Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Шілде кезі-тұғын. Күн күйіп тұрған. Көше бойындағы қалың ағаш аптаптан талмаусырағандай - тым-тырыс. Жапырақ біткен болса-болмаса кірпігін әзер-әзер қимылдатады. Содан да болар-ау, Алатаудың қарлы шыңдарына қарай бергің келеді. Қараған сайын ол алыстай түсетін тәрізді.        Түс ауа әйелдер босанатын үйдің кезекші дәрігері қаланың әнебір шетіндегі машина жөндеу заводының бас инженеріне асығыс телефон соққан. Сондағы айтқаны үш-ақ сөз: - Үрия ұл туды!            Сүйінші сүраған кезекшінің кім екенін Нұржан айнытпай таныған. Бірақ «пәленшемісің» деуге үлгермей қалды. Сосын «әйелдердің осы бір өңмеңдеген назы-ай» деп ойлады. Сосын терезеден сыртқа көз can: «Мына аптап құрғыры күйдіріп жіберер ме екен...» деп күбірлеген. Сосын барып: «Ол тентек кімге тартты екен» деп күліп қойды. Артынша: «Уай, бала кімге тартушы еді, әкесіне тартады-дағы» деп тағы күлген.          Мана «Уһ» десімен-ақ, кешелі бергі ауыр бейнет әлсіреткен Үрия бас көтерместен ұйықтап қалған. Бір кезде көзін ашып еді борша-борша боп терлеген екен. Енді сүртінейін деп кереуеттің басына іліп қойған алақандай сүлгіге қол соза бергенде, әл-дәрмені біткендей - көз алды қарауытып-ақ кеткені. Төсекке қайта сылқ түскен ол қыбыр етпестен ұзақ жатты.            Сөйтіп жатып Үрия өткен түнді есіне алған.          ...Күн батысымен-ақ толғақ қыстай бастаған. Кейде сәл бәсеңсігенімен әлсін-әлсін айналып кеп, әбігерге түсіре берген. Қаншалықты қиналса да, алғашқыда Нұржанға айтуға ұялды. Аяғын әзер-әзер басып жүргеніне қарамастан күндегідей бабына келтіріп ас әзірлегені де содан шығар.                Шынымен-ақ Нұржан ештеңені аңғармағандай еді. Өстіп әупірімдеп жүргенде жататын уақыт та жетті. Нұржан жастыққа басы тиісімен-ақ ұйықтап кеткен. Мана, үйге келген кезде «қалің қалай» деп, бір ауыз сұрамағанына Үрия іштей ренжулі еді. Енді аяйды кеп. «Қайтсін, күнделік шаруасы бастан асады. Оңай ма? Осы күн өткен сайын кінәмшіл болып бара жатырмын-ау, өзі».           Әрі-беріден кейін толғақ тіптен жиілеп кетті. Үрия орнынан әрең қозғалып не де болса қол созымда тұрсын деді-ау, телефонды төсегінің жанына әкеліп қойды. Әрі жатты, бері жатты. Әрі аунақшыды, бері аунақшыды, болар емес, шыдатар емес. Сосын «жедел жәрдеммен» хабарласқысы кеп, телефонға қол созды да, қайтадан ойланып қалды. «Дәрігер келгенде Нұржанның бүйтіп қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқаны ұят болар. Оятайын».              Сонда бір сәт «тағы да аз-кем шыдай тұрайын» деп еді. Қайдан, түйіліп, алып барады. Болмаған соң: -        Нұржан, тұршы, - деген сыбырлап. -        Імм! -        Тұршы дейім.          Ол көзін ашқанда, Үрия төсектің аяқ жағында үрпиіп отырған. -        He болды? -        Дәрігер шақыртасың-ау. -        Әлгі ме? -        Солай сияқты. -        Немене... Өзі былай...           Co мезет толғақ сәл бәсеңдегендей болып еді, Үрия абайсызда кінәрат арқалап қалған баладай: -        Қоя тұршы. Қайтатындай ма, қалай, - деген. -        Е, онда... - деп ұйқысын аша алмай отырған Нұржан қайта қисая кеткен.           Үрия аяқ астынан абыржып қалды. Өйткені, Нұржан жай-күйімді сұрап, көңілімді аулап дегендей жанымда отыратын шығар деп ойлаған. Онысы бекер боп шыққан соң: -        Баланың керегі жоқ-ау саған, - деген өкпе-назы аралас. - Менің жағдаятымды біле тұрып... -        Қараңғы үйде үрпиіп отыра бергеннен не шығады? Ұйқылы-ояу Нұржанның даусы көрпенің астынан әрең-әрең естіледі. -        Қатты қалжыраған екенсің де, - деді Үрия тағы да әзілдеген боп. -        Тиянақты-ақ жөндеген машинамыздан «ақау шықты» деп хат боратып қоймаған соң шыдай алмай екі жүз шақырым жердегі бір ауылға барып қайтып ем. Әбден соғылып қалыппын. -        Кінә кімнен екен?- деді Үрия үнсіз қалудың ретін таппай. -        Е, өздері де. Жап-жаңа машинаны шаруаның қадірін білмейтін желөкпе біреулердің қолына береді. Сосын олар не қойсын? Ойға да шабады, қырға да шабады. Ақыры сілекпесін шығарып барып бір-ақ тынады. -        Ауылда көлік қат. Үлкеннің де, кішінің де шофер біткенге тыным бермейтіні рас қой, - деген Үрия әңгімені соза бергісі кеп. -        Жанашырлык дегенді білемісің өзің. Кейде «қазір не көп - машина көп, не көп - трактор көп» деп көлгірсігенге құмармыз. Ал, ондайлардың: «Бүгін біреуі бұзылса, ертең екі бірдей жаңасын аламыз, қамшыны бас, бала» деп арқаны кеңге caп, шірене түсетінін қайтерсің. Өстіп қолтығына су бүркіп қойған соң әлгі желөкпенің аяғы жерге тиюші ме еді. -        Мінбеде тұрғандайсың-ау, - деп Үрия езу тартқан болды. -        Жақында үлкен мәжіліс болмақшы. Сонда бәрін де жайып салам. -        Сендердің де «жүрдім-бардымдарың» жеткілікті көрінеді ғой. -        Ол енді болмайды. Әйтеуір мен тұрғанда болмайды. -        Аузыңа май, - деді Үрия. Нүржанның «маған бір шаруаның тұтқасын сеніп тапсырған екен», дей бергені сол еді, кенет Үрия «ы-ыы-ы» деп ыңырана түсті де, төсекке қисая кетті. Белі сыздап сүйектері сырқырап, әкетіп бара жатыр. Осы қазір бүткіл денесі сөгіле жөнелетіндей. Қаншалықты қыстаса да маналы бері мұншалықты қиналмап еді, енді тіптен әй-шайға қарататын емес.         Өстіп қатты бейнет көріп жатқанда Нұржан бір жағынан: -        Ұйықтап кетсем, оятарсың, - деген жайбарақат. Қапелімде Үрия жылап жібере жаздады. Содан жалма-жан сағатына қараған. Түн ортасынан әлдеқашан ауып кетіпті. Әйелдер босанатын үйде істейтін құрбысымен ақылдасқысы келді. Телефон соғып еді, үйінде екен. -        Осы қазір «жедел жәрдемнен» дәрігер шақырт. Тіпті мен-ақ шақырайын. Өйтіп отыра беруге болмайды. Қызықсың-ау, өзің, - деп бастырмалата жөнелді. -        Әуреленіп қайтесің. Жанымда Нұржан отыр. Шақырады ғой, - деді Үрия. -        Әй, қайдам. Сол батырың басы қазандай боп ұйықтап жатқан шығар. -        Қайдағы, - деді Үрия. - Міне, жанымда отыр. -        Мен білетін Нұржан болса... -        Сен де шымшуыңды қоймайды екенсің. -        Мейлі. Ұйықтай берсін. Мен-ақ шақырайын. -        Өзім, - деді Үрия алқынып.          Артынша арғы жақтан қүрбысының сыңғырлай күлген даусы естілді. Үрия үн-түнсіз қисая кетті. Біреу сүйектерін сытырлатып сындырып жатқан сияқты. Қиналғаны соншалық - көзінен бырт-бырт жас шығып кетті. Сүйтіп жатып: «Нұржанның осы мінезін жүрттың бәрі жаттап алған-ау» деп бір қояды. «Әйтпесе, ұйықтап жатқанын қайдан біледі».          Маналы бері шамды жағып қоймағанына өкінген бір кездері. Сосын жарықта Нұржанның ұйықтай алмайтыны есіне түсіп, райынан тез қайтты. Толғақ жиілеп кетті. Бір кезде маңдайынан суық тер бұрқ ете қалғанынан шошынған ол басын жастықтан әрең көтеріп, Нұржанның иығынан тартқан. -        Бәсеңситін түрі жоқ, қайта үдеп барады. Дәрігер шақыршы. Нұржан дереу «жедел жөрдем» станциясымен сөйлесті де, келетіндерді қарсы алмақшы болып, орнынан тұрды. -        Әлгілер «ұйқыдан жаңа тұрған екен» демесін, шашыңды тарап, көйлегіңді киші, - деді Үрия. -        Ең алдымен сырт көзді ойлайтының-ай, осы, - деп Нұржан күле шығып кеткен.         Содан он екі сағаттан астам қиналып барып, босанды-ау.
19.11.2013 11:02 3174

Шілде кезі-тұғын. Күн күйіп тұрған. Көше бойындағы қалың ағаш аптаптан талмаусырағандай - тым-тырыс. Жапырақ біткен болса-болмаса кірпігін әзер-әзер қимылдатады. Содан да болар-ау, Алатаудың қарлы шыңдарына қарай бергің келеді. Қараған сайын ол алыстай түсетін тәрізді.

       Түс ауа әйелдер босанатын үйдің кезекші дәрігері қаланың әнебір шетіндегі машина жөндеу заводының бас инженеріне асығыс телефон соққан. Сондағы айтқаны үш-ақ сөз:

- Үрия ұл туды!

           Сүйінші сүраған кезекшінің кім екенін Нұржан айнытпай таныған. Бірақ «пәленшемісің» деуге үлгермей қалды. Сосын «әйелдердің осы бір өңмеңдеген назы-ай» деп ойлады. Сосын терезеден сыртқа көз can: «Мына аптап құрғыры күйдіріп жіберер ме екен...» деп күбірлеген. Сосын барып: «Ол тентек кімге тартты екен» деп күліп қойды. Артынша: «Уай, бала кімге тартушы еді, әкесіне тартады-дағы» деп тағы күлген.

         Мана «Уһ» десімен-ақ, кешелі бергі ауыр бейнет әлсіреткен Үрия бас көтерместен ұйықтап қалған. Бір кезде көзін ашып еді борша-борша боп терлеген екен. Енді сүртінейін деп кереуеттің басына іліп қойған алақандай сүлгіге қол соза бергенде, әл-дәрмені біткендей - көз алды қарауытып-ақ кеткені. Төсекке қайта сылқ түскен ол қыбыр етпестен ұзақ жатты.

           Сөйтіп жатып Үрия өткен түнді есіне алған.

         ...Күн батысымен-ақ толғақ қыстай бастаған. Кейде сәл бәсеңсігенімен әлсін-әлсін айналып кеп, әбігерге түсіре берген. Қаншалықты қиналса да, алғашқыда Нұржанға айтуға ұялды. Аяғын әзер-әзер басып жүргеніне қарамастан күндегідей бабына келтіріп ас әзірлегені де содан шығар.

               Шынымен-ақ Нұржан ештеңені аңғармағандай еді. Өстіп әупірімдеп жүргенде жататын уақыт та жетті. Нұржан жастыққа басы тиісімен-ақ ұйықтап кеткен. Мана, үйге келген кезде «қалің қалай» деп, бір ауыз сұрамағанына Үрия іштей ренжулі еді. Енді аяйды кеп. «Қайтсін, күнделік шаруасы бастан асады. Оңай ма? Осы күн өткен сайын кінәмшіл болып бара жатырмын-ау, өзі».

          Әрі-беріден кейін толғақ тіптен жиілеп кетті. Үрия орнынан әрең қозғалып не де болса қол созымда тұрсын деді-ау, телефонды төсегінің жанына әкеліп қойды. Әрі жатты, бері жатты. Әрі аунақшыды, бері аунақшыды, болар емес, шыдатар емес. Сосын «жедел жәрдеммен» хабарласқысы кеп, телефонға қол созды да, қайтадан ойланып қалды. «Дәрігер келгенде Нұржанның бүйтіп қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқаны ұят болар. Оятайын».

             Сонда бір сәт «тағы да аз-кем шыдай тұрайын» деп еді. Қайдан, түйіліп, алып барады. Болмаған соң:

-        Нұржан, тұршы, - деген сыбырлап.

-        Імм!

-        Тұршы дейім.

         Ол көзін ашқанда, Үрия төсектің аяқ жағында үрпиіп отырған.

-        He болды?

-        Дәрігер шақыртасың-ау.

-        Әлгі ме?

-        Солай сияқты.

-        Немене... Өзі былай...

          Co мезет толғақ сәл бәсеңдегендей болып еді, Үрия абайсызда кінәрат арқалап қалған баладай:

-        Қоя тұршы. Қайтатындай ма, қалай, - деген.

-        Е, онда... - деп ұйқысын аша алмай отырған Нұржан қайта қисая кеткен.

          Үрия аяқ астынан абыржып қалды. Өйткені, Нұржан жай-күйімді сұрап, көңілімді аулап дегендей жанымда отыратын шығар деп ойлаған. Онысы бекер боп шыққан соң:

-        Баланың керегі жоқ-ау саған, - деген өкпе-назы аралас. - Менің жағдаятымды біле тұрып...

-        Қараңғы үйде үрпиіп отыра бергеннен не шығады? Ұйқылы-ояу Нұржанның даусы көрпенің астынан әрең-әрең естіледі.

-        Қатты қалжыраған екенсің де, - деді Үрия тағы да әзілдеген боп.

-        Тиянақты-ақ жөндеген машинамыздан «ақау шықты» деп хат боратып қоймаған соң шыдай алмай екі жүз шақырым жердегі бір ауылға барып қайтып ем. Әбден соғылып қалыппын.

-        Кінә кімнен екен?- деді Үрия үнсіз қалудың ретін таппай.

-        Е, өздері де. Жап-жаңа машинаны шаруаның қадірін білмейтін желөкпе біреулердің қолына береді. Сосын олар не қойсын? Ойға да шабады, қырға да шабады. Ақыры сілекпесін шығарып барып бір-ақ тынады.

-        Ауылда көлік қат. Үлкеннің де, кішінің де шофер біткенге тыным бермейтіні рас қой, - деген Үрия әңгімені соза бергісі кеп.

-        Жанашырлык дегенді білемісің өзің. Кейде «қазір не көп - машина көп, не көп - трактор көп» деп көлгірсігенге құмармыз. Ал, ондайлардың: «Бүгін біреуі бұзылса, ертең екі бірдей жаңасын аламыз, қамшыны бас, бала» деп арқаны кеңге caп, шірене түсетінін қайтерсің. Өстіп қолтығына су бүркіп қойған соң әлгі желөкпенің аяғы жерге тиюші ме еді.

-        Мінбеде тұрғандайсың-ау, - деп Үрия езу тартқан болды.

-        Жақында үлкен мәжіліс болмақшы. Сонда бәрін де жайып салам.

-        Сендердің де «жүрдім-бардымдарың» жеткілікті көрінеді ғой.

-        Ол енді болмайды. Әйтеуір мен тұрғанда болмайды.

-        Аузыңа май, - деді Үрия.

Нүржанның «маған бір шаруаның тұтқасын сеніп тапсырған екен», дей бергені сол еді, кенет Үрия «ы-ыы-ы» деп ыңырана түсті де, төсекке қисая кетті. Белі сыздап сүйектері сырқырап, әкетіп бара жатыр. Осы қазір бүткіл

денесі сөгіле жөнелетіндей. Қаншалықты қыстаса да маналы бері мұншалықты қиналмап еді, енді тіптен әй-шайға қарататын емес.

        Өстіп қатты бейнет көріп жатқанда Нұржан бір жағынан:

-        Ұйықтап кетсем, оятарсың, - деген жайбарақат. Қапелімде Үрия жылап жібере жаздады. Содан жалма-жан сағатына қараған. Түн ортасынан әлдеқашан ауып кетіпті. Әйелдер босанатын үйде істейтін құрбысымен

ақылдасқысы келді. Телефон соғып еді, үйінде екен.

-        Осы қазір «жедел жәрдемнен» дәрігер шақырт. Тіпті мен-ақ шақырайын. Өйтіп отыра беруге болмайды. Қызықсың-ау, өзің, - деп бастырмалата жөнелді.

-        Әуреленіп қайтесің. Жанымда Нұржан отыр. Шақырады ғой, - деді Үрия.

-        Әй, қайдам. Сол батырың басы қазандай боп ұйықтап жатқан шығар.

-        Қайдағы, - деді Үрия. - Міне, жанымда отыр.

-        Мен білетін Нұржан болса...

-        Сен де шымшуыңды қоймайды екенсің.

-        Мейлі. Ұйықтай берсін. Мен-ақ шақырайын.

-        Өзім, - деді Үрия алқынып.

         Артынша арғы жақтан қүрбысының сыңғырлай күлген даусы естілді.

Үрия үн-түнсіз қисая кетті. Біреу сүйектерін сытырлатып сындырып жатқан сияқты. Қиналғаны соншалық - көзінен бырт-бырт жас шығып кетті. Сүйтіп жатып: «Нұржанның осы мінезін жүрттың бәрі жаттап алған-ау» деп бір қояды. «Әйтпесе, ұйықтап жатқанын қайдан біледі».

         Маналы бері шамды жағып қоймағанына өкінген бір кездері. Сосын жарықта Нұржанның ұйықтай алмайтыны есіне түсіп, райынан тез қайтты.

Толғақ жиілеп кетті. Бір кезде маңдайынан суық тер бұрқ ете қалғанынан шошынған ол басын жастықтан әрең көтеріп, Нұржанның иығынан тартқан.

-        Бәсеңситін түрі жоқ, қайта үдеп барады. Дәрігер шақыршы.

Нұржан дереу «жедел жөрдем» станциясымен сөйлесті де, келетіндерді қарсы алмақшы болып, орнынан тұрды.

-        Әлгілер «ұйқыдан жаңа тұрған екен» демесін, шашыңды тарап, көйлегіңді киші, - деді Үрия.

-        Ең алдымен сырт көзді ойлайтының-ай, осы, - деп Нұржан күле шығып кеткен.

        Содан он екі сағаттан астам қиналып барып, босанды-ау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға