Жаңалықтар

Өзің

        Әкім Таразиге       Алабұртқан көңілің жаныңды жаншып, көше бойын кезіп келесің. Мынау дүниенің мазмұнсыз тірлігінен баз кешіп мүжіліп қалыпсың. Кездейсоктықпен күн кешіп жүргеніңді кім білсін, арлы-берлі толқыған көлденең жұртқа жаттай қарадың да кідіріп тұрып қалдың. Көктен түскендей осынша таңырқадың-ау. Қақшиып қалған сені айналып өтіп жатыр басқа жұрт. Алақаныңмен бетіңді бастың. Әлденеден қорқып тұрсың ба, саусақтарыңның арасынан жан-жағыңа сығалай қарайсың. Көз алдыңдағы лекілдеп ағылған тобыр біртіндеп жансыздана бастағандай. Енді біреулері қатып-семіп, қыбырсыз қалған. Лезде қолыңды алып, ақтарыла, шошына көз салдың. - Апыр-ау, жаңа ғана лек-легімен өңмеңдей ағылған бұл жұрттың тасқа айналғаны қалай?       Көңіліңді алыстан сыңғырлай шыққан әлдекімнің дауысы белді. Ойыңмен адасып тұрған сен бақ ішідегі бір топ әйелге қарадың. Әлде жасанды, әлде кекесін күлкі бір үзіліп, бір жалғасты да әлгі топ кекірейіп, кекжиіп қатты да қалды.       Айналаң жансызданып тас бейнелерге айналды. Сен сүйсініп тұрып күйіндің, күйініп тұрып сүйсіндің. Күйінгенің олар кәдімгі, қарабайыр тобырдың өзі еді. Сен үнемі осы бір ығы-жығы жұртты жансыз бейнелерге айналдыра салатынсың. Құлап калса да, күліп жатса да, алаңсыз отырса да сен үшін иесіз, тілсіз сурет-тұғын. Мынау тіршіліктің қозғалысы сен үшін түп-түгел жансыз бейнелерге айналған. Сендегі сезім мен қиял өріліп түсіп алдыңа кескін жасайтын. Бәлкім, санаңды сергітпей адымыңды аштырмай тұсап қойып, әлекке салатын осы сезім үнемі жеңіліске итермелеп отыратын болар. Өйткені сен бакытсызсың. Ыржалақтап күлдің. - Репинді айтам. Жаман шал... маған қадалып тұрып шаншылып айтқанын білемісің. «Сорлы бала-ай, мұны қайтіп жасағансың. Бұл дүниеге қайтіп барып жүрсің. Мынауың ғажап қой, ғажап... О, сорлы бала...» - деді. Осы шалдың не қырсығы бар екенін қайдам. Таланты шәкірттің исін сезсе-ақ «О, сорлы бала! О, сорлы бала!» - деп құлаш сермеп аянбай сөйлеп кететін. Содан бері ешуақытта сорлы болмайтынымды бақыт деген табанымның астында жататын нағыз таланттың өзі екенімді, Домье мен Руо, Утрилло, Курбе, Пикассо сынды ұлылардың қатарынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп бірақ шығатынымды мынау, әңгүдік шал қайдан білсін. Білмек тұр ғой, сезбейді-ей... Heгe сезбейді, менің кім екенімді. Менің... Мына менің кім екенімді...       Тежеліп қалдың. Қолыңды жоғары сермеп қанаттанып бара жатқаныңда дүлей ой санаңды бөліп, сабаңа түсірді ме, тамағыңа әлдене қадалғандай. Түңіліп, өкінішпен қолыңды сілтеп «Бекер! Бәрі бекер!» дегендей ишарат жасадың. - Шал пайғамбар екен... - дедің жұтынып. - Ұлылықты берген Құдай дарынсызға тәуелді етеді. Қиялыммен кекті шарпып, ойыммен әлемді кездіре алатын шебер Құдай жанымды тәніме иелік еткізіп, табанымды жерге жапсырып қойды. Сосын, сорлы болмағанда... Ішегің қатып балаша мәз болдың. - Жүр, екеуміз тамақтанып алайық. - Соңыңнан еріп мен де жылжыдым. Үстіңдегі киімің әлем-жөлем, басыңа киген қалпағыңа кұстың кауырсынын қыстырып қойыпсың. Мойныңда кәдімгі шүберектен тігілген дорбаны асыпсың. Иә, шынында да көктен түскендейсің. Айтпақшы, сен көктен келдім деп жиі айтасың. Жаным - Көкте, Тәнім - Жерде дейтінсің. Жұрт жапатармағай ақтарылып қарағанда риза болып, басыңды сәл иіп, мезірет жасап тұрып: - Мен ғой... Бұл, Мен... орталарыңда жүрген нағыз адам - деп сәл ғана езу тарттың. Сәл кідіріп қалдың да, соңыңнан енжар еріп келе жатқан маған, көңілің толмай қарадың. Сені осыншалық жек көрермін бе? Ымдап менің тезірек жүргенімді қалайсың. Ал дүйім жұрт сенен көзін алмайды. Әлдебіреуі қолын шошайтып: «Ананы қараңдар. Әпенде келе жатыр. Ойбай, қара! Жүрісін қара, - деп даңғырлай қарасты. Енді бірі жат адамның тіршілігіне қарап, таңдана көз тастайды. Өйткені сен бұл ортаға жат, түсініксіз едің.       Төрт түлігің сай адамдай алшаңдап басып, шолақ шалбарыңды шолтаңдатып, көңіліңнің жүйріктігіне өзің ілесе алмай мәз болып ұшып келесің, кұдай-ай...       Мен сені жек көрдім. Бөлек болмысың өзгенің езуіне күлкі салды. Оп-оңай сайқымазақ, әпенде, әумесер атандың. Бұл өзің менсінбейтін, саған ештеңе үйрете алмайтын акымақ тобыр болатын. Сол тобыр сенің төбең көрінсе-ақ берекесі кіріп, құнжыңдасып қалатын. Сені өздерінен әлдеқайда ақымақ, төмен санайтын. Сондықтан болар сен «ақымақ» көрінуге құштар едің. - Мен! Мен ғой... Сергей Иванович Калмыков! Жер бетіне Тәңірдің өзі сыйлаған ұлы пендесі. Танысып алыңыздар, өкінбейсіздер... Дидарымды көргеніңіздің өзі сізге бақыт. Мынау алдыңызда тұрған Өнер деген сұлу қатынның нақ сүйер ғашығы - Сергей Иванович. - Сарнап тұрсың. Сені ұйып тыңдап қалған бірлі-екілі жанға лезде тыйылып, үнсіз қадалып қалдың. Жанарыңа үрей толды. Көзің жасаурап жаныңды қоярға жер таппай алаңдап барасың.       Көз алдыңдағы суретке жан бітіп, сенің соңыңнан тұра куатындай, безектеп кеттің. Қара терге түсіп, тағы жалт қарадың. Тобыр күлді. Күлкілері осынша дарақы, осынша ойсыз болар ма? Саған тұра ұмтылғандай еді, қолдары жетпеді. Ұмтылысқа түскен ұзынды-қыскалы қолдар қалды санаңда. Әр түрлі тағдырдың сан түрлі қолын әкелдің өмірге. Өзің бас иіп, құлы атанған өнерге сен тағы да ешкім мойындағысы келмейтін табыс әкелдің. Жырақта қалған иесіз тоқал тамның есігі ыңырсып әрең ашылды. Сені іздеп келдім. Қолың қолыңа тимей, көйлекшең қалпы жұмысқа кірісіп кетіпсің. Сыз тартқан күңгірт бөлмең өзіңе ханзаданың сарайындай, жүзің бал-бұл жанады. Жанарың жарқ етіп маған карадың. - Қашан келгенсің?.. Ендігіде бұлай үн-түсіз отырма! Келгеніңді білдіріп қой. Мен кейде өзім жалғыз екенмін деп... - Мәз болып күліп алдың. Иә, кейде күлмеуге болатын тұста да жын ұрғандай есіре күлетінің түсініксіз. Бірақ тез тыйыласың. - Бері жүр... Әппақ жайманың бетін аштың. Басым айналып көзімді жұмдым. Теңіз. Суретке жан біткендей толқын атады. Сыбдыр-сыбдыр... сылдырап кеп күліп, сыбырлап тіл қатады. Долданып, қайта бұлқынып жұтып жіберердей шүйіліп келіп, төменге сұлап құлайды. Жаным алқымыма тығылып, теңізден үрей алдым. Өлдім, - дедім. Тынысым тарылып, соңғы рет тұяқ серптім. Өмірімде сурет атаулыдан дәл осылай қорықпаған болармын. Әуреге түскен мені қалт жібермей аңдып калыпсың. - Ұнады ма?... Heгe осынша... - Теңіз тірі... тіршілігінен кауіптендім.       Сен теріс қарап жылап жібердің. Жұрттан осы сөзді ғана күтетінмін. Маған керегі өнерге жан бітіру. Дертімнің емі ғой, бұл. Оу,балақай... бүгін өзіңнен үлкен баға алдым.Өнерге жан бітіру кез келгеннің маңдайына біте бермейтін қасиет. Тәнге жан бітіру - Алланың ұлылығы, өнерге жан беру - менің ұлылығым. - Сен маған жұмбақсың. Таңдана қарап қалдың да: - Талай айттым емес пе? - деді сыбырлап. - Леонардо да Винчидің жердегі жанымын. Қиялым мен сезімім Көктің иелігінде. Мен алатын мәлімет те сол жақтан. Ол да Көкте... Леонардо да Винчиді айтам. - Сіз осы ғашық болып көрдіңіз бе? - Өнер деген сұлу қатынға. Талантты ғана таңдайтын паң, өзімшіл, көксе қатын бар - Өнер деген. Соған қызмет етіп, жағынғым келді. Бар қасиетіммен оны байыта, көркейте түскім келді. Оқыс шыққан есірік күлкіңмен шаттана күлдің де: - Өнердің нақ сүйері болғым келді. Ол сайқал мені қабылдаса, өңіріне қол салып, тәнінің қызығын бөліссем деп арман еттім. Орныңнан тұра беріп, терезеге ұмтылдың. Мелшиген қалпы қатып қалыпсың. Қозғалар түрің жоқ, жансыз қалғандайсың. - He болды? He көрдіңіз? - деп ұмтыла бергенімде ғана қолыңды сыртқа безеп. - Байқайсың ба? Әне анау... Көрдің бе, фургонның үстінде бір қыз Леонардо да Винчидің нәскиін жамап отыр. Хэ... хэ... хэ... хэ... Иығың селкілдеп күлкіңді тыяр емессің. Ал, мен пақыр сен көріп тұрған ғажайыпты мүлде көре алмадым. Саған қараймын, сосын лезде сен көз салған сыртқа қараймын. Жым-жылас...       Жалаң аяқ дірдек қағып, ақ жаймаңды аштың. Намаздың уакытын асыға күткен діндар адамдай іштей күбірлеп тұрғандайсың. Сенімен бірге болуға ынтықсам да сенен бөлек екенімді сезіне түскендеймін. Арамыз алшақ, тым алшақ... Сен биіктей түскен сайын мен құлдырап төмендей бердім. Босаға жаққа жылжи бере сенің тап-таза, бала-жанарыңды көрдім. Иә, тап-таза кіршіксіз, бейкүнә жанар.       Мынау сұрғылт үй, сүреңсіз тірлік, маған жат, менен алыс сияқты. Жылуы жоқ сыз тартқан салқын сезім кеудемнен итеріп тастап «аулақ жүр!» деп адуынды мінез танытқандай. Селтиіп тұрып қалсам керек. Сен: - Қал! - демедің. Мен: - Қалайын! - демедім, сытылып шығып қаша жөнелдім. Бірақ... бір жапырақ жаным үзілігі түсіп жаныңда қалғандай елегізіп келем.       Санасының жүгенсіз екенін айып көретін, сен сактықпен қарайтын тобыр арасында менде жүрмін. «Тобыр туралы айтпауға да болады», - дедің бірде. - Тобыр биліктің құрбаны. Тобыр - соқыр, саңырау, дөрекі, күлкішіл, опасыз, арсыз. Суреткер тобырдан ештеңе үйрене алмайды. Тобырдың адамшылыққа жетуі ұзақ уақыт. «Ол үшін тобыр - алдымен суреткер болуы керек», - деп едің. Сол күнгі ұзақ әңгімең, мазасыз келбетің, көлденеңдеп көз алдымнан кетпей қойды. Жаныңнан шыққан әр сөз - жұп-жұмыр, тас-түйін еді. Ұзын сонар етіп әшекейлемей, тап-тұйнақтай етіп шығара саласың. Сен жасай білген Өнер билігі, топас биліктің менмендігінен әбден қысастық көрген бе екен... Өйткені, «Өнер мен билік бақталас, күндес» - дедің. - Сондықтан да балақай, билік тұрған жерде Өнер сорлы үнемі қайыршылықта, ең төменгі сатыда өмір сүреді. Өмір сүреді дегенім жәй әншейін. Өнер - өледі. Дін басы Дантені неге жындыханаға қаматты? Челлиниді қараңғы қапасқа қамай-қамай екі көзін неге суалтып тастады. Бұл топас биліктің сұлулыққа деген өшпенділігі».       Мәз болып, өзіңмен-өзің мәре-сәре күліп алдың да: - Өнер - өктемдікпен билікке ешқашан бас ұра алмайды. Билік суреткерді бағындырамын деп әуре болмау керек. Керек десеңіз Билік суретшіге қызмет етсін. Суреткер өзі аңсаған өлемде тұрмыстың күйкі тірлігінен азат болып, алаңсыз ғұмыр кешсін. Өнерге осылай қызмет еткенде ғана әлемге әйгілі туынды келеді, дүнияға. Сонда ғана әлгі ақымақ тобыр басын тізесіне дейін иіп, көздері алайып Өнер деген жабайы ұлылыққа ғашық болады».       Есірік күлкі ойымды бөліп жіберді. Бәлкім, сенен алшақтатқан осы бір оспадарсыз, күдікті күлкі шығар. Бұл не күлкі? Ойлы сөз, сосын лезде құбылған есірік күлкі... Кейде мені, кейде өзіңді мазақ қылғандай бір сыр жатады мынау күлкіңнің астарында.       Шат-шадыман, зілсіз, бала-күлкі... Өзіңмен мәңгі бірге сақталып қалған ұлылықтың сәбиге тән пәк, бейкүнө мінезі болар.       Қызығын жоғалтқан жұпыны жалғыз үй маған неге осынша бағалы болды екен? Қағілез жанның, мазасыз жанның тірлігі несімен тәнті етті екен өзіне. Тобымнан жырылып, осылай қарай асыға беретінім не? Думанды сәтімді аяк-асты мұңға орап, саған қарай алып-ұшып тағы келдім.       Әлем-жәлем... Сурет салынбаған жер жоқ, үйіңнің қабырғаларын да, жерік де, төбені де майлы бояумен думандатып тастапсың. Картон қағаздарға да, кітап мұқабаларына да толассыз салына берген сурет. Өзегін айырып, атылып шыққан бұлақтай ғажайып қиялға еркіндік беріпсің. Күн мен түнді, түн мен күнді шатастырып алғанға ұқсайсың. Көзің суалып, қалжырап отырсың. - Heгe көңілсізсің? - дедім тізеңді құшақтап, состиып қалған сықпытыңа қарап. - Бояуым бітті. Бояудың біткені - менің біткенім... - дедің қайғырып. - He байкадың? - Ғажап... Сен бояудың түсінен мазмұн табасың. Дәл осындай бояуды бұрын неге пайдаланбай жүргенсің. Мұндай да бояудың түсі болады екен-ау! Ішегің қатып, мәре-сәре болдың. - Бояу азайып бара жатқан соң, не істерімді білмей әбден қынжылдым емес пе. Шығарма аяқталмай қалса, Құдайдың ұрғаны деген сол. Сірә, одан үлкен жаза болмас. Сосын... - жақындап келіп құлағыма сыбырладың - Өзімнің дәретімді бояуға қосып, көбейттім. Әрі түсі де өзгеріп, қиялымдағы қол жетпес, әдемі бір рең келді ғой, дүнияға... Әрі таңданып, әрі үрейленіп қарап қалсам керек. Сен ештеңеден қымсынып тұрған жоқсың. Әдетіңше қырандай саңқылдап сөйлеп тұрсың. - Бояу құбылып, шағылысып тұруы керек. Суретшілер көбіне күңгірттен, бұйығылықтан шыға алмайды. Интуицияға емес, өнерді ақылға салмақ болады. Ал, Өнер - ақылға бағынбайды. Біреулер жеңіл әдіспен, этюдпен ғана шектеледі. Мен шексіздікке ұмтылам. Мен әлдекайда кең ауқымдағы суреткермін. Нақты айтқанда өнердің көнтері өгізімін мен. Сөйлеп тұрсың. Жанарымнан аққан ыстық жас бұршақтап тоқтар емес. Демімді ішіме тартып тереңнен күрсініп, сенен жасырмақ боламын. - Жоқшылық мені ешқашан жеңген емес. Керісінше, мен жоқшылықты үнемі жеңіп келемін, - дедің. - Өзім неғүрлым, сүйкімсіз болғаныммен, өнерім соғұрлым сыйқырлы. Сенің ойыңды бөлгім келді. - Сергей Иванович, сіздің үйде жалаңаш әйелдер жиі жүреді. - Оу, әйелдер ғана ма екен, маған келетін. Ер адамдар да жалаңаш жүргенді ұнатады. Ғажап қой. Ежелгі вавилондықтар сияқты. Сұлулықты бүркемелеуге бола ма екен. Мен жынысқа бөлінуге мүлде қарсымын. Жынысқа бөліну ортаға жік салу. Жетелеп, терезенің алдына алып келдің. - Қараңызшы, суықтан үсіген жапырақты, бүрісіп қалатын түрі бар. Мұндай сұлулықты ешқайдан көре алмайсыз. Сарғыш-қара тат басқан, қызыл-сары... нәзік рең... ептеп жасыл бояудың түсі білінеді. Тәңірден асқан суретші жоқ. Бояуына дейін талғап, төгілтіп жасағанын-ай! Қараңызшы, жапырақтың жаны дірілдеп тұр. Жанарыңа жұқалтаң жас іркілді. Дүниеге сәби әкелген ананың бусанып, буырқанып, қызылшақа шаранаға мейірлене қарағанындай елжіреп кетіпсің. Жаныңда қалғым келді. Сен ештеңе сезіп тұрған жоқсың. Сезсең-дағы ұсыныс жасамайтыныңды білем. Жаратылысың, санаң, жаның бөлек сенің. Сол бөлектік барған сайын тәнті етіп, сенің тобығыңа байланып қалар түрім бар. Дедектеп барып, бөтелкедегі айранды ашқарақтана жұттың да қара нанды қаужаңдап жей бастадың. Екі көзің өзің жасап үлгерген шығармаларыңда - Жаман шал. Репинді айтам... - «Сорлы бала, оу, сорлы бала...» - деп еді. Мен жеткен бақыттың төрін білмейді ғой ол. Сорлы болсам, мынандай ғайыптың дүниесі маған қайдан келсін. Сенен сытылып шығып өзім үйренген, қарабайыр, арзан тобырыма қосылдым. Бірінің тірлігінен бірі айнымайтын, бірін-бірі күндемесе сөзі жараспайтын, бірін-бірі оп-оңай аяусыз қаралай салатын осы топтан сенің азат болғаныңа қызықтым. Күбір-жыбыр сөзі көп, бәсекесі мол, күншілдік сені тулақтай сүйретіп, жүндей түтер еді. Сен болғым келді. Бірақ, Сен болу - бақытсыздыққа бел буу. Сен болу - қайыршылықпен күн кешу. Сен болу - мәңгі жалғыздық. Сен болу - нағыз өнерді тудыратын ұлы болу. Тобырдан ғана емес, сен адам табиғатынан әлдеқайда биіктеп кеткенсің.       Өзің талақ еткен тобырдың өсегі күзгі күнгі берекесіз жауындай төпеп кеткен. «Әпенде, байқұс өз үйін өзі өртепті», «Оу, есі ауысып дәретімен сурет сала бастапты», «Аштықтан қажып жындыхананы паналапты», «Оның орны баяғыда-ақ сол жер емес пе еді». Сен мазақ еткен, өзің ешқашан санасымен санаспай кеткен тобырдың бұл әні бұрынғыдан тым өзгеше еді, әсерлі еді.       Рас, бұл жолғы сенің тұрағың қала жиегіндегі жындыхана. Әзірге, «шизофрения» деп диагноз қойыпты. Мені көре салып, мәз болып, ұшып келесің. Дәл бір хан ордасында күтімде жатқандай шаттанып келесің. - Сергей Иванович, мұныңыз калай? He болып қалды, аяқ астынан... - Үндеме... Жаңалық көп. Диссертация    бастадым. Бас сүйекті біріктіріп ұстап тұратын тігістердің эскизін жасадым. Бас сүйек ешкашан мидан басталмайды. Бас сүйек тігістерден құралады. Бас сүйектің тігісі - тіршілік белгісі. Жіп-жіңішке, көзге әзер көрінетін, геометриялық ұсақ сызықтардың ұшан-теңіз атқаратын жұмысы бар. Ғажап. Адамның ақыл-ойын көргенін есте сақтау қабілеті бәрі тігістің жемісі, мидың емес. Осы тігіс жолдарынан жылыстап қан жүреді сылдырап аққан бұлақтай болып. Мидың жұмыс істеуіне бірден-бір қызмет ететін осы тігіс. Адам өлгеннен кейін тігіс жоғалып, бас сүйек иен қалады. Өмірімізді қалыпқа түсіріп, ұйымдастыратын ми емес, ұп-ұсақ сызықтар, білесіз бе?.. Heгe жылап тұрсыз? Менің пікіріммен келіспейсіз бе?.. - Сергей Иванович, сіз... ұлы суретшісіз. Heгe осынша бақытсыз болдыңыз екен? Көңіліңдегі күдік бірден сейіліп, мәз болып күліп алдың. Өз-өзіңді әрең тыйып. - Ұлы... Бұл ғылым мен өнерде жүргендердің лексиконынан шығып кеткен жай ғана термин. Бұл терминнен мүлде қорықпаңыз. Ұлылық ешкімге, ештеме міндеттемейді де жүктемейді. Ұлы адамдар - кәдімгі адамдар сияқты, қарабайыр өмір кешіп жүре береді. Ұлылықтан қанат бітіп немесе маңдайға шодырайып мүйіз шығып кетпейді. Міне, мен кез алдыңда тұрмын. Ұлымын. Күдіктеніп, қорқудың еш реті жоқ. Біздер өте тамаша, ақкөңіл жандармыз.       Әрі карапайым, әрі кедей адаммын. Жұрт ұлыларды ақшасын шашып жүретін бай, күннен күнге өсіп келе жатқан атақ-даңқ пен дәрелсенің иесі деп, қолжазбасының әр беті - шытырлаған көк-ала ақша деп, табаны тиген жердің бәрі иіліп тәжім етіп тұрады деп ойлайды. Нағыз ұлылардың тағдырын білеміз ғой. Бұтында жұқарып жыртылуға сәл қалған шалбары болады, тозығы жеткен шүрк-шүрк нәскиі, кие-кие өңі кеткен пальтосы бар, қайыршылықтың алдында тұрған бейшара, пақыр.       Ұлылық дегеніңіз, балақай - биологиялық трагедия. Басқаларға ұқсай алмайды, қайталанбайды. Сондықтан да оларды күндейді, өте жек көреді. «Ұлылығы қай жерінде, түрі - анау, сықпыты - мынау. He ақшасы жоқ, не қызметі жоқ. Ешкім біле де бермейді өзін» - деп тоғышарлар менсінбей күле қарап, жүре тыңдайды.       Ұлылық деген Жаңалық. Ұлылық - Академия. Ол әлемдік жаңалық. Ол - Ньютон. Ал, мынау өнерде жолы болмаған ұсак; бақытсыздар, олар ешқашан ұлы бола алмайды.       Ұлылық - үйлесімділік. Ол - ұсақ қуаныштарды місе тұта салатын, өмірі тозып еңбек ететін, бірақ елеусіз қалатын, жылдам жылап, жылдам күлетін - берекесіз мінез. Өзінің болмыс бітіміне салақ қарайтын ерекшелігін бағаламайтын, өзін-өзі сақтамайтын әлсіз. Ұлылык - сіңірі шыққан, жалаң аяқ кедейдің қолындағыалтын қанжар. Басқа іліп алар ештеңесі жоқ бар байлығы - алтын қанжары. Бұрыла берген сенің өңіріңнен ұстай алдым. - Мені жақындатыңыз жаныңызға. Күйкі тірліктен, жасандылықтан мені де азат етіңіз. Сен таңдана карадың. - Жындымысың... Жалғыздықты Құдайдан қалап алғам. Жалғыздықтан басқаның бәрі бекер, бәрі лас. Қайт үйіңе! Бақытсыздықтан бойыңды аулақ ұста. Қайт бар! Бара ғой, тезірек жет үйіңе. Бұл жолы жылап тұрсың... Күлкіңнен гөрі жылағаның осынша әдемі болар ма?! - Ұлылық ешкімге бақыт болып бітпеген, - дедің қоштасып тұрып. - Қайтып келме мұнда. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 11:27 4431

        Әкім Таразиге

      Алабұртқан көңілің жаныңды жаншып, көше бойын кезіп келесің. Мынау дүниенің мазмұнсыз тірлігінен баз кешіп мүжіліп қалыпсың. Кездейсоктықпен күн кешіп жүргеніңді кім білсін, арлы-берлі толқыған көлденең жұртқа жаттай қарадың да кідіріп тұрып қалдың. Көктен түскендей осынша таңырқадың-ау. Қақшиып қалған сені айналып өтіп жатыр басқа жұрт. Алақаныңмен бетіңді бастың. Әлденеден қорқып тұрсың ба, саусақтарыңның арасынан жан-жағыңа сығалай қарайсың. Көз алдыңдағы лекілдеп ағылған тобыр біртіндеп жансыздана бастағандай. Енді біреулері қатып-семіп, қыбырсыз қалған. Лезде қолыңды алып, ақтарыла, шошына көз салдың.

- Апыр-ау, жаңа ғана лек-легімен өңмеңдей ағылған бұл жұрттың тасқа айналғаны қалай?

      Көңіліңді алыстан сыңғырлай шыққан әлдекімнің дауысы белді. Ойыңмен адасып тұрған сен бақ ішідегі бір топ әйелге қарадың. Әлде жасанды, әлде кекесін күлкі бір үзіліп, бір жалғасты да әлгі топ кекірейіп, кекжиіп қатты да қалды.

      Айналаң жансызданып тас бейнелерге айналды. Сен сүйсініп тұрып күйіндің, күйініп тұрып сүйсіндің. Күйінгенің олар кәдімгі, қарабайыр тобырдың өзі еді. Сен үнемі осы бір ығы-жығы жұртты жансыз бейнелерге айналдыра салатынсың. Құлап калса да, күліп жатса да, алаңсыз отырса да сен үшін иесіз, тілсіз сурет-тұғын. Мынау тіршіліктің қозғалысы сен үшін түп-түгел жансыз бейнелерге айналған. Сендегі сезім мен қиял өріліп түсіп алдыңа кескін жасайтын. Бәлкім, санаңды сергітпей адымыңды аштырмай тұсап қойып, әлекке салатын осы сезім үнемі жеңіліске итермелеп отыратын болар. Өйткені сен бакытсызсың. Ыржалақтап күлдің.

- Репинді айтам. Жаман шал... маған қадалып тұрып шаншылып айтқанын білемісің. «Сорлы бала-ай, мұны қайтіп жасағансың. Бұл дүниеге қайтіп барып жүрсің. Мынауың ғажап қой, ғажап... О, сорлы бала...» - деді. Осы шалдың не қырсығы бар екенін қайдам. Таланты шәкірттің исін сезсе-ақ «О, сорлы бала! О, сорлы бала!» - деп құлаш сермеп аянбай сөйлеп кететін. Содан бері ешуақытта сорлы болмайтынымды бақыт деген табанымның астында жататын нағыз таланттың өзі екенімді, Домье мен Руо, Утрилло, Курбе, Пикассо сынды ұлылардың қатарынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп бірақ шығатынымды мынау, әңгүдік шал қайдан білсін. Білмек тұр ғой, сезбейді-ей... Heгe сезбейді, менің кім екенімді. Менің... Мына менің кім екенімді...

      Тежеліп қалдың. Қолыңды жоғары сермеп қанаттанып бара жатқаныңда дүлей ой санаңды бөліп, сабаңа түсірді ме, тамағыңа әлдене қадалғандай. Түңіліп, өкінішпен қолыңды сілтеп «Бекер! Бәрі бекер!» дегендей ишарат жасадың.

- Шал пайғамбар екен... - дедің жұтынып. - Ұлылықты берген Құдай дарынсызға тәуелді етеді. Қиялыммен кекті шарпып, ойыммен әлемді кездіре алатын шебер Құдай жанымды тәніме иелік еткізіп, табанымды жерге

жапсырып қойды. Сосын, сорлы болмағанда... Ішегің қатып балаша мәз болдың.

- Жүр, екеуміз тамақтанып алайық. - Соңыңнан еріп мен де жылжыдым. Үстіңдегі киімің әлем-жөлем, басыңа киген қалпағыңа кұстың кауырсынын қыстырып қойыпсың. Мойныңда кәдімгі шүберектен тігілген дорбаны асыпсың. Иә, шынында да көктен түскендейсің. Айтпақшы, сен көктен келдім деп жиі айтасың. Жаным - Көкте, Тәнім - Жерде дейтінсің. Жұрт жапатармағай ақтарылып қарағанда риза болып, басыңды сәл иіп, мезірет жасап тұрып: - Мен ғой... Бұл, Мен... орталарыңда жүрген нағыз адам - деп сәл ғана езу тарттың. Сәл кідіріп қалдың да, соңыңнан енжар еріп келе жатқан маған, көңілің толмай қарадың. Сені осыншалық жек көрермін бе? Ымдап менің тезірек жүргенімді қалайсың. Ал дүйім жұрт сенен көзін алмайды.

Әлдебіреуі қолын шошайтып: «Ананы қараңдар. Әпенде келе жатыр. Ойбай, қара! Жүрісін қара, - деп даңғырлай қарасты. Енді бірі жат адамның тіршілігіне қарап, таңдана көз тастайды. Өйткені сен бұл ортаға жат, түсініксіз едің.

      Төрт түлігің сай адамдай алшаңдап басып, шолақ шалбарыңды шолтаңдатып, көңіліңнің жүйріктігіне өзің ілесе алмай мәз болып ұшып келесің, кұдай-ай...

      Мен сені жек көрдім. Бөлек болмысың өзгенің езуіне күлкі салды. Оп-оңай сайқымазақ, әпенде, әумесер атандың. Бұл өзің менсінбейтін, саған ештеңе үйрете алмайтын акымақ тобыр болатын. Сол тобыр сенің төбең көрінсе-ақ берекесі кіріп, құнжыңдасып қалатын. Сені өздерінен әлдеқайда ақымақ, төмен санайтын. Сондықтан болар сен «ақымақ» көрінуге құштар едің.

- Мен! Мен ғой... Сергей Иванович Калмыков! Жер бетіне Тәңірдің өзі сыйлаған ұлы пендесі. Танысып алыңыздар, өкінбейсіздер... Дидарымды көргеніңіздің өзі сізге бақыт. Мынау алдыңызда тұрған Өнер деген сұлу қатынның нақ сүйер ғашығы - Сергей Иванович. - Сарнап тұрсың. Сені ұйып тыңдап қалған бірлі-екілі жанға лезде тыйылып, үнсіз қадалып қалдың. Жанарыңа үрей толды. Көзің жасаурап жаныңды қоярға жер таппай алаңдап барасың.

      Көз алдыңдағы суретке жан бітіп, сенің соңыңнан тұра куатындай, безектеп кеттің. Қара терге түсіп, тағы жалт қарадың. Тобыр күлді. Күлкілері осынша дарақы, осынша ойсыз болар ма? Саған тұра ұмтылғандай еді, қолдары жетпеді. Ұмтылысқа түскен ұзынды-қыскалы қолдар қалды санаңда. Әр түрлі тағдырдың сан түрлі қолын әкелдің өмірге. Өзің бас иіп, құлы атанған өнерге сен тағы да ешкім мойындағысы келмейтін табыс әкелдің. Жырақта қалған иесіз тоқал тамның есігі ыңырсып әрең ашылды. Сені іздеп келдім. Қолың қолыңа тимей, көйлекшең қалпы жұмысқа кірісіп кетіпсің. Сыз тартқан күңгірт бөлмең өзіңе ханзаданың сарайындай, жүзің бал-бұл жанады. Жанарың жарқ етіп маған карадың.

- Қашан келгенсің?.. Ендігіде бұлай үн-түсіз отырма! Келгеніңді білдіріп қой. Мен кейде өзім жалғыз екенмін деп... - Мәз болып күліп алдың. Иә, кейде күлмеуге болатын тұста да жын ұрғандай есіре күлетінің түсініксіз. Бірақ тез тыйыласың.

- Бері жүр...

Әппақ жайманың бетін аштың. Басым айналып көзімді жұмдым. Теңіз. Суретке жан біткендей толқын

атады. Сыбдыр-сыбдыр... сылдырап кеп күліп, сыбырлап тіл қатады. Долданып, қайта бұлқынып жұтып жіберердей шүйіліп келіп, төменге сұлап құлайды. Жаным алқымыма тығылып, теңізден үрей алдым. Өлдім, - дедім. Тынысым тарылып, соңғы рет тұяқ серптім. Өмірімде сурет атаулыдан дәл осылай қорықпаған болармын. Әуреге түскен мені қалт жібермей аңдып калыпсың.

- Ұнады ма?... Heгe осынша...

- Теңіз тірі... тіршілігінен кауіптендім.

      Сен теріс қарап жылап жібердің. Жұрттан осы сөзді ғана күтетінмін. Маған керегі өнерге жан бітіру. Дертімнің емі ғой, бұл. Оу,балақай... бүгін өзіңнен үлкен баға алдым.Өнерге жан бітіру кез келгеннің маңдайына біте бермейтін қасиет. Тәнге жан бітіру - Алланың ұлылығы, өнерге жан беру - менің ұлылығым.

- Сен маған жұмбақсың.

Таңдана қарап қалдың да:

- Талай айттым емес пе? - деді сыбырлап.

- Леонардо да Винчидің жердегі жанымын. Қиялым мен сезімім Көктің иелігінде. Мен алатын мәлімет те сол жақтан. Ол да Көкте... Леонардо да Винчиді айтам.

- Сіз осы ғашық болып көрдіңіз бе?

- Өнер деген сұлу қатынға. Талантты ғана таңдайтын паң, өзімшіл, көксе қатын бар - Өнер деген. Соған қызмет етіп, жағынғым келді. Бар қасиетіммен оны байыта, көркейте түскім келді. Оқыс шыққан есірік күлкіңмен шаттана күлдің де:

- Өнердің нақ сүйері болғым келді. Ол сайқал мені қабылдаса, өңіріне қол салып, тәнінің қызығын бөліссем деп арман еттім. Орныңнан тұра беріп, терезеге ұмтылдың. Мелшиген қалпы қатып қалыпсың. Қозғалар түрің жоқ, жансыз қалғандайсың.

- He болды? He көрдіңіз? - деп ұмтыла бергенімде ғана қолыңды сыртқа безеп.

- Байқайсың ба? Әне анау... Көрдің бе, фургонның үстінде бір қыз Леонардо да Винчидің нәскиін жамап отыр. Хэ... хэ... хэ... хэ... Иығың селкілдеп күлкіңді тыяр емессің. Ал, мен пақыр сен көріп тұрған ғажайыпты мүлде көре алмадым. Саған қараймын, сосын лезде сен көз салған сыртқа қараймын. Жым-жылас...

      Жалаң аяқ дірдек қағып, ақ жаймаңды аштың. Намаздың уакытын асыға күткен діндар адамдай іштей күбірлеп тұрғандайсың. Сенімен бірге болуға ынтықсам да сенен бөлек екенімді сезіне түскендеймін. Арамыз алшақ, тым алшақ... Сен биіктей түскен сайын мен құлдырап төмендей бердім. Босаға жаққа жылжи бере сенің тап-таза, бала-жанарыңды көрдім. Иә, тап-таза кіршіксіз, бейкүнә жанар.

      Мынау сұрғылт үй, сүреңсіз тірлік, маған жат, менен алыс сияқты. Жылуы жоқ сыз тартқан салқын сезім кеудемнен итеріп тастап «аулақ жүр!» деп адуынды мінез танытқандай. Селтиіп тұрып қалсам керек. Сен: - Қал! - демедің. Мен: - Қалайын! - демедім, сытылып шығып қаша жөнелдім. Бірақ... бір жапырақ жаным үзілігі түсіп жаныңда қалғандай елегізіп келем.

      Санасының жүгенсіз екенін айып көретін, сен сактықпен қарайтын тобыр арасында менде жүрмін. «Тобыр туралы айтпауға да болады», - дедің бірде. - Тобыр биліктің құрбаны. Тобыр - соқыр, саңырау, дөрекі, күлкішіл, опасыз, арсыз. Суреткер тобырдан ештеңе үйрене алмайды. Тобырдың адамшылыққа жетуі ұзақ уақыт. «Ол үшін тобыр - алдымен суреткер болуы керек», - деп едің. Сол күнгі ұзақ әңгімең, мазасыз келбетің, көлденеңдеп көз алдымнан кетпей қойды. Жаныңнан шыққан әр сөз - жұп-жұмыр, тас-түйін еді. Ұзын сонар етіп әшекейлемей, тап-тұйнақтай етіп шығара саласың. Сен жасай білген Өнер билігі, топас биліктің менмендігінен әбден қысастық көрген бе екен... Өйткені, «Өнер мен билік бақталас, күндес» - дедің.

- Сондықтан да балақай, билік тұрған жерде Өнер сорлы үнемі қайыршылықта, ең төменгі сатыда өмір

сүреді. Өмір сүреді дегенім жәй әншейін. Өнер - өледі. Дін басы Дантені неге жындыханаға қаматты? Челлиниді қараңғы қапасқа қамай-қамай екі көзін неге суалтып тастады. Бұл топас биліктің сұлулыққа деген өшпенділігі».

      Мәз болып, өзіңмен-өзің мәре-сәре күліп алдың да: - Өнер - өктемдікпен билікке ешқашан бас ұра алмайды. Билік суреткерді бағындырамын деп әуре болмау керек. Керек десеңіз Билік суретшіге қызмет етсін. Суреткер өзі аңсаған өлемде тұрмыстың күйкі тірлігінен азат болып, алаңсыз ғұмыр кешсін. Өнерге осылай қызмет еткенде ғана әлемге әйгілі туынды келеді, дүнияға. Сонда ғана әлгі ақымақ тобыр басын тізесіне дейін иіп, көздері алайып Өнер деген жабайы ұлылыққа ғашық болады».

      Есірік күлкі ойымды бөліп жіберді. Бәлкім, сенен алшақтатқан осы бір оспадарсыз, күдікті күлкі шығар. Бұл не күлкі? Ойлы сөз, сосын лезде құбылған есірік күлкі... Кейде мені, кейде өзіңді мазақ қылғандай бір сыр жатады мынау күлкіңнің астарында.

      Шат-шадыман, зілсіз, бала-күлкі... Өзіңмен мәңгі бірге сақталып қалған ұлылықтың сәбиге тән пәк,

бейкүнө мінезі болар.

      Қызығын жоғалтқан жұпыны жалғыз үй маған неге осынша бағалы болды екен? Қағілез жанның, мазасыз жанның тірлігі несімен тәнті етті екен өзіне. Тобымнан жырылып, осылай қарай асыға беретінім не? Думанды сәтімді аяк-асты мұңға орап, саған қарай алып-ұшып тағы келдім.

      Әлем-жәлем... Сурет салынбаған жер жоқ, үйіңнің қабырғаларын да, жерік де, төбені де майлы бояумен думандатып тастапсың. Картон қағаздарға да, кітап мұқабаларына да толассыз салына берген сурет. Өзегін айырып, атылып шыққан бұлақтай ғажайып қиялға еркіндік беріпсің. Күн мен түнді, түн мен күнді шатастырып алғанға ұқсайсың. Көзің суалып, қалжырап отырсың.

- Heгe көңілсізсің? - дедім тізеңді құшақтап, состиып қалған сықпытыңа қарап.

- Бояуым бітті. Бояудың біткені - менің біткенім... - дедің қайғырып.

- He байкадың?

- Ғажап... Сен бояудың түсінен мазмұн табасың. Дәл осындай бояуды бұрын неге пайдаланбай жүргенсің. Мұндай да бояудың түсі болады екен-ау! Ішегің қатып, мәре-сәре болдың.

- Бояу азайып бара жатқан соң, не істерімді білмей әбден қынжылдым емес пе. Шығарма аяқталмай қалса, Құдайдың ұрғаны деген сол. Сірә, одан үлкен жаза болмас. Сосын... - жақындап келіп құлағыма сыбырладың - Өзімнің дәретімді бояуға қосып, көбейттім. Әрі түсі де өзгеріп, қиялымдағы қол жетпес, әдемі бір рең келді ғой, дүнияға... Әрі таңданып, әрі үрейленіп қарап қалсам керек. Сен ештеңеден қымсынып тұрған жоқсың. Әдетіңше қырандай саңқылдап сөйлеп тұрсың.

- Бояу құбылып, шағылысып тұруы керек. Суретшілер көбіне күңгірттен, бұйығылықтан шыға алмайды.

Интуицияға емес, өнерді ақылға салмақ болады. Ал, Өнер - ақылға бағынбайды. Біреулер жеңіл әдіспен, этюдпен ғана шектеледі. Мен шексіздікке ұмтылам. Мен әлдекайда кең ауқымдағы суреткермін. Нақты айтқанда өнердің көнтері өгізімін мен. Сөйлеп тұрсың. Жанарымнан аққан ыстық жас бұршақтап тоқтар емес. Демімді ішіме тартып тереңнен күрсініп, сенен жасырмақ боламын.

- Жоқшылық мені ешқашан жеңген емес. Керісінше, мен жоқшылықты үнемі жеңіп келемін, - дедің. -

Өзім неғүрлым, сүйкімсіз болғаныммен, өнерім соғұрлым сыйқырлы. Сенің ойыңды бөлгім келді.

- Сергей Иванович, сіздің үйде жалаңаш әйелдер жиі жүреді.

- Оу, әйелдер ғана ма екен, маған келетін. Ер адамдар да жалаңаш жүргенді ұнатады. Ғажап қой. Ежелгі вавилондықтар сияқты. Сұлулықты бүркемелеуге бола ма екен. Мен жынысқа бөлінуге мүлде қарсымын. Жынысқа бөліну ортаға жік салу. Жетелеп, терезенің алдына алып келдің.

- Қараңызшы, суықтан үсіген жапырақты, бүрісіп қалатын түрі бар. Мұндай сұлулықты ешқайдан көре

алмайсыз. Сарғыш-қара тат басқан, қызыл-сары... нәзік рең... ептеп жасыл бояудың түсі білінеді. Тәңірден асқан суретші жоқ. Бояуына дейін талғап, төгілтіп жасағанын-ай! Қараңызшы, жапырақтың жаны дірілдеп тұр. Жанарыңа жұқалтаң жас іркілді. Дүниеге сәби әкелген ананың бусанып, буырқанып, қызылшақа шаранаға мейірлене қарағанындай елжіреп кетіпсің. Жаныңда қалғым келді. Сен ештеңе сезіп тұрған жоқсың. Сезсең-дағы ұсыныс жасамайтыныңды білем. Жаратылысың, санаң, жаның бөлек сенің. Сол бөлектік барған сайын тәнті етіп, сенің тобығыңа байланып қалар түрім бар.

Дедектеп барып, бөтелкедегі айранды ашқарақтана жұттың да қара нанды қаужаңдап жей бастадың. Екі көзің өзің жасап үлгерген шығармаларыңда - Жаман шал. Репинді айтам... - «Сорлы бала, оу, сорлы бала...» - деп еді. Мен жеткен бақыттың төрін білмейді ғой ол. Сорлы болсам, мынандай ғайыптың дүниесі маған қайдан келсін. Сенен сытылып шығып өзім үйренген, қарабайыр, арзан тобырыма қосылдым. Бірінің тірлігінен бірі айнымайтын, бірін-бірі күндемесе сөзі жараспайтын, бірін-бірі оп-оңай аяусыз қаралай салатын осы топтан сенің азат болғаныңа қызықтым. Күбір-жыбыр сөзі көп, бәсекесі мол, күншілдік сені тулақтай сүйретіп, жүндей түтер еді. Сен болғым келді. Бірақ, Сен болу - бақытсыздыққа бел буу. Сен болу - қайыршылықпен күн кешу. Сен болу - мәңгі жалғыздық. Сен болу - нағыз өнерді тудыратын ұлы болу. Тобырдан ғана емес, сен адам табиғатынан әлдеқайда биіктеп кеткенсің.

      Өзің талақ еткен тобырдың өсегі күзгі күнгі берекесіз жауындай төпеп кеткен. «Әпенде, байқұс өз үйін өзі өртепті», «Оу, есі ауысып дәретімен сурет сала бастапты», «Аштықтан қажып жындыхананы паналапты», «Оның орны баяғыда-ақ сол жер емес пе еді». Сен мазақ еткен, өзің ешқашан санасымен санаспай кеткен тобырдың бұл әні бұрынғыдан тым өзгеше еді, әсерлі еді.

      Рас, бұл жолғы сенің тұрағың қала жиегіндегі жындыхана. Әзірге, «шизофрения» деп диагноз қойыпты.

Мені көре салып, мәз болып, ұшып келесің. Дәл бір хан ордасында күтімде жатқандай шаттанып келесің.

- Сергей Иванович, мұныңыз калай? He болып қалды, аяқ астынан...

- Үндеме... Жаңалық көп. Диссертация    бастадым. Бас сүйекті біріктіріп ұстап тұратын тігістердің эскизін жасадым. Бас сүйек ешкашан мидан басталмайды. Бас сүйек тігістерден құралады. Бас сүйектің тігісі - тіршілік белгісі. Жіп-жіңішке, көзге әзер көрінетін, геометриялық ұсақ сызықтардың ұшан-теңіз атқаратын жұмысы бар. Ғажап. Адамның ақыл-ойын көргенін есте сақтау қабілеті бәрі тігістің жемісі, мидың емес. Осы тігіс жолдарынан жылыстап қан жүреді сылдырап аққан бұлақтай болып. Мидың жұмыс істеуіне бірден-бір қызмет ететін осы тігіс. Адам өлгеннен кейін тігіс жоғалып, бас сүйек иен қалады. Өмірімізді қалыпқа түсіріп, ұйымдастыратын ми емес, ұп-ұсақ сызықтар, білесіз бе?.. Heгe жылап тұрсыз? Менің пікіріммен келіспейсіз бе?..

- Сергей Иванович, сіз... ұлы суретшісіз. Heгe осынша бақытсыз болдыңыз екен? Көңіліңдегі күдік бірден сейіліп, мәз болып күліп алдың. Өз-өзіңді әрең тыйып. - Ұлы... Бұл ғылым мен өнерде жүргендердің лексиконынан шығып кеткен жай ғана термин. Бұл терминнен мүлде қорықпаңыз. Ұлылық ешкімге, ештеме міндеттемейді де жүктемейді. Ұлы адамдар - кәдімгі адамдар сияқты, қарабайыр өмір кешіп жүре береді. Ұлылықтан қанат бітіп немесе маңдайға шодырайып мүйіз шығып кетпейді. Міне, мен кез алдыңда тұрмын. Ұлымын. Күдіктеніп, қорқудың еш реті жоқ. Біздер өте тамаша, ақкөңіл жандармыз.

      Әрі карапайым, әрі кедей адаммын. Жұрт ұлыларды ақшасын шашып жүретін бай, күннен күнге өсіп келе жатқан атақ-даңқ пен дәрелсенің иесі деп, қолжазбасының әр беті - шытырлаған көк-ала ақша деп, табаны тиген жердің бәрі иіліп тәжім етіп тұрады деп ойлайды. Нағыз ұлылардың тағдырын білеміз ғой. Бұтында жұқарып жыртылуға сәл қалған шалбары болады, тозығы жеткен шүрк-шүрк нәскиі, кие-кие өңі кеткен пальтосы бар, қайыршылықтың алдында тұрған бейшара, пақыр.

      Ұлылық дегеніңіз, балақай - биологиялық трагедия. Басқаларға ұқсай алмайды, қайталанбайды. Сондықтан да оларды күндейді, өте жек көреді. «Ұлылығы қай жерінде, түрі - анау, сықпыты - мынау. He ақшасы жоқ, не қызметі жоқ. Ешкім біле де бермейді өзін» - деп тоғышарлар менсінбей күле қарап, жүре тыңдайды.

      Ұлылық деген Жаңалық. Ұлылық - Академия. Ол әлемдік жаңалық. Ол - Ньютон. Ал, мынау өнерде жолы болмаған ұсак; бақытсыздар, олар ешқашан ұлы бола алмайды.

      Ұлылық - үйлесімділік. Ол - ұсақ қуаныштарды місе тұта салатын, өмірі тозып еңбек ететін, бірақ елеусіз қалатын, жылдам жылап, жылдам күлетін - берекесіз мінез. Өзінің болмыс бітіміне салақ қарайтын ерекшелігін бағаламайтын, өзін-өзі сақтамайтын әлсіз. Ұлылык - сіңірі шыққан, жалаң аяқ кедейдің қолындағыалтын қанжар. Басқа іліп алар ештеңесі жоқ бар байлығы - алтын қанжары. Бұрыла берген сенің өңіріңнен ұстай алдым. - Мені жақындатыңыз жаныңызға. Күйкі тірліктен, жасандылықтан мені де азат етіңіз. Сен таңдана карадың.

- Жындымысың... Жалғыздықты Құдайдан қалап алғам. Жалғыздықтан басқаның бәрі бекер, бәрі лас. Қайт үйіңе! Бақытсыздықтан бойыңды аулақ ұста. Қайт бар! Бара ғой, тезірек жет үйіңе. Бұл жолы жылап тұрсың... Күлкіңнен гөрі жылағаның осынша әдемі болар ма?!

- Ұлылық ешкімге бақыт болып бітпеген, - дедің қоштасып тұрып. - Қайтып келме мұнда.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға