Жаңалықтар

І БӨЛІМ

Сәуірдің соңғы күндерінің бірі еді. Қыздар институтында мерекелік кеш болмақшы. Балайым бесін кезінде көйлегін өтектеу үшін жатақхананың төменгі қабатындағы кір жуатын бөлмеге келген. Әдеттегідей - қыздар абыр-сабыр жиналып қалған екен. Кәдімгідей қызу әңгіме. -        Бүгін халық шаруашылығы институтының жігіттерін де шақырыпты. Сықырлаған бухгалтерлермен билейтін болдық. -        Политехникалық институттың оркестрі биді басқаратын көрінеді. -        Даңғырықтарын сабалап, құлақ тұндырады десеңші. -        Байғұс-ау, өйтпесе, кештің сәні келе ме... -        Бүгінше қызыл туфлиіңді мен киейін, ә? -        Тобан аяқ жігіттер әрлі-берлі тапап, туфлиден түк қалдырмас. -        Өй, жазған-ай, ондайларға кім жолайтын еді.          Балайым көйлегін өтектеп болып, үнсіз шығып кеткен. Co бойы төртінші қабаттағы бөлмесіне көтеріліп бара жатып: «Үшінші курс та бітуге таянды. Бірлі-жарым ауылдастарыммен театрға барғаным болмаса, осы күнге дейін...» деп өз-өзінен жымиып қойды. «Әлгі қыздарды қарашы, жігіт атаулының бәрін сан-саққа жүгіртіп, болар емес».            Мұп-мұздай боп киініп, әбден таранып, сыланып болған соң көптен сыр мінез құрбыларының бірі: -        Балайым, биге бізбен бірге барамысың, әлде ауылдастарыңды шақырып па ең?- деген.          Ол үн-түнсіз қыздарға еріп жүре берді. Концерт біткеннен кейін би басталды. Кешті басқарушы қыз: -        Біздің бүгінгі меймандарымыз- халық шаруашылығы институтының жігіттері. Өздері шетінен қой аузынан шөп алмайтын момын көрінеді. Шеттеп қалмасын, - деді әзілдеп. Сол екі арада: -        Бұлар есеп шоттарын неге ала келмеген, - деп біреу күліп жіберді. Сол-ақ екен, манадан бері арғы шетте үркердей боп тұрған жігіттер қозғалақтап қалды. Сол-ақ екен, олардың арасынан Әбдібек суырылып шығып, Балайымды биге шақырған.            Әбдібек әдемі билейтін. Оқуға түскеннен кейін екі жыл бойы би үйірмесіне қатысып, әбден машықтанған. Оның бергі жағында аяғы жететін жердегі осындай кештерді құр жібермейтіні тағы бар. Ал, алыпсоқ уәжге де, әзіл-оспаққа да әрқашан құрақ ұшып тұратыны - өз алдына бір төбе.         Бүгін де кәдуілгі әдетіне басып, ә дегеннен-ақ қызды үйіріп әкетпекші. -        Таныс болайық, - деді Әбдібек. -        Балайым! -        Институтты биыл бітіремін. Экономиспін. -        Әзірге үшінші курстамын. - Айтарын айтса да, «бұ не жылпылдап кеткенім» деп, іштей ұялып қалған Балайым. -        Ең құрғанда әлі екі жыл бар десеңізші. -        Студенттік өмір дегенің өте шығады екен. - Айтарын айтса да, «қарадай неменеге өкіндім» деп іштей тағы қиналған Балайым.            Би бітті. Бірақ Әбдібек асығар емес, Балайымды қолтықтап алған. Жуық арада жібергісі жоқ-ау, сірә. Балайым да қонақ жігіт алдында әдеп сақтап, үнсіз тұрып қалған. -        Байқадыңыз ба, манағы қыздың бізге айтқан әзілі - әсте назы шығар. Дәуде болса, «жатақханамыздың алдына сирек келесіздер» дегені де. Онысы рас. Қайтеміз енді, сіздердің есіктеріңізді күзетеміз деп өзімізбен қатар оқитын құрбыларымыздың көзін жәудіретіп қалай ғана қалдырып кетеміз?- деген Әбдібек сәлден соң.           Мына сөз Балайымға түрпідей тиді. Түрпідей тигені ғой, жаңа ғана әңгімеден тартынып тұрғанын ұмытып: -        Сонда бүгін олардың бәрі «аһ» ұрып отыр ма?- деді қапелімде есе жібергісі келмей. -        Әрине. -        Қиын болған екен. -        Сұрамаңыз, шынымды айтсам, көкірегім қарс айрылып барады. Мана суық сыпайылықтарыңызға қарағанда, не онда жоқ, не мұнда жоқ, екі ортада сарсаң боп қаламыз ба деп қорқам. -        Ол да мүмкін. «Екі кеменің...» деуші ме еді. -        «Жаны ашымастың қасында...» - дейтін де мақал бар екенін ұмытпаңыз. -        Сөзге тым ұста боларсыз. -        Қойдым, қойдым. Жүріңіз, сізді көлденең біреу қағып кетпей тұрғанда билеп қайтайық.          Екеуі дөңгелене жөнелді.           Күнделікті талай кеп жүрген үйреншікті зал осы кеш Балайымға кең көрінген. «Еден біткен айнадай жарқырайды. Бұрындары бұрыш-бұрышқа жарық жеткізе алмай шаршаңқырап тұратын сәукелелі люстра да бүгін самаладай боп кетіпті. Тіпті әрі-беріден соң, бір түрлі жұмбақ сәуле шашып, жұртты ерен желіктіретін тәрізді-ау. Политехникалық институттың оркестрін манағы қыз: «Даңғырағын қағып, құлақ түндырады» деп пе еді. Көрмей жатып, сөйтіп көлгірсімесе қайтеді екен. Қандай қағылез, қаяусыз жігіттер. Қай әуенді бастаса да, бәрі жүректі шымырлатып, бойыңды балқытады. Шіркін-ай, бұл кештің кадірі бөтенше болды-ау. Енді әлгі пысық апайлардың біреуі ерте тарқатып жібермесе де».           Бірте-бірте бойы жеңілейіп, бүкіл жан-дүниесін үлп-үлп еткен бір сезім билей бастаған ол бүгінгі сауыққа әдеттегідей ауылдас жігіттерін шақырмағанын казір де жөн көрді. «Көп болса, талай қайталанып қадірі кеткен арғы-бергі әңгімені тауыса алмай тұрар ек те. Олар бір елі қалмай жанымда жүрген соң жөні түзу жігіт жолаушы ма еді, маған». -        Қой болмас, қыдырып қайтайық,- деді әп-сәтте әжептәуір еркінсіп қалған Әбдібек.           Екеуі сыртқа шықты. Сәуірдің көкорай түні ерекше межірежай екен. Кәдімгі қол тимеген мақпал дерсің. Жапырақтары әлі толық жетіле қоймаған сұңғақ теректер жаңа түскен келіншекке ұқсайды.           Олар машина да, жүргіншілер де бәсеңсіп қалған кең көшені бойлап, жоғары тартты. Co бойы екеуі таң сәріге дейін қыдырған...
19.11.2013 10:51 2863

Сәуірдің соңғы күндерінің бірі еді. Қыздар институтында мерекелік кеш болмақшы. Балайым бесін кезінде көйлегін өтектеу үшін жатақхананың төменгі қабатындағы кір жуатын бөлмеге келген. Әдеттегідей - қыздар абыр-сабыр жиналып қалған екен. Кәдімгідей қызу әңгіме.

-        Бүгін халық шаруашылығы институтының жігіттерін де шақырыпты. Сықырлаған бухгалтерлермен билейтін болдық.

-        Политехникалық институттың оркестрі биді басқаратын көрінеді.

-        Даңғырықтарын сабалап, құлақ тұндырады десеңші.

-        Байғұс-ау, өйтпесе, кештің сәні келе ме...

-        Бүгінше қызыл туфлиіңді мен киейін, ә?

-        Тобан аяқ жігіттер әрлі-берлі тапап, туфлиден түк қалдырмас.

-        Өй, жазған-ай, ондайларға кім жолайтын еді.

         Балайым көйлегін өтектеп болып, үнсіз шығып кеткен. Co бойы төртінші қабаттағы бөлмесіне көтеріліп бара жатып: «Үшінші курс та бітуге таянды. Бірлі-жарым ауылдастарыммен театрға барғаным болмаса, осы күнге дейін...» деп өз-өзінен жымиып қойды. «Әлгі қыздарды қарашы, жігіт атаулының бәрін сан-саққа жүгіртіп, болар емес».

           Мұп-мұздай боп киініп, әбден таранып, сыланып болған соң көптен сыр мінез құрбыларының бірі:

-        Балайым, биге бізбен бірге барамысың, әлде ауылдастарыңды шақырып па ең?- деген.

         Ол үн-түнсіз қыздарға еріп жүре берді. Концерт біткеннен кейін би басталды. Кешті басқарушы қыз:

-        Біздің бүгінгі меймандарымыз- халық шаруашылығы институтының жігіттері. Өздері шетінен қой аузынан шөп алмайтын момын көрінеді. Шеттеп қалмасын, - деді әзілдеп. Сол екі арада:

-        Бұлар есеп шоттарын неге ала келмеген, - деп біреу күліп жіберді. Сол-ақ екен, манадан бері арғы шетте үркердей боп тұрған жігіттер қозғалақтап қалды. Сол-ақ екен, олардың арасынан Әбдібек суырылып шығып, Балайымды биге шақырған.

           Әбдібек әдемі билейтін. Оқуға түскеннен кейін екі жыл бойы би үйірмесіне қатысып, әбден машықтанған. Оның бергі жағында аяғы жететін жердегі осындай кештерді құр жібермейтіні тағы бар. Ал, алыпсоқ уәжге де, әзіл-оспаққа да әрқашан құрақ ұшып тұратыны - өз алдына бір төбе.

        Бүгін де кәдуілгі әдетіне басып, ә дегеннен-ақ қызды үйіріп әкетпекші.

-        Таныс болайық, - деді Әбдібек.

-        Балайым!

-        Институтты биыл бітіремін. Экономиспін.

-        Әзірге үшінші курстамын. - Айтарын айтса да, «бұ не жылпылдап кеткенім» деп, іштей ұялып қалған Балайым.

-        Ең құрғанда әлі екі жыл бар десеңізші.

-        Студенттік өмір дегенің өте шығады екен. - Айтарын айтса да, «қарадай неменеге өкіндім» деп іштей тағы қиналған Балайым.

           Би бітті. Бірақ Әбдібек асығар емес, Балайымды қолтықтап алған. Жуық арада жібергісі жоқ-ау, сірә. Балайым да қонақ жігіт алдында әдеп сақтап, үнсіз тұрып қалған.

-        Байқадыңыз ба, манағы қыздың бізге айтқан әзілі - әсте назы шығар. Дәуде болса, «жатақханамыздың алдына сирек келесіздер» дегені де. Онысы рас. Қайтеміз енді, сіздердің есіктеріңізді күзетеміз деп өзімізбен қатар оқитын құрбыларымыздың көзін жәудіретіп қалай ғана қалдырып кетеміз?- деген Әбдібек сәлден соң.

          Мына сөз Балайымға түрпідей тиді. Түрпідей тигені ғой, жаңа ғана әңгімеден тартынып тұрғанын ұмытып:

-        Сонда бүгін олардың бәрі «аһ» ұрып отыр ма?- деді қапелімде есе жібергісі келмей.

-        Әрине.

-        Қиын болған екен.

-        Сұрамаңыз, шынымды айтсам, көкірегім қарс айрылып барады. Мана суық сыпайылықтарыңызға қарағанда, не онда жоқ, не мұнда жоқ, екі ортада сарсаң боп қаламыз ба деп қорқам.

-        Ол да мүмкін. «Екі кеменің...» деуші ме еді.

-        «Жаны ашымастың қасында...» - дейтін де мақал бар екенін ұмытпаңыз.

-        Сөзге тым ұста боларсыз.

-        Қойдым, қойдым. Жүріңіз, сізді көлденең біреу қағып кетпей тұрғанда билеп қайтайық.

         Екеуі дөңгелене жөнелді.

          Күнделікті талай кеп жүрген үйреншікті зал осы кеш Балайымға кең көрінген. «Еден біткен айнадай жарқырайды. Бұрындары бұрыш-бұрышқа жарық жеткізе алмай шаршаңқырап тұратын сәукелелі люстра да бүгін самаладай боп кетіпті. Тіпті әрі-беріден соң, бір түрлі жұмбақ сәуле шашып, жұртты ерен желіктіретін тәрізді-ау. Политехникалық институттың оркестрін манағы қыз: «Даңғырағын қағып, құлақ түндырады» деп пе еді. Көрмей жатып, сөйтіп көлгірсімесе қайтеді екен. Қандай қағылез, қаяусыз жігіттер. Қай әуенді бастаса да, бәрі жүректі шымырлатып, бойыңды балқытады. Шіркін-ай, бұл кештің кадірі бөтенше болды-ау. Енді әлгі пысық апайлардың біреуі ерте тарқатып жібермесе де».

          Бірте-бірте бойы жеңілейіп, бүкіл жан-дүниесін үлп-үлп еткен бір сезім билей бастаған ол бүгінгі сауыққа әдеттегідей ауылдас жігіттерін шақырмағанын казір де жөн көрді. «Көп болса, талай қайталанып қадірі кеткен арғы-бергі әңгімені тауыса алмай тұрар ек те. Олар бір елі қалмай жанымда жүрген соң жөні түзу жігіт жолаушы ма еді, маған».

-        Қой болмас, қыдырып қайтайық,- деді әп-сәтте әжептәуір еркінсіп қалған Әбдібек.

          Екеуі сыртқа шықты. Сәуірдің көкорай түні ерекше межірежай екен. Кәдімгі қол тимеген мақпал дерсің. Жапырақтары әлі толық жетіле қоймаған сұңғақ теректер жаңа түскен келіншекке ұқсайды.

          Олар машина да, жүргіншілер де бәсеңсіп қалған кең көшені бойлап, жоғары тартты. Co бойы екеуі таң сәріге дейін қыдырған...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға