Жаңалықтар

VI БӨЛІМ

Түнгі сағат 2 шамасында тұтаса қатқан мұз батыстан шығысқа көше бастады. Мұндай жағдайда зәкір тастап, бір орында тұру мүмкін емес. Өйткені мұз көпірі не зәкірді жұлып әкетеді, не кеменнің корпусын қиратып, апатқа ұшыратады. Сондықтан мұз көшіне ілесіп, ыға беруден басқа амал жоқ. Таң ата "Отважный" ығуды тоқтатып, жағаға қарай бет алды. Сол маңайдағы таязда бір топ балықшы қайықтары ығып жүрген еді. Тезірек барып, тереңге шығармаса болмайды. Өйткені мұз таязда жүрген кемені қайраңға апарып отырғызады да, қырқып кетеді. "Отважный" алға қарай эрең жылжып келеді. Мұз көшкіні кішкентай теплоходтың алдын әлсін-әлсін бөгей береді. Жалпия созылып жатқан үлкендерін айналып өтсе, кішіректерін тұмсықпен соғып қиратып, жол ашып келеді. Әрбір метр оңайлықпен берісер емес. Сеңмен соғысып, толқынмен тіресіп ілгері ұмтылған қайсар теплоходтың мұз қүшағынан алғашқы алып шыққаны стойка мен  реюшка болды. Төртсуінде жиырма бір балықшы бар еді... "Новая жизнь" колхозының  қайығы кешегі дауыл кезінде бір жерде тұрған болатын. Түнде мұз көше бастаған кезде де олар жүбын жазбастан, топтаса ықты. Таң ата мұз аумағы көбейіп, олардың қыспағы да күшейіп кетті. Әжептәуір үп-үлкен қайықтардың қалың тақтайдан жасалған мықты борттарына жел екпінімен жөңкіліп келіп, тарс соғылғанда мұз сатыр-сұтыр сынады да, қайықты сығып жіберетіндей болып сықырлата түседі. Әйтеуір бір тәуірі әлі қайраң кездескен жоқ. Бірақ көп ұзамай-ақ қатерлі қауіп төнейін деді. Анығырақ айтқанда, сол қауіп кенеттен жылт етіп шыга келіп, жұрттың жүрегін мұздатын, суық құшағына құшуға айналды. Ең шеткі екі стойка қайраңға тірелді де, мұз қыспағына төтеп бере алмай, жұрттың көз алдында қақ орталарынан қажалып, қырқыла бастады. Ақ шүберектей бозарып кеткен беттерінде бір тамшы да қан қалмаған балықшылар басқа қайықтарға түгелдей ауысып үлгермеді, темірдей беріқ пышақтай өткір құрсауға түскен стойкалар біртүрлі сықырлап, шиқылдап барып быт-шыт болып қирады да, біртіндеп суға бата берді. Олардың орнында бірінің үстіне бірі шыққан мұз үйіндісі ғана қалды. Біраздан соң ол да жоғалып, қатыгез теңіз түк көрмегенсіп жата берді. Жұрт соңында қалып секіре жүріп, суға да малшынып, жанындағы қайыққа әзер жетті. Сәл кешіккендерінде стойкалармен бірге су түбіне кетіп-ақ қалатын еді. Алайда қалған бес қайықтағы адамдардың өміріне төнген ажал ызбары бұрынғысынан айқын сезіліп, жақындай түспесе, алыстамаған еді. Мейірімсіз мұз көпірі оларды жаңағы екі стойканы жұтқан қайраңға қарай ақырын ғана ықтырып келді. Жиырма адам бір-бірімен үнсіз ғана қоштасып, ақтық демдерін іштеріне алып тұр. Дәл осы кезде әлдекімнің толқын шуылы мен мұз сықырының тұла бойды тітіркендірген азапты дыбысын бұза шыққан қуанышты айғайы саңқ ете түсті. -  Кеме!!! Қарандар, кеме!... Мойындарына су кеткендей болып, мөлиіп тұрған жұрт бастарын бір кісідей жалт бүрып, көз ұшында, алыста келе жатқан кішкентай кемені көрді. Ауыздарынан "Уһ!" деген күрсініс те қатар шықты. Бірі күліп, бірі жылап, бірі бас киімдерін аспанға атып жатыр... У-шу, азан-қазан. Осы жұрттың арасында колхоз председателінің орынбасары Кондратов та бар еді. Ол дүрбісін алып қарап жіберді де, келе жатқан кеменің "Отважный" екенін жазуы көрінбесе де нобайынан таныды. Теплоходтың үлкен қиыңдықпен әрең жылжып келе жатқанын да көрді ол. Осы жай шошындырады. Көмек пе, жоқ әлде өлім бе? "Отважный" ма, қайраң ба? Қайсысы бұрын жетеді? Екеуі де жақындап келеді, әсіресе, қайраң таяу қалған сияқты. Екі арада үш-төрт метрдей қалғанда "Отважный" балықшылардың қатерлі хал-жағдайларын анық байқап жүрісін арттыра түсті. Сәті келгенде оның алдындағы үлкен мұздар да азайып, жол едәуір тазарды. Қайраңға тағы да бір қайық тірелді. Бірақ, бұл кезде "Отважный" да жетіп үлгірген еді... Қатерлі жағдайды көргеннен кейін Черкасов бірер минуттай ғана ойланып қалды. He істеу керек? Қайықтарды тіркеуге алып, сүйретіп әкету мүмкін емес. Мұз бұрынғысынан бетер тұтасып, көбейіп кетті. "Отважный" он бес-ақ адамдық кеме. Көлемі де, қуаттылығы да, құтқару құралдары да осы шамаға ғана жетеді. Балықшыларды өз бортында қабылдағанмен жолшыбай бір пәлеге ұшырай қалса қайтеді? Бірақ оларды анық өлімге тастап кетуге және болмайды. Бұл теңіз заңына, теңізшілер дәстүріне жатпас еді. Сөйтіп, бас-аяғы бес-он минуттың ішінде жиырма балықшыны теплоходқа мінгізді де, тездетіп кері тартты. Шынында да, қайтар жол келер жолдан әлдеқайда қиын, қатерлі болды. Мұз құрсауының түтасып кеткендігі сондай - оны жарып өту үшін "Отважный" үнемі кейін шегініп, сосын бар жүрісімен алға қарай екпіндеп келіп, тосқауыл мұзды тұмсығымен сүзе сындырып отыруға тура келді. Штурвалға Черкасовтың өзі тұрды. Ілгері-кейін, ілгері-кейін... Мұз көшкіндері теплоходты екі бүйірінен қысып, жаныштап, қабыстырып жібермек, тұмсықтан итеріп, аударып тастамақ болады. "Отважный" бой берер емес. Моторын ышқына гүрілдетіп, барған сайын ілгерілей түсуде. Двигательді салкындатып тұратын кингстондар мен мотор бөліміне су жіберетін сүзгіге әлсін-әлі қар мен мұз кептеліп қалады. Оларды Леша Смыкунов пен Юра Зеленко тазалап отыр. Екеуі де әбден қалжырады. Бірақ жұмысты бір минут та тоқтатуға болмайды. Тек алға қарай, тереңге қарай кету керек. Қауіптен олар сонда ғана құтылады. Мұны Юра да, Леша да жақсы түсінеді. Екеуінің әйнектей тіліп түсетін откір мұзға да, саусақтың ұшынан шымшып, түла бойды аралап өтіп, миды қаритын аязға да қарамастан жұмысты екілене істеулері де сондықтан. Кешегі түнгі оқиғадан кейін бұрынғысынан да ары бұйығыланып, тымырайып алған Слитаның мүлдем ұнжырғасы түсіп кеткен. Ол тан атқалы ешкімге ләм деп жауап қатқан жоқ. Өзіне берілген тапсырмаларды үнсіз ғана тыңдайды да, сылбыр қимылмен орындауға кіріседі. Жүзіндегі кешеден қалған үрей ізі де әлі айықпаған. Теңіз бетіне әлсін-әлсін сескене көз тастап қояды... "Отважный" әр метр үшін арпалысып алға жылжып келеді. Рульде - Черкасовтың озі. Кеме командасындағы бір адамның да қолы бос емес. Бәрі де өз орындарында. Тіпті Шура апай да біресе жоғарыға көтеріліп, біресе төменге түсіп, тыным таппай жүгіріп жүр. Жүгірмей қайтсін! Азықтары таусылып, аштыққа ұшыраған жиырма адамды тамақтандыру оңай болып па! Оның үстіне өзінің сайдың тасындай тоғыз "ұлы" және бар. Олар да ауыздарын ашып, анасынан тамақ тілеген балапандарша жаутаңдап Шура апайдың қолына қарайды. Шура апай бәріне де үлгереді, бәрін де тойғызады. Ол, керек болса, кешегі түннен осында қалып қойған қараторғайды да ұмытқан жоқ. Құс та өз сыбағасын алды. ..."Отважный" өгіз арбаның іш пыстырар шабан аяңынан да баяу жүріспен алға жылжып келеді. Бірақ, оны тоқтата алатын ешбір күш жоқ тәрізді. Өйткені ол бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қимылдаған тағдыры бір туыс-азаматтардың қолында. Ал бұл кезде теплоход бортында келе жатқан жиырма балықшының манағы қатерлі қайраңның мұз құрсауында қалған қайықтары түгелдей теңіз түбіне шөгіп кеткен еді. Таң ата "Отважный" мұз құрсаудан құтылып, терендегі таза суға шықты. Екі тәуліктен бері көз шырымын алмаған Черкасов каютасына кіріп, жаңа ғана жантайған еді. Көзі ілінер-ілінбестен қайтадан оянып кетті. Бас жағы мүлдем аласарып, аяқ жағы жоғарылап кетіпті. Жастығым түсіп қалды ма деп қарап еді, бірақ орнында екен. "Толқынның әсері шығар" деп ойлады Черкасов. Алайда, каютаның жаңағы қалпы бір-екі минуттан соң да өзгермеді: есігі жоғарыда, төрі төменде. Бәрі де бірнеше минуттан кейін белгілі болды. Балықшы қайықтарын жалмап жүтып, теплоходқа тосқауыл жасап, қыспаққа алған мұз құрсауы "Отважныйды" өз құшағынан оңайлықпен босатпаған екен. Өңешінен өткізе алмаса да, есесін жібермепті. Үш жерден ен салыпты: теплоходтың темір корпусы мен жағармай құятын цистернасы тесіліп қалыпты. Сол үш тесіктен ішке кірген су теплоходтың оң жағын басып, қисайтып барады екен. Мұз құрсауынан құтқарылған жиырма балықшы отырған салон мен капитанның каютасына су тола бастады. О бастағы Черкасовтың апат жайындағы радиограммасын моторлы-балық аулау станциялары мен колхоз істері жөніндегі Гурьев облыстық басқармасының бастығы Жазықбаев дәл осы кезде алған еді. Бұл радиограмма жалғыз Жазықбаевты ғана емес, облыстың балық шаруашылығы қызметкерлерін түгелдей толғандырды. Керек десеңіз, бүл хабар Астраханьдағы жолдастарды да дегбірсіздікке түсірді. Өйткені теңіздің кенет мұз басқан ауданында Астрахань облысының да жүздеген балықшы қайықтары жүрген болатын. Оларға көмек көрсете алатын бірден-бір кеме - темір корпусты моторлы кеме "Отважный" еді. Енді, міне оның өзі де тесіліп, өте қауіпті жағдайда қалды. Бірақ совет адамдары бірін-бірі қандай қиын-қыстау жағдайда болмасын жалғыз тастап, қол созбай отыра ала ма? Бұл жолы да солай болды. Мұз қыспағында қалған балықшылар мен "Отважный" теплоходының тағдыры жүздеген адамдарды толғандырды. Гурьевте "Отважныйды" қауіптен құтқару жонінде арнаулы комиссия құрылып, авиация іске қосылды, "Отважныйға" кемекке "6032" "Серп и молот" "ПТС-13" теплоходтары және "Коммунар", "Комсомолең" кемелері жіберілді. * * * Отважныйдың командасы мен оның бортындағы балықшылар бастарына қауіп төнгенде алды-алдына бас сауғалап, сасқан жоқ. Олар алғашқы қорқынышты жеңе білді. Сойтіп ішке кіргсн суды қаз-қатар тұра қалып, бір кісідей ұйымшылдықпен сыртқа төге бастады. Әмір үшін арпалыс торт сағатқа созылды. Бәрі де шаршады. Бірақ ешкім де өз орнынан кеткен жоқ. Ақыры тесік бітеліп, су да сыртқа тогіліп болды. Кеме өзінің бұрынғы қалпына келді... Ертесінде көмекке жіберілген "6032", "Коммунар", "Комсомолең" кемелері келіп жетті. "Отважный" бортындағы балықшыларды соңғы екеуіне отырғызды да, тесіліп қалғандығына қарамастан теңіздің о шеті, бұ шетінде бытырап жүрген балықшылар флоты түгел табылғаннан кейін өз күшімен Гурьевке келіп, жөндеуге тұрды. "Отважный" теплоходы өзінің атына сай осындай ерлік етті. Қиыншылықта өзі бас сауғалап қаша жөнелмей, дүлей табиғаттың күшіне қаймықпай қарсы тұрды. Бірнеше кемелерді апаттан құтқарып, отыз екі адамды өлімнен Аман алып қалды. Әдетте, "ерлік" деген сөз айтылғанда жеке адамдардың жүрек жұтқан батылдығы, таңғажайып ерекше істері көз алдыңа келеді. Ал мұнда ешкім де ерен көзге түсіп, бөлектe жарқ ете қойған жоқ. Бәрі де өз орындарында болды, өздеріне тапсырылған жұмысты қандай қиыншылықта да бір минутқа тоқтатпады. Бұл - топтан жырыла шықпай, жеке-жеке алып қарағанда елеусіз сияқты көрінетін, адамдардың бірігіп жасаған ерлігі! Тек Виктор Слита ғана күйректік көрсетті. Гурьевке келгеннен кейін ол арыз беріп, теплоходтан кетті. Теплоход қана емес, теңізбен де біржола қош айтысты... Ал капитаңдар қауымы Василий Иванович Черкасовты бұрынғыдай сыртынан "Қолынан түк келмейтін қорқақ капитан" деп жамандамайтын болды. * * * Кейін "Отважный" теплоходы экипажынын, ерлік істері Қазақстан JIKCM1 Орталық Комитетінің бюро мәжілісінде арнайы сөз болып, азаматтық жасаған коллектив мүшелері түгелдей Орталық Комитеттің Құрмет грамотасымен наградталды. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 09:16 2895

Түнгі сағат 2 шамасында тұтаса қатқан мұз батыстан шығысқа көше бастады. Мұндай жағдайда зәкір тастап, бір орында тұру мүмкін емес. Өйткені мұз көпірі не зәкірді

жұлып әкетеді, не кеменнің корпусын қиратып, апатқа ұшыратады. Сондықтан мұз көшіне ілесіп, ыға беруден басқа амал жоқ.

Таң ата "Отважный" ығуды тоқтатып, жағаға қарай бет алды. Сол маңайдағы таязда бір топ балықшы қайықтары ығып жүрген еді. Тезірек барып, тереңге шығармаса болмайды. Өйткені мұз таязда жүрген кемені қайраңға апарып отырғызады да, қырқып кетеді.

"Отважный" алға қарай эрең жылжып келеді. Мұз көшкіні кішкентай теплоходтың алдын әлсін-әлсін бөгей береді. Жалпия созылып жатқан үлкендерін айналып өтсе, кішіректерін тұмсықпен соғып қиратып, жол ашып келеді. Әрбір метр оңайлықпен берісер емес. Сеңмен соғысып, толқынмен тіресіп ілгері ұмтылған қайсар теплоходтың мұз қүшағынан алғашқы алып шыққаны стойка мен  реюшка болды. Төртсуінде жиырма бір балықшы бар еді...

"Новая жизнь" колхозының  қайығы кешегі дауыл кезінде бір жерде тұрған болатын. Түнде мұз көше бастаған кезде де олар жүбын жазбастан, топтаса ықты. Таң ата мұз аумағы көбейіп, олардың қыспағы да күшейіп кетті. Әжептәуір үп-үлкен қайықтардың қалың тақтайдан жасалған мықты борттарына жел екпінімен жөңкіліп келіп, тарс соғылғанда мұз сатыр-сұтыр сынады да, қайықты сығып жіберетіндей болып сықырлата түседі. Әйтеуір бір тәуірі әлі қайраң кездескен жоқ.

Бірақ көп ұзамай-ақ қатерлі қауіп төнейін деді. Анығырақ айтқанда, сол қауіп кенеттен жылт етіп шыга келіп, жұрттың жүрегін мұздатын, суық құшағына құшуға айналды. Ең шеткі екі стойка қайраңға тірелді де, мұз қыспағына төтеп бере алмай, жұрттың көз алдында қақ орталарынан қажалып, қырқыла бастады. Ақ шүберектей бозарып кеткен беттерінде бір тамшы да қан қалмаған балықшылар басқа қайықтарға түгелдей ауысып үлгермеді, темірдей беріқ пышақтай өткір құрсауға түскен стойкалар біртүрлі сықырлап, шиқылдап барып быт-шыт болып қирады да, біртіндеп суға бата берді. Олардың орнында бірінің үстіне бірі шыққан мұз үйіндісі ғана қалды.

Біраздан соң ол да жоғалып, қатыгез теңіз түк көрмегенсіп жата берді. Жұрт соңында қалып секіре жүріп, суға да малшынып, жанындағы қайыққа әзер жетті. Сәл кешіккендерінде стойкалармен бірге су түбіне кетіп-ақ қалатын еді.

Алайда қалған бес қайықтағы адамдардың өміріне төнген ажал ызбары бұрынғысынан айқын сезіліп, жақындай түспесе, алыстамаған еді. Мейірімсіз мұз көпірі оларды жаңағы екі стойканы жұтқан қайраңға қарай ақырын ғана ықтырып келді. Жиырма адам бір-бірімен үнсіз ғана қоштасып, ақтық демдерін іштеріне алып тұр.

Дәл осы кезде әлдекімнің толқын шуылы мен мұз сықырының тұла бойды тітіркендірген азапты дыбысын бұза шыққан қуанышты айғайы саңқ ете түсті.

-  Кеме!!! Қарандар, кеме!...

Мойындарына су кеткендей болып, мөлиіп тұрған жұрт бастарын бір кісідей жалт бүрып, көз ұшында, алыста келе жатқан кішкентай кемені көрді. Ауыздарынан "Уһ!" деген күрсініс те қатар шықты. Бірі күліп, бірі жылап, бірі бас киімдерін аспанға атып жатыр...

У-шу, азан-қазан.

Осы жұрттың арасында колхоз председателінің орынбасары Кондратов та бар еді. Ол дүрбісін алып қарап жіберді де, келе жатқан кеменің "Отважный" екенін жазуы көрінбесе де нобайынан таныды. Теплоходтың үлкен қиыңдықпен әрең жылжып келе жатқанын да көрді ол. Осы жай шошындырады. Көмек пе, жоқ әлде өлім бе? "Отважный" ма, қайраң ба? Қайсысы бұрын жетеді? Екеуі де жақындап келеді, әсіресе, қайраң таяу қалған сияқты.

Екі арада үш-төрт метрдей қалғанда "Отважный" балықшылардың қатерлі хал-жағдайларын анық байқап жүрісін арттыра түсті. Сәті келгенде оның алдындағы үлкен мұздар да азайып, жол едәуір тазарды. Қайраңға тағы да бір қайық тірелді. Бірақ, бұл кезде "Отважный" да жетіп үлгірген еді...

Қатерлі жағдайды көргеннен кейін Черкасов бірер минуттай ғана ойланып қалды. He істеу керек? Қайықтарды тіркеуге алып, сүйретіп әкету мүмкін емес. Мұз бұрынғысынан бетер тұтасып, көбейіп кетті.

"Отважный" он бес-ақ адамдық кеме. Көлемі де, қуаттылығы да, құтқару құралдары да осы шамаға ғана жетеді. Балықшыларды өз бортында қабылдағанмен жолшыбай бір пәлеге ұшырай қалса қайтеді? Бірақ оларды анық өлімге тастап кетуге және болмайды. Бұл теңіз заңына, теңізшілер дәстүріне жатпас еді.

Сөйтіп, бас-аяғы бес-он минуттың ішінде жиырма балықшыны теплоходқа мінгізді де, тездетіп кері тартты. Шынында да, қайтар жол келер жолдан әлдеқайда қиын, қатерлі болды. Мұз құрсауының түтасып кеткендігі сондай - оны жарып өту үшін "Отважный" үнемі кейін шегініп, сосын бар жүрісімен алға қарай екпіндеп келіп, тосқауыл мұзды тұмсығымен сүзе сындырып отыруға тура келді. Штурвалға Черкасовтың өзі тұрды.

Ілгері-кейін, ілгері-кейін...

Мұз көшкіндері теплоходты екі бүйірінен қысып, жаныштап, қабыстырып жібермек, тұмсықтан итеріп, аударып тастамақ болады. "Отважный" бой берер емес. Моторын ышқына гүрілдетіп, барған сайын ілгерілей түсуде.

Двигательді салкындатып тұратын кингстондар мен мотор бөліміне су жіберетін сүзгіге әлсін-әлі қар мен мұз кептеліп қалады. Оларды Леша Смыкунов пен Юра Зеленко тазалап отыр. Екеуі де әбден қалжырады. Бірақ жұмысты бір минут та тоқтатуға болмайды. Тек алға қарай, тереңге қарай кету керек. Қауіптен олар сонда ғана құтылады. Мұны Юра да, Леша да жақсы түсінеді. Екеуінің әйнектей тіліп түсетін откір мұзға да, саусақтың ұшынан шымшып, түла бойды аралап өтіп, миды қаритын аязға да қарамастан жұмысты екілене істеулері де сондықтан.

Кешегі түнгі оқиғадан кейін бұрынғысынан да ары бұйығыланып, тымырайып алған Слитаның мүлдем ұнжырғасы түсіп кеткен. Ол тан атқалы ешкімге ләм деп жауап қатқан жоқ. Өзіне берілген тапсырмаларды үнсіз ғана тыңдайды да, сылбыр қимылмен орындауға кіріседі. Жүзіндегі кешеден қалған үрей ізі де әлі айықпаған. Теңіз бетіне әлсін-әлсін сескене көз тастап қояды...

"Отважный" әр метр үшін арпалысып алға жылжып келеді. Рульде - Черкасовтың озі. Кеме командасындағы бір адамның да қолы бос емес. Бәрі де өз орындарында. Тіпті Шура апай да біресе жоғарыға көтеріліп, біресе төменге түсіп, тыным таппай жүгіріп жүр. Жүгірмей қайтсін! Азықтары таусылып, аштыққа ұшыраған жиырма адамды тамақтандыру оңай болып па! Оның үстіне өзінің сайдың тасындай тоғыз "ұлы" және бар. Олар да ауыздарын ашып, анасынан тамақ тілеген балапандарша жаутаңдап Шура апайдың қолына қарайды. Шура апай бәріне де үлгереді, бәрін де тойғызады. Ол, керек болса, кешегі түннен осында қалып қойған қараторғайды да ұмытқан жоқ. Құс та өз сыбағасын алды.

..."Отважный" өгіз арбаның іш пыстырар шабан аяңынан да баяу жүріспен алға жылжып келеді. Бірақ, оны тоқтата алатын ешбір күш жоқ тәрізді. Өйткені ол бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қимылдаған тағдыры бір туыс-азаматтардың қолында. Ал бұл кезде теплоход бортында келе жатқан жиырма балықшының манағы қатерлі қайраңның мұз құрсауында қалған қайықтары түгелдей теңіз түбіне шөгіп кеткен еді.

Таң ата "Отважный" мұз құрсаудан құтылып, терендегі таза суға шықты. Екі тәуліктен бері көз шырымын алмаған Черкасов каютасына кіріп, жаңа ғана жантайған еді. Көзі ілінер-ілінбестен қайтадан оянып кетті. Бас жағы мүлдем аласарып, аяқ жағы жоғарылап кетіпті. Жастығым түсіп қалды ма деп қарап еді, бірақ орнында екен. "Толқынның әсері шығар" деп ойлады Черкасов. Алайда, каютаның жаңағы қалпы бір-екі минуттан соң да өзгермеді: есігі жоғарыда, төрі төменде.

Бәрі де бірнеше минуттан кейін белгілі болды. Балықшы қайықтарын жалмап жүтып, теплоходқа тосқауыл жасап, қыспаққа алған мұз құрсауы "Отважныйды" өз құшағынан оңайлықпен босатпаған екен. Өңешінен өткізе алмаса да, есесін жібермепті. Үш жерден ен салыпты: теплоходтың темір корпусы мен жағармай құятын цистернасы тесіліп қалыпты. Сол үш тесіктен ішке кірген су теплоходтың оң жағын басып, қисайтып барады екен.

Мұз құрсауынан құтқарылған жиырма балықшы отырған салон мен капитанның каютасына су тола бастады.

О бастағы Черкасовтың апат жайындағы радиограммасын моторлы-балық аулау станциялары мен колхоз істері жөніндегі Гурьев облыстық басқармасының бастығы Жазықбаев дәл осы кезде алған еді.

Бұл радиограмма жалғыз Жазықбаевты ғана емес, облыстың балық шаруашылығы қызметкерлерін түгелдей толғандырды. Керек десеңіз, бүл хабар Астраханьдағы жолдастарды да дегбірсіздікке түсірді. Өйткені теңіздің кенет мұз басқан ауданында Астрахань облысының да жүздеген балықшы қайықтары жүрген болатын. Оларға көмек көрсете алатын бірден-бір кеме - темір корпусты моторлы кеме "Отважный" еді. Енді, міне оның өзі де тесіліп, өте қауіпті жағдайда қалды.

Бірақ совет адамдары бірін-бірі қандай қиын-қыстау жағдайда болмасын жалғыз тастап, қол созбай отыра ала ма? Бұл жолы да солай болды. Мұз қыспағында қалған балықшылар мен "Отважный" теплоходының тағдыры жүздеген адамдарды толғандырды. Гурьевте "Отважныйды" қауіптен құтқару жонінде арнаулы комиссия құрылып, авиация іске қосылды, "Отважныйға" кемекке "6032" "Серп и молот" "ПТС-13" теплоходтары және "Коммунар", "Комсомолең" кемелері жіберілді.

* * *

Отважныйдың командасы мен оның бортындағы балықшылар бастарына қауіп төнгенде алды-алдына бас сауғалап, сасқан жоқ. Олар алғашқы қорқынышты жеңе білді. Сойтіп ішке кіргсн суды қаз-қатар тұра қалып, бір кісідей ұйымшылдықпен сыртқа төге бастады. Әмір үшін арпалыс торт сағатқа созылды. Бәрі де шаршады. Бірақ ешкім де өз орнынан кеткен жоқ. Ақыры тесік бітеліп, су да сыртқа тогіліп болды. Кеме өзінің бұрынғы қалпына келді...

Ертесінде көмекке жіберілген "6032", "Коммунар", "Комсомолең" кемелері келіп жетті. "Отважный" бортындағы балықшыларды соңғы екеуіне отырғызды да, тесіліп қалғандығына қарамастан теңіздің о шеті, бұ шетінде бытырап жүрген балықшылар флоты түгел табылғаннан кейін өз күшімен Гурьевке келіп, жөндеуге тұрды.

"Отважный" теплоходы өзінің атына сай осындай ерлік етті. Қиыншылықта өзі бас сауғалап қаша жөнелмей, дүлей табиғаттың күшіне қаймықпай қарсы тұрды. Бірнеше кемелерді апаттан құтқарып, отыз екі адамды өлімнен Аман алып қалды.

Әдетте, "ерлік" деген сөз айтылғанда жеке адамдардың жүрек жұтқан батылдығы, таңғажайып ерекше істері көз алдыңа келеді. Ал мұнда ешкім де ерен көзге түсіп, бөлектe жарқ ете қойған жоқ. Бәрі де өз орындарында болды, өздеріне тапсырылған жұмысты қандай қиыншылықта да бір минутқа тоқтатпады. Бұл - топтан жырыла шықпай, жеке-жеке алып қарағанда елеусіз сияқты көрінетін, адамдардың бірігіп жасаған ерлігі!

Тек Виктор Слита ғана күйректік көрсетті. Гурьевке келгеннен кейін ол арыз беріп, теплоходтан кетті. Теплоход қана емес, теңізбен де біржола қош айтысты...

Ал капитаңдар қауымы Василий Иванович Черкасовты бұрынғыдай сыртынан "Қолынан түк келмейтін қорқақ капитан" деп жамандамайтын болды.

* * *

Кейін "Отважный" теплоходы экипажынын, ерлік істері Қазақстан JIKCM1 Орталық Комитетінің бюро мәжілісінде арнайы сөз болып, азаматтық жасаған коллектив мүшелері түгелдей Орталық Комитеттің Құрмет грамотасымен наградталды.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға