Жаңалықтар

Замандас тұлғасы туралы

Қазақ прозасында замандас тұлғасын жасау тәжірибесі қаламгерлерімізді елеулі табыстарға жеткізе бастады.  Осы саладағы жетістіктер мен олкылықтарды талдап қарасақ, алған белесіміз бен шықпаған шыңдарымыз байқала түспек. Әдебиетте замаңдас бейнесіне ерекше көңіл аударылуы суреткерлердің творчестволық белсенділігі, азаматтық жауапкершілігі арта түскеніне байланысты құбылыс. Қазіргі кезде шығармалардың тартыстық ауданы анағұрлым кеңейді. Қаламгерлер өмір процесін жете зерттеу нәтижесінде тіршіліктің реалдық ағыстарын анығырақ, толығырақ қамтитын болды. Ендігі жерде кейіпкердің қызмет орнына бола мінездеме берілмей, ісіне қарап бағалау сарыны басым болып келеді. М.Әуезовтің «Өскен өркен» романында «мынау озьщ, анау қалық» деп алдын ала жіктелген кейіпкерлер жоқ. Өмірдің, оқиғалар дамуының барысында әрбір қаһарман ішкі-тысқы сипаттарымен өтіп жатады. Обком секретары Карповты тек секретарь болғандығы үшін емес, биік парасаты, елге, адамға деген ілтипаты, қамқорлығы, партия ісіне берілгендігі үшін ұнатамыз. Ал, Карповтың күресетін майданы біреу-екеу емес, сан алуан. Ол облыстың тарихи ерекшеліктерін есепке ала отырып, сан-сала жұмыстар атқаруды ұйымдастырады. Оның ойын жұт апатынан құтылу қамы да, әйелдерге деген астамдық көзқарасты әшкерелеу жайы да бөледі. Карповтың мақсаты қандай кең болса, іс ауқымы да ірі. Ол ойлаған жоспарлар бірдің емес, мыңның қажыр жұмсауын керек етеді. З.Шашкиннің «Сенім» романының қаһарманы агроном Нұрлан жекелеген кертартпаға емес, ел жағдайын анық білетін, қалай да жоспар орындалсын деп, жерді босқа айдап бүлдіруші белсенді бюрократтарға қарсы тұрады. Бұл әдеттегі «жақсы мен жаманның» арасындағы тартыстан өзгешелеу келіс. Нұрлан жоспар орындауға емес, сол жоспардың үстірттігіне наразы. Сонымен жаңа қаһармандар тартыстың жаңа түрлерін әкелгенін көреміз. Қазіргі шығармаларда қаһарманның тысқы өмірі де, ішкі өмірі де гармониялы түрде суреттеліп келеді. Классикалық әдебиетте кең өріс алған көптеген суреттеу құралдары соңғы жылдары мол қолданыла бастады. Ішкі монологтың өзі қаһарманның психологиясын, терең сырын ашуға ұтымды қызмет атқарып жүр. Қазіргі геройлар ә дегеннен жүрер жолы сайрап тұрған геройлар емес, ойлануы-толғануы көп, әр нәрсені өзінше пайымдайтын талғампаз. Оның қуанышы мен мұңы ешқандай стандарт, схемамен өлшенбейді, шаттық та, шер де дара, табиғи күйде алынады. Көркем туынды кейіпкерлерінің географиясы, профессиясы кеңіді деп те айтуға болар еді. Егер бұдан жиырма жыл бұрынғы әдебиетте ілгерішіл бастық, кесірлі орынбасар, жемқор есепші, маскүнем завхоз сияқтылар қайталанып отырса, қазір кейіпкерлер қатары айрықша артты. Енді біз замандастар бейнесі дегенде өмір жолы алуан бөлек жандарды атай аламыз. Олар: өмір бойы бейнетпен шыныққан, еңбегімен ел құрметіне бөленген жылқышы әйел Гүлнаш («Ақбоз ат»), халық арасына жаңа адамгершілік дәстүрін сіңіруді армандайтын, ақылды Әсия («Өскен өркен»), техникалық прогрестің тың жолдарын іздейтін инженер Қайыр («Теміртау»), басынан қанша қиындықтар өтсе де, еңбекті медет етіп, мойымай келе жатқан шопан Қоспан («Дала сырлары»), нақақ жаланың құрбандығы боп көп жыл елден жырақ, еріксіз күн кешкен, ақырында ақталып, еңбеккерлер санына қосылған Райхан («Жапандағы жалғыз үй»), колхозды соғыс кезінің мешеулігінен арылтуға күш салатын, байырғы колхозшы Қараменді («Торғай толғауы»), кешегі жауынгер, бүгін пенсияға шығып, аңшылықты ермек ететін, көпті көрген, жігіт ағасы Нәлқара («Қарға тамған қан»), ауылға барып, санадағы ескілік сарқыншағына қарсы күрес жүргізетін, дәрігер Маздақ («Маздақ»), алғашқы, кіршіксіз махаббатын еске алғанда толқуға қабілетті, сезімтал Сапар («Қарғаш»)... Бұл тізімді жалғастыра беруге болар еді. Замандас тұлғасының жан-жақты көріне бастағанына осы мысалдар да жеткілікті айғақ болатын секілді... Адамды қоғамның пайдалы азаматы ететін еңбек екені бірсыпыра шығармаларда сөз болып келеді. Егер бұдан біраз жыл бұрынғы шығармаларда тікелей жұмыс процесін көрсету көп орын алып келсе, қазіргі туындыларда жағдай басқаша... Еңбек бұл күнде жеке өзіндік мақсат ретінде емес, адамның моральдық интеллектуалдық рухани армандарымен табиғи бірлестікте алынатын болып жүр. Ж.Жұмахановтың «Замана билігі», Ә.Нұршайықовтың «Әсем», Ш.Мұртазаның «Белгісіз солдаттың баласы», А.Нұрмановтың «Солай болған екен» секілді повестерінде еңбек адамының түрлі тағдыры көрсетіледі. «Замана билігі» повесінің қаһармандары: Ұлықбек пен Гүлхан бойларынан қазіргі жас буынға тән кейбір ортақ сипаттарды да, ешкімге ұқсамайтын дара пішінді де көреміз. Повесте көтерілген өмірлік әңгімелер күрделі. Соның ең бастысы - жас адам қайтсе қоғамдағы өз орнын табады деген сауалға жауап. Шығарманың орталық кейіпкерінің бірі - Гүлхан тұлғасын алып қарайық. Алматыда, тұрмысты ағасының арқасында жеңіл, ойсыз өмір кешкен Гүлхан ортанын, еңбектің әсерімен бірте-бірте пайдалы, іскер азаматқа айналады. Повестің бас кезінде Гүлхан шарап пен шаттықты ғана іздеген бейғам, жүріс көрген жас қыз болып танылса, кейіннен мүлде басқа кейіпке көшеді. Дүниенің барлык қызығы қалада деп ойлайтын Гүлхан өмірді көре келе сахарадағы еңбекші халық арасынан зор мағына мен мұрат табады. Автор кейіпкер бойында жоқ қасиеттерді ғайыптан қоспайды. Ол Гүлханның табиғатынан елгезек, сезімтал, адал жан екенін, оның уақытша -адасуы жастықтың мастығынан туғанын байқатады. Ауылдағы қарапайым малшылар тұрмысы Гүлханның бойындағы жақсы мүмкіншіліктерді оятады. Ақсаусақ, шолжаң қыздың өмір сынынан шынығып өту процесін көрсете білгені - автордың табысы. Гүлханның таза махаббатқа, ыстық іңкәрлікке қабілеттілігі, сүйгені үшін астанадағы жылы орнынан белгісіз алыска аттануы, ¥лықбектің соңынан тәуекел етіп еруі -саналы батылдығы. А.Нұрмановтың «Солай болған екен» деген повесі аз жасаса да, өмір тауқыметін көріп үлгерген жас әйел сырын баян етеді. Сәлима деген озат еңбеккер әйелдің партияға өтер мезетінде, бюро мәжіліс үстінде шапшаң елес берген өмір белестері оқушыны оның тарихымен, жүрген жолымен таныстырады. Шынында, Сәлиманың әкеден жетім қалып, таршылық керуі, өмір бөгесіндерінен өтіп, ел құрметіне бөленуі елеусіз көріністер емес. Бұл Отан соғысынан кейінгі дәуірде есейген мыңдаған жасқа ортақ құбылыс. Сәлиманың партия қатарына өтуі табиғи жарасымды. Оны тек өз ісінің маманы деп қарамай, қоғам алдындағы борышын сезу дәрежесіне көтерілген жан деп бағалау жөн. Және оның іс-әрекеті дәл өз заманының шындығына сай. Әйелдердің еңбек майданында тең право алып қоймай, Отанға игілік өндіруші болып бекуі шығармада шыншыл айтылған. Сәлима тұлғасын жасауы -жас автордың сәтті қадамдарының бірі. «Солай болған екен» повесі құрылыстық жағынан да қызғылықты. Адамға деген ілтипаттың өсуі, оның мұрат, аңсар ерекшелігін, қуанышы мен өкінішін тереңдеп көрсетуге бару -қазіргі прозаның айрықша белгілерінің бірі. Егер бұрынырақтағы шығармаларда қаһарманның көбіне әлеуметтік алаңдағы жеңісі мен жемісі ғана көрсетіліп келсе, қазір жеңіс пен жеңіліс, өрлеу мен құлау, ізгілік пен зұлымдық қатар алынып, шындық ажары толығырақ көріне бастады. Адам правосын ардақтау, оның жан құбылысына үңілу көптеген шығарманың алғы шартына айналды. Біздің әдебиетімізде бұған дейін озық диқан, ілгерішіл жұмысшы, жасампаз құрылысшы, құрметті зиялы, жолбасшы коммунист тұлғалары негізгі орында тұратын еді. Қазіргі шығармаларда адамды көрсетудің мүмкіндігі орасан өсіп отыр. Нағыз өмірдің «ешкімге бағынбайтын» ішкі заңдылықтары көрініс беріп келеді.
19.11.2013 11:53 5024

Қазақ прозасында замандас тұлғасын жасау тәжірибесі қаламгерлерімізді елеулі табыстарға жеткізе бастады.  Осы саладағы жетістіктер мен олкылықтарды талдап қарасақ, алған белесіміз бен шықпаған шыңдарымыз байқала түспек.

Әдебиетте замаңдас бейнесіне ерекше көңіл аударылуы суреткерлердің творчестволық белсенділігі, азаматтық жауапкершілігі арта түскеніне байланысты құбылыс.

Қазіргі кезде шығармалардың тартыстық ауданы анағұрлым кеңейді. Қаламгерлер өмір процесін жете зерттеу нәтижесінде тіршіліктің реалдық ағыстарын анығырақ, толығырақ қамтитын болды. Ендігі жерде кейіпкердің қызмет орнына бола мінездеме берілмей, ісіне қарап бағалау сарыны басым болып келеді.

М.Әуезовтің «Өскен өркен» романында «мынау озьщ, анау қалық» деп алдын ала жіктелген кейіпкерлер жоқ. Өмірдің, оқиғалар дамуының барысында әрбір қаһарман ішкі-тысқы сипаттарымен өтіп жатады. Обком секретары Карповты тек секретарь болғандығы үшін емес, биік парасаты, елге, адамға деген ілтипаты, қамқорлығы, партия ісіне берілгендігі үшін ұнатамыз. Ал, Карповтың күресетін майданы біреу-екеу емес, сан алуан. Ол облыстың тарихи ерекшеліктерін есепке ала отырып, сан-сала жұмыстар атқаруды ұйымдастырады. Оның ойын жұт апатынан құтылу қамы да, әйелдерге деген астамдық көзқарасты әшкерелеу жайы да бөледі. Карповтың мақсаты қандай кең болса, іс ауқымы да ірі. Ол ойлаған жоспарлар бірдің емес, мыңның қажыр жұмсауын керек етеді.

З.Шашкиннің «Сенім» романының қаһарманы агроном Нұрлан жекелеген кертартпаға емес, ел жағдайын анық білетін, қалай да жоспар орындалсын деп, жерді босқа айдап бүлдіруші белсенді бюрократтарға қарсы тұрады. Бұл әдеттегі «жақсы мен жаманның» арасындағы тартыстан өзгешелеу келіс. Нұрлан жоспар орындауға емес, сол жоспардың үстірттігіне наразы.

Сонымен жаңа қаһармандар тартыстың жаңа түрлерін әкелгенін көреміз. Қазіргі шығармаларда қаһарманның тысқы өмірі де, ішкі өмірі де гармониялы түрде суреттеліп келеді. Классикалық әдебиетте кең өріс алған көптеген суреттеу құралдары соңғы жылдары мол қолданыла бастады. Ішкі монологтың өзі қаһарманның психологиясын, терең сырын ашуға ұтымды қызмет атқарып жүр. Қазіргі геройлар ә дегеннен жүрер жолы сайрап тұрған геройлар емес, ойлануы-толғануы көп, әр нәрсені өзінше пайымдайтын талғампаз. Оның қуанышы мен мұңы ешқандай стандарт, схемамен өлшенбейді, шаттық та, шер де дара, табиғи күйде алынады. Көркем туынды кейіпкерлерінің географиясы, профессиясы кеңіді деп те айтуға болар еді. Егер бұдан жиырма жыл бұрынғы әдебиетте ілгерішіл бастық, кесірлі орынбасар, жемқор есепші, маскүнем завхоз сияқтылар қайталанып отырса, қазір кейіпкерлер қатары айрықша артты. Енді біз замандастар бейнесі дегенде өмір жолы алуан бөлек жандарды атай аламыз. Олар: өмір бойы бейнетпен шыныққан, еңбегімен ел құрметіне бөленген жылқышы әйел Гүлнаш («Ақбоз ат»), халық арасына жаңа адамгершілік дәстүрін сіңіруді армандайтын, ақылды Әсия («Өскен өркен»), техникалық прогрестің тың жолдарын іздейтін инженер Қайыр («Теміртау»), басынан қанша қиындықтар өтсе де, еңбекті медет етіп, мойымай келе жатқан шопан Қоспан («Дала сырлары»), нақақ жаланың құрбандығы боп көп жыл елден жырақ, еріксіз күн кешкен, ақырында ақталып, еңбеккерлер санына қосылған Райхан («Жапандағы жалғыз үй»), колхозды соғыс кезінің мешеулігінен арылтуға күш салатын, байырғы колхозшы Қараменді («Торғай толғауы»), кешегі жауынгер, бүгін пенсияға шығып, аңшылықты ермек ететін, көпті көрген, жігіт ағасы Нәлқара («Қарға тамған қан»), ауылға барып, санадағы ескілік сарқыншағына қарсы күрес жүргізетін, дәрігер Маздақ («Маздақ»), алғашқы, кіршіксіз махаббатын еске алғанда толқуға қабілетті, сезімтал Сапар («Қарғаш»)... Бұл тізімді жалғастыра беруге болар еді. Замандас тұлғасының жан-жақты көріне бастағанына осы мысалдар да жеткілікті айғақ болатын секілді...

Адамды қоғамның пайдалы азаматы ететін еңбек екені бірсыпыра шығармаларда сөз болып келеді. Егер бұдан біраз жыл бұрынғы шығармаларда тікелей жұмыс процесін көрсету көп орын алып келсе, қазіргі туындыларда жағдай басқаша... Еңбек бұл күнде жеке өзіндік мақсат ретінде емес, адамның моральдық интеллектуалдық рухани армандарымен табиғи бірлестікте алынатын болып жүр. Ж.Жұмахановтың «Замана билігі», Ә.Нұршайықовтың «Әсем», Ш.Мұртазаның «Белгісіз солдаттың баласы», А.Нұрмановтың «Солай болған екен» секілді повестерінде еңбек адамының түрлі тағдыры көрсетіледі. «Замана билігі» повесінің қаһармандары: Ұлықбек пен Гүлхан бойларынан қазіргі жас буынға тән кейбір ортақ сипаттарды да, ешкімге ұқсамайтын дара пішінді де көреміз. Повесте көтерілген өмірлік әңгімелер күрделі. Соның ең бастысы - жас адам қайтсе қоғамдағы өз орнын табады деген сауалға жауап.

Шығарманың орталық кейіпкерінің бірі - Гүлхан тұлғасын алып қарайық. Алматыда, тұрмысты ағасының арқасында жеңіл, ойсыз өмір кешкен Гүлхан ортанын, еңбектің әсерімен бірте-бірте пайдалы, іскер азаматқа айналады. Повестің бас кезінде Гүлхан шарап пен шаттықты ғана іздеген бейғам, жүріс көрген жас қыз болып танылса, кейіннен мүлде басқа кейіпке көшеді. Дүниенің барлык қызығы қалада деп ойлайтын Гүлхан өмірді көре келе сахарадағы еңбекші халық арасынан зор мағына мен мұрат табады. Автор кейіпкер бойында жоқ қасиеттерді ғайыптан қоспайды. Ол Гүлханның табиғатынан елгезек, сезімтал, адал жан екенін, оның уақытша -адасуы жастықтың мастығынан туғанын байқатады. Ауылдағы қарапайым малшылар тұрмысы Гүлханның бойындағы жақсы мүмкіншіліктерді оятады. Ақсаусақ, шолжаң қыздың өмір сынынан шынығып өту процесін көрсете білгені - автордың табысы.

Гүлханның таза махаббатқа, ыстық іңкәрлікке қабілеттілігі, сүйгені үшін астанадағы жылы орнынан белгісіз алыска аттануы, ¥лықбектің соңынан тәуекел етіп еруі -саналы батылдығы.

А.Нұрмановтың «Солай болған екен» деген повесі аз жасаса да, өмір тауқыметін көріп үлгерген жас әйел сырын баян етеді. Сәлима деген озат еңбеккер әйелдің партияға өтер мезетінде, бюро мәжіліс үстінде шапшаң елес берген өмір белестері оқушыны оның тарихымен, жүрген жолымен таныстырады.

Шынында, Сәлиманың әкеден жетім қалып, таршылық керуі, өмір бөгесіндерінен өтіп, ел құрметіне бөленуі елеусіз көріністер емес. Бұл Отан соғысынан кейінгі дәуірде есейген мыңдаған жасқа ортақ құбылыс. Сәлиманың партия қатарына өтуі табиғи жарасымды. Оны тек өз ісінің маманы деп қарамай, қоғам алдындағы борышын сезу дәрежесіне көтерілген жан деп бағалау жөн. Және оның іс-әрекеті дәл өз заманының шындығына сай. Әйелдердің еңбек майданында тең право алып қоймай, Отанға игілік өндіруші болып бекуі шығармада шыншыл айтылған. Сәлима тұлғасын жасауы -жас автордың сәтті қадамдарының бірі. «Солай болған екен» повесі құрылыстық жағынан да қызғылықты.

Адамға деген ілтипаттың өсуі, оның мұрат, аңсар ерекшелігін, қуанышы мен өкінішін тереңдеп көрсетуге бару -қазіргі прозаның айрықша белгілерінің бірі. Егер бұрынырақтағы шығармаларда қаһарманның көбіне әлеуметтік алаңдағы жеңісі мен жемісі ғана көрсетіліп келсе, қазір жеңіс пен жеңіліс, өрлеу мен құлау, ізгілік пен зұлымдық қатар алынып, шындық ажары толығырақ көріне бастады. Адам правосын ардақтау, оның жан құбылысына үңілу көптеген шығарманың алғы шартына айналды. Біздің әдебиетімізде бұған дейін озық диқан, ілгерішіл жұмысшы, жасампаз құрылысшы, құрметті зиялы, жолбасшы коммунист тұлғалары негізгі орында тұратын еді. Қазіргі шығармаларда адамды көрсетудің мүмкіндігі орасан өсіп отыр. Нағыз өмірдің «ешкімге бағынбайтын» ішкі заңдылықтары көрініс беріп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға