Жаңалықтар

Сарқаншық

       Мүсіркеуге хақым жоқ,        аяуға да дәрменім жоқ пенделік                                                    Автор         Бұралқы сарқаншық....        Ителгідей ілмиіп, ықылык атасың. Емхананы айналып ұзақ жүрдің, елегізіп әлдекімнің соңынан еріп, бірге кетпек болып шешімге келесің, бірақ сенімнен жаңылып қалармын деп айнып та үлгересің. Айнығаның дұрыс. Айну - ойлану. Жаңылудан сақтайды. Көрінгеннің соңьнан аңкалаң қағып ілесіп жүріп, ұрындың ба екен бір дертке. Әйтеуір, қиналып барып, ықылық атып тоқтайсың. Мөлиіп, тұмсығыңды жерге тіреп, қамығып мұңаясың. Жаныңа шипа іздегің келмей ме, неге тұрмайсың? Қарғыбау салынып көрмеген-ау мойныңа, жеп-жеңіл ұшып тұрғың келеді. Ұшып тұрып, зымырап, жұлдыздай ағып жортқың келеді. Ұмытып кетіп, көтеріле беріп, қайтадан ықылық атып қисайдың. Ықылық атқан сайын таусылып мұңайдың. Көздерің-ай... Иттің де көзі мойылдай болатынын, тұңғиық болатынын бірінші рет көрдім. Сені аяуға қорықтым. Аяушылық, жасау Алланың иелігінде ғой, дертіңе шипаны Алладан тіледім...       Емхана маңынан әрі-бері өтіп жатқан көп жүргіншінің көзіне сен жиі түсесің. Солардың бірінің соңынан еріп кеткің келіп тұр. Бірақ ешкім пейіл бермейді, ынта қоймайды. Қысқасы, сен аурусың, сен ешкімге керек емессің. Бәлкім, сенде адамға жұғатьш жұқпалы ауру бар шығар, әйтеуір, сен әзірге жамансың. Әлдекім саған жақсылық жасап нан лақтырды. Бір кездегідей лып еткізіп қағып та алмадың. Әлдекім сауабын ала қояйын деп сүйек те лақтырды, сен оған да қарамадың. Күйзеліп, тұмсығыңды әрең тіреп мұңаясың. Серуендеп жүрген бізге елең етіп, соңымызға ілескің келді. Жылдам көтеріліп, ықылық аттың да ілбіп ере бастадың. Соңымнан имеңдеп еріп алғаныңды ұнатпай тұрмын. Өйткені, мен үйге бармаймын, мен емханада жатырмын, сен бәрібір далада қаңғып қаласың, маған сенбе! Менің соңымнан ерме, ерсең далада қаласың дегім келеді. Сен түсінбейсің, жалтақтап, «жекімесе екен, ұрыспаса екен, тек іздерінен ілесе берсем» дегендейсің. Мен сені жақтырмай келемін «ауру ит пе?» деймін қорқып. Тұяғыңмен жерді шертіп сырқ-сырқ басып желіп қалмайсың. Қайда бұрылсам, жаңылмай ізімнен еріп келесің. Өй, Сарқаншық-ай!       Біз отырдық... Шошайып, шоқиып қарап сен де отырсың. Күлкілі... Біз әңгімелесіп отырмыз. Сен сөз тыңдап отырғандай мызғымай, қозғалмай қарайсың. Амал жоқ, әңгіме сенің төңірегіңде өрбіді. - Әй, бұл аш ит. Адам аш жүрген мына заманда бұл байқұсқа кім тамақ берді ғой дейсің. - Жоқ. Аш болуы мүмкін емес. Міне - емхана, әне - базар. Аштық емес мұның дерті. - Онда бұл ауру ит. - Енді, ауру екені көрініп тұрғаннан кейін айтып отырған жоқпыз ба? - Жоқ, бұл о баста ауру болмаған ит. Біреу бір бәле жасаған. - Иә. Жасаған... Бұған балалар, Құдай біледі, ине жұтқызған. - Ине? - Кетші. - Иә! Ине берген. Кәдімгі нанға орап ине берген. - Қойшы, балалардан ондай қаталдық күтуге бола ма? - Ой-бой, қаталдықтың кекесін ойлап табатын солар. Миыңа келмейтін сұмдық нәрсені ойлайды, жауыз олар. - Иә, итке ине беретіндері болады-ей!       Жер бетінде күнәдан таза Бала мен Ит деген сөз бар. Екеуі шын қуанып, шын ашуланады, табиғатында екі жүзділік жоқ. Бұл екеуін қуантқан пенде Алладан сауабын алады деген де сөз бар. Солай шығар. Мен саған қарап отырмын, сен маған қарап отырсың. Ақылдысың сен, әңгіме өзің туралы болып жатқанын сезіп жатырсың. Бұлар дертімнің шипасын табар ма екен деп Адамнан үміт үзбей жатырсың. Ақымақсың сен, Сарқаншық! Адамнан емес, шипаңды Алладан күт, Сарканшық!       «Неге?» дейсің бе, егер мен шешуін таба алсам айтар едім. Бұл жалғанда сұрақ көп, - жауап жоқ- Жауап Жұмбақ, Сарқаншық. Сенің ойлы, мұңлы, тұңғиық жанарыңның өзі сөйлеп тұр ғой ұққанға. Сөйлеп тұр ма екен. Өй... жылап тұр ғой, баққанға. Тентексің, аулаққа неге кетпейсің... «Жақсы ит - өлігін көрсетпейді» дейтін де сөз бар бізде. Сен жақсы итсің, қиналып, ықылық атып бұлқынасың, қайғырып мүжілесің. Мұңыңа неге мені ортақтастырып жатырсың деп мен сені кінәлап отырмын. Кеткің келмейді. Адамнан достығыңды үзгің келмейді. Ақымақ па екенсің, ақылды ма екенсің. Ажалың адамнан болса да, достығыңды үзгің келмейді. Аңкаусың. Саңылауы биік ит-ғұмыр... - Әй, дегенменен бұған нан беріп көру керек. Нан жегісі келеді, аш. Аш ит мынау. - Мейлі, әкелші, ал! Көрейік.       Біз орнымыздан қозғалуға ыңғайландық. Біреу түрткендей селт етіп, елең қағып сен де тұрып алдың. Тұрып кеттің, Сарқаншық. Тегіңде тазалықтың нышаны бар ма, жеңіл тұрып, сергек қозғалғың келді. Бірақ-ықылығың ғой сені қор етіп тұрған. Сенде серіліктің де нышаны бар-ау, тілерсекті ұстатпай, діріл қаққызған әлсіздігің болмаса. Сенде ерліктің нышаны бар ма, дертіңе бой ұсынғың келмей, ажалмен арпалысқан. Түсініксіз... Жұмбақсың сен маған, Сарқаншық.       Саған жаңа ғана оттан түскен қып-қызыл тоқашты ұсынды. Шошынып кеттің алақтап, есіңе әлдене оралғандай апалақтап атып тұрдың. Атып тұрдың да мына бізден безініп үрке қаштың. Әлдекім дәлдеп тұрып тас атқандай жындана қашып барасың. Неден үріктің, неден сескендің, неге сенбедің? Белгісіз сыр мынау. Апыр-ау, қашып барасың қуғынға түскен көжектей жан сауғалап. Неғылған жұмбақ сыр мынауың, Сарқаншық... - Айттым ғой ине жұтқызған. Жүрегі әбден шайлыққан бұл байқұстың. - Солай-ақ шығар, наннан шошынуы жаман мынаның... Жанымдағы екеудің келісіп пішкен күмәнсіз ойларына іштей қарсылық жасап, үнсіз отырмын. Бірақ есіме әлдекімнің сөзі түсті, әлдекімнің әрекеті келді көлбеңдеп кездім, таптым деймін қуанып, бірақ несіне мәз боламын. Сарқаншықтың бұл дерттен айығуын кім білсін, қиыны сол ғой. Сол...       Табиғатында әдеміліктен жұрдай, жаны да жанары да тозған салпаңқұлақ, өңмеңдеп, итеңдеп әр нәрсені бір иіскегенге ләззат алған жыпсық көз қаланың жаман иттерінен сен өзгеше едің. Көрінген төбеттен күшіктеп, күшігіне жемтік таба алмай омырауын емізе-емізе жер сызғанша создырған кең-көтен ит сен емес едің. Көз сүзіп, өзіңе бата алмай, алыстан аңдып аңсайтын, көрінген бұрыштағы жаман төбет саған бата алмайтын, қарауға дәті де жетпейтін. Өткір жанар, тұңғиық мінез сені әрқашан алыстатып, биіктетіп тұратын. Үкінің жүніндей нәзік, екі құлағың мен жоныңнан төсіңе қарай құлаған үлпілдек ұп-ұсақ бұйра жүндерің де өзіңе ғана, өз сұлулығыңа ғана тән. Бәлкім, бұл сенен басқа итке жараспас болар ма еді, сен өз жөніңді білдің, қомағайланып, өңмеңдеп өзегіңді телміртпей кірқоқыс төгілген жуынды-шөйіндіден аулақ жүретінсің. Сен адамдар өз қолымен берген тамаққа ғана бой үйретіп, тазалыққа үйреніп қалғансың.       Қаланың көп қаншығы сені жек көретін. Қызық, сен ешбір қаншықпен дос та, қас та болмапсың, бірақ олар сені көрсе шабаланып, шәуілдеп, быржың-тыржыңы басылмай әуре болатын. Бәлкім, төбеттерін қызғана ма?.. Бірақ олардың тұрақты төбеті жоқ кой. Әйтеуір сені жек көретін, жақтырмай шәуілдеп, шаңқылдап сен бас сауғалап алысқа ұзағанша жақтары талмай қағына, көше бойын шаң-шұң қылып, шуласып қалатын. Сондықтан болар сен ит атаулыдан бөлек, өзіңмен-өзің жеке дара жүретін едің. Мүмкін, сен иттіктен гөрі Адам болғанды армандаған шығарсың. Адам бола алмаған соң адамдар ортасын қалаған шығарсың. Әйтпесе, мынау адамдар емделетін аурухана саған неге ұнады? Бірақ, сен байқұс бұл жердің аурухана екенін білмедің-ау. Сен сезімтал итсің, қалайша сезбей қалдың, Сарқаншық. Бұл дерті бар жандардың қажып, шаршап келетін, жанына шипа іздеп келетін мекені. Тіпті, кейбірінің мәйіті шығатын соңғы тұрағы. Солай, сондай ғой бұл жер, Сарқаншық.       Бізді тастап қаша жөнелген соң, сен шошынған қып-қызыл тоқашты өзіміз мәре-сәре болып бөлісіп жеп жатырмыз. - Қызық-ей, наннан қашады. - Тоқ ит дедім емес пе? Аурухана, базар бар жерде ит аш бола ма? - Ендеше ол ыстық тамақ ішкісі келіп, наннан зөтте болған ит. - Нанды менсінбегені ме сонда?       «Жоқ себеп басқада» деймін екі досымның сөздері ішіме қонбай. Себеп басқа... Жаңылғанын біліп, себебін тапқан соң өкініп, өкініштен ертенген соң ықылық атып, күйзелген сенің күйіңді екі досым түсінбей отыр. Мен сені ұғатын сияқтымын, Сарқаншық. Аулаққа зымырап, көзден ұшып ұзап барасың. Қайтар ма екенсің, енді сен. Адам болуды армандап тағы да аурухана маңына жетер ме екенсің енді сен. Әлде «мыналар менің дертімді көре-тұра неге емдемейді» деп айта алмай, ұқтыра алмай ішің азап тартып аурухана маңайлап жүрсің бе? Соны түсінбеген біз үш бейбаққа жеткізе алмай тұра қаштың ба? Маған қажеті жанның дауасы дегенің бе екен, кім білсін... түсінбедік-ау ойыңды. Ойымнан қорқам. Сенің кеселіңді ішім сезетіндей күдіктене беретінім не?.. Сол күдік тағы да санамды сандыраққа сүйреп, мазамды алды. Адамдар біледі бұл сырды, тек Ит пен Құс деген киелі макұлық қана білмейді. Білмей қалып, қапыда опық жейді. Опың жегені - өз басын өзі жұтқаны. Дәлірек айтсам, опық жегізу үшін адамның өзі тігеді бұл кеселді.       Көз тиді ме екен, сұктанған сөз тиді ме екен, кім білсін. Ойда жоқта жас сұлу ыстығы басына шапшып, көңілі құлазып, нұр толған қара көзге мұң ұйып, ақ қағаздай үлбіреген екі бетін қан орап, қызып-жанып өртеніп жатты. Жаңа түскен келін еді ғой. Үлпілдеген қызығы енді көктеп, желкілдеген күнәсыз жас еді ғой. Қандай кесел есіл дертін алғызып, аласұртып барады. Ақ қайыңдай міні жоқ жас дене солып барады, бұл дүниенің қызығы көзден бұлбұл ұшып тозып барады. Жанына жай таба алмай, ышқынғанда құлын дауыс шырқырап бас жарады. Бұл не дерт деп сүйген жар жасқа оранды. Бұ не дерт деп ана да зар жылады? Бұ не дерт? Дауасы жоқ па, немене, деді қызын сүйген, ұлын сүйген адамдар. Дауасын табар еді дәрігер, себебін тапса. Себебі жоқ.Күн талықсып түнге ұласты, түн таусылмай таңға ұласты. Себеп іздеп басы қатты талайдың. Сондай да Жұмбақ болады екен, Сарқаншық.       Төзім бітті, ақыл кетті ортайып. Бауыры суық қара жерден қорықты, ажалдан үрікті дүйім жұрт. Босағада отырған ақ басты бір әженің көкірек саңлауына ғайыптан бір ой келді. - Балам, мен сені ұшықтайын. Алла шипасын берер. Айналайын, еншалла, шипа болар. Менің қолым емес, Би Пәтимә пірімнің қолы болсын! Менің емес, Лұқпан Хакімнің емі болсын! Иә, Раббым! Дерт шипасын өзің бер, өзіңнен күттік құдіреті күштім: Сүбіхан Раббым, - деді де түймедей етіп жеті нан бөліп жас сұлудың жүрегіне, маңдайына тигізді, тигізді де: «ит-құс жеп кетсін. Ит-құс жеп кетсе жарылқағаны», - деді кейуана ақ күмістей самайын орамалының астына жасырып жатып: - Дем ала ғой, тыныға ғой, шырағым, шипаны Алладан күтейік, кұлыным, Сабыр ет, - деп сыртқа кетті. Сыртқа кетті, қайтып оралмады кейуана. Бір ғажабы, жеңешем маңдайы жіпсіп оянып, сүйсініп шәй ішті, ағыл-тегіл терге оранып, көзіне нұр оралды. Қайран жеңеше... қандай әдемі едің. Дертің меңдеп, әбден жүдетіпті-ау өзіңді. Маржан тістерің ақсиып күлдің де: - Мырза-қыз, жеңешеңнің жаны қалды-ау. Кел, жақын отыр, шәй кұяйын.       Мен тізерлеп отыра кеттім сол жолы. Мен ғана емес, дүйім ауыл алақайлап қуанды. Өйткені, сен ерекше жан болатынсың, жеңеше.       Осындай бір оқиға есімде қалған, бірақ сырын білмедік, жұмбағын іздемедік. Кейуананың шипа болған сол дәстүрі жалғас болып кете берген жастарға. Бір ғажабы, сол кейуана бұл ауылда керінбеген. Кім екен, неғылған жұмбақ сыр екен... Кейуана... Әппақ күміс самайы жылт-жылт етеді. «Менің емес, Би Пәтимә пірімнің қолы, менің емес, Лұқпан Хакімнің емі». Сыбыр-сыбыр, күбір-күбір үн келеді молайып. Санамның бір шетінде жасырынып осы үн жүре беріпті.       Достарым кетті. Сен орала ма деп күтіп отырмын. Қас қарайып келеді. Емхана маңынан адам аяғы сирей бастады. Қыр басынан шошайып көрінсе деп, тілеймін, көрінбедің сен. Мүмкін оралмассың да. Адамның жаны қалсын деп ұшықтап, ем жасаған бір пенденің құрбаны болып қалдың ба? Дерті саған ауысып, қалтырап, діріл қағып жүрсің бе. Мүмкін олай да емес шығар, кім білсін. Ойымды екі досыма айтуға бата алмадым.       Адамның сұрауы бар - ит пен құста сұрау жоқ деп ойлаймыз ғой пенделер. Жан иесінің бәрінің сұрауы барын ұмытамыз-ау, кейде. Heгe ұмытылады екен? Бәлкім, ол да жұмбақ па... Жұмбақ...Жұмбақ... Шешімі жоқ жұмбақ сыр.       О, Сарқаншық! Келе жатырсың жұлдыздай ағып, ұшып келесің. Айналайын, Сарқаншық. Орнымнан ұшып тұрдым. Шаршадың білем, келдің де тұмсығыңмен жер тіреп жата қалдың. Қа... a... a... a... pa... a... а... п жатырсың. Түріңді-ай, сенің... - Қайда бардың? Heгe қаша жөнелдің? Енді неге қайтып келіп отырсың? - деймін дәл бір Адаммен сөйлескендей. Сен көзіңді қағып-қағып қоясың. Моп-момақансың, үнсіз қарайсың, мен де үнсіз қараймын. Үнсіздікпен телміреміз екеуміз. Менің жаным бәрібір сенімен сөйлеседі, сен соны тыңдап жатқандайсың. Сен кеш, - деймін - Адам күнә жасаса. Кеше алар ма едің, Сарқаншық?.. Бірақ жасаған күнәсі үшін сенен емес, Алладан сұрайды олар. Иә, солаймыз біздер, қызық жаратылыс па, Сарқыншық?..       Мұса Пайғамбар өзінің күнәсіздігіне сеніп, өзінің тазалығына шек келтірмей: Иә, Раббым! Жер бетінде күнәсіз пендең бар болса, ол - мен шығармын. Мен, еншалла, күнәсізбін! - деп Алладан марапат, рахмат күтіпті. Сол сәтте бір құмырска зар еңіреп жылап: - Мұса Пайғамбар, сіз қалай ғана күнәсізбін дедіңіз. Намаз дәретіңіздің уақытында мені өкшеңізбен басып кеткеніңіз ше. Білмедіңіз бе, әлде ұмыттыңыз ба? - депті. Мұса ғалайһи-уәссәләм күнәсінің үлкендігіне налып, құмырсқаның өліміне қатты қайғырып жылап, Алладан кешірім сұрапты. Өзін ғұмыр бақи күнәһар сезініпті. Бұл да менің пәлсәпәм емес, Сарқаншық. Рабғузидің «Қисса сүл әнбие» кітабының бір рәуәятының мағынасы еді. Саған телміріп отырып әр нәрсе есіме түсті. Түрлі-түрлі ойлар миымды шабақтап адаса бастадым. Денем қалтырап, ыстығым көтерілді-ау деймін. Ауруханаға енуім керек, қас қарайып, кеш батты. Біліп тұрмын, сен мені қимай қарайсың, бірақ амалсызбын...       Сені тастап кетіп барамын. Сен де сүйретіліп орныңнан тұрдың, сылтып бассаң да ұзап барасың, өкпелеп кеттің-ау...       Несіне даралануға тырыстың? Шәуілдеп көп қаншықтың бірі болып, әр төбеттің артына кез сүзіп жүре бермедің бе? Heгe адамдарға жақындадың, бәрібір Адам бола алмайтыныңды сезбедің бе? Қызықсың, Сарқаншық. Өзгешесің, ешкімге ұқсамайсың, қайталанбайсың да сен енді. Сондықтан болса керек, дертің де өзгеше-ау. Батқан күннің қияғына көз сүзіп, сүйретіліп ілбіп барасың. Бәлкім, армандап бара жатқан шығарсың.       «Heгe қалада жүрмін? Қаланың иті болғанша, даланың иті болмадым ба? Heгe адамдар арасына құмар болдым? Иттіктен бір саты болса да биігірек болуды несіне мақсат тұттым?» - деп өкініп ұзай бердің бе. Ішің өлем-жәлем болып, күйіп-жанып даланың құладүзін сағынып барасың ба? Тұлпармен жарысып, алды-артын орап, қоян біткенді қуғынға салып, қыранмен қақтығысып көріп, сардаланың кеңістігінде желдей есіп, есіріп сайран салғанды аңсап, армандап бара жатыр ма екенсің. Ит ғұмырдың өз сұлулығын көңілге місе тұтпай, иттікті менсінбедің.Менсінбей жүріп кез болдың ба екен бір дертке, Сарқаншық. Алла берген ғұмырдың тәттілігі мен әдемілігіне, нәзіктігі мен тағдыр иелігінің барына сезімің жеткенмен, санаң жетпеді ме, сенің.       Сен бәрібір адалсың. Адамдарға адал болып өлмексің, бірақ қадіріңді иттерің ұқпады-ау. Мүсіркеді-ау сені, адалдығыңды иттерің тұрмақ сен пір тұтқан Адам керек етті ме, екен...       Ұзап кетіпсің, батқан күннің астарында көлеңкең ғана қалбақтайды. Орала қоймассың енді сен, жолың болсын. Қиянат шықпасын алдыңнан, күнәсіз Сарқаншык. Әттең... Аурухана. 24. 09. 98. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 11:20 4791

       Мүсіркеуге хақым жоқ,

       аяуға да дәрменім жоқ пенделік

                                                   Автор

        Бұралқы сарқаншық....

       Ителгідей ілмиіп, ықылык атасың. Емхананы айналып ұзақ жүрдің, елегізіп әлдекімнің соңынан еріп, бірге кетпек болып шешімге келесің, бірақ сенімнен жаңылып қалармын деп айнып та үлгересің. Айнығаның дұрыс. Айну - ойлану. Жаңылудан сақтайды. Көрінгеннің соңьнан аңкалаң қағып ілесіп жүріп, ұрындың ба екен бір дертке. Әйтеуір, қиналып барып, ықылық атып тоқтайсың. Мөлиіп, тұмсығыңды жерге тіреп, қамығып мұңаясың. Жаныңа шипа іздегің келмей ме, неге тұрмайсың? Қарғыбау салынып көрмеген-ау мойныңа, жеп-жеңіл ұшып тұрғың келеді. Ұшып тұрып, зымырап, жұлдыздай ағып жортқың келеді. Ұмытып кетіп, көтеріле беріп, қайтадан ықылық атып қисайдың. Ықылық атқан сайын таусылып мұңайдың. Көздерің-ай... Иттің де көзі мойылдай болатынын, тұңғиық болатынын бірінші рет көрдім. Сені аяуға қорықтым. Аяушылық, жасау Алланың иелігінде ғой, дертіңе шипаны Алладан тіледім...

      Емхана маңынан әрі-бері өтіп жатқан көп жүргіншінің көзіне сен жиі түсесің. Солардың бірінің соңынан еріп кеткің келіп тұр. Бірақ ешкім пейіл бермейді, ынта қоймайды. Қысқасы, сен аурусың, сен ешкімге керек емессің. Бәлкім, сенде адамға жұғатьш жұқпалы ауру бар шығар, әйтеуір, сен әзірге жамансың. Әлдекім саған жақсылық жасап нан лақтырды. Бір кездегідей лып еткізіп қағып та алмадың. Әлдекім сауабын ала қояйын деп сүйек те лақтырды, сен оған да қарамадың. Күйзеліп, тұмсығыңды әрең тіреп мұңаясың. Серуендеп жүрген бізге елең етіп, соңымызға ілескің келді. Жылдам көтеріліп, ықылық аттың да ілбіп ере бастадың. Соңымнан имеңдеп еріп алғаныңды ұнатпай тұрмын. Өйткені, мен үйге бармаймын, мен емханада жатырмын, сен бәрібір далада қаңғып қаласың, маған сенбе! Менің соңымнан ерме, ерсең далада қаласың дегім келеді. Сен түсінбейсің, жалтақтап, «жекімесе екен, ұрыспаса екен, тек іздерінен ілесе берсем» дегендейсің. Мен сені жақтырмай келемін «ауру ит пе?» деймін қорқып. Тұяғыңмен жерді шертіп сырқ-сырқ басып желіп қалмайсың. Қайда бұрылсам, жаңылмай ізімнен еріп келесің. Өй, Сарқаншық-ай!

      Біз отырдық... Шошайып, шоқиып қарап сен де отырсың. Күлкілі... Біз әңгімелесіп отырмыз. Сен сөз тыңдап отырғандай мызғымай, қозғалмай қарайсың. Амал жоқ, әңгіме сенің төңірегіңде өрбіді.

- Әй, бұл аш ит. Адам аш жүрген мына заманда бұл байқұсқа кім тамақ берді ғой дейсің.

- Жоқ. Аш болуы мүмкін емес. Міне - емхана, әне - базар. Аштық емес мұның дерті.

- Онда бұл ауру ит.

- Енді, ауру екені көрініп тұрғаннан кейін айтып отырған жоқпыз ба?

- Жоқ, бұл о баста ауру болмаған ит. Біреу бір бәле жасаған.

- Иә. Жасаған... Бұған балалар, Құдай біледі, ине жұтқызған.

- Ине?

- Кетші.

- Иә! Ине берген. Кәдімгі нанға орап ине берген.

- Қойшы, балалардан ондай қаталдық күтуге бола ма?

- Ой-бой, қаталдықтың кекесін ойлап табатын солар. Миыңа келмейтін сұмдық нәрсені ойлайды, жауыз олар.

- Иә, итке ине беретіндері болады-ей!

      Жер бетінде күнәдан таза Бала мен Ит деген сөз бар. Екеуі шын қуанып, шын ашуланады, табиғатында екі жүзділік жоқ. Бұл екеуін қуантқан пенде Алладан сауабын алады деген де сөз бар. Солай шығар. Мен саған қарап отырмын, сен маған қарап отырсың. Ақылдысың сен, әңгіме өзің туралы болып жатқанын сезіп жатырсың. Бұлар дертімнің шипасын табар ма екен деп Адамнан үміт үзбей жатырсың. Ақымақсың сен, Сарқаншық! Адамнан емес, шипаңды Алладан күт, Сарканшық!

      «Неге?» дейсің бе, егер мен шешуін таба алсам айтар едім. Бұл жалғанда сұрақ көп, - жауап жоқ- Жауап Жұмбақ, Сарқаншық. Сенің ойлы, мұңлы, тұңғиық жанарыңның өзі сөйлеп тұр ғой ұққанға. Сөйлеп тұр ма екен. Өй... жылап тұр ғой, баққанға. Тентексің, аулаққа неге кетпейсің... «Жақсы ит - өлігін көрсетпейді» дейтін де сөз бар бізде. Сен жақсы итсің, қиналып, ықылық атып бұлқынасың, қайғырып мүжілесің. Мұңыңа неге мені ортақтастырып жатырсың деп мен сені кінәлап отырмын. Кеткің келмейді. Адамнан достығыңды үзгің келмейді. Ақымақ па екенсің, ақылды ма екенсің. Ажалың адамнан болса да, достығыңды үзгің келмейді. Аңкаусың. Саңылауы биік ит-ғұмыр...

- Әй, дегенменен бұған нан беріп көру керек. Нан жегісі келеді, аш. Аш ит мынау.

- Мейлі, әкелші, ал! Көрейік.

      Біз орнымыздан қозғалуға ыңғайландық. Біреу түрткендей селт етіп, елең қағып сен де тұрып алдың. Тұрып кеттің, Сарқаншық. Тегіңде тазалықтың нышаны бар ма, жеңіл тұрып, сергек қозғалғың келді. Бірақ-ықылығың ғой сені қор етіп тұрған. Сенде серіліктің де нышаны бар-ау, тілерсекті ұстатпай, діріл қаққызған әлсіздігің болмаса. Сенде ерліктің нышаны бар ма, дертіңе бой ұсынғың келмей, ажалмен арпалысқан.

Түсініксіз... Жұмбақсың сен маған, Сарқаншық.

      Саған жаңа ғана оттан түскен қып-қызыл тоқашты ұсынды. Шошынып кеттің алақтап, есіңе әлдене оралғандай апалақтап атып тұрдың. Атып тұрдың да мына бізден безініп үрке қаштың. Әлдекім дәлдеп тұрып тас атқандай жындана қашып барасың. Неден үріктің, неден сескендің, неге сенбедің? Белгісіз сыр мынау. Апыр-ау, қашып барасың қуғынға түскен көжектей жан сауғалап. Неғылған жұмбақ сыр мынауың, Сарқаншық...

- Айттым ғой ине жұтқызған. Жүрегі әбден шайлыққан бұл байқұстың.

- Солай-ақ шығар, наннан шошынуы жаман мынаның...

Жанымдағы екеудің келісіп пішкен күмәнсіз ойларына іштей қарсылық жасап, үнсіз отырмын. Бірақ есіме әлдекімнің сөзі түсті, әлдекімнің әрекеті келді көлбеңдеп кездім, таптым деймін қуанып, бірақ несіне мәз боламын. Сарқаншықтың бұл дерттен айығуын кім білсін, қиыны сол ғой. Сол...

      Табиғатында әдеміліктен жұрдай, жаны да жанары да тозған салпаңқұлақ, өңмеңдеп, итеңдеп әр нәрсені бір иіскегенге ләззат алған жыпсық көз қаланың жаман иттерінен сен өзгеше едің. Көрінген төбеттен күшіктеп, күшігіне жемтік таба алмай омырауын емізе-емізе жер сызғанша создырған кең-көтен ит сен емес едің. Көз сүзіп, өзіңе бата алмай, алыстан аңдып аңсайтын, көрінген бұрыштағы жаман төбет саған бата алмайтын, қарауға дәті де жетпейтін. Өткір жанар, тұңғиық мінез сені әрқашан алыстатып, биіктетіп тұратын. Үкінің жүніндей нәзік, екі құлағың мен жоныңнан төсіңе қарай құлаған үлпілдек ұп-ұсақ бұйра жүндерің де өзіңе ғана, өз сұлулығыңа ғана тән. Бәлкім, бұл сенен басқа итке жараспас болар ма еді, сен өз жөніңді білдің, қомағайланып, өңмеңдеп өзегіңді телміртпей кірқоқыс төгілген жуынды-шөйіндіден аулақ жүретінсің. Сен адамдар өз қолымен берген тамаққа ғана бой үйретіп, тазалыққа үйреніп қалғансың.

      Қаланың көп қаншығы сені жек көретін. Қызық, сен ешбір қаншықпен дос та, қас та болмапсың, бірақ олар сені көрсе шабаланып, шәуілдеп, быржың-тыржыңы басылмай әуре болатын. Бәлкім, төбеттерін қызғана ма?.. Бірақ олардың тұрақты төбеті жоқ кой. Әйтеуір сені жек көретін, жақтырмай шәуілдеп, шаңқылдап сен

бас сауғалап алысқа ұзағанша жақтары талмай қағына, көше бойын шаң-шұң қылып, шуласып қалатын. Сондықтан болар сен ит атаулыдан бөлек, өзіңмен-өзің жеке дара жүретін едің. Мүмкін, сен иттіктен гөрі Адам болғанды армандаған шығарсың. Адам бола алмаған соң адамдар ортасын қалаған шығарсың. Әйтпесе, мынау адамдар емделетін аурухана саған неге ұнады? Бірақ, сен байқұс бұл жердің аурухана екенін білмедің-ау. Сен сезімтал итсің, қалайша сезбей қалдың, Сарқаншық. Бұл дерті бар жандардың қажып, шаршап келетін, жанына шипа іздеп келетін мекені. Тіпті, кейбірінің мәйіті шығатын соңғы тұрағы. Солай, сондай ғой бұл жер, Сарқаншық.

      Бізді тастап қаша жөнелген соң, сен шошынған қып-қызыл тоқашты өзіміз мәре-сәре болып бөлісіп жеп жатырмыз.

- Қызық-ей, наннан қашады.

- Тоқ ит дедім емес пе? Аурухана, базар бар жерде ит аш бола ма?

- Ендеше ол ыстық тамақ ішкісі келіп, наннан зөтте болған ит.

- Нанды менсінбегені ме сонда?

      «Жоқ себеп басқада» деймін екі досымның сөздері ішіме қонбай. Себеп басқа... Жаңылғанын біліп, себебін тапқан соң өкініп, өкініштен ертенген соң ықылық атып, күйзелген сенің күйіңді екі досым түсінбей отыр. Мен сені ұғатын сияқтымын, Сарқаншық. Аулаққа зымырап, көзден ұшып ұзап барасың. Қайтар ма екенсің, енді сен. Адам болуды армандап тағы да аурухана маңына жетер ме екенсің енді сен. Әлде «мыналар менің дертімді көре-тұра неге емдемейді» деп айта алмай, ұқтыра алмай ішің азап тартып аурухана маңайлап жүрсің бе? Соны түсінбеген біз үш бейбаққа жеткізе алмай тұра қаштың ба? Маған қажеті жанның дауасы дегенің бе екен, кім білсін... түсінбедік-ау ойыңды. Ойымнан қорқам. Сенің кеселіңді ішім сезетіндей күдіктене беретінім не?.. Сол күдік тағы да санамды сандыраққа сүйреп, мазамды алды. Адамдар біледі бұл сырды, тек Ит пен Құс деген киелі макұлық қана білмейді. Білмей қалып, қапыда опық жейді. Опың жегені - өз басын өзі жұтқаны. Дәлірек айтсам, опық жегізу үшін адамның өзі тігеді бұл кеселді.

      Көз тиді ме екен, сұктанған сөз тиді ме екен, кім білсін. Ойда жоқта жас сұлу ыстығы басына шапшып, көңілі құлазып, нұр толған қара көзге мұң ұйып, ақ қағаздай үлбіреген екі бетін қан орап, қызып-жанып өртеніп жатты. Жаңа түскен келін еді ғой. Үлпілдеген қызығы енді көктеп, желкілдеген күнәсыз жас еді ғой. Қандай кесел есіл дертін алғызып, аласұртып барады. Ақ қайыңдай міні жоқ жас дене солып барады, бұл дүниенің қызығы көзден бұлбұл ұшып тозып барады. Жанына жай таба алмай, ышқынғанда құлын дауыс шырқырап бас жарады. Бұл не дерт деп сүйген жар жасқа оранды. Бұ не дерт деп ана да зар жылады? Бұ не дерт? Дауасы жоқ па, немене, деді қызын сүйген, ұлын сүйген адамдар. Дауасын табар еді дәрігер, себебін тапса. Себебі жоқ.Күн талықсып түнге ұласты, түн таусылмай таңға ұласты. Себеп іздеп басы қатты талайдың. Сондай да Жұмбақ болады екен, Сарқаншық.

      Төзім бітті, ақыл кетті ортайып. Бауыры суық қара жерден қорықты, ажалдан үрікті дүйім жұрт. Босағада отырған ақ басты бір әженің көкірек саңлауына ғайыптан бір ой келді.

- Балам, мен сені ұшықтайын. Алла шипасын берер. Айналайын, еншалла, шипа болар. Менің қолым емес, Би Пәтимә пірімнің қолы болсын! Менің емес, Лұқпан Хакімнің емі болсын! Иә, Раббым! Дерт шипасын өзің бер, өзіңнен күттік құдіреті күштім: Сүбіхан Раббым, - деді де түймедей етіп жеті нан бөліп жас сұлудың жүрегіне, маңдайына тигізді, тигізді де: «ит-құс жеп кетсін. Ит-құс жеп кетсе жарылқағаны», - деді кейуана ақ күмістей самайын орамалының астына жасырып жатып:

- Дем ала ғой, тыныға ғой, шырағым, шипаны Алладан күтейік, кұлыным, Сабыр ет, - деп сыртқа кетті. Сыртқа кетті, қайтып оралмады кейуана. Бір ғажабы, жеңешем маңдайы жіпсіп оянып, сүйсініп шәй ішті, ағыл-тегіл терге оранып, көзіне нұр оралды. Қайран жеңеше... қандай әдемі едің. Дертің меңдеп, әбден жүдетіпті-ау өзіңді. Маржан тістерің ақсиып күлдің де:

- Мырза-қыз, жеңешеңнің жаны қалды-ау. Кел, жақын отыр, шәй кұяйын.

      Мен тізерлеп отыра кеттім сол жолы. Мен ғана емес, дүйім ауыл алақайлап қуанды. Өйткені, сен ерекше жан болатынсың, жеңеше.

      Осындай бір оқиға есімде қалған, бірақ сырын білмедік, жұмбағын іздемедік. Кейуананың шипа болған сол дәстүрі жалғас болып кете берген жастарға. Бір ғажабы, сол кейуана бұл ауылда керінбеген. Кім екен, неғылған жұмбақ сыр екен... Кейуана... Әппақ күміс самайы жылт-жылт етеді. «Менің емес, Би Пәтимә пірімнің қолы, менің емес, Лұқпан Хакімнің емі». Сыбыр-сыбыр, күбір-күбір үн келеді молайып. Санамның бір шетінде жасырынып осы үн жүре беріпті.

      Достарым кетті. Сен орала ма деп күтіп отырмын. Қас қарайып келеді. Емхана маңынан адам аяғы сирей бастады. Қыр басынан шошайып көрінсе деп, тілеймін, көрінбедің сен. Мүмкін оралмассың да. Адамның жаны қалсын деп ұшықтап, ем жасаған бір пенденің құрбаны болып қалдың ба? Дерті саған ауысып, қалтырап, діріл қағып жүрсің бе. Мүмкін олай да емес шығар, кім білсін. Ойымды екі досыма айтуға бата алмадым.

      Адамның сұрауы бар - ит пен құста сұрау жоқ деп ойлаймыз ғой пенделер. Жан иесінің бәрінің сұрауы барын ұмытамыз-ау, кейде. Heгe ұмытылады екен? Бәлкім, ол да жұмбақ па... Жұмбақ...Жұмбақ... Шешімі жоқ жұмбақ сыр.

      О, Сарқаншық! Келе жатырсың жұлдыздай ағып, ұшып келесің. Айналайын, Сарқаншық. Орнымнан ұшып тұрдым. Шаршадың білем, келдің де тұмсығыңмен жер тіреп жата қалдың. Қа... a... a... a... pa... a... а... п жатырсың. Түріңді-ай, сенің... - Қайда бардың? Heгe қаша жөнелдің? Енді неге қайтып келіп отырсың? - деймін дәл бір Адаммен сөйлескендей. Сен көзіңді қағып-қағып қоясың. Моп-момақансың, үнсіз қарайсың, мен де үнсіз қараймын. Үнсіздікпен телміреміз екеуміз. Менің жаным бәрібір сенімен сөйлеседі, сен соны тыңдап жатқандайсың. Сен кеш, - деймін - Адам күнә жасаса. Кеше алар ма едің, Сарқаншық?.. Бірақ жасаған күнәсі үшін сенен емес, Алладан сұрайды олар. Иә, солаймыз біздер, қызық жаратылыс па, Сарқыншық?..

      Мұса Пайғамбар өзінің күнәсіздігіне сеніп, өзінің тазалығына шек келтірмей: Иә, Раббым! Жер бетінде күнәсіз пендең бар болса, ол - мен шығармын. Мен, еншалла, күнәсізбін! - деп Алладан марапат, рахмат күтіпті. Сол сәтте бір құмырска зар еңіреп жылап:

- Мұса Пайғамбар, сіз қалай ғана күнәсізбін дедіңіз. Намаз дәретіңіздің уақытында мені өкшеңізбен басып кеткеніңіз ше. Білмедіңіз бе, әлде ұмыттыңыз ба? - депті. Мұса ғалайһи-уәссәләм күнәсінің үлкендігіне налып, құмырсқаның өліміне қатты қайғырып жылап, Алладан кешірім сұрапты. Өзін ғұмыр бақи күнәһар сезініпті.

Бұл да менің пәлсәпәм емес, Сарқаншық. Рабғузидің «Қисса сүл әнбие» кітабының бір рәуәятының мағынасы еді. Саған телміріп отырып әр нәрсе есіме түсті. Түрлі-түрлі ойлар миымды шабақтап адаса бастадым. Денем қалтырап, ыстығым көтерілді-ау деймін. Ауруханаға енуім керек, қас қарайып, кеш батты. Біліп тұрмын, сен мені қимай қарайсың, бірақ амалсызбын...

      Сені тастап кетіп барамын. Сен де сүйретіліп орныңнан тұрдың, сылтып бассаң да ұзап барасың, өкпелеп кеттің-ау...

      Несіне даралануға тырыстың? Шәуілдеп көп қаншықтың бірі болып, әр төбеттің артына кез сүзіп жүре бермедің бе? Heгe адамдарға жақындадың, бәрібір Адам бола алмайтыныңды сезбедің бе? Қызықсың, Сарқаншық. Өзгешесің, ешкімге ұқсамайсың, қайталанбайсың да сен енді. Сондықтан болса керек, дертің де өзгеше-ау. Батқан күннің қияғына көз сүзіп, сүйретіліп ілбіп барасың. Бәлкім, армандап бара жатқан шығарсың.

      «Heгe қалада жүрмін? Қаланың иті болғанша, даланың иті болмадым ба? Heгe адамдар арасына құмар болдым? Иттіктен бір саты болса да биігірек болуды несіне мақсат тұттым?» - деп өкініп ұзай бердің бе. Ішің өлем-жәлем болып, күйіп-жанып даланың құладүзін сағынып барасың ба? Тұлпармен жарысып, алды-артын орап, қоян біткенді қуғынға салып, қыранмен қақтығысып көріп, сардаланың кеңістігінде желдей есіп, есіріп сайран салғанды аңсап, армандап бара жатыр ма екенсің. Ит ғұмырдың өз сұлулығын көңілге місе тұтпай, иттікті менсінбедің.Менсінбей жүріп кез болдың ба екен бір дертке, Сарқаншық. Алла берген ғұмырдың тәттілігі мен әдемілігіне, нәзіктігі мен тағдыр иелігінің барына сезімің жеткенмен, санаң жетпеді ме, сенің.

      Сен бәрібір адалсың. Адамдарға адал болып өлмексің, бірақ қадіріңді иттерің ұқпады-ау. Мүсіркеді-ау сені, адалдығыңды иттерің тұрмақ сен пір тұтқан Адам керек етті ме, екен...

      Ұзап кетіпсің, батқан күннің астарында көлеңкең ғана қалбақтайды. Орала қоймассың енді сен, жолың болсын. Қиянат шықпасын алдыңнан, күнәсіз Сарқаншык. Әттең...

Аурухана. 24. 09. 98.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға