Жаңалықтар

Тасқала тарланы. Аттаныс

    «... Верховный Главнокомандующий неоднократно подчеркивал, как важно форсировать Днепр с ходу. Учитывая огромное значение, которое приобретала в создавшихся условиях борьба за Днепр, Ставка 9 сентября дала войскам директиву, требовавшую за успешное форсирование крупных рек и за закрепление плацдармов на их берегах представлять к высшим правительственным наградам, а за преодоление таких рек, как Днепр ниже Смоленска, или равных Днепру по трудности форсирования, - к присвоению звания Героя Советского Союза...» А.М.Василевский, Маршал Советского Союза     2005 жылдың басы. Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов туралы очерк жазуға оқталғаныма біраз уақыт болды. Облыс әкімінің орынбасары Абай Иманғалиев менің бұл ісімді қош көріп, Тасқала ауданының жақында тағайындалған әкімі Болат Шәкімовке телефон шалып, баратынымды хабарлаған-ды.             Садық аға былтыр, 2004 жылдың жетінші қарашасында 80 жасқа толуын тойлаған болатын. Иә, бұл енді аз жас емес. Батырдың қан қысымы көтерілетін болып жүр. Соның салдарынан кездесуіміз кешеуілдей берді.             Ақыры, сәті түсті-ау. Аудан әкімі Болат Әдиетұлы мені үйден өзі алып кетті. Рахмет оған!             Жол үстіндегі адам ойға берілгіш болады ғой. Садық аға Жақсығұловты тұңғыш рет қашан, қандай жағдайда көргенімді есіме түсіруге тырыстым.             Менің туған ауылым Мешей деп аталады. Кеңес өкіметі орнағанға дейін Михаил Ширявский деген бай казак тұрған сияқты. Сол Михаил әдеттегідей Миша атанып, Мишаңызды біздің қазекеңдер Мешей деп кеткен сыңайлы. Біздің атақоныс, баба жұртымыз Жаңақала ауданы Нарын құмы ұмытпасам, 12-ауыл десетін қариялар. Қазіргі Айдархан селолық округінде Нәрік деген елді мекен бар. Ол бір кезде «Айдархан» кеңшарының төртінші бөлімшесінің орталығы болған еді. Сол Нәрік - менің ұлы бабам. Нәрік - Құлмәлі - Нұрышқали - Айтқали болып таратылады. Руымыз - Бесқасқа, оның ішінде Қарашасы боламыз.             1926-1927 жылдары Жаңақала ауданынан көшірілген біздің әулет бұрынғы №500-ші, кейін Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшарға қарасты Қисықсай ауылында бір қыстап, 1928 жылы Мешей ауылына қоныстаныпты. Сол жылы біздің аталас туысымыз Қаракөз деген ірі бай тәркіленіпті. Күнтуғанұлы Сапар (белгілі қайраткер Табылғали Сатқалиұлы Сапаровтың атасы), Қуаншәліұлы Сидағали, Хайрошұлы Тастанбек аталарым маған бала кезімде алғаш көшіп келгендегі көрген қиыншылықтарын жыр қып айтқан болатын.             Мен бұл туралы неге айтып отырмын? Очеркімнің кейіпкері Садық Жақсығұлов та жаңақалалық. №20-ауылдан көшірілгенде, ол бар болғаны екі жаста екен. Садық аға сол Қисықсай, Жұмалы, Қалмақшабын, Аяқ деген ауылдарда өсті, ержетті.             Садық Шәкелұлы 7-сыныпты бітіріп, еңбекке араласып кете барады. Яғни, №500-кеңшардағы қой сүтінен брынза (ірімшік) шығаратын цехта мастер болып істейді.             1941жылдың 22 маусымы оның жақсы есінде. Ауыл көшесіндегі биік бағанаға ілінген «қаратабақ» - радио «соғыс» деген жантүршігерлік сөзді хабарлауы мұң екен, халық теңселді де кетті дерсің. Әйелдер бір жамандықтың келе жатқанын сезгендей, дауыс салып жылай бастады. Ал, еркектер қатуланып, үнсіз сазарды. Балалар жағы бір сәтте есейіп кеткендей болды.             Ол кезде селолық Кеңестің беделі биік болса керек. Әлде басшысына байланысты ма, әйтеуір, жұрт қит етсе төрайым болып істейтін Хамида Үмбетәлиеваға жүгіретін. Иә, ауданнан нұсқау түсіп, әскер қатарына алынатындардың тізімі жасала бастады. Бір оңдысы аудан орталығы Каменка кенті, Шипово стансасы онша қашық емес 35- 40 километрдей-ақ жерде.             Соғыстың оныншы күні дегенде жігіттердің алды буынып-түйініп қызыл вагондарға міне бастады. Вокзал басы күңіреніп тұр. Садық делбеші болып барған. Парлап жегілген атты қашықтау жерде қаңтарып, перрондағы ыжы-жығы халықтың арасына кіріп кетті. Майданға баратын жігіттер өте көңілді. Жауды қалпақпен ұрып алатындай, ірі-ірі сөйлейді. Есесіне, әйелдер мен балалар шулап жылап жүр. Садық көз тоқтата қарады. Қарқарадай кимешек киген бір кейуана бірінен-бірі аумайтын төрт жігітті кезек-кезек құшып, беттерінен шөпілдетіп сүйе береді. Әлгілердің біреуі ересектеу, мұрынының суағарында бармақтай қара мұрты бар, қырықтан сәл асқан сияқты. Анау үш жігіттің иә әкесі, иә інісі болар, сірә. «Ә, мына әжей баласы мен үш немересін қатарынан аттандырғалы тұр екен-ау» деп ойлады Садық. Жүрегі шым еткендей болды. Соғыс тез бітіп қалмаса, өзі де майданға алынады ғой. Анасы да жылайды-ау өстіп.             Иә, кеңшарда жұмыс істейтін азаматтар майданға лек-легімен аттанып жатты. Олардың орнын әйелдер, кемпір-шалдар, ересек ұл-қыздар басты. «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұран тасталды. Майданға нан, ет, май, жылы киім, т.с.с. керек. Бұларды кім береді? Әрине, ауыл!             Садық Жақсығұлов брынза (ірімшік) цехында екі ауысымда жұмыс жасады. Шыққан өнімдер бірден дымқыл кенеппен қымталып, Шипово стансасы арқылы зулап өтіп жататын әскери эшелондарға жеткізілетін. Тәртіп өте қатал болса керек.             1942 жылдың жазы өтіп бара жатты. Садық 7 қарашада он сегіз жасқа толмақ. Денсаулығы жаман емес. Майданға барғысы келеді. Селолық Кеңестің төрайымы Хамида Үмбетәлиеваға бір-екі рет құлаққағыс етіп көрді.             - Садықжан, асықпа! Саған да кезек келеді. Мұнда да майданнан кем бе? Бірінен екіншісі туындап жататын науқандық жұмыстарды кім жасайды? Малды кім бағады, егінді кім орады, пішенді кім дайындайды, ә? Анау өлмелі кемпір-шалдар қашанға дейін шыдар дейсің, - деп Хамида апайы реніш білдіріп, тойтарып тастады.             Майдан жақтан жеткен хабарлар жүрек қозғарлықтай еді. Жау ентелеп алға ұмтылуда. Кеңес Одағы аумағының төрттен бірі фашистердің қолында. Жағдай өте күрделі. Елде де тапшылық қатты сезіле бастады. «Қара қағаз» әр үйдің есігін «қағуда» еді.             Иә, иә, Садық Жақсығұловқа да «сыбаға» сақтаулы екен. Достары Теміреш Жанжігітов, Нығмет Есенәлиев, Батырғали Аубақов, Ермек Кереев, тағы басқа жігіттермен 1942 жылдың 10 қыркүйегінде Шипово стансасынан қызыл вагонға мініп, белгісіз бағытқа жол тартты.             Сөз арасында айта кетейін, Садықтар мінген эшелонға біздің Мешей ауылы, яғни, С.М.Киров атындағы ұжымшардан да біраз жігіттер ілігіп кетті. Солардың ішінде Нәрік бабамның немерелері менің әкем Нұрышқали, оның інілері Сүндетқали, Арыстанғали, Әубекер бар еді. Сондай-ақ, Нұрашев Құспан, Естеков Нұрғазы, Зұлқашев Шүкір, тағы басқа азаматтар болды. Мұны мен есейген шағымда естіп-білген едім.             Енді негізгі кейіпкеріме оралайын. Садық Шәкелұлы Орынбор қаласынан бір-ақ шықты. Осындағы майданға жауынгерлер машықтанатын полктегі кіші командирлер даярлайтын курске қабылданды. Ауылдан келген бозбалаға әскери өнерді игеру, әрине, оңай болған жоқ. Қарудың неше түрін, әсіресе, минометті меңгеруге тура келді. Майданға түсіп шыққан сақа офицерлер неміс-фашист әскерлерінің күшін жасырған жоқ. «Жау қуатты, жау айлакер» деп үнемі айтып отырды. Оларды ойсырата жеңу үшін мықтап жаттығып, машықтану қажет. Дұшпаннан басым болу керек.             Садық Жақсығұлов ынтасын салып оқыды. Курс аяқталып, оған кіші сержант шені берілді. 1943 жылдың наурызында майданға қаруластарымен бірге аттанып кетті. Атақты 73-гвардиялық Сталинград Қызыл Тулы атқыштар дивизиясына тап келді. Құрама Курск иінінің оң қанатында қырғын ұрыс салып жатыр екен. Жау жан-жақтан тап-тап беріп, дивизияны құрыш қоршауға алыпты. Садық аға Жақсығұлов шілде айының орта шенінде алғашқы ұрысқа түсті. Ол 209-гвардиялық атқыштар полкінің миномет ротасында миномет расчетінің командирі болып белгіленді. Расчетта өзімен бес адам.             Шілде айының екінші жартысында біздің әскерлер шабуылға шығып, Орел және Белгород қалаларын азат етті. Садық Шәкелұлы өзін атышулы дивизия құрамына Белгород маңында қосылдым деп есептейді.  Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 10:16 6212

    «... Верховный Главнокомандующий неоднократно подчеркивал, как важно форсировать Днепр с ходу. Учитывая огромное значение, которое приобретала в создавшихся условиях борьба за Днепр, Ставка 9 сентября дала войскам директиву, требовавшую за успешное форсирование крупных рек и за закрепление плацдармов на их берегах представлять к высшим правительственным наградам, а за преодоление таких рек, как Днепр ниже Смоленска, или равных Днепру по трудности форсирования, - к присвоению звания Героя Советского Союза...»

А.М.Василевский,

Маршал Советского Союза

    2005 жылдың басы. Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов туралы очерк жазуға оқталғаныма біраз уақыт болды. Облыс әкімінің орынбасары Абай Иманғалиев менің бұл ісімді қош көріп, Тасқала ауданының жақында тағайындалған әкімі Болат Шәкімовке телефон шалып, баратынымды хабарлаған-ды.

            Садық аға былтыр, 2004 жылдың жетінші қарашасында 80 жасқа толуын тойлаған болатын. Иә, бұл енді аз жас емес. Батырдың қан қысымы көтерілетін болып жүр. Соның салдарынан кездесуіміз кешеуілдей берді.

            Ақыры, сәті түсті-ау. Аудан әкімі Болат Әдиетұлы мені үйден өзі алып кетті. Рахмет оған!

            Жол үстіндегі адам ойға берілгіш болады ғой. Садық аға Жақсығұловты тұңғыш рет қашан, қандай жағдайда көргенімді есіме түсіруге тырыстым.

            Менің туған ауылым Мешей деп аталады. Кеңес өкіметі орнағанға дейін Михаил Ширявский деген бай казак тұрған сияқты. Сол Михаил әдеттегідей Миша атанып, Мишаңызды біздің қазекеңдер Мешей деп кеткен сыңайлы. Біздің атақоныс, баба жұртымыз Жаңақала ауданы Нарын құмы ұмытпасам, 12-ауыл десетін қариялар. Қазіргі Айдархан селолық округінде Нәрік деген елді мекен бар. Ол бір кезде «Айдархан» кеңшарының төртінші бөлімшесінің орталығы болған еді. Сол Нәрік - менің ұлы бабам. Нәрік - Құлмәлі - Нұрышқали - Айтқали болып таратылады. Руымыз - Бесқасқа, оның ішінде Қарашасы боламыз.

            1926-1927 жылдары Жаңақала ауданынан көшірілген біздің әулет бұрынғы №500-ші, кейін Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшарға қарасты Қисықсай ауылында бір қыстап, 1928 жылы Мешей ауылына қоныстаныпты. Сол жылы біздің аталас туысымыз Қаракөз деген ірі бай тәркіленіпті. Күнтуғанұлы Сапар (белгілі қайраткер Табылғали Сатқалиұлы Сапаровтың атасы), Қуаншәліұлы Сидағали, Хайрошұлы Тастанбек аталарым маған бала кезімде алғаш көшіп келгендегі көрген қиыншылықтарын жыр қып айтқан болатын.

            Мен бұл туралы неге айтып отырмын? Очеркімнің кейіпкері Садық Жақсығұлов та жаңақалалық. №20-ауылдан көшірілгенде, ол бар болғаны екі жаста екен. Садық аға сол Қисықсай, Жұмалы, Қалмақшабын, Аяқ деген ауылдарда өсті, ержетті.

            Садық Шәкелұлы 7-сыныпты бітіріп, еңбекке араласып кете барады. Яғни, №500-кеңшардағы қой сүтінен брынза (ірімшік) шығаратын цехта мастер болып істейді.

            1941жылдың 22 маусымы оның жақсы есінде. Ауыл көшесіндегі биік бағанаға ілінген «қаратабақ» - радио «соғыс» деген жантүршігерлік сөзді хабарлауы мұң екен, халық теңселді де кетті дерсің. Әйелдер бір жамандықтың келе жатқанын сезгендей, дауыс салып жылай бастады. Ал, еркектер қатуланып, үнсіз сазарды. Балалар жағы бір сәтте есейіп кеткендей болды.

            Ол кезде селолық Кеңестің беделі биік болса керек. Әлде басшысына байланысты ма, әйтеуір, жұрт қит етсе төрайым болып істейтін Хамида Үмбетәлиеваға жүгіретін. Иә, ауданнан нұсқау түсіп, әскер қатарына алынатындардың тізімі жасала бастады. Бір оңдысы аудан орталығы Каменка кенті, Шипово стансасы онша қашық емес 35- 40 километрдей-ақ жерде.

            Соғыстың оныншы күні дегенде жігіттердің алды буынып-түйініп қызыл вагондарға міне бастады. Вокзал басы күңіреніп тұр. Садық делбеші болып барған. Парлап жегілген атты қашықтау жерде қаңтарып, перрондағы ыжы-жығы халықтың арасына кіріп кетті. Майданға баратын жігіттер өте көңілді. Жауды қалпақпен ұрып алатындай, ірі-ірі сөйлейді. Есесіне, әйелдер мен балалар шулап жылап жүр. Садық көз тоқтата қарады. Қарқарадай кимешек киген бір кейуана бірінен-бірі аумайтын төрт жігітті кезек-кезек құшып, беттерінен шөпілдетіп сүйе береді. Әлгілердің біреуі ересектеу, мұрынының суағарында бармақтай қара мұрты бар, қырықтан сәл асқан сияқты. Анау үш жігіттің иә әкесі, иә інісі болар, сірә. «Ә, мына әжей баласы мен үш немересін қатарынан аттандырғалы тұр екен-ау» деп ойлады Садық. Жүрегі шым еткендей болды. Соғыс тез бітіп қалмаса, өзі де майданға алынады ғой. Анасы да жылайды-ау өстіп.

            Иә, кеңшарда жұмыс істейтін азаматтар майданға лек-легімен аттанып жатты. Олардың орнын әйелдер, кемпір-шалдар, ересек ұл-қыздар басты. «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұран тасталды. Майданға нан, ет, май, жылы киім, т.с.с. керек. Бұларды кім береді? Әрине, ауыл!

            Садық Жақсығұлов брынза (ірімшік) цехында екі ауысымда жұмыс жасады. Шыққан өнімдер бірден дымқыл кенеппен қымталып, Шипово стансасы арқылы зулап өтіп жататын әскери эшелондарға жеткізілетін. Тәртіп өте қатал болса керек.

            1942 жылдың жазы өтіп бара жатты. Садық 7 қарашада он сегіз жасқа толмақ. Денсаулығы жаман емес. Майданға барғысы келеді. Селолық Кеңестің төрайымы Хамида Үмбетәлиеваға бір-екі рет құлаққағыс етіп көрді.

            - Садықжан, асықпа! Саған да кезек келеді. Мұнда да майданнан кем бе? Бірінен екіншісі туындап жататын науқандық жұмыстарды кім жасайды? Малды кім бағады, егінді кім орады, пішенді кім дайындайды, ә? Анау өлмелі кемпір-шалдар қашанға дейін шыдар дейсің, - деп Хамида апайы реніш білдіріп, тойтарып тастады.

            Майдан жақтан жеткен хабарлар жүрек қозғарлықтай еді. Жау ентелеп алға ұмтылуда. Кеңес Одағы аумағының төрттен бірі фашистердің қолында. Жағдай өте күрделі. Елде де тапшылық қатты сезіле бастады. «Қара қағаз» әр үйдің есігін «қағуда» еді.

            Иә, иә, Садық Жақсығұловқа да «сыбаға» сақтаулы екен. Достары Теміреш Жанжігітов, Нығмет Есенәлиев, Батырғали Аубақов, Ермек Кереев, тағы басқа жігіттермен 1942 жылдың 10 қыркүйегінде Шипово стансасынан қызыл вагонға мініп, белгісіз бағытқа жол тартты.

            Сөз арасында айта кетейін, Садықтар мінген эшелонға біздің Мешей ауылы, яғни, С.М.Киров атындағы ұжымшардан да біраз жігіттер ілігіп кетті. Солардың ішінде Нәрік бабамның немерелері менің әкем Нұрышқали, оның інілері Сүндетқали, Арыстанғали, Әубекер бар еді. Сондай-ақ, Нұрашев Құспан, Естеков Нұрғазы, Зұлқашев Шүкір, тағы басқа азаматтар болды. Мұны мен есейген шағымда естіп-білген едім.

            Енді негізгі кейіпкеріме оралайын. Садық Шәкелұлы Орынбор қаласынан бір-ақ шықты. Осындағы майданға жауынгерлер машықтанатын полктегі кіші командирлер даярлайтын курске қабылданды. Ауылдан келген бозбалаға әскери өнерді игеру, әрине, оңай болған жоқ. Қарудың неше түрін, әсіресе, минометті меңгеруге тура келді. Майданға түсіп шыққан сақа офицерлер неміс-фашист әскерлерінің күшін жасырған жоқ. «Жау қуатты, жау айлакер» деп үнемі айтып отырды. Оларды ойсырата жеңу үшін мықтап жаттығып, машықтану қажет. Дұшпаннан басым болу керек.

            Садық Жақсығұлов ынтасын салып оқыды. Курс аяқталып, оған кіші сержант шені берілді. 1943 жылдың наурызында майданға қаруластарымен бірге аттанып кетті. Атақты 73-гвардиялық Сталинград Қызыл Тулы атқыштар дивизиясына тап келді. Құрама Курск иінінің оң қанатында қырғын ұрыс салып жатыр екен. Жау жан-жақтан тап-тап беріп, дивизияны құрыш қоршауға алыпты. Садық аға Жақсығұлов шілде айының орта шенінде алғашқы ұрысқа түсті. Ол 209-гвардиялық атқыштар полкінің миномет ротасында миномет расчетінің командирі болып белгіленді. Расчетта өзімен бес адам.

            Шілде айының екінші жартысында біздің әскерлер шабуылға шығып, Орел және Белгород қалаларын азат етті. Садық Шәкелұлы өзін атышулы дивизия құрамына Белгород маңында қосылдым деп есептейді.

 Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға