Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

"Отважный" Орал-Каспий каналының Жайыққа жалғасатын жерінде тұрған болатын. Таңертеңгі тамақты ішкеннен кейін Черкасов вахтадағы матростарына тиісті тапсырмаларын берді де, өзінің кішкентай каютасына келіп, кітап оқуға отырды. Ол кітаптың бір-екі бетін де аударып үлгірмеді, жоғарыдан әлдекімнің баспалдақты тасырлата басып, асығыс түсіп келе жатқан дыбысы естілді. Міне, каюта есігі сықыр етіп ашылды да, қолында бір жапырақ қағазы бар радист Саша кіре берді. - Василий Иванович, Жазықбаев пен Ақмаевтан радиограмма. Қазір ғана қабылдадым. "Отважный" Черкасов нкт Дереу теңізге шығыңыз үтр Туманныйдың маңында екі реюшка мұз қыспағында қалған үтр Көмек көрсетіңіз нкт Жазықбаев Ақмаев". ...Бас-аяғы жарты сағаттай да уақыт өткен жоқ, тұрбасының апандай аузынан қою қара түтінді будақтата шығарған "Отважный" көк толқынды үшкіл кеудесімен қақ жара тіліп, артында көпіршіген ақбурыл із қалдырған күйі - жіті жүріспен кең каналдан шығып, теңіз тамағына қарай тура тартты. Сәл ғана күштілігі болмаса бұдан ешбір айырмасы жоқ "Горняк" та жоғарыдағыдай бұйрық алған болу керек. Ол да дереу шәлкесін босатып, "Отважныйдың" ізіне түсті. Көп ұзамай екі теплоходтың капитаны да радио арқылы хабарласып, өздерінің бір тапсырмамен келе жатқандарын білісті. Бірақ, бұл сапарда екі капитанның бірлесіп жұмыс істеулеріне тура келмеді. Рейдке шығып, бірнеше мильжүзгеннен кейін олар Жазықбаевтан жаңа радиограмма алды. Апатқа ұшыраған екі реюшка аман-есен құтылыпты, енді көмекті де қажет етпейтін көрінеді. "Горняк" өзінің барылдақ сиренасын екі-үш рет ақыртып, "Отважныйға" оң сапар тіледі де, каналға қайтты. Ал қосымша нұсқау алған Черкасов кеме тұмсығын норд-вестке бұрып, Новинскіге қарай тартты. Олар онда колхоз істері бойынша облыс екілі келгенге дейін моторлы-балық аулау станциясының басқармасына кәсіпшілік жағдайын хабарлап тұруға тиісті еді.   * * *   Бұл кезде Гурьевтен 100 миль қашықтықтағы Новинск ауданынан бастап солтүстік-батысқа қарай күн ашық, жылы болатын. Астрахань облысы мен Теңіз ауданының балықшылары теңіз үстінде балық аулап жүрген-ді. Шығыс жақ күлді бадамданып, әлдеқандай күлгін-қызыл түсті тұңғиық мөлдір бояуға малынып келеді. Бірте-бірте алаулана түскен таң шапағы. Алқызыл арай. Кез ұшында аспанмен астасып, бұлдырап жатқан көкжиек барған сайын айқындала берді. Қырмызы аспанның жалқындап, ең алаудай жанып тұрған тұсы кенет өрт жалынына шарпылғандай болып жайнап кетті де, көгілдір кемерден доп-дөңгелек қызыл шоқ көтеріле бастады. Ол жоғарылаған сайын алтындай жалтырап, айнала сындағы күлгін бояуға шаңқан сары сәулесін қүйып, сейілтіп барады. Манадан бері керенау қимылмен лықси толқып жатқан қорғасын түстес ауыр толқындарға да жан кіргендей болып, теңіз бетінде күн сәулесі күлім қақты, жарқыл-жұрқыл ойнады. Түнерген теңіз түксиген қабағын жазып, кеудесін керіп, кең тыныстайды, көңілді үнмен сылқ-сылқ күледі. Түнгі вахтадан кейінгі ұйқыдан әлгінде оянған Леша Смыкунов осы бір көз тойғысыз көрініске қызықтай қарап ұзақ тұрды. Асылында, ол өзінің жұмыстан қолы бос уақытының көпшілігін теңіз табиғатын тамашалаумен, соның көрікті картиналарын қағаз бетіне бояу арқылы түсірумен өткізетін. Бұл бағыттағы табыстары да жаман емес болатын. Леша, әсіресе, сұрғылт бояумен салуға шебер. Оның әр заттың түсін айқын сезе білетіндігі сондай - сол сүреңсіз сұрғылт бояумен салынған суреттері неше алуан түр-түске құбылып, жан біткендей құлпырып тұратын. Дегенмен Лешаның осы суретшілік өнерінің ең бір өресі жетпей, шамасы келмей қала беретін жері - теңіздің күшті дауыл кезіндегі кескінін бейнелеу. Бұның салған суреттерінде бірде таудай толқын соншама сұсты болса да, жансыз сияқты көрінеді, ал бірде теңіз бетін бұйра толқындар басып жатса дажелсіз, тынық күндегідей әсер қалдырады... Әйтеуір бір жері үнемі жетіспей тұрады. Сондықтан да Леша теңізге дауылды күндері қарай беруден жалықпайтын еді. Қараған сайын тонналаған ауыр толқындарды аспанға атып, астаң-кестең ететін ғаламат зор күштің бұған дейін ескерусіз қалып келе жатқан жақтарын, жаңа көріністерін ашып, байқай жүреді. Сол көргендерін көз алдында мәңгілік қалдырып, көңіліне түйіп алуға тырысады. Бірақ бүгін аспан ашық, теңіз беті тыныш. Ұйқыдан тұрған адамның денесін тоңазытып, сергітіп жіберетін желпи соққан салқын самал ғана. Дегенмен асқақ дауылды жаны сүйетін Лешаның өзі де теңіз таңының жаңағы бір тамаша сымбатынан көз айыра алатын емес. Бұл да оның еркін алған көрініс. Суретшілерге тән сезімталдығы бойын билеп алған Леша бұдүниедегінің бәрін де ұмытып, арайлай атқан алтын таңға сыңғыр-сыңғыр үн қатқан жылтыр өркешті толқындарға, топтана ұшқан күміс шағалаларға, көз ұшындағы көгілдір көкжиекке ұмсына түсіп, телміре қарап қалыпты... Міне, сонау батыс жақтан көз ұшында бұлдырай көрінген ақжал толқындардың үстінен түйдектелген қою қара бұлт шығып, өрлей берді. Ол барған сайын зорайып, қанатын жайған қарақұс тәрізденіп өсе түсуде. Бірден-бірге қомақтанып, орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Біршама уақыт өткеннен кейін алғашында бір уыстай ғана болып көрінген әлгі бұлт аспан әлеміне кеңінен жайылып, батыс жақты түгелдей қаптап алды. Бұлт басқан аспан уақыт озған сайын түнере түсіп, сұрғылт тартып барады. Манағы самал жел де қатаяйын деді. Жай ғана лықси жылжып, баяу шұбатылып жатқан толқындар да үлкейіп, біріне-бірі көбік шаша қақтығысып, буырқанып, ашу шақыра бастады. Тұтқиылдан келіп тиіскен ескек желдің алғашқы екпіні түйенің шудасындай желкілдеген, қалың ескен майда шашын желпіп көзіне түсіргенде теңіз табиғатының өзгеше сұлу құбылысына қызыға қарап, бей-жай қалыпта тұрған Лешаны шошытып оятып жібергендей болды. Тулай бастаған теңізді көргенде Леша қуанып кетті. Неліктен? Теңізшіге дауылдан қауіпті ешнәрсе жоқ. Ендеше Леша неге қуанады? Бәрі де оның баяғы суретшілік сырында, теңіз дауылын көбірек көрсем, сөйтіп оны қағаз бетіне дәлдеп түсірсем деген құштарлығында еді. Теплоходтың олай-былай теңселе бастағанын сезіп, бортқа соққан толқындардың шуылын естіген Черкасов өзінің кішкентай каютасынан жоғарыға басқышпен көтеріліп, палубаға шыққанда Леша ескек желге төсін төсеп, күлімсіреп тұр еді. Ол қасына келген капитанды алғашында байқамады. Черкасов қолындағы үлкен дүрбісімен көкжиекті шола беріп: - Қалай, Леша, дауыл тұра ма деймін? Аспанды бұлт қаптап кетіпті ғой,- деді. - Ия, Василий Иванович, соғады! Тамаша дауыл болады! - деді Смыкунов қуанышты үнмен. Черкасов оның мұнысына таңдана қарады да: - Оның несі тамаша? - дегеннен басқа ештеңе айтқан жоқ. Бұл кезде олар бір жерге шоғырлана топтасып, іркестіркес тұрған желкенді қайықтарға жақындап қалған еді. Балықшылар да дауыл болатынын байқап, барлық желкендерін жығып тастады. Сыйдиған діңгектер көзге сонадайдан сорайып көрінеді. "Отважный" үлкен тордың тұрақты кемесіне келіп жақты. Бұлар Теңіз ауданындағы "Жас талап" колхозының балықшылары екен. Сәті түскенде, колхоз бригадирі Қазиев осы стойкада болып шықты. Жел күшеймей тұрып жағдаймен толық танысып алу үшін Черкасов теплоходқа Қазиевті мінгізіп алды да, зәкірде тұрған басқа стойкаларды аралауға кірісті. Бірақ, олар екі-ақ стойкаға барып үлгірді. Манадан бері күш жинағандай болып, ширыға соғып тұрған есірік жел әбден долданып, дауылға айналды. Күн көзі қара бұлтқа жасырынып, аспан да, су да түнеріп сала берді. Ақ көбігін бұрқырата шапқан ақжал толқындар арыстаңдай атылып келіп, кішкентай теплоходты мың батпан салмағымен көміп өткенде ортасынан опырып, шыңырау түбіне батырып жібергендей көрінеді. "Отважный" бірде жалға шығып, бірде екі толқын арасындағы шұңқырға түсіп, әткеншек тепкендей ойнақшып, әзер-мәзер ілгері жылжып келеді. Оқыстан үркіп, едірейе қалған аттың басындай шапшыған көкжойқын дүлейдің төбесіне көтерілгенде судан ажыраған денесі сидиып қалады да, кеменің өзі толқынның ұшар басында иненің жасуындай ғана жерге жабысып тұрғандай көрінеді. Астындағы тіреуі кенет опырылып кеткендей болып, төмен қарай тұмсығымен су сүзе құлай жөнеледі. Құлап келе жатқан кемені келесі бір толқын іліп алып, төбесіне көтереді де, қайтадан лықсытып төмен қарай тастап жібереді. Өстіп олар қақпақыл қаққан қыздарша сылқ-сылқ күліп лақтыра береді, ойната береді... Черкасов Қазиевты өз стойкасына апарып тастады. Одан әрі біраз ілгерілеп барып, қос зәкірді қабат тастауға мәжбүр болды. Бір жақсысы - зәкірлер теңіз түбіне мықтап жа- бысса керек долы толқын қанша жүлмаласа да жұлып әкете алмады.
19.11.2013 09:12 3362

"Отважный" Орал-Каспий каналының Жайыққа жалғасатын жерінде тұрған болатын.

Таңертеңгі тамақты ішкеннен кейін Черкасов вахтадағы матростарына тиісті тапсырмаларын берді де, өзінің кішкентай каютасына келіп, кітап оқуға отырды. Ол кітаптың бір-екі бетін де аударып үлгірмеді, жоғарыдан әлдекімнің баспалдақты тасырлата басып, асығыс түсіп келе жатқан дыбысы естілді. Міне, каюта есігі сықыр етіп ашылды да, қолында бір жапырақ қағазы бар радист Саша кіре берді. - Василий Иванович, Жазықбаев пен Ақмаевтан радиограмма. Қазір ғана қабылдадым.

"Отважный" Черкасов нкт Дереу теңізге шығыңыз үтр Туманныйдың маңында екі реюшка мұз қыспағында қалған үтр Көмек көрсетіңіз нкт Жазықбаев Ақмаев".

...Бас-аяғы жарты сағаттай да уақыт өткен жоқ, тұрбасының апандай аузынан қою қара түтінді будақтата шығарған "Отважный" көк толқынды үшкіл кеудесімен қақ жара тіліп, артында көпіршіген ақбурыл із қалдырған күйі - жіті жүріспен кең каналдан шығып, теңіз тамағына қарай тура тартты. Сәл ғана күштілігі болмаса бұдан ешбір айырмасы жоқ "Горняк" та жоғарыдағыдай бұйрық алған болу керек. Ол да дереу шәлкесін босатып, "Отважныйдың" ізіне түсті. Көп ұзамай екі теплоходтың капитаны да радио арқылы хабарласып, өздерінің бір тапсырмамен келе жатқандарын білісті.

Бірақ, бұл сапарда екі капитанның бірлесіп жұмыс істеулеріне тура келмеді. Рейдке шығып, бірнеше мильжүзгеннен кейін олар Жазықбаевтан жаңа радиограмма алды. Апатқа ұшыраған екі реюшка аман-есен құтылыпты, енді көмекті де қажет етпейтін көрінеді. "Горняк" өзінің барылдақ сиренасын екі-үш рет ақыртып, "Отважныйға" оң сапар тіледі де, каналға қайтты. Ал қосымша нұсқау алған Черкасов кеме тұмсығын норд-вестке бұрып, Новинскіге қарай тартты. Олар онда колхоз істері бойынша облыс екілі келгенге дейін моторлы-балық аулау станциясының басқармасына кәсіпшілік жағдайын хабарлап тұруға тиісті еді.

 

* * *

 

Бұл кезде Гурьевтен 100 миль қашықтықтағы Новинск ауданынан бастап солтүстік-батысқа қарай күн ашық, жылы болатын. Астрахань облысы мен Теңіз ауданының балықшылары теңіз үстінде балық аулап жүрген-ді.

Шығыс жақ күлді бадамданып, әлдеқандай күлгін-қызыл түсті тұңғиық мөлдір бояуға малынып келеді. Бірте-бірте алаулана түскен таң шапағы. Алқызыл арай. Кез ұшында аспанмен астасып, бұлдырап жатқан көкжиек барған сайын айқындала берді.

Қырмызы аспанның жалқындап, ең алаудай жанып тұрған тұсы кенет өрт жалынына шарпылғандай болып жайнап кетті де, көгілдір кемерден доп-дөңгелек қызыл шоқ көтеріле бастады. Ол жоғарылаған сайын алтындай жалтырап, айнала сындағы күлгін бояуға шаңқан сары сәулесін қүйып, сейілтіп барады. Манадан бері керенау қимылмен лықси толқып жатқан қорғасын түстес ауыр толқындарға да жан кіргендей болып, теңіз бетінде күн сәулесі күлім қақты, жарқыл-жұрқыл ойнады. Түнерген теңіз түксиген қабағын жазып, кеудесін керіп, кең тыныстайды, көңілді үнмен сылқ-сылқ күледі.

Түнгі вахтадан кейінгі ұйқыдан әлгінде оянған Леша Смыкунов осы бір көз тойғысыз көрініске қызықтай қарап ұзақ тұрды. Асылында, ол өзінің жұмыстан қолы бос уақытының көпшілігін теңіз табиғатын тамашалаумен, соның көрікті картиналарын қағаз бетіне бояу арқылы түсірумен өткізетін. Бұл бағыттағы табыстары да жаман емес болатын. Леша, әсіресе, сұрғылт бояумен салуға шебер. Оның әр заттың түсін айқын сезе білетіндігі сондай - сол сүреңсіз сұрғылт бояумен салынған суреттері неше алуан түр-түске құбылып, жан біткендей құлпырып тұратын.

Дегенмен Лешаның осы суретшілік өнерінің ең бір өресі жетпей, шамасы келмей қала беретін жері - теңіздің күшті дауыл кезіндегі кескінін бейнелеу. Бұның салған суреттерінде бірде таудай толқын соншама сұсты болса да, жансыз сияқты көрінеді, ал бірде теңіз бетін бұйра толқындар басып жатса дажелсіз, тынық күндегідей әсер қалдырады... Әйтеуір бір жері үнемі жетіспей тұрады.

Сондықтан да Леша теңізге дауылды күндері қарай беруден жалықпайтын еді. Қараған сайын тонналаған ауыр толқындарды аспанға атып, астаң-кестең ететін ғаламат зор күштің бұған дейін ескерусіз қалып келе жатқан жақтарын, жаңа көріністерін ашып, байқай жүреді. Сол көргендерін көз алдында мәңгілік қалдырып, көңіліне түйіп алуға тырысады.

Бірақ бүгін аспан ашық, теңіз беті тыныш. Ұйқыдан тұрған адамның денесін тоңазытып, сергітіп жіберетін желпи соққан салқын самал ғана. Дегенмен асқақ дауылды жаны сүйетін Лешаның өзі де теңіз таңының жаңағы бір тамаша сымбатынан көз айыра алатын емес. Бұл да оның еркін алған көрініс. Суретшілерге тән сезімталдығы бойын билеп алған Леша бұдүниедегінің бәрін де ұмытып, арайлай атқан алтын таңға сыңғыр-сыңғыр үн қатқан жылтыр өркешті толқындарға, топтана ұшқан күміс шағалаларға, көз ұшындағы көгілдір көкжиекке ұмсына түсіп, телміре қарап қалыпты...

Міне, сонау батыс жақтан көз ұшында бұлдырай көрінген ақжал толқындардың үстінен түйдектелген қою қара бұлт шығып, өрлей берді. Ол барған сайын зорайып, қанатын жайған қарақұс тәрізденіп өсе түсуде. Бірден-бірге қомақтанып, орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Біршама уақыт өткеннен кейін алғашында бір уыстай ғана болып көрінген әлгі бұлт аспан әлеміне кеңінен жайылып, батыс жақты түгелдей қаптап алды. Бұлт басқан аспан уақыт озған сайын түнере түсіп, сұрғылт тартып барады. Манағы самал жел де қатаяйын деді. Жай ғана лықси жылжып, баяу шұбатылып жатқан толқындар да үлкейіп, біріне-бірі көбік шаша қақтығысып, буырқанып, ашу шақыра бастады.

Тұтқиылдан келіп тиіскен ескек желдің алғашқы екпіні түйенің шудасындай желкілдеген, қалың ескен майда шашын желпіп көзіне түсіргенде теңіз табиғатының өзгеше сұлу құбылысына қызыға қарап, бей-жай қалыпта тұрған Лешаны шошытып оятып жібергендей болды. Тулай бастаған теңізді көргенде Леша қуанып кетті. Неліктен? Теңізшіге дауылдан қауіпті ешнәрсе жоқ. Ендеше Леша неге қуанады? Бәрі де оның баяғы суретшілік сырында, теңіз дауылын көбірек көрсем, сөйтіп оны қағаз бетіне дәлдеп түсірсем деген құштарлығында еді.

Теплоходтың олай-былай теңселе бастағанын сезіп, бортқа соққан толқындардың шуылын естіген Черкасов өзінің кішкентай каютасынан жоғарыға басқышпен көтеріліп, палубаға шыққанда Леша ескек желге төсін төсеп, күлімсіреп тұр еді. Ол қасына келген капитанды алғашында байқамады. Черкасов қолындағы үлкен дүрбісімен көкжиекті шола беріп:

- Қалай, Леша, дауыл тұра ма деймін? Аспанды бұлт қаптап кетіпті ғой,- деді.

- Ия, Василий Иванович, соғады! Тамаша дауыл болады! - деді Смыкунов қуанышты үнмен.

Черкасов оның мұнысына таңдана қарады да:

- Оның несі тамаша? - дегеннен басқа ештеңе айтқан жоқ. Бұл кезде олар бір жерге шоғырлана топтасып, іркестіркес тұрған желкенді қайықтарға жақындап қалған еді. Балықшылар да дауыл болатынын байқап, барлық желкендерін жығып тастады. Сыйдиған діңгектер көзге сонадайдан сорайып көрінеді.

"Отважный" үлкен тордың тұрақты кемесіне келіп жақты. Бұлар Теңіз ауданындағы "Жас талап" колхозының балықшылары екен. Сәті түскенде, колхоз бригадирі Қазиев осы стойкада болып шықты. Жел күшеймей тұрып жағдаймен толық танысып алу үшін Черкасов теплоходқа Қазиевті мінгізіп алды да, зәкірде тұрған басқа стойкаларды аралауға кірісті.

Бірақ, олар екі-ақ стойкаға барып үлгірді. Манадан бері күш жинағандай болып, ширыға соғып тұрған есірік жел әбден долданып, дауылға айналды. Күн көзі қара бұлтқа жасырынып, аспан да, су да түнеріп сала берді. Ақ көбігін бұрқырата шапқан ақжал толқындар арыстаңдай атылып келіп, кішкентай теплоходты мың батпан салмағымен көміп өткенде ортасынан опырып, шыңырау түбіне батырып жібергендей көрінеді.

"Отважный" бірде жалға шығып, бірде екі толқын арасындағы шұңқырға түсіп, әткеншек тепкендей ойнақшып, әзер-мәзер ілгері жылжып келеді. Оқыстан үркіп, едірейе қалған аттың басындай шапшыған көкжойқын дүлейдің төбесіне көтерілгенде судан ажыраған денесі сидиып қалады да, кеменің өзі толқынның ұшар басында иненің жасуындай ғана жерге жабысып тұрғандай көрінеді. Астындағы тіреуі кенет опырылып кеткендей болып, төмен қарай тұмсығымен су сүзе құлай жөнеледі. Құлап келе жатқан кемені келесі бір толқын іліп алып, төбесіне көтереді де, қайтадан лықсытып төмен қарай тастап жібереді. Өстіп олар қақпақыл қаққан қыздарша сылқ-сылқ күліп лақтыра береді, ойната береді...

Черкасов Қазиевты өз стойкасына апарып тастады. Одан әрі біраз ілгерілеп барып, қос зәкірді қабат тастауға мәжбүр болды. Бір жақсысы - зәкірлер теңіз түбіне мықтап жа-

бысса керек долы толқын қанша жүлмаласа да жұлып әкете алмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға