Жаңалықтар

VIII БӨЛІМ

Арада екі күн өтті. Түс қайта үйіне оралған Үрияның сырт киімдерін шеше бергені сол еді, Әсем жетіп келді. -        Осы уақытқа дейін қайда жүрсің? -        Қайда болушы еді... -        Ауруханада жоқсың. -        Е, не боп қалды. Жолай баласы қатты науқастанып жатқан бір кісінің үйіне соғып ем. -        Әйда, біздікіне барып, шай ішейік. -        Әнеугүнгідей ме? -        Иә, сол екі жігіт келіп еді. «Көршіңді шақыр» деп тықыршып отыр. -        Шаршап келдім. Қинамай-ақ қойшы мені. -        Жалындыра бермеші. -        Солар-ақ ерігеді де жүреді екен, - деді Үрия түк таппаған соң... -        Сені көрмесе әнебіреуінің тамағынан ас өтер емес. -        Сонда маған не демекші? -        He деуші еді. Көңіл көтеріп отырмақ та. Әнеугүні бір рет Балайымды шақырып ем. Әнебір олпы-солпы шыт көйлегімен келе салыпты. Өзі жөндеп сөз де білмейді екен. Ұялғаным-ай! -        Бара алмайтын шығармын. Сәлден кейін бала бақшадан Айдын келеді. -        He болды соншалық, бір сәтке жүрші. Көршіміз ғой... Үрияны әп-сәтте қысылтаяң бір ойлар қаумалап алды. Дәл қазір Әсемге еріп жүре берсе - Нұржанды көрер көзге табалағаны ғой. Бармайын десе... -        Неменеге қиналып тұрсың. Біздің үйден бір-екі кесе шай ішуге жарамағаның ба? -        Қазіргі жағдайымызды да ойласаңшы. -        Өстіп көлгірсігенді қойыңдаршы. Балайым екеуің аяқ астынан періште бола қалады екенсіндер. -        Оның несі айып? -        Нұржанды да көріп жүрміз.         Әсемнің мына оқыс сөзі Үрияға қамшы боп тиді. Шықпыртып өткендей. «Не дейді-ей? He деп тұр? Көріп жүрмізі несі?».           Co замат оның есіне мана Нұржанның жол жүріп бара жатып бір ауыз жылы сөз айтуға жарамағаны түсті. Сосын анадағы бір ішіп келгені. Анадағы бір кеш бойы күттіріп, сарғайтып қойғаны. Анада бір тойға барғанда қанша қолқаласа да билемей қойғаны. Анада бір қонақта отырғанда қанша қолқаласа да қосылып ән айтпай қойғаны. Анада бір көшеде келе жатып қарсы жолыққан таныс қызға телміріп қайта-қайта қарай бергені. Анада... «Барсам барайыншы» деп түйді... «Мен не, адамның қоры ма екем?». Артынша Үрия өз ойынан өзі шошып кетті. «Маған не болған?». -        Жүрсеңші енді, - деп Әсем тағы асықтыра бастады, - Өстіп тұрғанда Жомарт кеп қалар да... -        Е, келсе несі бар. Қайта мұндайда отағасының бірге болғаны жақсы емес пе. -        Біліп тұрып сөйтудің не керегі бар, - деді Әсем ауыр күрсініп. -        Бірақ көп отырмады деп өкпелемейсің. Ішкілікке мүлдем жоқ екенімді бесенеден білесің. -        Тек, тезірек жүрші, - деп Әсем есік алдына барып қапты. - Тезірек!           Үрия дастарқан басына келгенде, екі жігіт бір-біріне қарап, жымың-жымың ете қалды. Сосын: -        Көп күттірдіңіз ғой, - деді біреуі. -        Қайдам, - дей салды Үрия. -        Соншалық сарғайтатын еш кінәміз жоқ еді, - деді екіншісі. -        Қайдам, - дей салған Үрия тағы да. -        Бұл үйге ұрланып келетін қонак екеніміз рас. Бірақ оған біз айыпты емеспіз. -        Оңды-солды тіл безей бергеннен не шығады, осы, - деп Әсем қапелімде қабақ шытқансыды. -        Үрияны көріп, қуанғанымыз болар. -        Бетіне күле қарасаң болды, ер адамдардың өстіп еркінсіп кететіні несі екен, - деді Үрия жұлып алғандай. -        Ойбай, іс насырға шауып барады. Біз қойдық. - Сол-ақ екен, Әсем аяқ астынан жайраңдап шыға келді. -        Қағысуды қайтеміз. Одан да осындай оңашада алаңсыз көңіл көтеріп отырайық та. Бұйтіп күнде басымыз қосыла бермес. -        «Алаңсызың» қалай? Жаңа ғана «Жомарт кеп қалар» демеп пе ең, - деді Үрия іштейгі ренішін жасыра алмай. -        Әй, әншейін айтқам. О шалды түн ортасында бір-ақ оралатын ғып жібергем. -        Әсе-ем?.. -        Нұржан болса командировкада. Неден қысыласың, - дейді Әсем оның алдын орап.           Енді екі жігіт кезек-кезек Үрияны қолқалайды-ай! -        Сіздің денсаулығыңызға деп ішеміз. Өзіңіз де алып жіберіңіз. -        Сіз деп келдік. Сізбен өстіп қатар отырудың өзі... Осының бәрі түс сияқты көрінеді.           Өстіп әрі-сөрі отырғанда әлден уақыт өтті. Жігіттер әлі қиылып отыр. Әрі-беріден кейін ол кетіп қалғысы кеп бір оқталды да, тағы Әсемнің көңілін қимады. Ақыры әлгі екеуі әбден мезі ғып біткен соң алдындағы шарапты бір ұрттаған. -        Тауысып ішіңіз. -        Енді болды, - деді Үрия салқын ғана. -        Менсінбегеніңіз-ау. Мейлі, бізді қойшы. Көрші боп отырып бір-біріңізді сыйламағандарыңыз батып барады.           Бір кезде есік қағылды. Әсем жүгіріп кетіп еді, Айдын екен. -        Сіздің үйде мамам бар ма?            Үрия орнынан ұшып тұрды. -        Айдынжан, мына конфетті қалтаңа салып ал да, бірауық ойнап кел. Мамаң үйге қазір барады, - деп жатыр Әсем.           Бұлар енді асқа қарай бергенде, есік тағы қағылды. Айдын екен. -        Ма-ма! Тез... Тезірек үйге жүр.           Онсыз да маналы бері тырнағына ілініп отырған Үрия жүгіріп барып есіктің шынжыр ілгегін асыға-аптыға ағытты да, қарсы алдында жыларман болып тұрған алты жасар Айдынды «күнім-ау» деп құшақтай  алды.   Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 11:09 2623

Арада екі күн өтті. Түс қайта үйіне оралған Үрияның сырт киімдерін шеше бергені сол еді, Әсем жетіп келді.

-        Осы уақытқа дейін қайда жүрсің?

-        Қайда болушы еді...

-        Ауруханада жоқсың.

-        Е, не боп қалды. Жолай баласы қатты науқастанып жатқан бір кісінің үйіне соғып ем.

-        Әйда, біздікіне барып, шай ішейік.

-        Әнеугүнгідей ме?

-        Иә, сол екі жігіт келіп еді. «Көршіңді шақыр» деп тықыршып отыр.

-        Шаршап келдім. Қинамай-ақ қойшы мені.

-        Жалындыра бермеші.

-        Солар-ақ ерігеді де жүреді екен, - деді Үрия түк таппаған соң...

-        Сені көрмесе әнебіреуінің тамағынан ас өтер емес.

-        Сонда маған не демекші?

-        He деуші еді. Көңіл көтеріп отырмақ та. Әнеугүні бір рет Балайымды шақырып ем. Әнебір олпы-солпы шыт көйлегімен келе салыпты. Өзі жөндеп сөз де білмейді екен. Ұялғаным-ай!

-        Бара алмайтын шығармын. Сәлден кейін бала бақшадан Айдын келеді.

-        He болды соншалық, бір сәтке жүрші. Көршіміз ғой... Үрияны әп-сәтте қысылтаяң бір ойлар қаумалап алды. Дәл қазір Әсемге еріп жүре берсе - Нұржанды көрер көзге табалағаны ғой. Бармайын десе...

-        Неменеге қиналып тұрсың. Біздің үйден бір-екі кесе шай ішуге жарамағаның ба?

-        Қазіргі жағдайымызды да ойласаңшы.

-        Өстіп көлгірсігенді қойыңдаршы. Балайым екеуің аяқ астынан періште бола қалады екенсіндер.

-        Оның несі айып?

-        Нұржанды да көріп жүрміз.

        Әсемнің мына оқыс сөзі Үрияға қамшы боп тиді. Шықпыртып өткендей. «Не дейді-ей? He деп тұр? Көріп жүрмізі несі?».

          Co замат оның есіне мана Нұржанның жол жүріп бара жатып бір ауыз жылы сөз айтуға жарамағаны түсті. Сосын анадағы бір ішіп келгені. Анадағы бір кеш бойы күттіріп, сарғайтып қойғаны. Анада бір тойға барғанда қанша қолқаласа да билемей қойғаны. Анада бір қонақта отырғанда қанша қолқаласа да қосылып ән айтпай қойғаны. Анада бір көшеде келе жатып қарсы жолыққан таныс қызға телміріп қайта-қайта қарай бергені. Анада...

«Барсам барайыншы» деп түйді... «Мен не, адамның қоры ма екем?». Артынша Үрия өз ойынан өзі шошып кетті. «Маған не болған?».

-        Жүрсеңші енді, - деп Әсем тағы асықтыра бастады, - Өстіп тұрғанда Жомарт кеп қалар да...

-        Е, келсе несі бар. Қайта мұндайда отағасының бірге болғаны жақсы емес пе.

-        Біліп тұрып сөйтудің не керегі бар, - деді Әсем ауыр күрсініп.

-        Бірақ көп отырмады деп өкпелемейсің. Ішкілікке мүлдем жоқ екенімді бесенеден білесің.

-        Тек, тезірек жүрші, - деп Әсем есік алдына барып қапты. - Тезірек!

          Үрия дастарқан басына келгенде, екі жігіт бір-біріне қарап, жымың-жымың ете қалды. Сосын:

-        Көп күттірдіңіз ғой, - деді біреуі.

-        Қайдам, - дей салды Үрия.

-        Соншалық сарғайтатын еш кінәміз жоқ еді, - деді екіншісі.

-        Қайдам, - дей салған Үрия тағы да.

-        Бұл үйге ұрланып келетін қонак екеніміз рас. Бірақ оған біз айыпты емеспіз.

-        Оңды-солды тіл безей бергеннен не шығады, осы, - деп Әсем қапелімде қабақ шытқансыды.

-        Үрияны көріп, қуанғанымыз болар.

-        Бетіне күле қарасаң болды, ер адамдардың өстіп еркінсіп кететіні несі екен, - деді Үрия жұлып алғандай.

-        Ойбай, іс насырға шауып барады. Біз қойдық. - Сол-ақ екен, Әсем аяқ астынан жайраңдап шыға келді.

-        Қағысуды қайтеміз. Одан да осындай оңашада алаңсыз көңіл көтеріп отырайық та. Бұйтіп күнде басымыз қосыла бермес.

-        «Алаңсызың» қалай? Жаңа ғана «Жомарт кеп қалар» демеп пе ең, - деді Үрия іштейгі ренішін жасыра алмай.

-        Әй, әншейін айтқам. О шалды түн ортасында бір-ақ оралатын ғып жібергем.

-        Әсе-ем?..

-        Нұржан болса командировкада. Неден қысыласың, - дейді Әсем оның алдын орап.

          Енді екі жігіт кезек-кезек Үрияны қолқалайды-ай!

-        Сіздің денсаулығыңызға деп ішеміз. Өзіңіз де алып жіберіңіз.

-        Сіз деп келдік. Сізбен өстіп қатар отырудың өзі... Осының бәрі түс сияқты көрінеді.

          Өстіп әрі-сөрі отырғанда әлден уақыт өтті. Жігіттер әлі қиылып отыр. Әрі-беріден кейін ол кетіп қалғысы кеп бір оқталды да, тағы Әсемнің көңілін қимады. Ақыры әлгі екеуі әбден мезі ғып біткен соң алдындағы шарапты бір

ұрттаған.

-        Тауысып ішіңіз.

-        Енді болды, - деді Үрия салқын ғана.

-        Менсінбегеніңіз-ау. Мейлі, бізді қойшы. Көрші боп отырып бір-біріңізді сыйламағандарыңыз батып барады.

          Бір кезде есік қағылды. Әсем жүгіріп кетіп еді, Айдын екен.

-        Сіздің үйде мамам бар ма?

           Үрия орнынан ұшып тұрды.

-        Айдынжан, мына конфетті қалтаңа салып ал да, бірауық ойнап кел. Мамаң үйге қазір барады, - деп жатыр Әсем.

          Бұлар енді асқа қарай бергенде, есік тағы қағылды. Айдын екен.

-        Ма-ма! Тез... Тезірек үйге жүр.

          Онсыз да маналы бері тырнағына ілініп отырған Үрия жүгіріп барып есіктің шынжыр ілгегін асыға-аптыға ағытты да, қарсы алдында жыларман болып тұрған алты жасар Айдынды «күнім-ау» деп құшақтай  алды.

 

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға