Жаңалықтар

ІV БӨЛІМ

Сонымен, Балайым - үйде. Әбдібек өзі айтқандай үлкен бір фабрикаға әп дегеннен-ақ аға экономист болып табан тіреп алды. Таңертең кетеді, кешке келеді. Кешке демекші, қаланың қиыр шетіндегі үйіне жеткенше жүйке тамыры әбден жіңішкеріп бітеді. Өйткені, автобус құрғыры жылдам келе қоймайды. Келе қалса - кәдімгі дода. Түйме үзілу, әйтпесе, аяғыңды мыжып кету - мұндайда түк емес.         Үйге әрең жеткен ол табалдырықтан аттасымен төрдегі диванға құлай кетеді. Апыл-ғұпыл Балайым дастархан жаяды. Сөйтіп жүргенде түннің бір уағы болып қалады. Төсектері - әлгі диван.         Бүгін екеуі жастыққа қатар бас қойған соң, Балайым күйеуін түртіп қалды. -        Қарадай томсырая бергенше, біздің де жәй-күйімізді сұрасаң қайтеді бірауық. -        Ал, сұрадық. -        Менің тола бастағанымды байқадың ба? -        Солай сияқты. -        Айналайын, бәйбіше, шоқпардай бір ұл тауып берші. Өзіңді өмір бойы төбеме көтеріп жүрейін. Өмір бойы! -        Сосын? -        Сосын тағы бір ұл. Тағы бір ұл! -        Тапқан екенсің. Мұндағы жұрт оқуын күніне он қайтара ойлап, күйзеліп жүрсе, - деді Балайым бәсең үнмен. -        Қарап жатып қайдағы жоқты айтатының не? Ден сау болса, оқу қашар деймісің. Ертелі-кеш әйтеуір бір бітірерсің.         Әбдібектің басалқы уәжіне Балайым жөпелдемеде жауап қата алмады. Іштей бір түйгені - «жаңа екіқабат екенімді естігенде қуанды-ау» болды. Сосынғы бір ойлағаны - «жақсы ниет үстінде реніштің керегі не?». Сосын: -        Жаным, - деді. - Бәрін де менен артық білесің ғой. Несіне айта берем. Бір мәнісі болар да. Сосын: -        Жаңындасаңшы, - деді тағы да. - Кешке дейін тіптен сағынып қалам. Сосын: -        Әбден ішім пысып кетеді. Аядай бөлмеде жалғыздан-жалғыз қашанғы отыра берерсің, - деді. -        Күйеуін асыға күткен келіншектің зеріккеніне сенбеймін, - деді Әбдібек мырс етіп.         Ол жауап қатқан жоқ. Әбдібектің құшағында балбырап, үн-түнсіз жата берді.          Қыздар жағы жұмыстан қайтып, Балайымдардың институтында жаңа оқу жылы басталғалы жатқан. Қызметтен кешірек оралған Әбдібек табалдырықтан аттасымен кәдуілгісіндей асыға-аптыға төрдегі диванға кеп сылқ ете түсті. Қабағы түсіңкі екен - әрі-бері ештеңе дей қоймаған. Аздан соң: -        Қолыңды жусайшы. Ac әзір, - деді Балайым. -        Соған зауқым жоқ. -        Heгe? -        Жұмыс бастан асып кетті. Әбден шаршаппын. -        Бастықтарың «үйіңде дастарқанға жолама» демеген шығар. Оның үстіне бір мезгіл менің көңіліме де қарасаң қайтеді. -        Ойпырай, күні бойы ерігіп отырасың-отырасың да, кешкісін мені қажай бастайсың. -        Дәл таптың... Соны білгеніңе де шүкірлік. -        Бір мезгіл құлаққа тыныштық берші.         Енді екеуі де үнсіз қалған. Әлі отыр, әлі отыр. Бір мезгілде Балайым: -        Бізде оқу басталғалы жатыр. Менің отырысым болса мынау. He айтасың?- деген. -        He айтушы ем.        Әбдібек әйелін жаңа көргендей бажырайыпты да қалыпты.         Аяғы ауырлаған сайын Балайымның беті секпіл басып, маңдайына да қисық сызықтар қаптап кеткен екен. Осы отырысында сөзі де, қимылы да бір түрлі епетейсіз, ерсі көрінеді. -        He дейтіні бар, бір жылға демалыс алмасаң болмас, - деді Әбдібек әлден уақыттан соң. -        Оған институттағылар көне қойса. -        He бопты. Жағдаятыңды айтасың да.           Балайым осы сәт іштей тарығып қалғандай болды. Әлгі әңгіме үстінде күйеуінен жылы-жылы сүйеу сөз естуге құштар-ақ еді. Әбдібектің жібитін түрі жоқ. «Сонда бұл қалай болғаны. Күн өткен сайын кіржіңі көбейіп барады. Осы үйге қонып кетуге ғана келетін сияқты. Соның өзін міндет қып төбемді тесіп жібере жаздайды. Менің мына «әрі тарт, бері тарт» халім оны тіпті ойландырмайды-ау. «Үйлендім - іс бітті» дей ме екен, сонда. Әлде шынымен-ақ осы ошақтың басына қарауыл ғып отырғызып қоймақшы ма? He ойы бар өзінің. Әбден діңкемді құртты ғой. Бүйткен өмірі бар болсын...».          Балайымның жан-дүниесі алай-түлей боп, әр ойға бір кетіп отыр. «Әнеугүні Әбдібектің «түскіліктегі ресторанның тамағына үйреніп қалыппын», дегені несі екен деп бір тарығады. «Кейінгі кезде үсті-басын үпілегеннен басқаны білмей отырып, сөйлесу дегенді мүлдем ұмытты. Бірдеңе десең - дүңк ете қалады...».            Іштейгі көп реніш атойлап кеп көмейіне кептеліп қалғандай. Сәл босаң тартса, көз жасы қоса шаппақшы. Бұл өзі не боп барады», деп күйінеді. - «Өз үйінен өзі жери бастағаны ма?».           Әрі-беріден соң көңілдегісінің бәрін ақтарып салмақ боп оқталып еді, әттең, бір түрлі бата алмады. Бата алмаған емес-ау, қазір жәйімен сөйлесуге жағдайы келмейтін тәрізді. Ал, шапылдай жөнелуді ұят көрді. Түптен ұят көрмегеннің өзінде де шапылдай алмас еді. Бойға біткен мінезі шіркін оған жібере ме. Осы дәрменсіздігіне ыза боп, іштей күйіп кете жаздаған Балайым.           Үй ішін лезде жайлап алған мылқау тыныштық зілбатпан боп төбеден төніп тұрғандай. Онсыз да үш-төрт кісі жиналса, бұрыла алмайтын тар бөлме одан сайын кішірейіп кеткен төрізді. Кеуде кере тыныс алудың өзі күшке түсетіндей.          Екеуі кезек-кезек күрсінді. Балайым бір кезде орнынан әрең көтеріліп, төсек сала бастады. Жаңа есіне түсті ме, әлде әдейі буып-түйіп отырды ма, кім білсін, әйтеуір Әбдібек жатарда: -        Ұмытып барады екем, біздегі бір цех бастығы ертең қонаққа шақырды, - деген.         Маналы бері іштей алай-түлей болып жүрген Балайым: -        Өзің барасың да. Танымайтын үйге мына түріммен сүйретілмей-ақ қояйын, - деді. Айтарын айтса да: «Әбдібек әлі де қолқалайтын шығар» дейтін назды үміт көңіл түкпірінде мен мұндалап-ақ тұрған. Әттең, Әбдібек: -        Рас-ау, ұят болар, - деді. -        Жай-жағдаятымызды айтарсың. Түсінер де. -        Қой, - деп Әбдібек ыршып түсті. - Екеуіміздің бірдей бармағанымыз... -        Сонда сабаудай боп өзің кете бермекпісің? -        Енді қайтем. Бармауға болмайтын сияқты. Өкпелейді ғой. Көптен сыр мінез кісілер болса, бір сәрі. Енді шүйіркелесіп келе жатқанда үрке жөнелгеніміз ретсіз шығар. -        Әйелім келе алмайды деп айтып па ең? -        Ештеңе дегем жоқ. Сенің жағдаятыңды көлденең тартсам - «менсінбей сылтау іздеп отыр» деп ойлап қалуы да кәдік қой. Көпшілікпен жаңа араласа бастағанда өйтіп кердеңдеудің қажеті не? Әбдібектің мына жіптіктей сөзіне бір жағы уәж таба алмай, бір жағы күйіп-пісіп Балайым теріс айналып, жастықтарды епетейсіз сілкілей берген. -        Көп отырмаспын. Әлгі ақ көйлегімді өтектеп қойып па ең?          Балайым жауап қатқан жоқ. «Дайын екенін біледі, несіне сұрайды екен?» деп ойлаған. Әрлі-берлі қипақтағансып, әрлі-берлі не дерін білмегенсіп, жәйсіздеу отырған Әбдібек сәлден соң апыл-ғұпыл шешінді де, теріс карап жата кетті. Балайым қапелімде әбіржіп қалды. Іштей қаншалықты ренішті болса да, күйеуінен дәл мынандай теріс қабақ күтпеп еді.        Ол шамды өшіріп, Әбдібектің аяқ жағына кеп отырды. «Шынымен-ақ үндесем бе екен? Бірдеңе десе қайтеді?..». Түн қараңғылығы түрлі ойларға жетелейді. Соның ішінде әсіресе, оқу жәйі өзгеше қинайтын тәрізді. Екі оттың ортасында қалғандай ма, қалай? «Ертең институтқа барып қайтпасам» деп мықтап бір түйді. «Қыздарға жолығайын, не ақыл қосар екен?». Артынша: «Несіне барам, Әбдібекті жамандағанда не әбүйір табам» деп тағы қобалжыды. Сосын барып: «Ау, осының бәрін баяғыда неге ғана ойламадым» деп күйіп-піседі. Сосын барып: «Ойлағанда не, ойламағанда не, енді оны қайтсең де қайтара алмайсың», - деп өз-өзін жұбатқансиды.         Әбдібек сол теріс қараған күйі әп-сәтте ұйықтап қалған сықылды. Көрпені тас бүркеніп алған. Қыбыр етпейді. Енді өстіп қараңғы үйде шошайып отыра берсе, елегзитінін біледі. Қанша берік болса да, одан әрі көз жасын тоқтата алмас. Сонда «қой, жатайыншы», деп күйеуінің жанына ақырын қисая кетті. Біреу кеудесіне шоқ тастағандай күйіп барады. Мұндай халді бұрын-соңды басынан кешірмеген ол ақыры шыдай алмады - ұзын кірпік арасынан ып-ыстық тамшылар жосыла жөнелген.         Қараңғылық әбден тұтасып алғандай. Төбеден төніп тұр. Түк көрсетпейді. Енді көз жасын тоқтата алсайшы. Ағыл-тегіл алды да кетті. Сөйтіп жатып: «Әбдібек оянар ма екен, оянса қайтеді» деп үміттенеді.
19.11.2013 10:55 2805

Сонымен, Балайым - үйде. Әбдібек өзі айтқандай үлкен бір фабрикаға әп дегеннен-ақ аға экономист болып табан тіреп алды. Таңертең кетеді, кешке келеді. Кешке демекші, қаланың қиыр шетіндегі үйіне жеткенше жүйке тамыры әбден жіңішкеріп бітеді. Өйткені, автобус құрғыры жылдам келе қоймайды. Келе қалса - кәдімгі дода. Түйме үзілу, әйтпесе, аяғыңды мыжып кету - мұндайда түк емес.

        Үйге әрең жеткен ол табалдырықтан аттасымен төрдегі диванға құлай кетеді. Апыл-ғұпыл Балайым дастархан жаяды. Сөйтіп жүргенде түннің бір уағы болып қалады. Төсектері - әлгі диван.

        Бүгін екеуі жастыққа қатар бас қойған соң, Балайым күйеуін түртіп қалды.

-        Қарадай томсырая бергенше, біздің де жәй-күйімізді сұрасаң қайтеді бірауық.

-        Ал, сұрадық.

-        Менің тола бастағанымды байқадың ба?

-        Солай сияқты.

-        Айналайын, бәйбіше, шоқпардай бір ұл тауып берші. Өзіңді өмір бойы төбеме көтеріп жүрейін. Өмір бойы!

-        Сосын?

-        Сосын тағы бір ұл. Тағы бір ұл!

-        Тапқан екенсің. Мұндағы жұрт оқуын күніне он қайтара ойлап, күйзеліп жүрсе, - деді Балайым бәсең үнмен.

-        Қарап жатып қайдағы жоқты айтатының не? Ден сау болса, оқу қашар деймісің. Ертелі-кеш әйтеуір бір бітірерсің.

        Әбдібектің басалқы уәжіне Балайым жөпелдемеде жауап қата алмады. Іштей бір түйгені - «жаңа екіқабат екенімді естігенде қуанды-ау» болды. Сосынғы бір ойлағаны - «жақсы ниет үстінде реніштің керегі не?». Сосын:

-        Жаным, - деді. - Бәрін де менен артық білесің ғой. Несіне айта берем. Бір мәнісі болар да.

Сосын:

-        Жаңындасаңшы, - деді тағы да. - Кешке дейін тіптен сағынып қалам.

Сосын:

-        Әбден ішім пысып кетеді. Аядай бөлмеде жалғыздан-жалғыз қашанғы отыра берерсің, - деді.

-        Күйеуін асыға күткен келіншектің зеріккеніне сенбеймін, - деді Әбдібек мырс етіп.

        Ол жауап қатқан жоқ. Әбдібектің құшағында балбырап, үн-түнсіз жата берді.

         Қыздар жағы жұмыстан қайтып, Балайымдардың институтында жаңа оқу жылы басталғалы жатқан. Қызметтен кешірек оралған Әбдібек табалдырықтан аттасымен кәдуілгісіндей асыға-аптыға төрдегі диванға кеп

сылқ ете түсті. Қабағы түсіңкі екен - әрі-бері ештеңе дей қоймаған.

Аздан соң:

-        Қолыңды жусайшы. Ac әзір, - деді Балайым.

-        Соған зауқым жоқ.

-        Heгe?

-        Жұмыс бастан асып кетті. Әбден шаршаппын.

-        Бастықтарың «үйіңде дастарқанға жолама» демеген шығар. Оның үстіне бір мезгіл менің көңіліме де қарасаң қайтеді.

-        Ойпырай, күні бойы ерігіп отырасың-отырасың да, кешкісін мені қажай бастайсың.

-        Дәл таптың... Соны білгеніңе де шүкірлік.

-        Бір мезгіл құлаққа тыныштық берші.

        Енді екеуі де үнсіз қалған. Әлі отыр, әлі отыр. Бір мезгілде Балайым:

-        Бізде оқу басталғалы жатыр. Менің отырысым болса мынау. He айтасың?- деген.

-        He айтушы ем.

       Әбдібек әйелін жаңа көргендей бажырайыпты да қалыпты.

        Аяғы ауырлаған сайын Балайымның беті секпіл басып, маңдайына да қисық сызықтар қаптап кеткен екен. Осы отырысында сөзі де, қимылы да бір түрлі епетейсіз, ерсі көрінеді.

-        He дейтіні бар, бір жылға демалыс алмасаң болмас, - деді Әбдібек әлден уақыттан соң.

-        Оған институттағылар көне қойса.

-        He бопты. Жағдаятыңды айтасың да.

          Балайым осы сәт іштей тарығып қалғандай болды. Әлгі әңгіме үстінде күйеуінен жылы-жылы сүйеу сөз естуге құштар-ақ еді. Әбдібектің жібитін түрі жоқ. «Сонда бұл қалай болғаны. Күн өткен сайын кіржіңі көбейіп барады. Осы үйге қонып кетуге ғана келетін сияқты. Соның өзін міндет қып төбемді тесіп жібере жаздайды. Менің мына «әрі тарт, бері тарт» халім оны тіпті ойландырмайды-ау. «Үйлендім - іс бітті» дей ме екен, сонда. Әлде шынымен-ақ осы ошақтың басына қарауыл ғып отырғызып қоймақшы ма? He ойы бар өзінің. Әбден діңкемді құртты ғой. Бүйткен өмірі бар болсын...».

         Балайымның жан-дүниесі алай-түлей боп, әр ойға бір кетіп отыр. «Әнеугүні Әбдібектің «түскіліктегі ресторанның тамағына үйреніп қалыппын», дегені несі екен деп бір тарығады. «Кейінгі кезде үсті-басын үпілегеннен басқаны білмей отырып, сөйлесу дегенді мүлдем ұмытты. Бірдеңе десең - дүңк ете қалады...».

           Іштейгі көп реніш атойлап кеп көмейіне кептеліп қалғандай. Сәл босаң тартса, көз жасы қоса шаппақшы. Бұл өзі не боп барады», деп күйінеді. - «Өз үйінен өзі жери бастағаны ма?».

          Әрі-беріден соң көңілдегісінің бәрін ақтарып салмақ боп оқталып еді, әттең, бір түрлі бата алмады. Бата алмаған емес-ау, қазір жәйімен сөйлесуге жағдайы келмейтін тәрізді. Ал, шапылдай жөнелуді ұят көрді. Түптен ұят

көрмегеннің өзінде де шапылдай алмас еді. Бойға біткен мінезі шіркін оған жібере ме. Осы дәрменсіздігіне ыза боп, іштей күйіп кете жаздаған Балайым.

          Үй ішін лезде жайлап алған мылқау тыныштық зілбатпан боп төбеден төніп тұрғандай. Онсыз да үш-төрт кісі жиналса, бұрыла алмайтын тар бөлме одан сайын кішірейіп кеткен төрізді. Кеуде кере тыныс алудың өзі күшке түсетіндей.

         Екеуі кезек-кезек күрсінді.

Балайым бір кезде орнынан әрең көтеріліп, төсек сала бастады. Жаңа есіне түсті ме, әлде әдейі буып-түйіп отырды ма, кім білсін, әйтеуір Әбдібек жатарда:

-        Ұмытып барады екем, біздегі бір цех бастығы ертең қонаққа шақырды, - деген.

        Маналы бері іштей алай-түлей болып жүрген Балайым:

-        Өзің барасың да. Танымайтын үйге мына түріммен сүйретілмей-ақ қояйын, - деді. Айтарын айтса да: «Әбдібек әлі де қолқалайтын шығар» дейтін назды үміт көңіл түкпірінде мен мұндалап-ақ тұрған. Әттең, Әбдібек:

-        Рас-ау, ұят болар, - деді.

-        Жай-жағдаятымызды айтарсың. Түсінер де.

-        Қой, - деп Әбдібек ыршып түсті. - Екеуіміздің бірдей бармағанымыз...

-        Сонда сабаудай боп өзің кете бермекпісің?

-        Енді қайтем. Бармауға болмайтын сияқты. Өкпелейді ғой. Көптен сыр мінез кісілер болса, бір сәрі. Енді шүйіркелесіп келе жатқанда үрке жөнелгеніміз ретсіз шығар.

-        Әйелім келе алмайды деп айтып па ең?

-        Ештеңе дегем жоқ. Сенің жағдаятыңды көлденең тартсам - «менсінбей сылтау іздеп отыр» деп ойлап қалуы да кәдік қой. Көпшілікпен жаңа араласа бастағанда өйтіп кердеңдеудің қажеті не?

Әбдібектің мына жіптіктей сөзіне бір жағы уәж таба алмай, бір жағы күйіп-пісіп Балайым теріс айналып, жастықтарды епетейсіз сілкілей берген.

-        Көп отырмаспын. Әлгі ақ көйлегімді өтектеп қойып па ең?

         Балайым жауап қатқан жоқ. «Дайын екенін біледі, несіне сұрайды екен?» деп ойлаған. Әрлі-берлі қипақтағансып, әрлі-берлі не дерін білмегенсіп, жәйсіздеу отырған Әбдібек сәлден соң апыл-ғұпыл шешінді де, теріс карап жата кетті. Балайым қапелімде әбіржіп қалды. Іштей қаншалықты ренішті болса да, күйеуінен дәл мынандай теріс қабақ күтпеп еді.

       Ол шамды өшіріп, Әбдібектің аяқ жағына кеп отырды. «Шынымен-ақ үндесем бе екен? Бірдеңе десе қайтеді?..». Түн қараңғылығы түрлі ойларға жетелейді. Соның ішінде әсіресе, оқу жәйі өзгеше қинайтын тәрізді. Екі оттың ортасында қалғандай ма, қалай? «Ертең институтқа барып қайтпасам» деп мықтап бір түйді. «Қыздарға жолығайын, не ақыл қосар екен?». Артынша: «Несіне барам, Әбдібекті жамандағанда не әбүйір табам» деп тағы

қобалжыды. Сосын барып: «Ау, осының бәрін баяғыда неге ғана ойламадым» деп күйіп-піседі. Сосын барып: «Ойлағанда не, ойламағанда не, енді оны қайтсең де қайтара алмайсың», - деп өз-өзін жұбатқансиды.

        Әбдібек сол теріс қараған күйі әп-сәтте ұйықтап қалған сықылды. Көрпені тас бүркеніп алған. Қыбыр етпейді. Енді өстіп қараңғы үйде шошайып отыра берсе, елегзитінін біледі. Қанша берік болса да, одан әрі көз жасын тоқтата алмас. Сонда «қой, жатайыншы», деп күйеуінің жанына ақырын қисая кетті. Біреу кеудесіне шоқ тастағандай күйіп барады. Мұндай халді бұрын-соңды басынан кешірмеген ол ақыры шыдай алмады - ұзын кірпік арасынан ып-ыстық тамшылар жосыла жөнелген.

        Қараңғылық әбден тұтасып алғандай. Төбеден төніп тұр. Түк көрсетпейді. Енді көз жасын тоқтата алсайшы. Ағыл-тегіл алды да кетті. Сөйтіп жатып: «Әбдібек оянар ма екен, оянса қайтеді» деп үміттенеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға