалық дәстүрлер мен жанрлар аса бай. Жеріміздің орасан үлкендігі, ғасырлар бойында мұнда талай цивилизациялар өмір кешкендігі, көп елдермен аралас не көршілес отыруымыз музыкалық мұраның да түрлі стилінің болуын белгілеген. Ол байлық бізде әлі игеріліп болмаған. Бұған әннен де, күйден де мысал келтіруге болады. Қазіргі әңгіме домбыра күйі туралы. Күйге аз да болса әуестігі бар әрбір адам қазақ күйлерінің орындалу өрнегінде өте айқын екі түрлі мәнер, стиль бар екенін сезсе керек. Олар: төкпе күйлер және шертпе күйлер деп аталып жүр. Бәрінін ортақ аты домбыра күйі делінгенімен, құрылыс, тартылысы. саз жағынан бұлар бір-бірінен едәуір бөлек. Шертпе күй деп көбінесе бір саусақпен шертіп тартқанды, төкпе күй деп бір емес, бірнеше саусақпен ойнайтынды түсінеміз.
20.11.2013 12:04 11920

Күйдің жанрлық, саздық, стильдік түрлерін жіліктеп талдап, әрқайсысына сипаттама беру - музыка теорияшыларының міндеті. Біз тыңдаушы, халық күйін қадірлеушінің бірі ретінде ғана өз пікірімізді айтамыз. Біздіңше, қазақ күйлерін жасаушы өзіңдік мектебі, мәнер, қайталанбас мақам, ырғақтық өрнегі бар композиторлар мұрасының бәрі де қымбатты. Адамның көңіл-күйіне, жасына, тәжірибесіне, мінез ерекшелігіне орай күйлердің де сәйкес келетіні  болатын секілді,  мәселен,  мен өзім Құрманғазы күйлерінен, көбінше, жас жігітке тән тегеурінділік, ерлік. екпінділік секілді сипаттар сезем. Жасырақ кезімізде Құрманғазы күйлеріндей әсерлі, албыртқан көңілге сай күй бар деп ойламайтынмын. «Адайларда», «Балбырауындарда». «Байжұмаларда», «Серперлерде» адамның таудан-тастан беті қайтпаған жігерлі шағына үндес өзгеше сыр бардай сезілетін. Ол күйлерден бәйге, көкпар, жортуыл, шабуыл сарыны да анық естілгендей болатын. Құрманғазы күйлерінің көпшілік алдында үлкен аудиторияда «көсіліп» тартуға, оркестрге түсіруге қолайлылығы оның осындай эпикалық кеңдігіне. үдемелілігіне байланысты болуы мүмкін.

Дәулеткерей күйлерінің де өзгеше табиғаты қызықтырады. Мұнда, жалпы алганда лирикалық сарын басымдау естіледі. Қоңыр үнді, ойнақы «Қосалқа», мұңды, өкінішті «Топан» көңілге сұлулык, жарасымдылық дарытатын әсем әлем ғой. Дәулеткерей шығармаларын тыңдаудың да бабы, ерекшелігі, кезеңі, кезегі бар екені шәксіз. Ол күйлер досыңмен сырласқандай, сұхбаттасқандай әсер қалдырады. Әрине, біз композитор мұрасының өзімізге айқын сезілетін тұлғасын ғана қысқаша, тұжыра әңгімелеп отырмыз.

Ал, Тәттімбет күйлерінде ой, философиялық астар, терең тебіреніс мол екені зайыр ғой. Классикалық романдарда қаһарманның үлкен аңсарлары, ішкі сырлары, монологтарын да ашылатыны тәрізді Тәттімбет шығармалары да тұнып тұрған монолог секілденеді. «Сары жайлау», «Азамат», «Қосбасар», «Көкейкестілер» ұққан адамды телегей теңіз мағынамен байытпай ма? Бұл күйлер қалың жұрттың алдына шығып, төгіп тартуға келмейді. Парасатқа, естілікке, арман мен биік мұратқа толы мұндай күйлердің шын келбетін өмір тәжірибесін татқан, тіршіліктің қайшылығы мен күресінен хабардар жандар ерекше сезінсе керек. Шертпе күйлерді ұлы жиын, нөпір жұрттың емес, талғампаз, шағын қауым алдында орындау айрықша бір ғанибет. Бұл шығармалар оңаша отырып тыңдасақ қандай нәрлі! Қысқасы, Тәттімбет және оның дәстүрін  жалғастырған,  дамытқан  Сүгір,   Әбікен,   Төлеген туындылары туысы бөлек, мәні мол ғажайыптар десе артық айтылғандық емес.

Сонымен күй корифейлерінің шығармаларында жанрлық бірлікпен қатар айырмашылық та елеулі. Құрманғазы күйлеріндегі эпикалық кең құлаштылық, Дәулеткерей шығармаларындағы лирикалық наздылық пен саздылық, Тәттімбет туындыларындағы ойлылық пен мұңдылық күй жанрыньщ түрлі кырлары болып табылады. Әрине, аталған қасиеттер тек бір-бір күйшінің ғана еншісі демейміз, түрлі шығармада өрнек өзгеріп, алуан бояулар алмасып немесе кірігіп отыруы табиғи. Біз сөз болып отырған үш композитордың жаратындыларына тән басты белгілерді ғана нұсқағымыз келген еді. Сондай-ақ халыққа мол мұра қалдырған ірі өнерпаздардың қай-қайсысының да өзгеге ұқсамайтын даралығы болады. Міне осындай көптүрлілік, көп стильділік қосылып келгенде ғана күй қазынасы неғұрлым толық танылуы мүмкін. Біз халық таланттарын анаусы биік, мынаусы аласа деп алаламаймыз. Әрбір ақиқат дарын өзінің нақышымен, әрімен, сәнімен ерекше болған. Мәселе солардың музыкадағы орны мен мәнін әділ ажыратып түсінуде ғой.

Қобыз, домбыра, сыбызғы, шанқобыз күйлерінің үнінде, сарынында, орындалу жүйесінде өзгеліктер мол екенін музыкага маман емес адамдар да аңғарса керек. Мұның әрқайсысы өз орнында әдемі, әсерлі. Ал қобыз үніндей зарлы, сай-сүйекті сырқыратарлық «адамша сөйлейтін» үнді өзге аспаптардан кездестіру қиын шығар. Сол сияқты сыбызғының да, шаң қобыздың да, көңіл пернесін дәл басатын сиқыр саздары жетерлік. Біз бұларға сипаттама беруді міндет етпейміз. Бірақ домбыра күйлерінің орындаушылық мәнеріндегі ерекшеліктерге аз-кем тоқталып өткіміз келеді.

Біздің ойымызша, Қазақстанда музыкалық дәстүрлер мен жанрлар аса бай. Жеріміздің орасан үлкендігі, ғасырлар бойында мұнда талай цивилизациялар өмір кешкендігі, көп елдермен аралас не көршілес отыруымыз музыкалық мұраның да түрлі стилінің болуын белгілеген. Ол байлық бізде әлі игеріліп болмаған. Бұған әннен де, күйден де мысал келтіруге болады. Қазіргі әңгіме домбыра күйі туралы. Күйге аз да болса әуестігі бар әрбір адам қазақ күйлерінің орындалу өрнегінде өте айқын екі түрлі мәнер, стиль бар екенін сезсе керек. Олар: төкпе күйлер және шертпе күйлер деп аталып жүр. Бәрінін ортақ аты домбыра күйі делінгенімен, құрылыс, тартылысы. саз жағынан бұлар бір-бірінен едәуір бөлек. Шертпе күй деп көбінесе бір саусақпен шертіп тартқанды, төкпе күй деп бір емес, бірнеше саусақпен ойнайтынды түсінеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға