Жаңалықтар

V БӨЛІМ

Онсыз да алай-түлей болып тұрған күн райы түс кезінде мүлдем бұзылды. Жапалақтап қар жауып, ақтүтек боран соғып, айналаның әлем-тапырығы шықты. Ери жауған жапалақ-жапалақ қар үлпалары рубка терезелеріне ақ пердедей тұтылып, сыртқа шыққан адамның қас-кірпігіне қонып, бес-алты метрден арғы жерді көрсетпейді. Мұндай жағдайда бір метр де ілгері жылжу - апатқа қарай атталған адыммен тең. Өйткені, теплоход қайраңға отырып басқа бір кемеге соқтығысып қалуы мүмкін. Сондықтан да амалсыз зәкір тастауға тура келеді. Өнебойы жұмыс істеп, еңбек етуді күнделікті дағдысына, қажетіне айналдырған адамның құр босқа қарап отырғанда екі қолы алдына сыймайды емес пе? "Отважныйдың" командасы да, Черкасов та дәл осындай жағдайға душар болды. Олар түстен кейін түк бітірген жоқ. Сол зәкір тастаған орындарында тапжылмай тұрды да қойды. Әсіресе, Черкасов не істерін білмей тықыршып жүр. Палубаға қырық шығып, қырық түсті. Қар әлі жауып түр. Оның үстіне ұйтқыған боран да басылар емес. Теплоходтың тұмсығынан ары түк көрінбейді. He істеу керек? Бұлардың өзін қойшы: қар басылғанша тұра береді. Тамақ, қоры да, жағармай да әзірге жеткілікті. Черкасовтың қабырғасына кешегі балықшылардың жағдайы қатты батады. Олар қазір қайда екен? He күйде жүр? Мүмкін мынандай аласапыранда адасып кеткен шығар? Әлде... жоқ, олай болуы мүмкін емес! Жаманатқа жори алмайды. Алайда не істеу керек?! Не?! Жіпсіз байланып, екі қолдан бірдей күрмеліп отырғаны мынау. Дауыл құрғыры толас алмаса да алдын көрсетпей, көзсіз қалдырып отырған мына ақ құйын тоқтар ма еді, әттең!.. * * * Қар қараңғы түсе ғана тоқтады. Бірақ, кеш еді. "Отважный" балықшыларды іздеуге шыға алмады. Толқын әлі басылған жоқ,. Суық барған сайын қатайып келеді. Теңіз бетіндегі қойыртпақ "шәуіш" - тұтасқан мұзға айнала бастады. Түн ортасы ауа бергенде кеме үстіне аспаннан құлай қонған әлдебір кішкене қара құстар толып кстті. Бұлар қараторғайлар еді. Шыр-шыр етіп шырылдасып, қонып жатыр, қонып жатыр. Бәрі де үйме-жүйме болысып, жылы жерге жемге таласқандай ұмтылады. Ешкім де ұйықтамаған. Осынау бір ерекше де ғажап жаңалықты алдымен вахтада тұрғандардан есітіп, сонан соң бірінен-бірі хабарланған жігіттер үстеріне шолақ күртелерін жамыла-жамыла салып, жүгіріп палубаға шықты. Құжынаған қараторғайлардың кейбір батылдары ашылған есіктерден шыққан жылы лепті сезіп, матрос кубригі мен салонға сып беріп кіріп те кетті. Ал қалғандары рубканы, люктерді, түтін трубасын, палубаны, бакты жағалай қонып алып, тапжылмай отыр. Қастарына барып, қолға алса да қыбыр етер емес. Қанат-құйрықтарын, мойын мен жота жүндерін мұз басып, сіреуленіп қатып қалыпты. Байғұстардың, адамнан қорқу тұрмақ, қозғалуға да мұршалары жоқ. Дүлей табиғаттың аяз қары аралас сұрапылынан тығылар, паналар жері жоқ теңіз үстінде кездесіп, онсыз да талмаусыраған әлсіз қанаттарына мұз қатып, титықтаған бишаралар кеме оттарын көріп, Адамңан араша сұрай келген тәрізді. Кімді де болса толғантар, аянышты көрініс еді бұл! Ауыр тыныштық бір-екі минуттай ғана созылды. Сонан соң жігіттер бұрыннан келісіп қойған адамдардай-ақ, ешкім ештеме айтпастан, бір кісідей жұмылып іске кірісті. Олар бүрісіп отырған торғайларды қойындарына, бас киімдеріне толтыра-толтыра салып алып, кубрик пен салонның жылы бөлмелеріне әкеп кіргізе бастады. Жылыға кірген соң мұздары еріп, жан шақырған мақұлықтар адамдарға жаутаңдай қарап, мың мәрте алғыстарын білдіргендей өздерінің түсініксіз "тілінде" шырылдай, сайрай жөнелді. - Байғұстар-ай, - деп күрсіне үн қатты механиктің көмекшісі Виктор Слита, - құс екеш құстың да қанаты талып, мынадай күйге ұшырағанда біздің күйіміз не болмақ? Мына түн қандай қорқынышты еді! Бір пәлеге ұшырай қалсақ, кім құтқарады? - He айтып тұрсың өзің? - Анау-мынауға aшy шақыра қоймайтын Черкасовтың сабырлы жүзіне қан ойнап шыға келді. Слитаның еңменінен өте оқтай қадалған қара көздерінен от шашып түр. Әдеттегі майда лебізді қоңыр дауысы да бұл жолы қатқыл шықты. "Құс екеш құс та... біздің күніміз не болмақ?" Ұялсаңшы осындай сөзді айтудан? He боп қалды соншалық? Су түбіне батып барамыз ба? Жоқ, жолдастар, бұл жарамайды. Біз адам емеспіз бе?! Адам болғандықтан нендей қиындақ болса да женуге тиіспіз. Құстар да бізді адам болғандықтан паналап кеп отыр. Мынандай қиыншылықтарға төзе алмайтын, оларды жеңе алмайтын болсақ, несіне адам, несіне теңізші атанамыз?! Ал, сен, Слита, қайдағы бір құлаққа қонбайтын нәрсені айтасың. Сонда өзінді құстан гөрі қауқарсыз, дәрменсіз санайсың ба? Болмайды мұның, жігітім, болмайды. Тіреспей жатып тізе бүгу - қорқақтың ісі. Ал қорқақтың күні қараң. Ол суға түсерде өз мойнына өзі тас байлаған адаммен тең. Теңіз түбіне тоқтаусыз кетеді... Ендігәрі мұндай сездерінді естімейтін болайын. Жалғыз Слита емес, бәріңе де айтарым осы... Жігіттер капитан сөзін үнсіз ғана тындап, іштей қостап тұр. Тек Слитаның жүзінде ғана иланбаушылық нышаны, әлдебір қобалжу мен үрей ізі бар.
19.11.2013 09:15 2795

Онсыз да алай-түлей болып тұрған күн райы түс кезінде мүлдем бұзылды. Жапалақтап қар жауып, ақтүтек боран соғып, айналаның әлем-тапырығы шықты. Ери жауған жапалақ-жапалақ қар үлпалары рубка терезелеріне ақ пердедей тұтылып, сыртқа шыққан адамның қас-кірпігіне қонып, бес-алты метрден арғы жерді көрсетпейді. Мұндай жағдайда бір метр де ілгері жылжу - апатқа қарай атталған адыммен тең. Өйткені, теплоход қайраңға отырып басқа бір кемеге соқтығысып қалуы мүмкін. Сондықтан да амалсыз зәкір тастауға тура келеді.

Өнебойы жұмыс істеп, еңбек етуді күнделікті дағдысына, қажетіне айналдырған адамның құр босқа қарап отырғанда екі қолы алдына сыймайды емес пе? "Отважныйдың" командасы да, Черкасов та дәл осындай жағдайға душар болды. Олар түстен кейін түк бітірген жоқ. Сол зәкір тастаған орындарында тапжылмай тұрды да қойды.

Әсіресе, Черкасов не істерін білмей тықыршып жүр. Палубаға қырық шығып, қырық түсті. Қар әлі жауып түр. Оның үстіне ұйтқыған боран да басылар емес. Теплоходтың тұмсығынан ары түк көрінбейді. He істеу керек? Бұлардың өзін қойшы: қар басылғанша тұра береді. Тамақ, қоры да, жағармай да әзірге жеткілікті. Черкасовтың қабырғасына кешегі балықшылардың жағдайы қатты батады. Олар қазір қайда екен? He күйде жүр? Мүмкін мынандай аласапыранда адасып кеткен шығар? Әлде... жоқ, олай болуы мүмкін емес! Жаманатқа жори алмайды. Алайда не істеу керек?! Не?! Жіпсіз байланып, екі қолдан бірдей күрмеліп отырғаны мынау. Дауыл құрғыры толас алмаса да алдын көрсетпей, көзсіз қалдырып отырған мына ақ құйын тоқтар ма еді, әттең!..

* * *

Қар қараңғы түсе ғана тоқтады. Бірақ, кеш еді. "Отважный" балықшыларды іздеуге шыға алмады. Толқын әлі басылған жоқ,. Суық барған сайын қатайып келеді. Теңіз бетіндегі қойыртпақ "шәуіш" - тұтасқан мұзға айнала бастады.

Түн ортасы ауа бергенде кеме үстіне аспаннан құлай қонған әлдебір кішкене қара құстар толып кстті. Бұлар қараторғайлар еді. Шыр-шыр етіп шырылдасып, қонып жатыр, қонып жатыр. Бәрі де үйме-жүйме болысып, жылы жерге жемге таласқандай ұмтылады.

Ешкім де ұйықтамаған. Осынау бір ерекше де ғажап жаңалықты алдымен вахтада тұрғандардан есітіп, сонан соң бірінен-бірі хабарланған жігіттер үстеріне шолақ күртелерін жамыла-жамыла салып, жүгіріп палубаға шықты. Құжынаған қараторғайлардың кейбір батылдары ашылған есіктерден шыққан жылы лепті сезіп, матрос кубригі мен салонға сып беріп кіріп те кетті. Ал қалғандары рубканы, люктерді, түтін трубасын, палубаны, бакты жағалай қонып алып, тапжылмай отыр. Қастарына барып, қолға алса да қыбыр етер емес. Қанат-құйрықтарын, мойын мен жота жүндерін мұз басып, сіреуленіп қатып қалыпты. Байғұстардың, адамнан қорқу тұрмақ, қозғалуға да мұршалары жоқ. Дүлей табиғаттың аяз қары аралас сұрапылынан тығылар, паналар жері жоқ теңіз үстінде кездесіп, онсыз да талмаусыраған әлсіз қанаттарына мұз қатып, титықтаған бишаралар кеме оттарын көріп, Адамңан араша сұрай келген тәрізді. Кімді де болса толғантар, аянышты көрініс еді бұл!

Ауыр тыныштық бір-екі минуттай ғана созылды. Сонан соң жігіттер бұрыннан келісіп қойған адамдардай-ақ, ешкім ештеме айтпастан, бір кісідей жұмылып іске кірісті. Олар бүрісіп отырған торғайларды қойындарына, бас киімдеріне толтыра-толтыра салып алып, кубрик пен салонның жылы бөлмелеріне әкеп кіргізе бастады. Жылыға кірген соң мұздары еріп, жан шақырған мақұлықтар адамдарға жаутаңдай қарап, мың мәрте алғыстарын білдіргендей өздерінің түсініксіз "тілінде" шырылдай, сайрай жөнелді.

- Байғұстар-ай, - деп күрсіне үн қатты механиктің көмекшісі Виктор Слита, - құс екеш құстың да қанаты талып, мынадай күйге ұшырағанда біздің күйіміз не болмақ? Мына түн қандай қорқынышты еді! Бір пәлеге ұшырай қалсақ, кім құтқарады?

- He айтып тұрсың өзің? - Анау-мынауға aшy шақыра қоймайтын Черкасовтың сабырлы жүзіне қан ойнап шыға келді. Слитаның еңменінен өте оқтай қадалған қара көздерінен от шашып түр. Әдеттегі майда лебізді қоңыр дауысы да бұл жолы қатқыл шықты. "Құс екеш құс та... біздің күніміз не болмақ?" Ұялсаңшы осындай сөзді айтудан? He боп қалды соншалық? Су түбіне батып барамыз ба? Жоқ, жолдастар, бұл жарамайды. Біз адам емеспіз бе?! Адам болғандықтан нендей қиындақ болса да женуге тиіспіз. Құстар

да бізді адам болғандықтан паналап кеп отыр. Мынандай қиыншылықтарға төзе алмайтын, оларды жеңе алмайтын болсақ, несіне адам, несіне теңізші атанамыз?! Ал, сен, Слита, қайдағы бір құлаққа қонбайтын нәрсені айтасың. Сонда өзінді құстан гөрі қауқарсыз, дәрменсіз санайсың ба? Болмайды мұның, жігітім, болмайды. Тіреспей жатып тізе бүгу - қорқақтың ісі. Ал қорқақтың күні қараң. Ол суға түсерде өз мойнына өзі тас байлаған адаммен тең. Теңіз түбіне тоқтаусыз кетеді... Ендігәрі мұндай сездерінді естімейтін болайын. Жалғыз Слита емес, бәріңе де айтарым осы...

Жігіттер капитан сөзін үнсіз ғана тындап, іштей қостап тұр. Тек Слитаның жүзінде ғана иланбаушылық нышаны, әлдебір қобалжу мен үрей ізі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға